kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Мені? отбасым елді? тарихында" эссе

Нажмите, чтобы узнать подробности

/////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////////

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Мені? отбасым елді? тарихында" эссе »

Менің отбасым елдің тарихында

Бұл жарыққ аяқ басып туған жер,

Кіндік кесіп, кірім сенде жуған жер.

Жастық-алтын, қайтып келмес күнімде

Ойын ойнап, шыбын-шіркей қуған жер.

(Мағжан Жұмабаев)

Әрбір адамның өмірі туған елінің тарихымен байланысты болады. Отан өзіміздің туып-өскен және ес білген уақыттағы балалық шақтан басталады.

Менің отаным – Айыртау аясындағы, Саумалкөл саясындағы, Сырымбет саласындағы, Шалқардың жағасындағы, Көскөлдегі атамыздың ата-қонысы Ақан сері ауылы.Мен өзімді ең бақытты балалардың бірімін деп айта аламын. Өйткені бүкіл қазақ жұртының қадірлі ұлдарының ұлы перзенттерінің бірі – Ақан сері атамыздың елінде тудым.

Ақан атамыздың есімі қазақ әдебиеті мен мәдениетінің, музыкасының аспанында жарқырап тұрған жұлдыздарының бірі.

Танытар тар заманда ел тілегін,

Сыйынар, сыйлап өтер зор тірегім,

Қазағым, Ақан сері кім десеңдер,

Еркесі еркіндіктің – деп білемін.

(Кәкімбек Салықов)

Ақан серінің ата жұрты-кішкентай ғана Кеңащы ауылының ескі орны бір кездерде Қоскөл көлінің табанындағы ащылы жер болған екен. Ата-әжелерімнің көздеріне ыстық көрінетін сол ескі орын әлі күнгідей жүрегімізге жақын. Мен Ақан ауылымның ұрпағы екеніне орынды мақтаныш етемін.

Осы әңгімені жазбас бұрын, мен көп газет-журналдарды оқып, атамның және басқа да ауыл ақсақалдарының әңгімелеріне құлақ салдым. Ата қонысымыз жаңбыры жауып, ойдым-ойдым орманды кең жазирасы жап-жасыл болып, мәйегі тамып тұрған 1993 жылдың шілдесінен өзінің әуелгі орнына жайғасқан екен. Бұрынғы «Кеңащы» қазір «Ақан сері ауылы» деп аталыпты.

«Өлі разы болмай, тірі байымайды» дейді ғой. Бүкіл қазақ халқы өзінің сүйікті ұлдарының бірі Ақан серісіне ас беріп, дүрілдетіп кең байтақ мемлекетіміздің түпкір-түпкірінен, жер жүзінің басқа да жерлерінен туыс-туғандардың төрт көзі түгел жиналып келіп әлемге әйгілі сазгер, ақын, әнші, сері атамыздың біржарым ғасырлық үлкен тойын өзіне лайықты, жарасымды дәрежеде үш күндік тойын тойлапты. Ауылға еліміздің елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен бірге тағы екі елдің президенттері Қырғыз елінің президенті Ақаев пен Өзбекстан президенті Рахимов те келген екен. Бұл тәуелсіздік алған еліміздің ес жинағаны деп білемін. Ауылдың оң жағындағы кіре берісінде биік таудың басындағы жүйрік аты – Құлагер, құмай тазысы – Базаралы, алғыр бүркіті – Қараторғай мен Ақан атамыздың скульпторлық ғимараты ауыл тұрғындарына есігін айқара ашып, үлкен қуанышқа бөлейді.

Отбасы – адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Елімнің тарихы туралы мәліметтерді зерттеу барысында отбасымның, ата-бабаларымның өмірімен де таныстым.

Менің руым Қорамса. Әкемнің аты Рүстем, әкемнің әкесі Ақжігіт, ал Ақжігіттің атасы Қасым Жандосұлы. Қасым мен Темірбек екі атадан тараған ағайындылар. Темірбек ата мен Қасым ата Ақан серінің шөберелері. Темірбек ата 80 жасқа бет алған ауылдың сыйлы қариясы. Ақжігіт атам Қасым ата мен Бәдірниса әженің қолында тәрбие алған. Менің атамның есімін атасы-Қасым Ақан сері бабамыздың аруағына арнап Ақжігіт деп атаған екен. Ауыл арасында атамды Ақан деп атайды. Атам елге сыйлы, нағыз патриот жандардың бірі. Бабаларымыз қазақ ұлтыңды сақтаймын десең, қызыңды тәрбиеле, руыңды сақтаймын десең, ұлыңды тәрбиеле деп бекер айтпаса керек…Атамның балалық кезінде 1965 жылы Қасым атаның үйіне қадірлі жерлесіміз, драмматург-жазушы Сәкен Жүнісов қонақ болған екен. Сол жылдары Сәкен Жүнісов Ақан сері туралы көп мәліметтерді Қасым атаның аузынан жазып алыпты.

1968-1970 жылдары Сәкен Жүнісовтың әйгілі «Ақан сері» диологиясы жарық көрді. Қасым ата секілді көзі ашық, көкірегі ояу ел зиялылары Ғаббас Тінәліұлы, Нияз Ожанов және тағы да басқалары Ақан сері шығармаларын жинауға қатысқан. Ақан сері сүйген жары Ұрқиядан айырылып, тұлпарын көмгеннен кейін, дінге беріледі. Ата өнерін ұрпағының қууы, оны мирас етуі қазақ отбасыларында жиі кездесетін дәстүр. Билік, батырлық, әншілік, серілік, мергендік, аңшылық, зергерлік сияқты ата-баба өнерін жеті атасына дейін жалғастырған әулеттер қазір де баршылық. Менің Қасым атам да сол кісінің жолын қуып, өлең жазып, дін жолымен жүрген екен. Елде молда атанып, емшілік қасиетке еи болған. Ал әкем мен Ақжігіт атам аңшылыққа әуес. Қасым Жандосұлы мұрагер ретінде менің атам Ақжігітке өзінің құран кітабін тастаған. Биылғы жылы үш жүзге аты мәлім Ақан сері бабамыздың туғанына 171 жыл, ал Қасым атамның туғанына 118 жыл болады. Өз туған жеріміздің, ата-бабамыздың тарихын біліп, қадірлеп, құрметтеуіміз керек.Егер біз білсек болашақ ұрпағымызға айтып кетерміз деген сенімдемін. Ұрпақ – ғұмыр жалғасы, тіршілік көзі. Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағымен байланыстыратыны анық.

О, Замандас, соларға бір қараңыз,

Әр кірпіші, әр тасы бір қара аңыз.

Өлгендерді тірілтіп, өмірлі етіп,

Өшкендерді табатын бір ғана біз. Мен 6 сынып оқушысымын. Келешекте елімнің болашағы үшін қолымнан келер ісімді аямаймын. Мен жақсы, адал жан болғым келеді. Артында жақсы аты қалған адам өлмейді, ол адам артынан әрқашан елі үшін адал із қалдырады.

Қасым ата

Менің отбасым

Солтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы

Саумалкөл қазақ орта мектебінің

6 сынып оқушысы

Оразалинова Аружан


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
"Мені? отбасым елді? тарихында" эссе

Автор: Оразалинова Аружан

Дата: 03.02.2015

Номер свидетельства: 166579

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(53) "?аза?стан – кеше, б?гін , ерте? "
    ["seo_title"] => string(34) "k-azak-stan-kieshie-bughin-iertien"
    ["file_id"] => string(6) "192717"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1427513897"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(68) "Эссе "Отан ?шін к?рес - ерге тиген ?лес" "
    ["seo_title"] => string(45) "essie-otan-ushin-kuries-ierghie-tighien-ulies"
    ["file_id"] => string(6) "184766"
    ["category_seo"] => string(13) "vsemUchitelam"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1426091142"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "?аза?станда?ы мемлекеттік мерекелер"
    ["seo_title"] => string(45) "k-azak-standag-y-miemliekiettik-mieriekielier"
    ["file_id"] => string(6) "325570"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1462981564"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства