Просмотр содержимого документа
«Мейірімділік адамгершілік белгісі»
Тақырыбы: «МЕЙІРІМДІЛІК - АДАМГЕРШІЛІК БЕЛГІСІ»
Шолпан биімен ашылады.
Жүргізуші:Армысыздар қымбатты қонақтар. Бүгінгі «Мейірімділік - адамгершілік белгісі» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде мейірімділік адамдар арасындағы адамгершілік, ізгілік пен ізеттілік, имандылықпен инабаттылық секілді асыл қасиеттермен үндестік тапқан. Ж.Баласағұн “кір тигізбей ұста ойыңның өресін, мейірім етсең - мейірімділік көресің” деп, мейірімділікке зор мән берген. Мейірімділік — адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді. Мейірімділік адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс-тіршілігін, жан дүниесін жадырататын, шат-шадыман тіршілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі.“Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық секілді ақ жүректен шығады”.
Құрметті мекеме ұжымы сіздердің мекемелерінізге келіп сіздермен қауышканымызга қуаныштымын!
Қажырлы еңбектерініздін зейнетін кориниздер!
Аялы алақанымызды, қол ұшымызды созып, қайырымдылық жасап, көмек қолын күткен әрбір жанның жүрегіне жылылық ұялатып, өмірге деген көзқарасын өзгерту осы отырған барлық азаматтың борышы. Ендеше болашағымыз бақытты болсын десек, бір-бірімізге қолдан келер қамқорлығымызды, мейірімімізді аямайық ағайын!
1 жүргізуші: Күйі бөтен демеймін, үйі бөтен, Жақсы адамдар бар екен, сүйіп өтем, Жамандарды іздемен, өзі ақ табар, Жақсыларды табуың қиын екен... Ән. « Ана » Орындайтын тарих пәні мұғалімі: Жаннур Алиқызы
Жүргізуші:
Жансаң көзі қарақты Қиналғанды аңғарар Өзіңнен сөз тарапты Жақсылыққа жалғанар Дәнекер боп жүргенің Азаматтық ерлігің ортаға Айдын Турсынбаевич карсы алайық
жүргізуші: Жөн жосықты білгенің Еңсесі биік елдігім Байлық қуат алапат Қағып түсер қарғысың Демеушілік шарапат Алар елдің алғысын дей отырып, ортаға Жаннұр Алиевна әнмен шақырылады.
Жүргізуші:
Өтеді ғой... Өтеді барлығы да, Күн арқалап кетеді таңды мына, Менің жаным ашиды барлығына, Таң нұрына, адамның тағдырына. «Қобыз ». Орындайтын: Муталипова Милям 9 б сынып оқушысы
Жүргізуші:
Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-сәл кем бұра, Қазақ – нағыз қазақ емес, Нағыз қазақ – Домбыра! Білгің келсе біздің жайды, содан сұра тек қана: Одан асқан шежіре жоқ, одан асқан жоқ дана. Күй. « »Орындайтын: Қуаныш Нуртілеу 9 сынып
«Акерке» география пәні мұғалімін «АНА» өленмен қарсы алайық
Қуаныш Нуртілеу оқыту
Бақыт жайлы пікір айтып қызулы топ таласты Бірі оны үйден іздеп, бірі қырдан әрі асты. Бірі айтады: бақыт деген - барлық байлық емес пе? Керегінше киіп, ішсең «бақыттысың» демес пе? Бірі айтады: «Жоқ, бақыт деген – қолың жетпес мансап қой» Жұрттан гөрі жүрсең ерек, соның өзі жақсы ат қой. Бірі айтады: «Бақыт деген - жүйрік мініп той тойлау» Ісің болмай күйбеңменен, қарын тойса, қарт ойнау. Бірі айтады: «Бақыт деген - адал жар мен перзент қой!» Ынтымаққа ырыс келген, ол да саған келмек қой Пікірлердің таласына осылай мен жолықтым Бақыт адам баласына келмес оңай соны ұқтым. Безбеймін мен баладан да, байлықтан да, жардан да Мансап жетпес бар адамға үлестіріп алғанда Үміт үзбей іздейді олар, таңдап сол бір уақытты, Оны алыстан іздемелік, жүректен тап бақытты!- деп ақын ағамыз айтқандай бір бірімізге бақыт сыйлар жүрек жылуымыз, мейірімділігіміз сарқылмасын ағайын!
Шолпан биімен жабылады
Жүргізуші:
Майысып бұраңдаған денелері Алаулап жайнаған көздері Буын жоқ, бұратылған шыбық дерсің, Алдарыңызда гимназиямыздың гүлдері
«Шолпан» Би ансамблі. Бидің аты
жүргізуші: Қадірменді қонақтар! Осымен бүгінгі мерекелік кешімізді жабық деп жариялаймыз. Тамашалағандарыңызға шын жүректен алғысымызды айтамыз.