kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Мектептегі к?шбасшылы?

Нажмите, чтобы узнать подробности

      Біз, мектепті? басшысы ретінде  е? бірінші к?шбасшылы?ты жете т?сіне білуіміз ?ажет.

К?шбасшылы?ты тек ?ана мектеп директоры ат?армайды,мектептегі ?стаздар ?ауымыны? ішінде ?зіні? ал?ырлы?ымен,іскерлігімен, шы?армашыл,инновациялы,жан-жа?ты к?з?арасты бірдей алып ж?ретін,?з ісіне жауапкершілікті міндеттеген,тек  ?зіні? ж?мысын емес ?згеге ?лгі ?неге к?рсете алатын тап?ыр,а?ылды,ойшыл т?л?а бола алатын,осындай ?асиеттерді бойында ?станып ж?ретін ерекше ?стаз к?шбасшы бола алады. Жалпы ?стаз– ?асиетті ізгі маманды? иесі, асыл мен а?ылды, тере?нен терілген інжу-маржанды к?н к?зіне  жайып, ?ызы?а ж?гіріп келген жас жеткіншекке м?лдіретіп  ?сына алатын ?арапайым,жанашыр,е?бек?ор,білім н?рімен сусындата алатын жан деп айтар едім. ?стаз болу?а белімізді буып, шешім ?абылда?ан с?ттен-а? б?л маманды?ты? ?зімізден ?ажырлы е?бекті, шебер ?діс-т?сілдерді, бала жанын білім н?рімен кемелдендіріп отыруды талап ететіндігін ?уел бастан білдік емес пе?!

И?, ?згені ?сіру ?шін ?зіміз де талмай ізденіп, рухани биіктей т?суіміз - ?ажеттілік. Сонды?тан да болар, б?гінде о?ыту т?жірибесін заман талабына сай ?згертуге ынталы  ?стаздарымыз сындарлы о?ыту теориясына негізделген Кембридждік о?ыту т?сіліне ерекше ?ызы?ушылы? таныт?ан еді.

Білім саласында?ы де?гейлік ба?дарламаны? басшылар?а арнал?ан курсы бойынша ?з білімімді жетілдіріу барысында к?птеген жа?аша ?згерістерге бет б?рып жатырмын.Сонды?тан да, ?з мектебімде ?згеріс енгізу ?шін  к?шбасшылы? ба?ытта?ы ал?аш?ы  ?адамымды бастап та кеткен едім.  Б?л к?рделі де жауапты м?селеде «мынадай ?адамдар жасаймын», «мынадай ?згеріс енгіземін» деп бірден о?тайлы шешім ?абылдай алма?аным да,  рас. ?йткені ?згеріс енгізу -  т?уекелге бару ?ой есептеймін.Мектеп ?жымы ?алай ?абылдайды екен деп те,?атты ойландым.

«О?ыту мен о?уда ш?кірттерімізді?,?стаздарымызды? бойында ХХІ ?асыр талаптарына с?йкес келетіндей да?дыларды дамытатын ?згерісті ?алай енгізуге болады?» деген сауал т??ірегінде  к?п тол?анып, іздене келе, озы? елдерді? т?жірибелерін саралап, ойымызды жа?алады?. Е? басты м?селе «білу» деп ?абылдан?ан білім беру мазм?нын белсенді іс-?рекеті ар?ылы о?ушыны? ?здігінен ме?геруіне негізделген білімге ?згерту ?ажеттілігін біз санамызбен ??ын?андаймыз. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Мектептегі к?шбасшылы? »

Мектептегі көшбасшылық

Біз, мектептің басшысы ретінде ең бірінші көшбасшылықты жете түсіне білуіміз қажет.

Көшбасшылықты тек қана мектеп директоры атқармайды,мектептегі ұстаздар қауымының ішінде өзінің алғырлығымен,іскерлігімен, шығармашыл,инновациялы,жан-жақты көзқарасты бірдей алып жүретін,өз ісіне жауапкершілікті міндеттеген,тек өзінің жұмысын емес өзгеге үлгі өнеге көрсете алатын тапқыр,ақылды,ойшыл тұлға бола алатын,осындай қасиеттерді бойында ұстанып жүретін ерекше ұстаз көшбасшы бола алады. Жалпы ұстаз– қасиетті ізгі мамандық иесі, асыл мен ақылды, тереңнен терілген інжу-маржанды күн көзіне жайып, қызыға жүгіріп келген жас жеткіншекке мөлдіретіп ұсына алатын қарапайым,жанашыр,еңбекқор,білім нәрімен сусындата алатын жан деп айтар едім. Ұстаз болуға белімізді буып, шешім қабылдаған сәттен-ақ бұл мамандықтың өзімізден қажырлы еңбекті, шебер әдіс-тәсілдерді, бала жанын білім нәрімен кемелдендіріп отыруды талап ететіндігін әуел бастан білдік емес пе?!

Иә, өзгені өсіру үшін өзіміз де талмай ізденіп, рухани биіктей түсуіміз - қажеттілік. Сондықтан да болар, бүгінде оқыту тәжірибесін заман талабына сай өзгертуге ынталы ұстаздарымыз сындарлы оқыту теориясына негізделген Кембридждік оқыту тәсіліне ерекше қызығушылық танытқан еді.

Білім саласындағы деңгейлік бағдарламаның басшыларға арналған курсы бойынша өз білімімді жетілдіріу барысында көптеген жаңаша өзгерістерге бет бұрып жатырмын.Сондықтан да, өз мектебімде өзгеріс енгізу үшін көшбасшылық бағыттағы алғашқы қадамымды бастап та кеткен едім. Бұл күрделі де жауапты мәселеде «мынадай қадамдар жасаймын», «мынадай өзгеріс енгіземін» деп бірден оңтайлы шешім қабылдай алмағаным да, рас. Өйткені өзгеріс енгізу - тәуекелге бару ғой есептеймін.Мектеп ұжымы қалай қабылдайды екен деп те,қатты ойландым.

«Оқыту мен оқуда шәкірттеріміздің,ұстаздарымыздың бойында ХХІ ғасыр талаптарына сәйкес келетіндей дағдыларды дамытатын өзгерісті қалай енгізуге болады?» деген сауал төңірегінде көп толғанып, іздене келе, озық елдердің тәжірибелерін саралап, ойымызды жаңаладық. Ең басты мәселе «білу» деп қабылданған білім беру мазмұнын белсенді іс-әрекеті арқылы оқушының өздігінен меңгеруіне негізделген білімге өзгерту қажеттілігін біз санамызбен ұғынғандаймыз.

Біздің көшбасшылық қызметіміз тек жекелеген мұғалімдер мен оқушылар үшін ғана емес, мектебіміздің жалпы мәдениетінің дамуы үшін пайдалы болуын көздедім. Сондықтан әуел бастан әріптестерімді жаңа бастамаға ынталандыра отырып, оларды бірлесе жұмыс істеуге шақырдым. Бүгінгі сәтте жаңарған,жарық әрі жаңа заманға сай мектебімде неге оң өзгерістер жасап,алғашқы қадам жасамақпыз.Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршін баладай өміріміздің жарқын болатынына сенім артып,жұмысымызды бастап кеттік.Сол себептен көзқарастарымыз бен ойларымыз ұштасатын берік команда бар деп толық сеніммен айта аламын. 1,2,3 деңгейлі курстардан өткен 6 ұстаз бірлесе құрылған мектепті дамыту жоспарына сәйкес әріптестеріміздің оқыту тәжірибесі мен оқушылардың оқу тәжірибесін жақсартуға ықпал етуде.

Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеруде әріптестерімізгеқолдау көрсете отырып, тәжірибелерін жетілдіру үшін коучинг пен тәлімгерлік арқылы жүйелі көмек көрсетіледі.Аз уақыт ішінде мектеп өмірінде жаһандық өзгеріс енгізе алмасақ та, мектепте мұғалімдердің ынтымақтастық ортасын құру арқылы олардың оқыту мен оқу тәжірибелеріне жаңашыл көзқарас әкелеміз деген ойдамын.

Иә, біз үшін, мектеп үшін басты құндылық – оқушыларымыз. Ендігі мақсат оларға сенім білдіріп, қолдау көрсетіп, өз іс-әрекетіне талдау жасауға, өз қабілеті мен мүмкіншіліктерін толыққанды жүзеге асыруға, өзін-өзі бағалай білуге үйрету арқылы үлкен өмірге бейімдеу болмақ...

Мектепте көшбасшылықты жүзеге асыруда Абай Құнанбаевтың "Ақыл,қайрат,жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек" деген сөзін әрдайым өзіме ұстаным етіп келемін. Абай атамыздың осындай ой түйіні қазіргі әлемдік білім беру жүйесінде маңызды орынға ие . Осыған сәйкес Шульман :мұғалімде «үш көмекші» (Shulman, 2007) «бас,қол,жүрек» деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту жақсы болып саналады деген.Бұл идеяны жүзеге асыруда Кембридж университетінің профессорлары Джон Макбет пен Дэвит Фросттың «Мұғалімнің көшбасшылығы» туралы жазған еңбектеріне сүйендім.

Шыны призмадан өткен ақ жарық жеті түске жіктелетіндіктен, ақ жарық мақсат болып,ал жеті түспен көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру мақсатқа жету жолы болып табылады.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Мектептегі к?шбасшылы?

Автор: Сейдахметова Гульмира Есмухановна

Дата: 07.04.2015

Номер свидетельства: 198262


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства