kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Мектепке дейінгі мекемелерде мемлекеттік ж?не ана тілін ?йрету мен ??рметтеу негізін ?алыптастыру жолдары» (ИНТЕРВЬЮ).

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Ата к?рген – о? жонар, шеше к?рген – тон пішер» - демекші, бала?а отбасы, оша? ?асында к?рген т?рбиесінде к?п ?серін тигізеді. ?азіргі  жас бал?ын бала – ерте?гі к?ні елімізді? саналы азаматы. К?нделікті ж?мыс барысында, ата-ана жан-жа?ты, ізетті, м?дениетті, адал ниетті, мейірімді, ?айырымды, кішіпейіл болса ?ана, сонда баласына жаны ашитын, келешегін ойлайтын ата-ана бола алады. Ата-аналар к?нделікті ?мірде баланы? тілін дамытуда ауыз ?дебиеті ерекше роль ат?аратынын да ?мытпауы керек.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Мектепке дейінгі мекемелерде мемлекеттік ж?не ана тілін ?йрету мен ??рметтеу негізін ?алыптастыру жолдары» (ИНТЕРВЬЮ). »


Теректі ауданының білім беру бөлімі

Аудандық әдістемелік кабинеті




















/интервью/






МДҰ әдіскері: Россейкина А.М.








17 шілде 2008 жыл

«Мектепке дейінгі мекемелерде мемлекеттік және ана тілін үйрету мен құрметтеу негізін қалыптастыру жолдары» (ИНТЕРВЬЮ).



«Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте», - деген Қадыр Мырзалиевтің сөзін қайсы бір ұлт болмасын өз тілін құрметтей отыра, басқа тілді білуі міндет екен деп түсінемін. Ал оның ішінде өзінің тұрып жатқан жерінің мемлекеттік тілді білуі менің ойымша міндет деп санаймын. Бұл сөзді қазіргі 50 бәсекелес елдер қатарына кіру, тілдік ортаны дамыту бағытындағы қарқынды жұмыс және қоғамның білімге деген, оның ішінде тілге деген сұранысы кезеңде есімізге түсіруіміз қажет.

Мен – Россейкина Анна Михайловна, ұлтым – орыс, Теректі ауданы Шағатай ауылында жай шаруа отбасында дүниеге келдім. Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепті аяқтадым. Мектепті аяқтасымен Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің тарих факультетін бітіріп шықтым. Қазақ ауылында өскендіктен, қазақ тілін үй-ішімізбен жетік білеміз. Қазақ тілінің менің өмірімде алған орны өте зор, ол менің екінші ана тілім деп санаймын. Қазақ тілін біле отырып, қазақ әдебиеті арқылы қазақ халқаның салт-дәстүрін таныдым. Қазіргі таңда Теректі ауданының білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің мектепке дейінгі ұйымдары әдіскерінің қызметін атқарамын.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы бізден мектепке дейінгі ұйымдар жүйесін қалпына келтіру және толыққанды, мектепке дейінгі білім беру құрылымын жасақтауға асқан жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Балабақша бүлдіршіндеріне саналы тәлім-тәрбие берудің, ана тілін жетік меңгерудің жолдары өте көп. Солардың ішіндегі ең тиімдісі мен қолайлысы – ойын арқылы тәрбиелеу, себебі жеті жасқа дейінгі баланың өсіп дамуы үшін қимыл-қозғалыстар, жаттығулар, ойындар ауадай қажет. өз ана тілімізді жетік меңгеру, ана тілінде таза сөйлеуге үйрету, халқымызда ғасырлар бойы қалыптасып, сақталып келе жатқан, наным-сенімдерін, дәстүрін, әдеп-ғұрыптарын өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына сіңіру барысында, мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту үлкен нәтиже береді деп сенемін. Халық байлығының асыл қазынасы – тіл. Осындай халық қазынасын меңгерту бесік тәрбиесінен, ана әлдиінен бастап, балабақша әрі қарай жүзеге асырылады деп ойлаймын.

Қазіргі кезде ауданымызда 6 балабақша, 1 мектеп-балабақша кешені, былтыр ашылған 22 шағын-орталық жұмыс жасайды. Онда 766 бала тәрбиеленеді: оның ішінде – 529 қазақ, 155 орыс және 82 басқа ұлтты балалар. Хамза Есенжанов атындағы мектеп-балабақша кешені мен 6 балабақша өз оқыту-тәрбие жұмыстарын үнемі мемлекеттік тілінде жүргізеді, ал 22 шағын- орталықтан: қазақ тілді – 14, орыс тілді – 5 және 3 аралас топтардан құрылған шағын-орталық кешендері жұмыстанады. Балалардың бәрі де қазақ тілін меңгеруде. Қазіргі таңда «Менің балам қазақ тілін біліп, үйренсін» деген басқа ұлттың өкілдері де аз емес. Сондықтан, осы салада біздің барлық мектепке дейінгі мекемелерде Қазақстанда тұратын ұлттармен, олардың салт-дәстүрлерімен таныстыру жұмыстары жүргізіледі. Тәрбиешілер мен педагогтар балалармен және ата-аналармен бірлесіп «Қазақтың шаңырағы», «Достығымыз жарасты» т.б. тәрбие іс-шараларды үнемі өткізеді.

«Ата көрген – оқ жонар, шеше көрген – тон пішер» - демекші, балаға отбасы, ошақ қасында көрген тәрбиесінде көп әсерін тигізеді. Қазіргі жас балғын бала – ертеңгі күні еліміздің саналы азаматы. Күнделікті жұмыс барысында, ата-ана жан-жақты, ізетті, мәдениетті, адал ниетті, мейірімді, қайырымды, кішіпейіл болса ғана, сонда баласына жаны ашитын, келешегін ойлайтын ата-ана бола алады. Ата-аналар күнделікті өмірде баланың тілін дамытуда ауыз әдебиеті ерекше роль атқаратынын да ұмытпауы керек.


Үйде тілді үйретудегі құралдар мынадай:

1) бесік жыры;

2) мақал – мәтелдер;

3) негізгі ертегілер;

4) эпостық шығармалар;

5) жұмбақтар;

6) аңыз әңгімелер.

Қазақ балалар әдебиетінің атасы Ы.Алтынсарин да балаларды оқыту, тәрбиелеу ісінде ауыз әдебиеті шығармаларының маңызды орын алатынын айта келіп, «Өмірге қажетті ауызекі сөйлеу дағдыларына жаттықпайынша, қай-қай тілде болса да еркін, жүйелі сөйлеу мүмкін емес», - деген.

Қазақстан Республикасының Конституциясында айтылғандай мемлекеттік тілді еркін игеру дегеніміз ол - өз ойын жеңіл де қиындықсыз жеткізе білулік қабілеті. Осы дәрежедегі деңгейге жету үшін тілді үйрету жұмысы мектепке дейінгі кезеңінен белсенді білім, білік, дағды және қабілеттерімен бастап алуы керек деп ойлаймын. Ал осы мектепке дейінгі мекемелердегі қазақ тілін үйретудегі қазақ тілін үйретудегі кездесетін негізгі өзекті мәселелері де аз емес, мысалы:

1) қазақ тілін үйретудегі әдістемелік құрал – жабдықтардың жетіспеушілігі;

2) қазақ тілі кабинеттерінің әдеби материалдармен заман талабына байланысты

техникалық жабдықталмауы, т.б.

Тәжірибеде көрінгендей басқа ұлтты балалармен жұмыс барысында ең қиынға тісетіні – ол ауызша сөз байланысын құрастыру. Оның ішінде келесі міндеттерді жүзеге асыру өте күрделі.

  1. Қазақ тілді үйренуге, түсінуге және оны ықыласпен тыңдауға деген ынтасын, қызығушылықтарын арттыру;

  2. Қазақ тіліне тән дыбыстардың дұрыс айтылуы мен сөйлеу мәдениетін дамыту;

  3. Қарапайым диалогты жүргізуге жеткілікті, қажетті ең аз мөлшердегі лексикалық, граматикалық база жасау, т.б.

Сондай – ақ, мектепке дейінгі мекемедегі әдістемелік, қазақ тілі бөлмелерінде таратпалық материалдармен, көрнекі – құралдар, оқытудың техникалық құралдары, көркем әдебиеттер, сюжеттік және заттық суреттер сияқты, т.б. жинақтары жеткілікті болуы қажет деп ойлаймын. Бірақ, біздің қолымыз да жағдайымыз да оған әлі жетпейді.

Сөзімді қорыта келе: менің ойымша жеке тұлғаны тәрбиелемейінше, толыққанды білімінің болуы мүмкін емес. Ұлы педагог Макаренко айтқандай: «Балалар – біздің қарттығымыз. Дұрыс тәрбие – бұл біздің бақытты қарттығымыз, нашар тәрбие – бұл біздің болақтағы қайғымыз, біздің көз жасымыз, бұл – біздің басқа адамдардың, бүкіл елдің алдындағы кінәміз».

Тілдік ортаны қалыптастырып, тілді дамытуда жүйелі бірлесіп жұмыс атқару қажет деп ойлаймын. «Білім мен тәрбие – менің тілімде» деп Ұлы Абай аталарымыз айтпақшы, білімді болғымыз келсе, ең алдымен өзіміз тілді білейік, балаларымызға да ана тілімізді үйретейік, ағайын!



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Бородулина (Россейкина) Анна Михайловна

Дата: 11.06.2015

Номер свидетельства: 219039


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства