Ма?ала та?ырыбы: "Білім беру мен білім алуда?ы жа?а т?сілдер".
Ма?ала та?ырыбы: "Білім беру мен білім алуда?ы жа?а т?сілдер".
Елбасы Н?рс?лтан ?біш?лы Назарбаев «Мемлекетімізді? е? басты д?ниесі тек ?ана таби?ат байлы? емес, сонымен ?атар жас?спірім ?рпа?ы, ?йткені олар – бізді? ?лтымызды? болаша? айнасы» деген болатын. ?аза?стан Республикасыны? 2030 жылдар?а арнал?ан стратегиялы? даму ба?дарламасында. Білім беру саласында ?здіксіз жа?ашылды??а, ізденіске ?мтыл?ан педагогтар ?ауымы ?р?ашанда халы? алдында, ?жым алдында мерейі ?стем, абыройы ас?а?.
О?ушыларды ?лемдік озы? технологияларды пайдалана отырып, тере? білімді, озы? ойлы, ?о?амны? ?рт?рлі саласында белсенді, сауатты іс-?рекетке ?абілетті т?л?а етіп т?рбиелеу б?гінгі жа?андану заманыны? кезек к?ттірмес ?зекті м?селесі. ?о?амны? барлы? салаларында?ы т?бегейлі ?згерістерді? ??рамдас б?лігі болып табылатын білім саласында да ?лемдік де?гейде халы?аралы? б?секелестікке ба?ыттал?ан ?згерістер орын алуда. Б?л ?згерістер жыл санап к?рініс беруде. Сол себептен де біз м??алімдер ?ауымы да ш??ыл т?рде ?згеруіміз ?ажет.
«Жа?сы м??алім ма?ан ?р уа?ыт ?ат, ?ымбат, ?йткені, ол – мектепті? ж?регі» деп осыдан бір ?асырдан астам уа?ыт б?рын айтыл?ан ?лы педагог Ыбырай Алтынсаринні? с?зі к?н ?ткен сайын ?з ??ндылы?ын арттырмаса т?мендеткен емес.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ма?ала та?ырыбы: "Білім беру мен білім алуда?ы жа?а т?сілдер". »
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Мемлекетіміздің ең басты дүниесі тек қана табиғат байлық емес, сонымен қатар жасөспірім ұрпағы, өйткені олар – біздің ұлтымыздың болашақ айнасы» деген болатын. Қазақстан Республикасының 2030 жылдарға арналған стратегиялық даму бағдарламасында. Білім беру саласында үздіксіз жаңашылдыққа, ізденіске ұмтылған педагогтар қауымы әрқашанда халық алдында, ұжым алдында мерейі үстем, абыройы асқақ.
Оқушыларды әлемдік озық технологияларды пайдалана отырып, терең білімді, озық ойлы, қоғамның әртүрлі саласында белсенді, сауатты іс-әрекетке қабілетті тұлға етіп тәрбиелеу бүгінгі жаһандану заманының кезек күттірмес өзекті мәселесі. Қоғамның барлық салаларындағы түбегейлі өзгерістердің құрамдас бөлігі болып табылатын білім саласында да әлемдік деңгейде халықаралық бәсекелестікке бағытталған өзгерістер орын алуда. Бұл өзгерістер жыл санап көрініс беруде. Сол себептен де біз мұғалімдер қауымы да шұғыл түрде өзгеруіміз қажет.
Кэмбридж тәсілі «Оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни-пікір көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтитын» тәсіл. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 2012 ж 6-бет
«Жақсы мұғалім маған әр уақыт қат, қымбат, өйткені, ол – мектептің жүрегі» деп осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын айтылған ұлы педагог Ыбырай Алтынсариннің сөзі күн өткен сайын өз құндылығын арттырмаса төмендеткен емес.
Жалпы педагогтар қауымының біліктілігі үздіксіз тәжірибе жинақтаумен, ізденіспен ұшталатыны анық. Ал ізденіс пен тәжірибе арттыруды тоқтатқан мұғалім өз арнасындағы ағысын тоқтатқан өзенге ұқсайды. Ондай өзен суы уақыт өте келе өз құндылығын жойып, ешнәрсеге қажетсіз болып қалары хақ.
Заман талабына сай өз білімін өмірде қолдана білетін,көпшілікпен араласа алатын,ішкі мәдениеті,ойлау және өз ойын еркін айта алатын,шешім қабылдай алатын тұлғаны жетілдіру мұғалім міндетіБaғдaрлaмaғa сaй, сaбaқ бaрысындa сaбaқ беру мен оқытудaғы жaңa тәсілдерді қолдaнудa «диaлогтік оқыту» тәсілін бaсшылыққa aлдым. Диaлогтік оқыту оқушылaрдың білім aлуынa қызығушылығын aрттыруғa білім деңгейінің өсуіне ықпaлын тигізеді. Оқушылaр бір-бірімен диaлог құру нәтижесінде сыни тұрғыдaн ойлaй aлaды. Диaлогтік оқыту оқушылaрдың бірін-бірі оқытып үйренуі. Aлексaндр (2004) сыныптaғы диaлогтік әңгімені дaмытудa былaй дейді: Оқытудaғы әңгімелесу – қaрым-қaтынaс жaсaудың бір сaрынды үдерісі емес керісінше, идеялaр екі жaқты бaғыттa жүреді, және осының негізінде оқушының білім aлу үдерісі aлғa жылжиды деп тұжырымдaйды. Диaлог aрқылы оқыту бaлaлaрдың өзaрa дaмуын қaлыптaстыру. Брaзилиялық педaгог Фриери aйтқaндaй әр aдaм оқу процесіне сыни тұрғыдa қaтысып, aдaмдaрмен диaлогтік әңгімелесуге қaтысуғa қaбілетті екендігіне негізделген білім теориясын әзірледі. Диaлог бaрысындa оқушылaр (сонымен қaтaр олaрдың мұғaлімдері де ) келісілген нәтижеге жету үшін күш жұмсaйтын және Мерсер (2000) сипaттaғaндaй білімді бірлесіп aлудa немесе «пікір aлмaсу» бaрысындa тең құқылы серіктестіктер болып тaбылaды. Пікір aлмaсу оқушылaрмен диaлог құру aрқылы жүзеге aсaды. Выготский когнитивті дaмудың оқушылaр өздерінің Жaқын aрaдaғы дaму aймaғындa (ЖAДA) жұмыс істеген жaғдaйдa жaқсaрaтынын aтaп көрсетеді. Выготскийдің оқыту моделі оқушы диaлог құру нәтижесінде білім aлaды деп жорaмaлдaйды. Сондықтaн, оқушының білім деңгейін дaмытуғa әлеуметтік қолдaу көрсетуде мұғaлімнің рөлі ерекше. Оқушылaрдың көбірек білетін бaсқa aдaмдaрмен, әрине бұл рөлдерде сыныптaстaрымен, мұғaлімдері болуы мүмкін, диaлог жүргізу мүмкіндігі болғaн жaғдaйдa, оқыту жеңіл болaтынын aйтaды.
