kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Менің отбасым" драмалық қойылым

Нажмите, чтобы узнать подробности

1 – көрініс

(Әкесі ноутбуктен кино қарап отырады, анасы телефонмен сөйлесіп отырады, студент қызы кенже қызы ойнап отырады).

Анасы: (телефоны құлағында кір жуып жатады)

-Сәлем, құрбым, жан құрбым! Хабарласпай кеттің ғой?

Мүмкін маған келіп кетерсің,Дәмді шайдан ішіп, әңгімені айтармыз.

(күледі)

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Менің отбасым" драмалық қойылым»


Маңғыстау облысы,

Маңғыстау ауданы,

Тұщықұдық ауылы,

С.Жаңғабылов атындағы орта мектеп

қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Жарылғасынова Айымгул




«Менің отбасым»


Кейіпкерлер бір отбасы мүшелері:

Әкесі -Артур

Анасы -Анар

Студент қызы

Ұлы - Мәлік

Кенже 4-5 жасар қызы -Шынар

Әжесі


Мұғалім:

Бұл оқиға түбінде,

Жатыр өмір шындығы.

Сіздер мән беріңіз

Айтпақ болған ойына....


1 – көрініс

(Әкесі ноутбуктен кино қарап отырады, анасы телефонмен сөйлесіп отырады, студент қызы кенже қызы ойнап отырады).

Анасы: (телефоны құлағында кір жуып жатады)

-Сәлем, құрбым, жан құрбым! Хабарласпай кеттің ғой?

Мүмкін маған келіп кетерсің,Дәмді шайдан ішіп, әңгімені айтармыз.

(күледі)

-Иә, иә, жұмыс көп!Шыға алмаймын бір сәтке.Үйдің жұмысы да бастан асады,кір жуасың , кешкі тамағың бар жасайтын.

Қызы: (анасының жанына келеді, қолында ертегі кітап бар)

-Анашым, мен ойнағаннан жалықтым.Оқиықшы ертегіні бірге?

Анасы:-Балам,қызым, қоя тұршы,Оданда бос отырған әкеңе бар.Оқып берер ертегіні...

Анасы: (қайтадан телефонмен сөйлесуді жалғастырады)

-Айтпа, керемет көйлек сатып алдым,Жағасында жалтылдаған тасы бар.

Тағыда бір етік алдым, сөмке де сатып алдым. Инстаграмға әлі салып үлгермедім. Туу, қоймадың ғой, қазір уатсаппен жіберем, күтсеңші аз-маз...

Қызы: -Анашым, мен ойнағаннан жалықтым. Қуыршақпен ойнайықшы бірге?

Анасы: -Ой,жаным,қызым!Маған ойнайтұғын уақыт қайда?Әлі кір жуып , тамақ пісіру керек.Тағы шаруаларым көп.Сен оданда әкеңмен ойна.

Қызы: (ноутбуктен кино қарап отырған әкесіне келеді, қолында добы бар)

-Әке,әке, әкешім!Оқымашы газетті,ойнайықшы доппенен.Не көріп жатырсың, кино ма? Біз киноға қашан барамыз?Уәде бердің сен маған!

Әкесі:Қызым ,қызғалдағым!Киноға да, парке де барамыз.Бірақ артынан, мен демалысқа шыққанда.Ал, қазір маған, ноутбуктен құжаттарымды қарауым керек, мына киноны бітіріп тастайын тездетіп.Сен әпкеңе бара ғой,әпкең сені бүгін қыдыртар.

Әпкесі : -Сәлем менің ботақаным!Неге отырсың ойнамай?

Қызы: - Әпкетай, ойнайықшы бірге, сабақ оқып, сурет салайық?

Әпкесі: ( Сырт киімін киіп, боянып , есіктен шығып бара жатады)Жоқ, жоқ , ренжіме,бүгін менде уақыт жоқ.Универге, кітапханаға барамын, одан кейін достарыммен кездесемін!Басқа жолы жаным, ия ма? Мам, пап, мен кеш келемін... (шығып кетеді)


(Ағасының жанына келеді. Ағасы планшетпен ойын ойнап қарындасының айтқанын естімей жатады)

Қызы: Аға, ағатай, енді ең болмағанда сен менімен ойнашы? Өтінемін, айтқаныңның бәрін орындаймын, планшеттің зарядкасын да алып келемін, киімдеріңді де жинап қоямын. Ағғғғғғғғааааааааааа!

Ағасы: ия, ия қазір....ия, ия деймін, бара тұршы....

(Шынардың көңілі жабырқап кетеді де, сырт киімін киіп, қолында қуыршақ далаға қашып кетеді)

Баяу музыка ойналады. Үй ішіндегілер қызының сыртқа шығып кеткенін байқамай өз тірліктерімен айналыса береді.


2 – көрініс

Шынар жылап келе жатады көшеде.

Қызы: Менімен ешкім ойнамайды, мені ешкім жақсы көрмейді..... Достарым да ауылда қалып қойды..... Ешкімнің маған бөлер уақыты жоқ.

Әжесі: Әй, балам, рахмет. Жолың болсын, міне ала ғой ақшаңды. (таксиден түсіп жатады)

- Ойбууууй, немеремнің, Шынкабайымның сүйікті балмұздағын алуды ұмытып барам. Жаным –ау , тәттім-ау сағындым өзін. Балам мен келінім де қызық, бір демалыста алып келіп, мауқымызды басуды да білмейді. Қайтейін шыдамай ,кішкентайымды сағынып ауылдан өзім келе жатқан жайым бар. Ее, міне мына дүкенге кіріп шығайын.

- Әй, мына баланы қара, жылап келе ме қайтеді – ай! Әй, балам, иииий, Шынкабайға ұқсайды ма қалай өзі?! Жалғыз келе жатқаны несі-ай? Тоқтай тұр, мынау менің Шынкабайым ғой!!!!

(Балаға қарай жүгіреді:)

- Шынарым, құлыншағым менің мұнда кел!

(Өксігін баса алмай келе жатқан Шынар да әжесін танып, қарсы жүгіреді.)

Қызы: -Әжеееее, әжетай!

-Балапаным, қоя ғой жаным, неге жылайсың?! Кім тиді саған, неге жалғыз жүрсің мынандай үлкен қалада?Әке –шешең қайда?Аға-әпкең не қарап жүр сені жалғыз жіберіп, а?

(Сұрақты үсті-үстіне жаудырып жатады. Шынар болған жағдайды айтып береді)

жай музыка қойылады.

Әжесі:

-Ой, айналып кетейін құлыным, нәзік жүрегіңнен! Жүр кеттік, мен сені қыдыртамын, әке-шешең бөлмеген уақытын мен бөлемін.

(Екеуі сахнаның сыртына шығып кетеді)


3- көрініс


Анасы: Тамақ дайын, дастарханға келіңіздер! Артур, Мәлік, Шынар!

Тездетіңіздер суып қалады ғой!

(Барлығы дастархан басына отырады.)

Әкесі : Артур, Шынар қайда?

Ұлы: Білмеймін...

Анасы( шошып қалған, көзі бақырайып): Артур, Шынар жоқ үйде, барлық бөлмені қарадым.

Әкесі: Не деп тұрсың? Балконды қара тез. Мәлік екеуі жүгіріп кетеді.

(Тосын музыка қойылады. Үйдегілер астан –кестен)

Әкесі:Анарға соқ, соған еріп кеткен жоқ па екен?

Анасы:Ертіп кетсе айтар еді ғой, ол универге барам деген бағана.

Телефон тұтқасын көтермейді, сабақта дыбыссыз режимге қойып алған ғой!

Ұлы: (сырттан жүгіріп кіреді) Әке, көршілерден сұрастырдым, көрмепті,Тек.... тек...(сөзінің артын жұтып)

Әке-шешесі(ашулы күйде): Айтсаңшы бол!

Ұлы: Айқайламаңшы, дүкенші көрген, бір танымайтын кемпір ертіп бара жатқанын.....

Үйдегілер үнсіз қалады.

Әкесі: Айрылдық, қызымыздан. Ана болған сиқың құрысын, қарамаймысың балаға!

Анасы: Тіліңді тарт,Артур!Екеумізге ортақ бала, осындайда жауапкершілікті маған ысыра салатының-ай! (Жыламсырап) Өзің неге, қарамайсың, сен де отырған жоқпысың үйде!

Ұлы:Басталды әне, папа-мама, қашан қоясыңдар осы әдеттеріңізді? Одан да полицияға хабаралайық!Құр айғайдан ештеңе өнбейді.

Анасы:Ия, органда таныстарың бар еді ғой Артур, хабарласаңшы!

Әкесі: Өййй, қоя тұршы, олар жоғалған адамды үш тәулік өткеннен соң ғана іздейді!

Анасы: Енді қайттік? Жаным, қызым, қайда жүр екен? Неғылған кемпір? Бізде не шаруасы бар?(Жылайды)

Кенет есік қоңырауы соғылады.

Ұлы: Есікті мен ашамын.

Үйге әжесі мен Шынар кіріп келеді.Әке-шешесі Шынарға жабысады. Шынар болса әжесінің артына тығылап, оларға барар түрі жоқ.

Әкесі: Апа, сіз Шынарды таптыңыз ба?Біз оны абайсызда, байқамай жоғалтып ала жаздадық.

Анасы: Апа, сіздің келгеніңіз сондай жақсы болар ма? Біз бар ғой...

Әжесі: (Қатулы қабақпен)Тәйт, тоқтатыңдар!Мен бәрін де білемін. Баланы қараусыз далаға шығарып жібергендерің, бір үйде тұрып алып, ешқандай көңіл бөлмегендерің қалай? Ересек адам бола тұра мұндай қателік жібергендерің ақылға қонымсыз. Бала деген періште емес пе? Олар сендердің айналарың. Сендер не істесеңдер , соны қайталап өспей ме? Қандай үлгі, тәлім-тірбие беріп жатырсыздар, ата-аналар?

Мұңлы музыка қойылады.

  • Әжесі: Болды, Шынар мұнда қалмайды, келін киімдерін жина, ауылға оқытамын, өзім қараймын. Мына шынашақтай қызға қарайтын уақыттарың жоқ болса, бұл іс менің қолымнан келеді.

Әкесі: Жоқ, апа, мұныңыз қалай, ашулануыңыз орынды. Біз әдейі емес, біз....бұл абайсызда болған оқиға.

Анасы: Ене, бұлай істемегеніңізды сұраймын, кешіріңіз, Кешір бізді Ақ Шынар, балапаным. (Жыламсырап)

Шынар шыдай алмай анасына жүгіріп келеді. Әкесі де, артур да келіп Шынарды құшақтайды. Шынар әжесіне бір, әке-шешесіне бір қарап жалтақтап тұрып қалады.

Әжесі: Еееееех , түсіндім бәрін Шынкабайым. Баламысың деген, кішкентай болса да, бәрін сезеді, бәрін сездіреді бұлар. Жарайды онда алып кетпеймін. Тек қана бір шартым бар.

Әкесі: Ия, бұл қандай шарт апа?

Әжесі: Апта сайын маған Шынарды сағындырмай ауылға, Тұщықұдыққа әкеліп тұрасыңдар!

Әкесі: Әрине, апа!

Анасы: Әрине, сол да сөз бе кен? ой , апа, шай дайын жүріңіз, дастарханға, жолдан шаршап келген боларсыз....Отбасы мүшелері жақсы көңіл күймен асханаға өтеді.


Мұғалім: Мұндай жағдай кез келген жанның отбасында орын алуы мүмкін. Әрқашан жақын жандарымызға көңіл бөлейік, жүрегіне қаяу салмайық.























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
"Менің отбасым" драмалық қойылым

Автор: Жарылғасынова Айымгул Тілеужанқызы

Дата: 02.04.2017

Номер свидетельства: 405791


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства