kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мақсат қоя білу сәтті сабақ кепілі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Баяндама деңгейлік мұғалімнің сабақтар бойынша сабақты жоспарлауына тиімді нұсқау. Баяндамада мақсатқа жету, сабақтың мақсатын қою жайлы анықтама беріледі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мақсат қоя білу сәтті сабақ кепілі»

Мақсатты қоя білу сәтті сабақтың кепілі


Оқыту – бұл жекелеген құбылыс немесе дағды емес. Ол оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені болып табылады. Яғни педагогикалық білім, білік. Іске тартылған педагогикалық тетіктердің ішінде мыналарды атап өтуге болады:

Оқыту – түсіну, өмір бойы өзін-өзі оқыту, оқуға деген қажеттілігін таңдау, жүйелі ойлауға үйрету. Шығармашылық таланттарын және оларды барынша жақсы пайдалану жолын зерттеу, анықтау. Өз пәнінің маманы сабағын, оқушыларды оқуға тарту мақсатында оқушының өз түсінігі мен пікірі қалыптасатындай етіп өткізе алады.Ол үшін тиімді оқыту тәсілдерін қолданады.

Мектептің оқу бағдарламасы (оқушылар нені білу керектігін айқындайтын құжат) әдетте тараулардан құралған. Әр тарау ортақ ойларға негізделген бірнеше тақырыптардан тұрады. Осы тақырыптарды игертуге күнделікті сабақ жоспарын жасау талап етіледі, ол үшін бірнеше күн мен апталар жұмсалады. Зерттеу көрсеткендей, оқушылар құрылымы жақсы сабақтарды бағалайды және де өзіне көптеген тиімді нәрселер ала алады.

Барлық сабақтар оқу бағдарламасына негізделеді, яғни оқушылар нені білу керектігіне. Кейде сабақ жоспары оқытудың тақырыпты зерттеуге үйрету сияқты үдерісінің нәтижесін айқындайды. Кейде оқу бағдарламасы ақпаратты есте сақтауға қатысты оқытудың нәтижесін көрсетеді, мысалы: көбейту кестесі, немесе шөл даланың шарттары. Кейде негізгі ой толғамдардың қалыптасуына қатысты оқытудың нәтижесін көрсетеді, мысалы, үй жануарының асыраушысының жақсы қасиеттерін сипаттау сияқты. Кейде оқу бағдарламасы білімді қолдануға қатысты эссе жазу немесе мәселелерді шешу мен саралау, экономикалық қарым-қатынасты саралаудың нәтижелерін бейнелейді.

Бүгінгі сабақтың тақырыбына сай мақсат қою, сол мақсатқа жетуде – ең алдымен ойлау үдерісі жүреді. Осы ойлау үдерісі негізінен 4 бөліктен құралған.

Біріншіден, оқу бағдарламасын анықтау:менің сабағымда балалар нені оқып-үйренеді және сабақта жоспарланған жұмыс формаларының нәтижесінде қандай әрекеттерді игереді(бағдарламада ұсынылған тақырып бойынша).

Екіншіден, сабақ басталмас бұрын оқушылар нені білетінін анықтау (өткенді қайталау).

Үшіншіден, оқушылардың жаңа тақырыпты оқып-үйренуіне көмек көрсету үшін ең болмағанда бір тәсіл табу.

Төртіншіден, оқушылардың оқып-үйренуінің нәтижесін бағалау үшін кемінде бір әдіс қолдану.

Мұғалімнің арнап жоспарлайтын іс-шаралары оқу мақсаты болып табылады. Осыған байланысты , оқыту және оқу мақсаттарын қалыптастыру шаралары төмендегілерді білуге бағытталған:

-Сіздің ойыңызша, оқушылар нені білуі тиіс?

-Оқушылар қандай түйінді идеяларды түсінулері керек?

-Оқушылар қандай мәселелерді зерттеп, талдаулары керек?

Оқу нәтижелері мұғалім сабақта қойған мақсаттарына қол жеткізгенін немесе қол жеткізе алмағанын білуге мүмкіндік береді.

Оқушылар оқшауланып оқымайды. Бүгінгі таңда өзекті болып отырған «оқу қоғамдастығы» деген ұғым бар, онда оқушылар да , мұғалімдер де өздерін білім алушылар деп есептейді. Оқушылардың арасында бірлескен жұмыс, бір-бірін қолдау, топтық рух мадақталады. Олар топпен жұмыс істейді, онда тыңдау, дене қимылдары, келіспеушілікті құрметпен білдіру қабілеттеріне назар аударады. Оқуда нық тұру мен өзін-өзі құрметтеу, өзін-өзі басқаруды дамытмен сипатталады. Нәтижесінде тәуелсіз, ойшыл, өмір бойы оқуға қабілетті тұлға қалыптасады.


Қазіргі жаһандану заманында білім мен техниканың қарыштап дамып жатқаны , күнделікті жер шарында ашылып жатқан жаңалықтар, адамзаттың түрлі қажеттілігі , ғылым мен техниканың еселеніп дамуы, Қазақстанның білім саласына құйып жатқан болашаққа деген инвестициясы, болашаққа нық сенімді қадам жасаудың өлшенбес игі ісі. Қазіргі мектептің деңгейлік курстарын бітірген, бапталып жатқан мұғалімдердің әдіс-тәсілдеріне негізделген зертеулер мен жаңашыл әдістер болашақ мектептің кіріспесі іспеттес. Себебі мемлекет қыруар қаржыны мұғалімнің өз тәжірибиесін түбегейлі өзгертіп қана қоймай , білім беруді де өзгертуге шешім қабылдап қойғалы қашан.

Білімді беру мен қатар оны бағалау қатар жүреді.Сыныпта бағалау тек баға қоюмен ғана шектелмейді. Бағалаудың артында нақты шешім ( 4 , 5 ,3 деген бағадан бөлек) баланы дамыту, оқуындағы ынтасын ашу, мұғалімнің білім берудегі нақты сатысы, білім алушының өзінің білімінің қай сатыда тұрғандығы, қабілеті, танымдық-эмоциялық, күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады. Бағалау – оқу сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін оқу куәліктері жоспарлы және жүйелі жинақталған кез келген қызмет түрлеріне қатысты санат: бағалау, оқыту үшін және оқуды бағалау.

Білім беру саласындағы мұғалімдер мен саясаткерлер ортасында зерттеу нәтижелерін таныту мақсатында 1989 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Ұлыбритания ғалымдарынан тұратын Бағалау Реформасының Тобы 1999 жылы «Оқыту үшін бағалау» деген кітапша жариялады. Осы уақыттан бастап ОүБ тұжырымдамасы кеңінен таныла бастады. Осы кітапшаның негізгі мәтіні Бағалау Реформасының Тобы ұйымдастырған Пол Блэк пен Дилан Уильямның (1998a, 1998b) зерттеулеріне шолу ретінде ұсынылған.

«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе
тәртібін мұқият бақылау.

Бастауыш сынып оқушыларына білім беруде бағалау құралдарын іске асыру мақсатында іс-әрекеттегі зерттеуге 5 қадам жасау қажет.

1.Міндеттеме алу.

2.Зерттеуді әзірлейміз.

3.Тәжірибиенің мәнін түсінеміз.

4.Жаңадан бастаймыз.

5.Тәжірибені жетілдіреміз.

Қорыта келгенде бағалаудың әрбір стратегиясы зерттеліп зерделенген, мұғалімдерге арналған әдіс құрал болып табылады. Бағалаудың артында кішкентай бастауыш сынып оқушысының биік белестерге қол жеткізетін жетістігі айқындалған. Осы бағалау құралдарын пайдалана отырып біз мұғалімдер өз тәжірибиемізді түбегейлі өзгертетін уақыт жетті. Ендеше жаңалықтан қорқпайық. Іске сәт!


Енді осы сұрақтарға жауап іздеп көру үшін ,мен, әріптеріммен сабақтың мақсатын қоя білуге үйрететін әдістер арқылы кішігірім тренинг өтпекпін. Ең алдымен 2 қатар болып бәріміз бір-бірімізге қарсы түрамыз.

1.Қазақтар қол алысады.

2.Италияндықтар құшақтасады.

3.Бразилиялықтар иық қағады.

4.Никарагуалықтар арқасымен бір-біріне қарсы тұрады.

5.Зимбабалықтар шынтақтасады.

6.Австралиялықтар шапалақ ұрады, секіреді, бөкселерін соқтығыстырады.

7.Енді мен ортаға 3 әріптесімді шақырамын. Үшеуі өздерінің топтарына адам жинайды. Әріптестеріме сұрақ: Сабақ сәтті болуы үшін не істеу керек? Осы сұраққа жауап беру үшін өз идеяларығызды стикерлерге жазып «Идеялар ағашына» жапсыруларыңызды сұранамын.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Мақсат қоя білу сәтті сабақ кепілі

Автор: Сыдыхова Нурсулу Калибековна

Дата: 11.12.2016

Номер свидетельства: 368277

Похожие файлы

object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(124) "Ашы? саба?. "?ос жынысты ж?не дара жынысты г?лдер.Г?л формуласы" 6 класс "
    ["seo_title"] => string(77) "ashyk-sabak-k-os-zhynysty-zh-nie-dara-zhynysty-ghuldier-gul-formulasy-6-klass"
    ["file_id"] => string(6) "141332"
    ["category_seo"] => string(9) "biologiya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1418105442"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(145) "Ма?жан Ж?мабаев "Батыр Баян"  поэмасы бойынша ?ткізілген дебат-пікірталас саба?ы "
    ["seo_title"] => string(88) "mag-zhan-zhu-mabaiev-batyr-baian-poemasy-boiynsha-otkizilghien-diebat-pikirtalas-sabag-y"
    ["file_id"] => string(6) "163964"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1422552979"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(59) "О?у процесін технологияландыру. "
    ["seo_title"] => string(37) "ok-u-protsiesin-tiekhnologhiialandyru"
    ["file_id"] => string(6) "236595"
    ["category_seo"] => string(10) "matematika"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1444122696"
  }
}
object(ArrayObject)#887 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Сабақ: Адалдық. Д.Қасенов"
    ["seo_title"] => string(25) "sabak_adaldyk_d_k_asienov"
    ["file_id"] => string(6) "379546"
    ["category_seo"] => string(10) "literatura"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1484479930"
  }
}
object(ArrayObject)#865 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(102) "ЖАС  ?РПА?  ПСИХИКАСЫН  СА?ТАУ  МЕН ДАМЫТУ- БОЛАША?  КЕПІЛІ "
    ["seo_title"] => string(60) "zhas-u-rpak-psikhikasyn-sak-tau-mien-damytu-bolashak-kiepili"
    ["file_id"] => string(6) "198389"
    ["category_seo"] => string(9) "psihologu"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1428403315"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства