Ақиқат-барлық іс-әркетте, өмірде бар құндылық.Адам ақиқатшыл, адал болуы керек. Әрқашан шындықты жақтаған, адалдықты қорғаған, әділетсіздікке қарсы тұрған адам,өзгелерге де өзіне де таза, адал, ақ болады. Және ол айналасында орын алып жатқан оқиғаларға,тіпті дерлік өмірге өз әсерін тигізеді. Себебі,шындық түптің түбінде ақтығын дәлелдеп, әділетсіздікті жолынан алады.
Адам адами құндылықтарды өз бойына сіңіріп, қамшының сабындай қысқа өмірінде жүрегі таза тек ақиқат жағында болуы қажет. Адалдық- адамды дұрыс жолға салса, әділетсіздік-жолдан тайдырады.Адам өзі ақиқат жолында жүріп,адалдыққа жүгініп, жазықсызды қолдауы қажет. Ол үшін ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін ажырата білсек қана ақиқатқа сүйіспеншілікпен, құрметпен қызмет ете аламыз.