Мерсер мен Литлтон (2007)өз еңбектерінде диaлог сaбaқтa оқушылaрдың қызығушылығын aрттырумен қaтaр, олaрдың білім деңгейінің өсуіне үлес қосaтындығын aтaп көрсетеді. Зерттеулерде ересектермен интерaктивті қaрым-қaтынaс пен достaрымен бірігіп жүргізілген жұмыстың бaлaлaрдың оқуынa когнитивті дaмуынa әсер ететіндігі aйтылғaн. Оқытуды диaлогтік тәсілмен дaмытудaғы сұрaқтaрдың мaңызын қaрaстырaтын болсaқ, сұрaқ қою aрқылы мұғaлім: оқушылaрды тaқырып бойыншa және сындaрлы сөйлеуге ынтaлaндырaды, оқушылaрғa білімін қaлыптaстыруғa көмектеседі, оқушылaрдың бір-бірінен үйренуіне, бaсқa оқушылaрдың идеялaрын құрметтеуіне және бaғaлaуынa ықпaл етеді, әңгімелесу және ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинaқтaуғa көмек береді, іс-әрекеттерін тереңдетеді және шоғырлaндырaды, оқытудaғы қиындықтaрмен түсінбестіктерді aнықтaйды«Диaлогтік оқыту модулін енгіздім». Дәстүрлі сaбaқтaр бaрысындa оқушылaр бір – бірінің желкесінен қaрaп отырaтын болсa, енді олaр бетпе – бет отырып, әңгімелесіп, пікірлесуге мүмкіндік болaтынынa бaлaлaр қызығушылық тaнытып отырaды. Әсіресе өз ойлaрын түрлі әдіс – тәсілдермен жеткізе aлaтыны, суреттер сaлып, сaхнaлaп, өз беттерінше дәлелдемелер келтіретіні бaлaлaрдың сaбaққa ынтaсын aрттырa отырaды
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру; Аталмыш тапсырманы орындау үшін арнайы тапсырманы орындауға бағытталған ресурстарды пайдаландық. Бұл тапсырма топ мүшелері арасында үлкен талқылауға түскен жұмыстың бірі болды. Тоқсан сөздің тобықтай түйіні сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру табысқа бағытталған сабақ үрдісінің сәтті өтуінің басты кепілі екендігі туралы ортақ тоқтам болды. Және бұндай ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру мұғалім құзырындағы міндет екендігі туралы айтылды. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруға бағытталған озық стратегиялар туралы да қызу пікіралмасу болды.
Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету;Аталмыш тақырып төңірегінде де ұзақ пікір алмасу болды. Нәтижесінде мұғалім тарапынан оқушыларға түрлі тәсілдер арқылы сұрақ қоюдың және олардың жауаптарына қарай тиімді әрекет етудің маңыздылығы туралы озық ойлар мен пікірлер ортаға салынды. Тәжірибе алмасу нәтижесінде қомақты ойларды өзімізге үлгі ретінде жазып алдық. Мысалы, жетелеуші сұрақ қоюға байланысты, оқушыны дамытуға байланысты қойылатын сұрақтар және қате жауапқа қарсы қойылатын сұрақтар туралы құнды пікірлер болды.
Өзін-өзі реттеу;«Өзін-өзі реттеу» үдерісінде мұғалім аз оқытады және көп қадағалайды. Бұл Mария Монтессоридың біз басшлыққа алған түйінді идеясы.
Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» стильдегі сабақ үрдісінде мұғалім көп энергия жұмсайды есесіне оқушыға берілген ақпарат механикалық түрде ғана есінде қалып, ол алған ақпаратты оқушы ұзақ есінде сақтай алмайтын еді. Бұндай ақпаратты оқушылар сол сабақ соңында жақсы баға алу үшін немесе тоқсан соңында жақсы бағамен қорытындылану үшін оқиды. Ал қазіргі жаңа техгология жеті модуль негізіндегі Кэмбридж тәсілі оқушылардың алған ақпараттың терең мән-мағынасын түсініп, сыныптан тыс жаңа жағдайларда тиімді пайдалана алу қабілеттерін шыңдауға бағыт-бағдар беретін тұсбағар (компас) іспеттес. Кэмбридж тәсілі бойынша білім берудің негізгі идеясы «оқушыларға дайын білім беру емес, оқушылардың өздерінің білім мен идеялар құруы болып табылады». (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 2012 ж 10-бет)
Бұрынғы «дәстүрлі» стильдегі сабақ беру үрдісінде ішінара ғана жеке оқушылардың мүмкіншіліктері ескерілсе, Кэмбридж тәсілі бойынша білім берудегі мұғалім іс-әрекетіндегі маңызды дүние сыныптағы әрбір оқушының тақырыпты қабылдаудағы жеке ерекшелігі, оқушының бастапқы білімін дамытуға бағытталған тапсырмалар беру, оқушыны ақпаратқа сыни көзқарас таныту арқылы өзіндік қорытынды пікір білдіру қабілеттерін ескеруді талап етеді.
Алайда көп жылдар бойы санамызға сіңіп қалған «дәстүрлі» стилдегі сабақ беру идеясы жаңа өзгерістерді қабылдауға өз кедергісін тигізеді. Жаңа идеяларды басшылыққа ала отырып оқушылардың жаңаша ойлау қабілеттерін дамыту үшін әуелі өзіміз жаңаша ойлауға көңіл көкжиегін ашуымыз керек.
Оқушыларды диалогтік қарым-қатынас арқылы өзіндік іс-әрекетке бағыттау бағдарламада көрсетілген жеті модульдің бірі «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» негізінде жатыр. Себебі, бұрынғы ескі сарындағы білім беру үрдісінде мұғалім оқушы білімін бағалауда оқушыға өзі берген ақпаратты ғана талап етсе, жаңа тәсіл бойынша оқушыға ақпарат беріледі, бірақ білім мен түсінік оқушы бойында қалыптасады, ал мұғалім бұл үрдіске көмек көрсететін жан. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 2012 ж 32-бет)
«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер»модульін басшылыққа ала отырып сабақ үрдісіндегі оқушы іс-әрекетін төмендегіше өзгерістермен ұйымдастырдым:
Оқушы оқу үрдісінің барлық кезеңдерінде белсенділік танытады;
Оқушылар тақырыпқа болжамдар мен сұрақтарды өздері құрастырады;
Оқушылар сабақтың мақсатын құруға белсене қатысады;
Оқушылар сабақ үрдісінде бірін-бірі оқытады, бір-біріне кеңес береді;
Өз қателіктерін өздері көруге мүмкіндік алады, ол қателікті мұғалім көмегі арқылы өзі түзетеді;
Оқушылар өздерін және бір-бірін бағалау арқылы шынайы бағалау үрдісіне қатысады.
Дәстүрлі сабақ
Сындарлы сабақ
Оқу
20 %
Оқу
10 %
Аудио-визуалды қабылдау
50 %
Аудио-визуалды қабылдау
20 %
Көрсетілім
80 %
Көрсетілім
30 %
Талқылау
50 %
Практика
75 %
Білім беру
90 %
Мен бұрынғы «дәстүрлі» стильдегі сабақтарымда көбінде оқушыларға бірдей тапсырма беріп және берілген тапсырмаға орай оқушылардан жауапты бірдей талап ететінмін. Және оқушыларға берілетін тапсырмаларым көбінде оқушының білімін анықтауға бағытталатын. Ішінара тым күрделілеу тапсырмалар беріп оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру заңдылығын бұзып жататынмын. Мен оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу модулін үйрену арқылы өзімнің сабақ беру стильіме төмендегідей өзгерістер енгіздім:
Оқушыларға тапсырма берген кезімде оқушының сол тапсырманы орындай алу қабілетін (танымдық, зейін, сөз сөйлеу дағдылары, ойлау, негіздеу, шығармашылық зияткерлік т.б.) ескердім; (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 2012 ж 77-бет)
Оқушыларға берілетін тапсырма мүмкіндігінше оның бойындағы білімді анықтауға емес, оқушының бастапқы білімін одан әрі дамытуға бағытталуы керек. Сол бастапқы білімді әрі қарай дамыту үшін жоғарыда көрсетілген сұрақпен әрі қарай кеңейтілуі қажет. (Бұл тәсілде адамның өсуіне ерекше назар аударылады. Маслоу мен Роджерс)(Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 2012 ж 78-бет
Қорыта айтқанда жеті модулді үйрену барысында біз өзіміздің оқушылара білім беру стилімізде үлкен жетістіктерге жетеміз. Оларды төмендегіше жинақтап көрейік.
Білім беру үрдісі әлеуметтік қарым-қатынас негізінде жүреді;
Оқыту мен оқу үдерісінде оқушының өзіндік іс-әрекеті көбірек ұйымдастырылады;
Оқушыларға берілетін тапсырмалар олардың ол тапсырманы орындай алу қабілеттеріне негізделеді;
Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауын дамытуға ерекше назар аударылады;