«Тек кітап ?ана ал?а жылжуды, адамды? шы?ына шы?уды ?йретеді» Н.?.Назарбаев
Адам ?мір с?ріп отыр?ан ?о?амны? ы?ылым заманнан келіп жеткен ?азыналары мен кереметтерін кітапханадан, я?ни кітап о?у ар?ылы табады. Кітапты ?ылым, білімні? адамзат а?ыл-ойыны? жиынты?ы са?тал?ан ?азыналы санды? десек болады. Сол санды?та?ы байлы?ты ?алай алу?а болады? Кітап ?леміне баланы ?алай енгізуге болады? Оны? бірден- бір жолы кітап к?рмелерді ?йымдастыруды ?р б?лімге та?ырып ?ойып, д?йек с?з дайындаудан бастаймын.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«О?ушыны кітап о?у?а ?ызы?тыру жолдары»
Оқушыны кітап оқуға қызықтыру жолдары
«Тек кітап қана алға жылжуды, адамдық шыңына шығуды үйретеді»
Н.Ә.Назарбаев
Адам өмір сүріп отырған қоғамның ықылым заманнан келіп жеткен қазыналары мен кереметтерін кітапханадан, яғни кітап оқу арқылы табады. Кітапты ғылым, білімнің адамзат ақыл-ойының жиынтығы сақталған қазыналы сандық десек болады. Сол сандықтағы байлықты қалай алуға болады? Кітап әлеміне баланы қалай енгізуге болады? Оның бірден- бір жолы кітап көрмелерді ұйымдастыруды әр бөлімге тақырып қойып, дәйек сөз дайындаудан бастаймын.
Білім сүйсең, кел күн сайын осында, Кітап сенің айналады досыңа. Талаптансаң үйренуге ұмтылып, Келші жас дос, ізденейік қосыла,
- деген өлең шумақтарымен оқушыларды кітап көрмесін көруге шақырамын. «Ғажайып ертегілер елінде», «Жаңа кітап -жан азығы», «Атаулы даталар күнтізбегі», «Конституция- кемел келешектің кепілі», «Елбасы мұраты, халық бақыты- гүлденген Қазақстан», «Мемлекеттік тіл –тәуелсіздік тірегі», «Табиғат тіршілік көзі», «Ұстаздарға көмек» «Ана мәңгілік жыр», «Мағжан-сыршыл ақын», «Ақиық ақын –Мұқағали» «Ұлттық бірыңғай тестілеу», «Қазақ хандығына-550 жыл», «Ұлы Отан соғысына -70 жыл», «Қазақстан халқы ассамблеясына -20 жыл» -деген тақырыптармен кітап көрмесі ұйымдастырылған. Оқырмандардың көркем әдебиетті оқып, қызығушылықтарын арттыру мақсатында кітапханаға түскен жаңа әдебиеттермен таныстырып, библиографиялық шолу, ұсыныс тізім, әңгімелер өткізіліп тұрады. Әр көрме өзінің ең қызықты мәліметімен құнды. Көрмеге көркем әдебиет өкілдерінің портреттерін қою, көз тартарлық әдемі безендірілген кітаптармен таныстыру, қыры мен сыры мол өмірді бейнелеген шығармаларды ұсыну арқылы оқырмандардың әдеби шығармаларға қызығушылығын оятуға болады. Көрме ұйымдастыруда оқушының жас ерекшелігі де ескеріледі, әсіресе төменгі сынып оқушылары ерекше анық түсті бояулармен көркемделген кітаптарға қызығушылық танытып, кітаптың ішіне көз жүгірте бастайды. Көзі ашық ,көкірегі ояу,ізгі ниетті ұрпақ тәрбиелеудегі негізгі құрал-балалардың кітап оқуы. Ертегілер арқылы бала бойында адамдық қасиеттер дәнін егу мақсатында мазмұнын сахналау сияқты рөлдік ойындар бала санасында жақсы сақталады. Оқушы 2-3-сыныптарда мұғалімнің басшылығымен, нұсқауымен кітапты оқудың белгілі жүйесімен, тәртібімен танысады. Оқыған кітабының мазмұнын біршама айтып беруге дағдыланады. Осындай дағдыларды меңгере келе өз бетінше кітап таңдауға, оқи білу дағдысына көшуге бірте-бірте бағыт алады. Кітапханашы әр оқушының жас ерекшелігіне байланысты, білім көлеміне, сондай-ақ не нәрсені ұнатқандығына қарай көркем әдебиеттерді, қазақ жазушыларының шығармаларынан қысқа үзінділер, аңыз – әңгімелер, сондай – ақ «Балдырған», «Ақ желкен», «Ұлан», газет – журналдарын таңдау ұсынады. Оқушыларды іс- шараларға қатыстырып, көркем туындының әсерлі жерінен үзінді қою арқылы бала бойында табиғатты қорғау, жаманшылық жасамау, мейірімділік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты сезімдерін ояту арқылы жақсы қасиеттерін қалыптастыруға болады. Кітапханашының басты мақсаты- кітапты ұсынбастан бұрын бала бойындағы қызығушылықты ояту. Қызығушылық болған жағдайда ғана балалар өзінің сүйікті кітаптары мен жазушыларын тауып алары сөзсіз. «Оқырмандардың сұранысы» атты сауалнама жүргізу арқылы оқырманның кітапхананы пайдалану деңгейін, кітапханаға қандай ақпарат алу үшін келетіндігін, келмеген жағдайда не себептен екендігін анықтадым. Сауалдамаға 245 қыз бала , 229 ұл бала, барлығы 474 бала қатысты. 