Просмотр содержимого документа
«"Мамандықтың бәрі жақсы" дөңгелек үстел»
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі
Информатика пәні оқытушысы
Жаулиева Гульмира Халмуратовна
Мамандықтың бәрі жақсы
(дөңгелек үстел)
Дөңгелек үстелдің мақсаты: студенттермен мамандық түрлеріне шолу жасай отырып, әр мамандықтың қыр-сырларын талқылап, өз таңдаған мамандығының таңдау себебін ортаға салу.
Қолданылатын көрнекіліктер: слайд-шоу, бейнероликтер, мамандықтар тізімі
Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады?
Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау. Қазақ "Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі - жар таңдағанда, екіншісі - мамандық таңдағанда" деп бекер айтпаса керек.
Енді осы мамандық сөзіне анықтама беріп көрелік?!
"Мамандық" сөзі латын сөзінен шыққан, "жұрт алдында сөйлеу, жариялау" дегенге саяды. Есте жоқ ескі заманда мамандықтың қазіргідей түр-түрі болмады. Әр адам барлық жұмыспен өзі ғана айналысатын. Дегенмен, әйелдер мен ерлерге деп бөлінетін жұмыстар болған. Ерлер аң аулап, үй тұрғызып, қару-жарақ жасаса, әйелдер жеуге жарамды өсімдіктерді жинап, тамақ пісірген, киім-кешек тігіп, бала тәрбиелеген.
Заман өзгерген сайын, адам да жетіліп, нарықтық қарым-қатынас пайда болды. Қоғам дамып, дүниеге түрлі жұмыстар,сәйкесінше, түрлі мамандықтар келді.
Кез келген еңбек мамандық емес. Еңбектің мамандық деп аталуының өзіндік шарттары бар: бірі - маман атануыңыз үшін білім алып, қолыңызға сол саланың дипломын, куәлігін, аттестаты не сертификатын алуыңыз керек болса, екіншісі - еңбегіңізге ақының төлені қажеттілігі.
Әлемде мамандықтардың түр-түрі бар деп жатырмыз. Әлемде көргенге қызық, таңқалдыратын ең қызықты мамандық түрлері , ең қауіпті мамандықтар, ең сұранысқа ие мамандықтар, ең жоғары жалақы алатын мамандықтар бар. Назарларыңызға видеоролик ұсынғым кеп отыр.
Бейнеролик:«Ең қызықты мамандықтар».
Сұрақ: Осы бейнероликке байланысты бірнеше сауал қойғым келіп отыр. Яғни, басқа да қандай қызықты мамандық түрлерін білесіздер. Қызықты мамандықтар тек қана өзінің ерекшелігімен ғана қызықты ма, әлде әрбір тұлға өз мамандығын қызықты ету керекпе?
Статистиктердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 %- і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде өзінің игерген мамандықтары бойынша біз бен сіздер қызмет етіп, оқып жүрген Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжінің бірқатар студенттері өз кәсіптерін нәсіп етіп жүргендері де бар арамызда. Осы сөзімізге дәлел боларлықтай бейнеролигімізге назар аударсақ. (Бейнеролик ұсынылады).
Сұрақ: Осы аталған статистикалық мәліметтер мен шынайы өмір мысал арасындағы салыстырмалы нәтижелерді қалай бағалар едіңіздер? Ой бөліссек.
Болашақта Қазақстан нарығы мен болашақ дамуына қажетті сұранысқа ие 10 мамандық түрі бар. Олар:
1) Инженерлер
2) ITсаласыныңмамандары
3) Нанотехнология
4) Электроника және биотехнология мамандары
5) Маркетологтар
6) Қызметкөрсетубойыншамамандар
7) Логистер
8) Экологтар
9) Дәрігерлер
10) Химиктер
Дүниеде, өмірде мамандық таңдауда әртүрлі факторлардың әсер ететіні белгілі. Олай болса Е.А.Климов бойынша мамандық таңдаудағы 8 фактордың болатынын атап көрсеткім кеп тұр:
1. Жанұядағы үлкен адамдардың әсері Сенің өмірің үшін өзіне нақты жауапкершілік артатын үлкендер де бар. Бұл қамқорлық сенің болашақ мамандығың туралы мәселеге де қатысты.
2. Дос-жарандарыңның көзқарасы Сенің жасыңда достық ұғымы өте биік, әрі берік және сенің мамандық таңдауыңа үлкен әсерін тигізеді. Тек жалпы кеңес беруге болады: сенің қызығушылығыңа сәйкес және өзің өмір сүретін қоғам талабына сай болатын шешім дұрыс болмақ.
3. Мұғалімдер мен мектеп ұстаздарының көмегі Мектеп қабырғасында оқушының оқу үрдісіндегі және сабақтан тыс белсенділігін бақылай отырып, тәжірибелі ұстаз сен туралы өзің байқамай жүрген қабілеттерді көреді. Білікті ұстаз сенің жаныңа жағатын мамандықты таңдауға көмектесе алады.
4. Жеке кәсіби жоспарлар Бұл жағдайда, жоспар деп отырғанымыз- сенің кәсіпті меңгеру сатылары туралы түсінігің.
5. Қабілет Өзіңнің қабілетіңнің жан- жақтылығын білімде ғана емес, басқа да түрлі әрекет жетістіктерінен байқауға болады.
6. Қоғамдық құрметке деген ықылас деңгейі Өз еңбек жолыңды жоспарлай отырып, өз ықыласыңның нақты мүддесін қорғау өте маңызды.
7. Ақпараттандырылғандығы Сен таңдаған мамандық туралы мәліметтер дұрыс, нақты әрі көп жақты болуына сен толық сенімді болу керексің.
8. Әуесқойлығы Әуесқойлық өзіңе ұнайтын және көп уақытыңды соған бөлетін істарде байқалады. Бұл- нақты қабілеттерге байланысты қызығушылықтар.
Сұрақ:Осы аталған факторлардың қайсысы сіздің өмірлік мамандықтарыныңызды таңдауға әсер етті. Немесе осы мамандыққа келуге сізді не итермеледі? Мотивация қалай жүрді.
Өз ісінің нағыз маманы атану екінің бірінің еншісіне бұйырмаған. Ол үшін ең алдымен мамандығыңызға деген махаббат керек. Мамандыққа деген махаббат пен карьерист болу екеуі біздіңше екі бөлек нәрсе. Махаббатпен істелген жұмыс қана нәтиже бермек. Екінші сөзбен айтқанда, мамандығыңыз сіздің сүйікті ісіңізге айналуы қажет. Бұл жағдайда адам жұмысқа ерекше құлшыныспен кірісіп, жұмысынан ләззат алады.
Әлемде өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүрген қаншама адам бар, өз жұмысын жанымен сүйіп істейтін адамдардың да саны аз емес. Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауыңызға тілектеспіз.