«???ы?ты? т?рбие берудегі топ жетекшісіні? ролі» баяндама
«???ы?ты? т?рбие берудегі топ жетекшісіні? ролі» баяндама
???ы?ты? т?рбие беру баланы? жеке т?л?асын ?алыптастырып, оларды? бойына жо?ары идеялык пен ?о?амды? меншікке ?атынасты к?з?арасты дарытуды? асыл міндеттерін ат?арады. Мемлекетіміз жастар?а ???ы?ты? т?рбие беру ісіне ?немі ма?ыз беріп келеді. ?аза?стан за?дарына тере? ??рмет сезімін ?алыптастыру, оларды с?зсіз са?тау ж?не орындау -?за? уа?ыт т?рбие ж?мысын ж?ргізуді? жемісі. К?біне ???ы?ты? сананы? т?мендегі, материалды? ж?не рухани игіліктерді? не екенін ж?нді т?сінбеушілік ?о?ам?а жат ?ылы?тарды ту?ызады. Сонды?тан да ?р о?ушыны? санасына ???ы?ты? нормаларды жеткізу, жеткізіп ?ана ?оймай оны? к?нделікті мінез-??лы? нормасына айналдыру ?шін к?ресу ???ы?ты? т?рбиені? міндеті болып табылады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Құқықтың тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялык пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады. Мемлекетіміз жастарға құқықтың тәрбие беру ісіне үнемі маңыз беріп келеді. Қазақстан заңдарына терең құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және орындау -ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі. Көбіне құқықтық сананың төмендегі, материалдық және рухани игіліктердің не екенін жөнді түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды туғызады. Сондықтан да әр оқушының санасына құқықтық нормаларды жеткізу, жеткізіп қана өоймай оның күнделікті мінез-құлық нормасына айналдыру үшін күресу құқықтық тәрбиенің міндеті болып табылады. Оқушылар арасында құқықтық тәртіпті бұзушылықтың алдын-алу үшін жүргізілетін шаралар: - тәртіп бұзушының теріс мінез-құлқын қалыптастыруға ықпал ететін жағдайды жою; -оқушының тәрбиесін, өмір жағдайын, ортасын сауықтыру; -оқу,еңбек іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру; - отан қорғау, туған елдің күш-қуатын молайту, сөз, баспа-сөз бостандығы мәселелері жөнінде тәрбиелік іс-шараларды откізу. Топ бойынша тәрбиенің барлық бағыттары бойынша жоспарлары құрылып, бекітілген. Іс-шаралар жоспарға сәйкес жүргізіледі. Тәрбие жоспарлары тәрбиенің негізгі 12 бағыты бойынша жасалып бекітілген, топ сағаттары жоспар бойынша жүргізіліп келеді.
Жалпы құқықтық білім беру бағдарламасы бойынша жоспар құрылған
Олар:
-Оқушылар үшін айына 1 рет
-Ата –аналар үшін тоқсанына 1 рет
Оқушылардың құқықтық санасын қалыптастырып, дамытуда сабақтан тыс құқықтық тәрбие берудің маңызы ерекше. Құқықтық тәрбие беруде жүргізілетін шаралар оқушылардың ҚР заңдары туралы білімдерін кеңейтуге және тереңдетуге, олардың құқықтық санасын қалыптастыруға, өз міндеттерін дұрыс қарауына, заңдарды сақтауға бағытталған. Осы мақсата мынадай тақырыптарда тәрбие сағаттары өткізілді.атап айтсақ: «Экстремизм и терроризм» дебаттық турнир , «Қоғамдық ортада өз-өзін ұстауы» тренинг, «Сен өз құқығыңды білесің бе?» диспут, «Қоғам мүлкін сақтай біл, отырған орныңды күте біл» әңгіме жүргізілді.
Ата-аналар жиналысында:
Ата-аналардың міндеттері көрсетілген заң баптары мен ата-аналарды таныстырып, өз балаларының кешкі уақытта қайда жүретінін бақылап, балаларының тәрбиесіне қатаң қарау туралы кеңес өткізілді.
Оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру бойынша құқықтық түсіндіру жұмысы бала тәрбиеленіп жатқан мекемені қалыптастырудан, отбасылармен танысудан басталады.
Жасөспірімдер арасында қылмыстық істердің көбею себептері: -Отбасындағы ақау тәрбие; -Отбасындағы материалдық әл-ауқаты; -жұмыссыздық; -баланың бос уақытының шамадан тыс мол болуы; -ата-ана тарапынан бақылаусыз қалуы; -мінез-құлқының ауытқушылығы; -Рухани құлазуы;
Оқушы әрекетінің нәтижелерін талдау.
Бұл тәсіл оқушылар туралы айтылған пікірге қарап емес, олардың колледждегі және үйдегі іс-әрекеттері, қызмет нәтижелері (үлгерім, техникалық, шығармашылық, қоғамдық пайдалы еңбек және өзіне өзі қызмет етуге қатысуы, спортпен айналысуы) бойынша түсінік алуға мүмкіндік береді.
Мысалы, оқушы ата-аналарына төмендегідей сауалнама беру арқылы оқушының мектептен тыс кезіндегі, үйдегі мінез-құлқы туралы мағлұмат алуға болады.
Бала мінезіндегі жағымсыз қылықтар қандай? (өтірік айту, тәртіп бұзу, сабақ оқымау, еңбектен бас тарту, бос жүру, т.б.) ..................................
Биылғы оқу жылының 15 қазанда колледжде Орталық полиция бөлімі қызметкерлерімен біріге отыра «Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу жолдары» тақырыбында кездесу өткізілді. Ал, топ студенттерінің құқықтық сауатын ашу мақсатында Қазақстан Республикасының Кылмыстық кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексімен таныстырылды. Әкімшілік кодекс бойынша күнделікті қоғамда кездесетін әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлерімен танысытырылып, негізгі баптарына тоқталдық(атап өтсем қоғамдық орында шылым шегу, ұсақ бұзақылық, кәмілетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық, тыныштықты бұзу, қоғамдық орындарда алкоголь өнімдерін тұтыну және т.б).
Мақсаты: Жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын-алу, оқушылар арасында құқықтық ағартушылық жұмыстар жүргізу, құқық қорғау органдары қызметкерлері мен кәмелетке толмағандар арасында сенімділік қарым-қатынас орнату.
Өткізілген іс-шараға әр түрлі қоғамдық ұйымдардан мамандар келді.
Қазіргі уақытта өзекті мәселелердің бірі жасөспірімдер арасындағы қылмыстық көбеюі. Іс-шара оқушыларға құқықтық көмек, консультация беру, дискуссия түрінде өткізіліп, қызу талқыға салынды. Оқушылар өздерін мазалап жүрген сұрақтарына жауаптарын алды.
Диагностикалық сағаттарда әр түрлі сауалнамалар жүргізілді, атап айтсақ «Стресске сезімталсыз ба?», «Сіздің тепмераментіңіз қандай?» және т.б.
Сонымен қатар студенттердің бос уақытын салауатты өмір салтын ұстануға үйрету және қалыптастыру болып табылады:
Тәртіп мәдениетіне тәрбиелеу
Дене шынықтыру және спорт
Оқу-тәрбие жұмыстары
Ата-анамен жұмыс
Сауықтыру іс-шаралары
Емдеу алдын алу жұмыстары
Осы аталған бағыттар бойынша жасөспірімдердің салауатты өмір салтын сақтай қажеттігі, жеке денсаулық жағдайымен ерекшелігі туралы білімдерін, денсаулықтың дене, психологиялық, әлеуметтік және рухани байлықтармен біртұтастығы және денсаулықты сақтай әдістері туралы түсініктерін қалыптастыру мақсатында «Көңілді старт», «Денсаулық фестивалі-2015», «Темекі мен ішімдік - өмірді бұзушылар», «Тамақтану гигиенасы» тақырыптарында әңгімелер өткізілді.
Адамның құқықтың мәдениеті күрделі. Құқықтық қоғам демократиялық принциптерге сүйене отырып, әр адамның шығармашылық күштерін, ниетін, ойын, сезімі, ұмтылысын толық және еркін жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Құқықты құрметтеу, әділдікті, борышты, жауапкершілікті, заңдылықты, сезіну - адам тұлғасының жоғарыдан көрінуі. Осыдан келіп заңдылықты сезіну құқықтық мәдениеттің құрамы екендігін түсіну қиын емес. Қазіргі кезеңде қоғамның бірте-бірте демократиялық дамуы жалпы білім беретін орта мектептерде мектеп басшыларынан, мұғалімдерден құқықтық тәрбиені зор шеберлікпен, шығармашылықпен іске асыруды талап етеді.