Просмотр содержимого документа
«Мектеп жасына дейінгі балалардың қазақстандық патриоттық тәрбиесін қалыптастыру жолдары»
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ
ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Исабаева А.Д.
№ 1 «Ертегі» бөбекжай балабақшасының басшысы
Сәтбаев қаласы
В статье рассматривается пути формирования казахстанского патриотизма у
детей дошкольного возраста в условиях образовательного процесса дошкольного
учреждения.
This article observes the problem of upbringing patriotic generation, mainly awakening and
raising the patriotism in pre-school and kindergarten children.
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа рухани–патриоттық тәрбие
беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен
басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал
үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың
бойына жастайынан ұлттық намыс, мінез-құлық, тектілік, отансүйгіштік, яғни рухани-патриоттық құнды қасиеттерді сіңіріп, тәрбиелеуде отбасы мен тәрбиешілер шешуші роль
атқарады [1].
Еліміздің болашағы жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік - отбасы, ата-ана тәрбиесі
болса, екінші бесік - білім беру мекемесі. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам
қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер
етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Заман талабына лайық тәрбие білім беру
жұмысын кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, идеялар мен шығармашылық,
инновациялық жаңашылдықты қажет етеді. Жас ұрпаққа білім беруді жетілдіру мәселесі
толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық. Балабақшада берілетін тәрбие
- барлық тәрбиенің бастамасы, әрі жан-жақты тәбие мен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын
орын. Бала бойындағы жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып, олардың өнегелі, тәрбиелі
болып өсуіне балабақша ошағының тигізер әсерінің маңызы зор. Баланың бойында
адамгершілік патриоттық тәрбиені қалыптастырудың негізгі міндеттері мына жайлармен
түйінделеді [2]:
Ізгілік бастамасымен тәрбиелеу. Өз отбасына, балабақшасына, туған қаласына,
көшесіне сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарау.
Табиғатқа қамқорлықпен қарау.
Еңбекте еңбексүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу.
Қазақ халқының салт-дәстүріне қызғушылықпен қарау.
Мемлекеттік рәміздермен таныстыру. Отанға деген сүйіспеншілікке
тәрбиелеу.
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстанның отаншылдық сезімін
тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі
орталықтарда барлық ұйымдарда көкейтесті болып табылады. Балаларды Отанды, туған
жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу - мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді
парызы»-деген еді. Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік
мүдделері болады. Ол ең алдымен, «ұлтжандылық», «отансүйгіштік», «патриотизм»