«Мәңгілік ел» идеясының рухани тұтастану мен ұрпақтар жалғастығы, ұлттық сана-сезім мен жаңа қазақстандық патриотизмнің белгіленген бағдарға орай қалыптасу мәселелерімен сабақтастық маңыздылығына тоқтала отырып, білім алушылармен жұмыс жүргізудің тиімді жолдарын үйренеді.
Оқу нәтижесі:
1. «Мәңгілік ел» идеясының негізі мен сабақтастығын түсіндіруде оқытушылардың бейімдері қалыптасады.
2.Оқытушылар түрлі тапсырмалар орындау барысында білім алушылармен жұмыс жасау әдістерінің тиімділігін анықтап, оны өз тәжірибелерінде қолданады.
3. Оқытушылар жаңа әдіс-тәсілдерді үйренеді.
Түйінді идеялар: «Мәңгілік ел» идеясының білім алушылардың бойында мән-мағынасы
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Мәңгілік Ел» -ұлтымыздың ұлы бағдары»
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» -ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ҰЛЫ БАҒДАРЫ
(шебер -класс)
Жапы мақсат:
«Мәңгілік ел» идеясының рухани тұтастану мен ұрпақтар жалғастығы, ұлттық сана-сезім мен жаңа қазақстандық патриотизмнің белгіленген бағдарға орай қалыптасу мәселелерімен сабақтастық маңыздылығына тоқтала отырып, білім алушылармен жұмыс жүргізудің тиімді жолдарын үйренеді.
Оқу нәтижесі:
1. «Мәңгілік ел» идеясының негізі мен сабақтастығын түсіндіруде оқытушылардың бейімдері қалыптасады.
2.Оқытушылар түрлі тапсырмалар орындау барысында білім алушылармен жұмыс жасау әдістерінің тиімділігін анықтап, оны өз тәжірибелерінде қолданады.
3. Оқытушылар жаңа әдіс-тәсілдерді үйренеді.
Түйінді идеялар: «Мәңгілік ел» идеясының білім алушылардың бойында мән-мағынасы мен мағызын ашу, түсіндіру әдістерін анықтау.
Сілтеме:, Қазақстан жоғары оқу орындарында «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру Тұжырымдамасы, ғаламтор материалдары.
Оқыту әдістері: топтық жұмыс, бейнеролик, сұрақтар, топтастыру стратегиясы, постер қорғау , миға шабуыл, рефлексия
Коучинг барысы:
Негізгі жұмыстар, уақыты:
1.Оқытушыларға психологиялық ахуал туғызу. Оқытушылар шеңберде жұптасып тұрады, алақандарымен жаңасып, саусақтармен бірі-біріне осы коучинг сабағында не тілейтінін айтады.
2. Оқытушыларды таңдалған суреттер арқылы топтарға бөлу
Коучтің іс-әрекеті: Оқытушыларға суреттер бойынша бірігуге ұсыныс жасайды.
Оқытушылардың іс-әрекеті: Барлық оқытушылар таңдалған суреттерді басшылыққа ала отырып топқа бөлінеді.
Коучтің іс-әрекеті: «Мәңгілік ел» идеясы видео-ролик көрсетіледі. Коучингтің тақырыбы мен мақсатын ашу үшін сұрақтар қойылады.
Сұрақтар қою:
1.Видео-ролик қандай тұжырым жасайсыз?
2. Бүгінгі сабақтың (шебер-класс) тақырыбы мен мақсаты не болмақ?
Оқытушылардың іс –әрекеті:
1. Оқытушылар видео-роликті көріп отырып, тақырыпты өздері табады.
2. Нақты мақсат туралы біледі.
3.Өздері коучинг мақсатын шығарады.
4.Оқытушылар ой пікірін ортаға салады.
Ашық пікір айтқан топ мүшелеріне смайликтер беріледі.
І тапсырма: «Топтастыру стратегиясы»
Елбасының «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, Бір мүдде, Бір Болашақ» атты Жолдауында ең бастысы-еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды.
-«Мәңгілік ел» деген қалай түсінесіздер?
ІІ тапсырма: «Миға шабуыл »
1.Ел ертеңі жарқын болу үшін не істеу керек?
2.Біздің басты жетістігіміз?
3.Елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея?
4.Біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі?
5. Біздің табысты болашағымыздың негізі?
Психологиялық тренинг
ІІІ тапсырма: «Постер қорғау»
Елбасының айтуынша, жалпыазаматтық құндылықтар жүйесі “Мәңгілік Ел” идеясына негізделуі шарт.“Бұл идея қазақстандық бірегейлік бағытындағы ең маңызды құжатқа, екінші конституцияға айналуы қажет. Осыны ұғынуға тиіспіз. Осынау идеяны Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында талқылап, баршаға түсінікті “Мәңгілік Ел” құжатын жасауымыз керек. Мектептерде бүкілқазақстандық құндылықтар ретінде “Мәңгілік Ел” идеясы оқу бағдарламасына енуі керек”, – деп атап өтті президент.
Тақырыбы: «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру үшін не істеу керек? Өз ойларымызды ортаға саламыз! Өз білетін, өлеңдеріңізді, әндеріміз бен рухты сөздерімізді айтуға рұқсат.
Қорытынды:
Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық.
-Мен 21 - ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» боларына сенемін. -Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады. -Қазақстан халқы ұлы тарихтың иесі атануға лайық. -Біз көздеген мақсатымызға міндетті түрде жетеміз. -Аңсарлы азаттығымыз бен тәу етер тәуелсіздігіміз баянды болсын! -Мәңгілік Ел болу жолындағы ұлы істеріміз жаңа дәуірлерге жол ашсын! - деген Елбасымыздың қорытынды сөзімен сабағымды аяқтаймын.
Әр топтың жасаған жұмысын бағалау.
Рефлексия:
Коучтің іс-әрекеті:
Бүгінгі өткен коучингтің сіз үшін құнды жақтары болды ма?
Коучингтің өту барысы бойынша қандай ұсыныс, пікірлеріңіз бар?
Оқытушылардың іс-әрекеті: Әріптестер өз ұсыныс пікірлерін білдіреді.