20 % -ы ақпаратты ғаламтордан алып оқитынын, 65%-ы мектеп кітапханасынан табатындықтарын, қалғандары уақыт жоқ деп қайтарған. Аталмыш сауалнаманы басшылыққа ала отырып , ең алдымен кітапхананы әр сынып оқушыларына кіріп жарнамалаудан бастадым. Көп оқылатын көркем әдебиеттерден кітап көрмесін ұйымдастырып, кітаптың қызықты жерін оқып, библиографиялық шолу жасау арқылы оқырманға ой салдым. Осыдан кейін оқырмандар саны арта бастады. Оқырмандарға кітапхана туралы тереңірек мағлұматтар беріп, сауаттандыру мақсатында кітапханалық сабақтар көптеп өтіледі . Мектеп кітапханасын пайдалану ережелерімен таныстыру, кітаптың шығу тарихы, жасалу жолдары, кітапты күтіп ұстау, оқу мәдениеті, Энциклопедия, Сөздіктер, Анықтамаларды пайдалана білу, оқырманның кітапқа, кітапханаға деген қызығушылығын арттырды. Бастауыш 1-4 сынып оқушыларына өздігінен ізденуге көмектесу мақсатында балалардың оқу шеңберін анықтап,талдау бойынша бастауыш сынып оқушылары ертегі, өлеңдерге құмар, ал жоғарғы сынып оқушылары мектеп бағдарламасында кездесетін А.Құнанбаев, Ж.Жабаев, М.Әуезов , М.Жұмабаев, І.Жансүгіров, Б.Майлин, Ғ.Мүсірепов тағы басқа жазушылардың шығармаларын оқиды. Ал мерзімді басылымдардан «Айгөлек», « Мөлдір бұлақ», «Балдырған», «Бала би», «Ұлан», «Үркер» т.б. журнал, газеттерге ерекше қызығушылық танытатыны анықталды. Оқырман оқыған кітапты бірге талқыға салып, «Кітап саған ұнады ма?» деген тақырыпта әңгіме жүргіземіз. Оқырмандарды кітапханаға тарту және қызығушылықты арттыру мақсатында көптеген іс-шаралар, әдеби кештер, конференция, библиографиялық шолу, әңгіме, ертеңгілік, семинар-кеңестерді жиі ұйымдастырып өткіземіз.
«ХХІ ғасыр –мәдениеттің, білім мен ғылымның ғасыры . Бар білімнің қайнар көзі –кітапхана», –деп Елбасымыз атап айтқандай, жас ұрпақтың терең білім алып, ой-өрісін өсіріп, шығармашылықпен жұмыс істей алуына жағдай туғызуды мақсат етіп отырған Еркін ауылындағы Есжан Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектеп кітапханасының ішкі жұмыстары жоспарлы түрде атқарылады. «Ана тілі-асыл қазына», «Тәуелсіздік –ел тірегі», І.Жансүгіровтің туғанына -120 жыл, Б.Майлиннің туғанына -120 жыл, С.Сейфуллинның туғанына -120 жыл, Б.Соқпақбаевтың туғанына -90 жыл , І.Есенберлинның туғанына -100 жыл , Қадыр Мырза Әлидің туғанына-80 жыл, Ш.Уәлихановтың туғанына -180 жыл, атаулы даталар , тақырыптар бойынша көпшілік іс-шаралар өткізіліп тұрады. Кітапты оқуға қызықтыра түсу мақсатында балалармен ойын түрінде, сайыс түрінде іс- шаралар тиімді. Нәтежесінде баланың ойлау өрісі артады, өз ойын қысылмай еркін жеткізеді, табандылық, тапқырлық қасиеттерді қалыптастырады. Жыл сайын оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында "Үздік оқырман" байқауы өткізіліп тұрады. Оқушыларға ұлы тұлғалардың поэзиясын насихаттау, халқына қызмет етудің үлгісін көрсету мақсатында 5-11 сынып оқушылар арасында қазақ тілі мен әдебиет пән бірлестігімен бірлесе отырып Абай, Оралхан, Махамбет, Мұқағали, Мағжан, Ілияс оқулары өтті. Баланы көптеген оқу байқауына қатыстырып, өлеңге деген қызығушылығын арттыру. Баланы кітап оқуға үйрету үшін, ең алдымен ата-аналарға кеңес береміз. Баланы кітапқа қызықтырудың бірден бір жолы –шығарманы жатқа мәнерлеп оқу және ата-аналарымен бірге көрем әдеби кітапты оқып, отбасында әңгіме-дүкен құрып, ондағы оқиғаны тілге тиек ету. Кітапхана қорындағы сөздіктер, жазушылар туындылары, мектеп бағдарламасына байланысты кітаптар оқырмандар сұраныстарына ие болып тұрады. Жас ұрпақты парасатты, білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеуде олардың жан дүниесін дамытуда мектеп кітапханасының алатын орны ерекше. Білім саласының жаңа жетістіктерге қол жеткізетін маңызды ақпараттық ресурстар мен педагогикалық ұжымның бағдарламасына сай қажетті кітаптарын тауып беріп, оқулық бағдарламаларын, электрондық оқулықтарды ұсына отырып, олардың оқу дағдысын қалыптастыруға, жаңалықтарға қол жеткізуге, ықпал етеді. Сөйтіп әрбір оқушы өзін-өзі дамытуына, өз мүддесі мен қызығуын қанағаттандырып, қабілетіне сай білімін ұштауына ықпал жасайды. Кітапханадағы жүргізілген жұмыстардың нәтижесі үнемі баспасөз беттерінде жарық көріп отырады. Баспасөз беттері –жаңалық жаршысы. Мектеп кітапханашысы жыл сайын мерзімді басылымдарға жазылып оқырмандардың рухани жан-дүниесін кеңейтуге, сыныптарда түрлі оқу- тәрбиелік шараларын өз деңгейінде өткізуде көп көмегін тигізсе, байқау –жарыстарға баратын мектеп мұғалімдері мен оқушылары көмекші құрал ретінде пайдаланады. Мектеп жақсы болу үшін білімнің ұйтқысы кітапхана жақсы болуға тиіс. «Кітап –өмір ұстазы. Сондықтан, жастар кітап оқуды күнделікті әдет қылуы тиіс. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес,» - деген қазақ театрының негізін қалаған әйгілі актер Серке Қожамқұлов.
Иә, келешек ұрпақ кітап оқудан тыс қалмау керек. Әрине , балалардың көңілін аударатын ақпарат жүйелері: теледидар, радио, компьютер жеткілікті. Бұлардың адам өміріне қажеттілігі орасан зор екені сөзсіз. Осы ақпарат жүйелерімен қоса балаларды кітап оқуға да жастайынан баулысақ ұтылмас едік, ұтар едік. Жалпы , кітап баланың ой-өрісін жетілдіріп, білімін арттырады. Рухани байлық кітап оқу арқылы молаяды. Жаңа заман талабына ілесу –әр кітапханашының міндеті. Шәкірт санасына зор ілім құяр кітап мекені болса,кітапханашы –тілімізді, дінімізді рухани байлығымызды насихаттаушы мамандық иесі. Кітап арқылы білімге, ғылымға деген құштарлығын,ой- санасын толтырып, адамгершіліктің, парасаттың шыңына көтеріп, рухын асқақтатып жатса одан өзге бақыт болмас. Кітап оқу - адамзат ойлап тапқан ең ғажайып құбылыстардың бірі. Рухани жан дүниеге демеу беріп, адамның адами қасиетін арттыратын да осы кітап. Тәрбиеміздің бастауы ертегі, жыр, дастандарымыз да бүгінгі ұрпаққа кітап болып жетті. Ұлы Абайдың : Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл, терең білуге. Артық білім кітапта, Ерінбей оқып көруге, деген сөзінен – ақ көп нәрсе аңғаруға болады.Сондықтан кітап оқу әр адам үшін қажет,кітап көбірек алғыр ойлауға баулып,албырт сезімді тежеуге,ішкі барлық ойлау және сезіну қабілетімізді қалыптастыратын сезім тәрізді ми гимнастикасы болып табылады. Кітап - ол дос, жұбатушы, басшы,біздің түсініксіз және белгісіз болып қалған ойымыз бен сезімімізді қалыптастыруға көмекші; кітап өзінің мазмұнымен нәр татқызып, рухани қолдау береді. Оқушыны өз бетімен кітап оқуға үйретуде оқушы сауаттанады, сөз қоры ұлғаяды, ойын еркін жеткізе алады. Сөйлегенде мәдени, әдеби тілде көптеген сөздердің баламасын тауып айтып, өз ойы бойынша мазмұндап айта алады. Көркем әдебиетті үнемі оқитын оқушылар суреттер бойынша сөйлегенде шешендік қабілеттерін де көрсете біледі сөз таңдай алады. Оқушыны өз бетімен кітап оқуға үйрету, оны қалыптастыру оқушыны өмірге дайындаудың негізі болып табылады.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Мектептегі кітапхана //Республикалық ғылыми әдістемелік педагогикалық журнал , № 5,2009ж.
2.Қазақстан мұғалімі // Республикалық газет,5 ақпан, 2010жыл.
3.Қазақстан мұғалімі // Республикалық газет,12 қаңтар, 2010жыл.
4.Мектептегі кітапханашы // Республикалық ғылыми әдістемелік педагогикалық журнал , №1,2015ж.