Просмотр содержимого документа
«Мектепке дейінгі балаларды? эмоционалды?- адамгершілік ?рісін ж?не ?арым-?атынас жасау да?дыларын дамыту?а арнал?ан ойындар мен жатты?улар»
Мектепке дейінгі балалардың эмоционалдық- адамгершілік өрісін және қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар
“Өзіңді ата”
Мақсаты: Құрдастар ұжымына өзін таныстыра білу
Барысында: Балаға өзінің есімін қалауынша, оны үйінде атағандай немесе оның топта қалайша аталғысы келсе солайша өзін таныстыруға ұсынылады.
“Жылы сөзбен шақыр”
Мақсаты: Балалардың бір- бірлеріне тілектестік қатынастарын тәрбелеу.
Барысында: Балаға сүйікті құрдасын (қалауынша) жылы сөзбен шақырып, оған допты лақтыруға немесе ойыншықты беруге ұсынылады.
“Сиқырлы орындық”
Мақсаты: Ерке болу қабілетін тәрбиелеу, бала сөйлеуінде мейірімді, жылы сөздерді активтендіру.
Барысында: Бір бала ортаға “сиқырлы” орындыққа отырады, қалғандары ол туралы мейірімді, жылы сөздерді, мақтаулы қошеметті айта бастайды. Отырған баланы сипалауға, құшақтауға, сүюге болады.
“Сезімдерді тасымалдау”
Мақсаты: Түрлі эмоционалдық жағдайларды вербалдық емес тәсілдермен жеткізуге үйрету.
Барысында: Балаға белгілі-бір сезімді ым, қимыл, қол тию арқылы “тізбекпен” тасымалдау тапсырмасы беріледі. Содан соң олар сол кезде не сезгенін талқылайды.
“Түрлену өнері”
Мақсаты: Пластика, ым, қимылдардың көмегімен бейнелеу арқылы заттар және жануарларға түрлену шеберлігіне үйрету.
Барысында: Балалар (кезекпен) белгілі-бір бейнені елестетіп, оны атамай көрсете бастайды. Қалғандары сөз кескінін бере отырып көрсетілгенін ойлап табады.
“Досына сыйлық”
Мақсаты: Балалардың заттарды вербалдық емес түрде суреттеу қабілетін дамыту
Барысында: Бір бала “туған күн иесіне” айналып, қалғандары қимылдары және ым арқылы “туған күн иесіне” деген қатынасын жібере отырып оған сыйлықтарды “сыйлайды”.
“Мүсінші”
Мақсаты: Құрдастар тобында өзара әрекеттесуге үйрету.
Барысында: Бір бала- мүсінші, үш-бесеуі- саз. Мүсінші ойластырылған жоба бойынша фигураларды тұрғызып, “cаздан” мүсін “жасауда”. Қалғандары көмектесіп, кейін барлығы бірге “композицияға” ат береді.
“Түрлі түсті гүлшоқ”
Мақсаты: Қуаныш және ғанибет ала отырып, бір-бірлерімен әрекеттесуге үйрету.
Барысында: Әр бала өзін гүл деп атап өзінің таңдауын түсіндіріп, өзіне гүлшоқ үшін басқа гүлді табады. Содан соң барлық “гүлшоқтар” бір гүлшоққа бірігіп гүлдер хороводын ұйымдастырады.
“Шам”
Мақсаты: Өзінің эмоционалдық жағдайын басқару қабілетін дамыту: өзіңді еркін ұстау, өзінің сезімдері және қасіреттері туралы айту.
Барысында: Балалар өздеріне ыңғайлы кейіпінде шам қасында отырады да бірнеше секунд ішінде қалт етпей жалынға қарайды, кейін көзің жұмып, осы уақытта шам сөнеді. Көздерің ашып балалар шам жалынында қандай бейнелерді көргенін, сол уақытта не сезгенін айтады.
“Махаббат пирамидасы”
Мақсаты: Әлем және оның адамдарына құрметпен, қамқор қарауды тәрбиелеу, коммуникативтілік қабілеттілікті дамыту.
Барысында: Балалар дөңгелекте отырады. Тәрбиеші: “Әрқайсысымыз бірдеңені немесе біреуді сүйеді, біздің бәрімізге осы сезім таныс және әрбіреуіміз оны түрлі етіп білдіреді. Мен өз отбасымды, үйімді, жұмысымды сүйемін. Сендер де кімді және нені сүйетіндеріңді айтып беріңдер”-деді (Балалар әңгімелері). “Ал енді қолдарымыздан махаббат пирамидасын құрастырайық. Мен сүйетінімді атап өз қолымды қоямын, кейін әрқайсысыларың жақсы көретіндеріңді атап өз қолдарыңды саласыңдар” (Балалар пирамиданы құрастырады). “Сендер қол жылуын сезесіңдер ме? Сендерге осы жағдай ұнамды ма? Біздің пирамидамыздың қандай үлкен болғаның қараңыздар. Үлкен, себебі барлығымызды сүйеді және өзіміз де сүйеміз”.
“Сиқыршылар”
Мақсаты: Бір-бірлеріне тілектестік қатынастарды, қамқоршылық көрсету және көңіл бөлу ептілігін тәрбиелеуге жалғастыру.
Барысында: Балаларға өздерің сиқыршылар ретінде елестетіп, өзінің және басқалардың тілектерін орындай алатындығы ұсынылады. Мысалы, Жалғасқа біз батылдық береміз, Нұралиге- ептілік және т.б.