kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Маманды?ты? б?рі жа?сы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Тіл - ?лтты? категория. Тілсіз - ?лтты, ?лтсыз - тілді  ай?ындау м?мкін емес. Ал ?аза? ?лтыны? тілі - ?аза? тілі. Ендеше, Елбасы Н.?. Назарбаев ?зіні? халы??а Жолдауында атап ?ткендей «?аза?станны? болаша?ы - ?аза? тілінде».

?р ?лт ?зіні? тарихын, салтын ж?не ана тілін ма?тан т?тады. Дегенмен де, бізді? мемлекетімізде ?кінішке орай ?з тілін білмейтін ж?не білем деп ?йренуге талпынбайтындарды? бар екендігі ж?не оларды? жауапты мемлекеттік лауазымдарда ?лі де билік т?т?асын ?стап отыр?анды?ы ала?датумен келеді. ?йткені ана тілін білмейтін адам ана тілін к?ктете де алмайды ?ой. Ал біз, ?аза? елі, б?скекеге ?абілетті елдер санатынан ?лты? ерекшелігіміз ?аза? тілі ар?ылы ?ана орын ала аламыз.

Ана тіліні? ?ан мен ?асиеитке сі?ірілуі е? алдымен отбасынан ал?ан т?рбиеге байланысты жай. Егер ?рбір ата - ана с?би д?ниеге келген с?ттен бастап тек ана тілінде с?йлеп, ана - тілін ?йретсе тіл ?рпа?ты? санасына ана с?тіні? ?асиетімен дарыма?. Екіншіден ?лтымызды? ?асырлар бойы орыс боданды?ында, кейін тоталитарлы? ?ктем ж?йені? ?ыспа?ында болуы ?лтты? ?асиетімізге, ?сіресе тілімізге орасан зор н??сан келтірді. ?зіні? ана тілін білмейтін, шала білетін отбасылары мен ?улеттер ?алыптасты. Б?л да ?лтты? ?асиетімізді тамырынан ажырат?ан тарихи кезе?дерді? зобала?ы. Біз б?л дерттен арылып келеміз ж?не арылу?а тиістіміз.  Егеменді ел бол?анды?тан, мемлекеттік тіл - ?аза? тілін білу - елді? ?р азаматыны? міндетті борышы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Маманды?ты? б?рі жа?сы»

Кездесудің тақырыбы: «Мамандықтың бәрі жақсы»

Кештің мақсаты:
1. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт - бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу.
2. Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу
3. Оқушылардың қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу

Кіріспе сөз: Мектептен түлеп ұшқалы отырған оқушыларды «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойлар мазалайтыны анық. Мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт - бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу үшін ұстаздармен, ата - аналармен және ортамызға келіп отырған әр түрлі маман иелерімен сұхбаттассақ.

Жүргізуші: Талмасын қанат, сөнбесін үміт,
Армандар алға жалғансын.
Соқса да дауыл, өрт болып өмір,
Қанаттар балғын талмасын –
деп, құрметті қонақтар, бүгінгі “Мамандықтың бәрі жақсы” атты пікірлесу кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Мамандық таңдау
Алға тарт деп жас жүрек бұлқынады.
Балалықпен қоштасар күн туады.
Онжылдықтан шыққандар оқу іздеп
Юрфакқа түсуге ұмтылады.
Не демекпіз шөліркеп дала жатса,
Не болмақшы теңіз, құм араласса?
Жұмыс іздеп уақытша келгендермен
Кешіп жатыр өз күнін балабақша.
Бала бағу. Оны ешкім жаратпады,
Заң маманы болуды қалап бәрі.
Ақиқатқа құштар ма мына ұрпақ
Армандап жүр кімдерді жауаптауды?..

Әр адам өз қабілетіне, икемділігіне қарай сәйкес мамандық таңдауы тиіс. Бүгінгі таңда нарықтық экономиканың өсудегі жоғарғы қарқынын жалғастыра алатын серпінді дамып келе жатқан кадрлар даярлау мәселесі алға қойылған. Ауыл шаруашылығын дамытуға көптеген мамандықтар қажет.

“Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ, мұның кез – келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе” Ж. Аймауытов.

Әрбір түлектің асқар арманы, алдыға қойған мақсаты бар. «Мен кім болам?» деп ойланып, мақсат қойып жүрген шәкірттердің ой - арманын бейнелейтін «мамандықтар» мәселен мыналар:

Енді бізде мамандық таңдауда көптеген қиындықтар мен қателіктер туындап жатады. Соған назар аударсақ.
1. Бірден жоғары квалификациялы мамандық таңдау
2. Достарынан қалмау үшін мамандық таңдау
3. Мектептегі пәннің мамандыққа сәйкес келуі
4. Өзінің қабілетін, жеке қасиетін анықтай алмау
Және сондай-ақ мамандық таңдауға әсер ететін біршама факторлар бар.
Ендеше, оқушылар қай мамандықты қандай кәсіп жолдарын таңдауды дұрыс деп шешу мақсатында, әркім өз пікірін білдіріп, ой толғайды. Зал ішінде ең мықты мамандар қонаққа келіп отыр. Оларда өз мамандықтары жайлы сөз алады.
Алдымен оқушылар қандай мамандықты таңдап отыр екен, бірінші солардың пікірлерін тыңдайық.





Жүргізуші: Абай атамыз: «Ұстазсыз шәкірт – тұл, шәкіртсіз ұстаз - тұл» деп, адам баласының кісі болып қалыптасуы көбінесе ұстазға байланысты екенін ерекше атап айтады. Ұстаз ата - анаға қарағанда балаға қамқорлықты анағұрлым арттыра түсіп, білім беру, тәрбиелеу ісіне арнайы күш - жігерін, уақытын бөліп, шәкіртіне бар білгенін, өнерін үйретіп, тәрбиелейді.
Ғылым иесі ғалым да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуіріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де – бәрі - бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар, Сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді!

Шен - шекпенге жасыңнан
Құмар болма депті Абай
Милары жоқ масылға
Сыңар болма депті Абай
Бүкіл абзал адамның
Баласы бол депті Абай
Атаң менен анаңның
Панасы бол депті Абай
Өсиетін Абайдың
Орындап жүр кім қалай

Жүргізуші: Ұстаздар оқушыға басын иген,
Кей кезде тіпті оған кішірейген.
«Сыйға – сый, сыраға - бал» деген сөздің
Болмаса ережесін бұза білген.
Өйткені, ұстаз – ана, ұстаз – дана.

Мамандық ол ерекше, жеке - дара – пікірлесу кешіміздің алғашқы сұрағын ұстаздар атынан келіп отырған Ілиясов Болат ағайға қойсақ.

Сұрақ:
Жүргізуші: Бітіруші түлектер ағайға қояр сұрақтарыңыз болса, сөз кезегі сіздерде.
Жүргізуші: Сен арқылы үміт - от жанатындай,
Әр секундың мәңгілік сағатындай.
Алдыңдағы ақ парақ - адалдығың,
Ақ халатың аққудың қанатындай –
деп, ақындарымыз жырлағандай қашанда адам жанының арашасы бола білетін, ақ халатты абзал жандар еңбегі ерекше. Бүгінгі кешімізге келіп отырған дәрігер қонағымыз Шолпан апайымызды таныстырып өтейік.

Кешімізге қош келдіңіз! Дәрігер адам жанының бағбаны дейді. Менің ойымша дәрігер күрделі мамандық, осы күрделі жолды қалауыңыздың себебі неде?

Жүргізуші: Рахмет. Түлектер қояр сұрақтарыңыз болса.
Жүргізуші: Ата - ананың арманы – баласын дүниеге әкелген соң, қызығын көру. Қазақта сөз бар: «Жақсы бала – сүйік, жаман бала - күйік» деген. Осы айтылған сөздің түбінде үлкен ой жатыр. Әрбір ата - ана баласының қызығын көруді армандайды, білімді болғанын қалайды, өмірден өз орнын тапса екен деп жатса да, тұрса да алладан сұрайды. Ендеше, келесі сөз кезегін кешіміздің құрметті қонағы болып отырған, біздің белсенді ата - аналарымыздың бірі Жаңыл апай ортамызда отыр екен.









Жүргізуші: Ақылмен толтырып саналарын,
Таудай боп өсті міне балаларың.
Шуағын бар әлемнің сыйлайтұғын,
Қуаныштарың құтты болсын аналарым –
деп, сөз кезегі ата - аналар сіздерде. Мамандық таңдау жөнінде балаңызға қандай ой салдыңыз, балаңыздың таңдаған мамандығына көңіліңіз тола ма?
Апайға қояр сұрақтарыңыз болса.

Жүргізуші: Кеше ғана сәби болсаңдар, бүгінде мектептен ұшып, арман қуғалы отырған түлексіздер, ал келешекте бүгінгі ата - ана, ұстаздармен, дәрігерлермен иықтас болатын өміріміздің мұраттарын жалғастырушы ұлы күшке айналасыздар. Бүгінгі күн ұмытылмастай әрбір жүректе қалары сөзсіз.

Жүргізуші: Келесі сөз кезегін кешімізге келіп отырған маман иелеріне береміз. Әркім өз мамандығы туралы сыр шертсе, және қоятын сұрақтарыңыз болса оқушылар қоя берулеріңізге болады. Бүгінгі кешімізге келіп отырған мамандарға бітіруші түлектер атынан алғыс білдіру үшін ортаға Жәнібекова Тұрсынды шақырамыз.

Құрметті қонақтар! Сіздерге бір тапсырма болайын деп тұр. Кешімізге келіп отырған апай ағайлар 11 - сынып түлектеріне қандай тілектер білдіресіздер, сол ойларыңызды қағаз бетіне түсіріп, естелік ретінде ұсынсаңыздар.

Жүргізуші: Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтан.































Мамандықтың бәрі жақсы

Сыныбы: 8

Тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы

Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айрықшаланатын мамандық әлемінің түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру. Мамандықтарға сипаттама беру, қыр - сырын ашу. Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық таңда білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жазылған карточка, слайд көрсету.

Әдісі: Тест тапсырмалары, карточкалармен жұмыс

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Мамандықтың бәрі жақсы

(ойын, сайыс )

Сайыс кезеңдерімен таныстыру.

«Білімді мыңды, білікті бірді жығады» (білім сайысы)

«Тапқыр болсаң тауып көр» (мамандыққа сәйкес қасиеттерді табу)

Маман иесі – психолог – оқушының жан дүниесін түсіну

Егер осы маман иесі болсам! (ситуациялық шешу)

Шығармашылық жұмыс «Кім боламын?»

ІІІ. Қорытынды бөлім

Біз бүгін «Мамандықтың бәрі жақсы» атты сайыс және ойын түрінде сынып сағатын жүргіземіз. Бұл шарада әр оқушы жеке саяхатқа шығып өмірден түйген ойларын, білімдерін ортаға салып, ой - пікірлерін айтады.

Атабекова Іңкәрдің пікірі:

Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ қандай мамандық болмасын оның өзіндік талаптары болады. Мамандықтың кез - келгенін игеруге икемділік қажет, бұл жай күнелту немесе тамақ асырау емес, үлкен өнерді, жақсы шеберлікті қажет ететін нәрсе. Меніңше жақсы маман болу үшін ең алдымен өзің таңдаған мамандықты сүюің керек, сол мамандықтың қыры мен сырын жете меңгеруің керек. Сондай - ақ мамандықты таңдаған кезде өзіңнің ыңғайыңа қарай өз жолыңмен қызмет етсең өз басыңа да, елге де үлкен пайдаң тиері сөзсіз. Өзінің бейімділігі мен қабілетіне қарай маман болған адамның жұмысы да өнімді, берекелі де болмақ. Ж. Аймауытов айтқандай, өмірде өз мақсаттарымызға жету үшін қабілетімізге қарай мамандықты таңдай білейік.

Қалиева Жайнар. Менің ата - анам қарапайым адамдар. Біздің жанұямызда жалғасын тапқан отбасылық кәсіп бар деп айтуға болмайды. Мен заң қызметкері болуды қалаймын. Себебі елімізде болып жатқан көптеген жағдайлар менің де жүрегімді сыздатады. Ашылмай жатқан қылмыстар, сыбайлас жемқорлық, кейбір әділетсіздіктер т. б.

Билашев Жанесен. Менің пікірімше адам өзін белгілі бір мамандыққа дайындауды мына уақыттан бастау керек деп ашып айту қиындау сияқты. Әрине кейбіреулер ес білгеннен бір мамандықты ұнатып осы мамандықтың иесі боламын деуі мүмкін, ал енді біреулер жағдайына қарай ата - анасының немесе бір жанашырының ықпалымен мамандық таңдауы мүмкін немесе ата бабасынан келе жатқан мамандықты таңдауы мүмкін ғой. Әзірге мен қандай мамандықты игеретінімді шеше қойған жоқпын.

1, 2, 3 тапсырмаларда оқушылар өз білімдерін өздері бағалайды. Жауабы: тақтадан көрсетіледі.

Қалған екі тапсырманы пікір сайыс түрінде өткіземіз.

І. Тест

1. Жер бетінде қанша мамандық түрлері бар?

А) 3000 Б) 3200 В) 3400

2. Мамандықты Климов неше типке бөлді?

А) 2 Б) 3 В) 5

3. Мамандық таңдауда адам өз бойында қандай қасиеттерді жетілдіру керек?

А) тәрбиелік Б) өзін - өзі ұстай білу В) шешім қабылдағыш Г) барлығы дұрыс

4. Мамандықты меңгерген адамды қалай атайды?

А) маман Б) мамандық В) кәсіпкер

5. Мұғалім, дәрігер, тәрбиеші қандай типке жатады?

А) Адам - адам Б) Адам - белгі В) Адам - техника

6. Адам – табиғатқа жататын мамандық

А) ұста Б) тігінші В) агроном

7. Ұстамдылық қандай кәсіп иесіне жатады?

А) суретші Б) сатушы В) әнші

8. Малшыға қандай талап қойылады?

А) шебер Б) күш иесі В) шыдамды

9. Қорлық келісім сауда және биржалық келісім жасағанда арада жүретін адам

А) дилер Б) брокер В) моклер

10. Мамандық таңдауда қандай жаман әдеттерден аулақ болу керек?

А) үстірт қарау Б) ұсақшыл В) әлсіз Г) көп сөзділік Д) бәрі дұрыс

ІІ Тапсырма

Төмендегі қасиеттер қай мамандыққа сәйкес келеді, дұрыс жауапты бағыт сызығымен байланыстыр

Тренер----------- тапқыр

Дәрігер---------- әділ

Мұғалім--------- өте ақылды

Журналист----- шыдамдылық

Механизатор----өз мамандығын жетік білу

Құрылысшы------ой - өрісі жоғары

Заң қызметкері---мейірімді

өнер иесі-----------мәдениетті

ІІІ. Тапсырма

Сіздің мамандығыңыз психолог сыныпқа келдіңіз. Оқушылардың көңілі күйі әр түрлі. Қалай ажыратасыз?

Жауабы: 1. Бейжай 2. Өшпенділік 3. Көңілді 4. Өте ашулы. 5. Уайым 6. Жасырын қуаныш 7. Нашар көңіл 8. Ашулы 9. Өте қуанышты 10. Терең қайғы 11. Ұнатпау 12. Қайғы

ІҮ. Тапсырма

Егер мамандық иесі болсаң не істер едің: (ситуациялық шешу)

Дәрігер. Ауырған адам сізге келіп, қойған диагнозбен келіспейтінін айтты. Сіздің шешіміңіз?

Мұғалім жайлы әңгіме «Жүрексіз нені түсінеміз?» сабаққа ата - ана қатысып отыр. Үй тапсырмасын сұрадыңыз, ешбір оқушы дайын емес. Не істер едіңіз?

Әнші. Сахнада ән салып тұрсыз, көрермен ұйықтап отыр. Бұл сізге ұнамады. Сіз не істейсіз?

Журналист. Жазған мақалаңыз кейбір жандарға ұнамай, сізге ескерту жасады, қорқытты. Не істер едіңіз?

Тігінші. Сізге бір кенет жақсы матадан көйлек тіктіруге тапсырыс береді. Ол матаны тігу барысында дұрыс болмай қалды. Тапсырыс беруші сізге ренішпен ұрысып, матаны тауып беруіңізді талап етті. Сіз қалай жауап берер едіңіз?

Аспазшы. Асханаға келген кенет жасалған тағамға көңілі толмай қайтарып әкелді, ақысын сұрады. Сіздің жауабыңыз?

Жүргізуші. Сіз алыс жолдан шаршап келіп дем алып жатырсыз, досыңыз келіп, сізге бір жерге алып баруыңызды өтінді. Не деп жауап берер едіңіз?

Ү. Тапсырма

«Кім боламын?» тақырыбына эссе жазу. Әр оқушы өзі қалаған мамандығына жазады.

Жүректен жүрекке Ж. Баласағұн

«Еңбек туралы»

Басым көкке жетсін десең армандап,

Әр жұмысты біліп істе, қарма оңдап,

Барлық істі сарапқа сап істегін,

Қисаппенен қазынаңды үстегін.

Кісі танымақ болсаң, ісіне қара.

Өз күшің жеткенше, өзің үшін аянба.

Ерте тұрып, кеш жат ұйқың қанады,

Ерте тұрған ердің бағы жанады

Сонымен оқушылар, бүгінгі «Мамандықтың бәрі жақсы» атты сайыс түріндегі сынып сағатымызда жақсы маман иесі болу көп оқып, оны келешекте мамандық таңдауда дұрыс шешім жасауға пайдалануға ой түйдік. Сабағымыздың соңында барлығымыз бірге бір - бірімізге сәттілік тілей отырып, «Алақан сипау» ойынын ойнасақ. Сол жағымызда отырған адамның алақанын сипап бір мақтау сөз және бір тілек айтып сынып сағатымызды аяқтаймыз.

Бұл сыныптағы барлығымыздың татулығымызды арттыруға арналған жаттығу.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Маманды?ты? б?рі жа?сы

Автор: Молдакулова Г?лмира Турегалиевна

Дата: 03.04.2016

Номер свидетельства: 314470


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства