В данной статье рассматриваются основные функции, которые обеспечивают эффективность подготовки учителей к развитию творческих способностей и научно-исследовательской работы учащихся.
?азіргі кезде ?алыптас?ан ?о?амды? практиканы ?айта ба?алау білім беру ж?йесінде, мамандар?а ?ой?ан талаптарды ?згертуде. ?азіргі мамандар ал?ан білімдерін жадына са?тап ?ана ?оймай,сонымен бірге шы?армашылы? ?ызметке де, ке?інен ойлау?а ?абілетті, саналы т?рде жан-жа?ты дамы?ан т?л?а болуы тиіс.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«О?ушыларды? ?ылыми-зерттеу ж?мыстарын ?йымдастыру»
Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру
Қазіргі кезде қалыптасқан қоғамдық практиканы қайта бағалау білім беру жүйесінде , мамандарға қойылатын талаптарды өзгертуде. Қазіргі мамандар алған білімдерін жадына сақтап қана қоймай, сонымен бірге шығармашылық қызметке де, кеңінен ойлауға қабілетті, саналы түрде жан-жақты дамыған тұлға болуы тиіс.
Осы мақсатта Қазақстан Республикасының білім беруді реформалаудағы стратегиялық міндеттердің бірі – шығармашылық тұрғыда ойлай білетін кәсіби құзіретті жеке тұлғаны қалыптастыру, оның рухани әлемін байыту, өзін-өзі дамытуға ынта-жігерін арттыру,яғни бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу мен оқыту жұмыстары бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр.
Сондықтан оқу үрдісі, оқудан тыс шаралар жастардың шығармашылық дарындылығын дамытуға бағытталуы тиіс.
Оқушылардың теориялық білімдерін тереңдету, тәжірибемен ұштастыру және өз бетімен ізденуге дағдыландыру, оқушыларға шығармашылық деңгейіне қарай білім беру мақсатында өзім жұмыс атқарып отырған «Бурабай» колледжінде «Атамекен» ғылыми-зерттеу үйірмесінің жұмыстарын ұйымдастырдым.
«Атамекен» ғылыми-зерттеу үйірмесінің негізгі мақсаты – сабақтан тыс уақытында арнайы тақырыптар бойынша іздену жұмыстарымен айналысу, өз тұжырымдамаларын ғылыми тұрғыда дәлелдеуге баулу.
Ғалымдардың айтуы бойынша, зерттеулік іздену – бала дарындылығының ажырамас бөлігі.
Оқушы бойындағы табиғи белсенділікті дамыту, ұштау колледждің педагогикалық үрдісіндегі оқушы мен мұғалімнің ынтымақтастығынан туары сөзсіз. Ал, оқушының шығармашылық жұмыспен айналысуға деген құлшынысы өз еркімен қалыптасуы қажет. Шығармашылық деген сөздің өзі- бұл шығару, ойлап табу деген сөз. Ал шығармашылық қабілетін дамыту деген сөз – оқушының бойындағы қабілетін ізденістер арқылы дамыту,сабақтан тыс түрлі жұмыстар жүргізу , тапсырмалар беру арқылы іздендіру жұмыстарын жүргізу.
Мақсатым: Түрлі мамандық саласында оқитын оқушылардың шығармашыл, іздемпаз, тың идеяларды тудырушы, зерттеуші тұлға болып қалыптасуына ықпал ету. Осы мақсатты жүзеге асыруда алға қойған міндеттерім:
Оқушыларды қабілетіне қарай топтық және өз беттерінше жеке жұмыс істеуге үйрету.
Жауапкершілік сезімдерін арттырып, сол арқылы өзіне жүктелген істердің соңына дейін дұрыс орындалуын қадағалау.
Оқушылардың пән бойынша өткізілетін білім сайыстары, байқаулар, интеллектуалды ойындарға қатысуына ықпал жасау.
«Атамекен» ғылыми-зерттеу үйірмесінің жұмыс мазмұны оқушылардың қабілеттілігін ескере отырып былайша сипатталады:
- Үйірменің әр мүшесі жекелеген зерттеу тақырыбы бойынша ізденіс жұмыстарын жүргізеді.
- Үйірме мүшелері бір – бірінің зерттеу жұмысы мазмұнының жан-жақты зерттелуі мен қорғалуына қатысады, талдайды.
- Өзінің нақты тақырыптары бойынша семинар, диспут, дөңгелек үстелдер өткізеді.
- Ізденіс тақырыптары бойынша жаңаны игеріп, іскерліктерді меңгеру туралы қорытынды ақпараттар дайындайды.
- Үйірме жұмысының мазмұны мен тақырыптарын жан-жақты талдайды, толықтырулар мен өзгертулер, ұсыныстар енгізеді.
Күтетін нақты нәтижем:
- Шығармашылықтың талап етілуі; оқушылардың ғылыми-зерттеу
конференциясы, жыл соңында шығармашылық есеп беру.
- Оқушының шығармашылық әрекетінің пайда болуының жан-
жақтылығы: жағдаятқа байланысты білім, шығармашылық икемділікті қолдана білу, берілген тақырыптың тың мәселесін көре білу.
- Оқушылардың жаңа нәтижеге қол жеткізуі: оқушы өзін белгілі бір жаңалықтардың авторы ретінде сезінеді, бұл оған сол пән төңірегіндегі қызығушылығын асыруға мүмкіндік береді.
Шығармашылықпен айналысатын оқушылардың іс-тәжірибесі туралы көрме ұйымдастыру, рефераттар, баяндамалар дайындау.
Ең өзекті тақырыптар бойынша семинар, диспут, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру, іс-тәжірибе алмасу.
Шығармашылықпен айналысатын оқушылардың іс-тәжірибесін насихаттау мақсатында кітапшалар шығару.
Колледждегі оқушылардың мамандықтары әртүрлі болғанына қарамастан, ойлары бір арнада тоғысқан, шығармашылық іздену жұмыстарына бейім оқушыларды таңдап алуды оқу жылының басында сауалнамалар жүргізу арқылы анықтап аламын. Сауалнамада оқушының көзқарасы, дүниетанымына мән беріліп, шығармашылық жұмысқа деген бейімділігіне басты назар аударамын. Үйірме мүшелері 15 адамнан тұрады және жас ерекшелігіне, сауалнамада жүргізілген оқушылардың жауаптарына байланысты бағдарлама құрастырамын. Бағдарламаның мазмұны оқушылардың таңдаған мамандықтары мен әдеби-шығармашылық қабілетін дамытуға негізделген. Себебі мамандыққа қатысты материалдарды пайдалану арқылы оқушының өзі таңдаған мамандығына қызғушылығын, сүйіспеншілігін арттыруға болады, ал әдеби-шығармашылық бағытта тәрбиелеуімнің себебі – оқушыларды сөз өнеріне тарту, эстетикалық талғамын, сезімін дамыту, шығармашылық жұмыстар арқылы іскерлік дағдысын қалыптастыру.
«Атамекен» ғылыми-зерттеу жұмысының бағдарламасы
Бағдарламада көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыру барысында колледжде оқушылардың зерттеу жұмыстарымен бірге өз ойын еркін жеткізуге арналған «Шешендік өнер» тақырыбында түрлі дебаттар, сайыстар, дөңгелек үстелдар өткізіледі. Оқушылардың өз-өзіне сенім арттыру, олардың шығармашылығын дамыту, оқу материалын терең ұғына білуге баулу –күнделікті алған теориялық білімін тәжірибеде пайдалану арқылы дүниетанымын қалыптастыратын бірден-бір тәрбие беру көзі.
Жеткіншек ұрпақты саналы, мәдениетті азамат етіп тәрбиелеу ісін жүзеге асыру мақсатында қаламыздағы М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұжымымен тығыз байланыста жұмыс атқарамыз. Үйірме мүшелері аталмыш кітапханадағы «Мирас» клубының мүшелігіне қабылданып, түрлі кездесулер мен конференцияларды бірлесе отырып өткізеді.
Сөзіміз нақтырақ болу үшін, үстіміздегі жылдың қаңтар айында «Атамекен» ғылыми-зерттеу үйірмесінің жұмыс жоспары бойынша өткізген Шығыстың жарық жұлдызы ғалым, саяхатшы, этнограф Шоқан Уәлихановтың 180 жылдығына орай «Шоқаны бар ел – шоқтығы биік ел» тақырыбында оқушылардың ғылыми-зерттеу конференциясы туралы айтсақ болады. Конференцияға Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің философия кафедрасының меңгерушісі, халықаралық «Шоқан жолдары» жобасының жетекшісі Көшенова Раушан Нұрқанқызы және «Шоқан жолдары» клубының магистранттары, Ақмола облысы бойынша Тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Қоспанов Дулат Дастанұлы қатысты және М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкері Итжанова Жадыра Мыңжасарқызы «Ұлы даланың, ұлы Шоқаны» тақырыбында кітаптар көрмесімен таныстырды. Конференциядағы баяндамалардың ерекшелігі – оның үштілділігі, яғни қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқылды.
Негізгі конференцияның мақсаты – оқушылардың жан-жақты дамуына, іздемпаздық қабілетінің оянуына, белгілі бір тақырыптағы ғылыми жұмыс бойынша еңбектер жинап, оны дәлелдей білуіне ықпал жасау болатын.
Конференцияда Көшенова Р.Н. өзінің «Шоқан жолдары» тақырыбындағы мәлімдемесінде Шоқанның ілімін әлемдік деңгейдегі көзқарастарымен ұштастыра келіп, Омбыдағы кадет корпусы, ондағы халықтың Шоқан іліміне көзқарасы жайлы әңгімелермен және «Шоқанға апарар жол» деп аталатын кітаптар көрмесімен таныстырды.
Сондай-ақ үйірме мүшелері тек колледж ішінде ғана емес, сонымен бірге қала мектептерінде де түрлі әдеби-кештер өткізіп жүр. Атап айтсақ, қаламыздағы қазақ-түрік лицейінде «Қазақстан – Республикам менің» атты әдеби-музыкалық кеш, №18 қазақ орта мектебі мен «Дарын» қазақ интернатында «Желтоқсан жаңғырығы» деп аталатын сахналық көрсетілімдер өткізді.
Оқушылардың таңдаған мамандығына деген көзқарасын қалыптастыру мақсатында «Қазақстантеміржолы» АҚ ҰК қызметкерлерімен дөңгелек үстелдер, кездесулер, өндірістік тәжірибе қорытындысына есеп беру мақсатында ұйымдастырылған конференциялар жиі өткізіліп тұрады.
Алдағы уақытта оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысына қатысты басқа оқу орындарымен, әсіресе жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып жұмыс жүргізу жоспарланып отыр.
Осындай түрлі ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тәрбие сағаттарын өткізе отырып, ұлтжанды, өз мемлекетінің арқа сүйер азаматын тәрбиелеуге болады.
Қорыта айтқанда, кәсіби білім беру жүйесінде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби функциялары мен әдістемелік жолдарын анықтау шығармашылық жұмыстарды ұйымдастырудың жаңа жүйесін жасауға мүмкіндік береді.
Резюме
В данной статье рассматриваются основные функций, которые обеспечивают эффективность подготовки учителей к развитию творческих способностей и научно-исследовательской работы учащихся.
Баишева Гауһар Мақсұтханқызы
«Атамекен» үйірмесінің жетекшісі
Пайдаланылған әдебиеттер:
Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Мектеп, 1989.
Лук А.Н. Мышление и творчество. – М: Изд. Политическая литература, 1976.
Омарова Р.С. Жоғары оқу орындарында студенттердің танымдық
Овчарова Т.Н. Творчество как деятельность. – Тезисы докладов,1982.
Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. – Алматы:мектеп, 1984.
Қазақстан кәсіпкері. Ғылыми-әдістемелік журнал – № 1-8, 2010 ж.
Беркімбаева Ш.К. Қазақ мектебі – қазақ ұлтының бесігі «ХХІ ғасырдағы қазақ мектебі: даму болашағы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары 28-29 наурыз, Алматы, 2006 ж.