«Орыс сыныптарында?ы ?аза? тілі саба?тарында ауызша с?йлеу мен жазбаша тілін дамыту?а арнал?ан ?діс-т?сілдер ж?йесі»
«Орыс сыныптарында?ы ?аза? тілі саба?тарында ауызша с?йлеу мен жазбаша тілін дамыту?а арнал?ан ?діс-т?сілдер ж?йесі»
?азіргі та?да мемлекеттік тілді о?ытуда жа?а идеяларды ?р саба?та жан-жа?ты ?олданып, жа?аша о?ытуды? тиімді жолдарын тауып, ж?йелі т?рде ?алыптастыру – заман талабы.
Осы?ан байланысты ?аза? тілін н?тижелі ?йрену ?шін, оны? о?ыту ?дістемесін жете т?сіну – ?лкен м?селе. ?аза? тіліні? грамматикасын о?ытуда, мені? ойымша, о?ушыны? с?йлеу тілін дамыту тек ауызша, ауызекі с?йлеу, жа?а с?здерді немесе с?з тіркестерін жаттап айту, м?тінмен ж?мыс, о?у, с?ра??а жауап беру, суретпен ??гіме ??растыру, тапсырмаларды ауызша орындаумен ?ана шектеліп ?оймайды.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««Орыс сыныптарында?ы ?аза? тілі саба?тарында ауызша с?йлеу мен жазбаша тілін дамыту?а арнал?ан ?діс-т?сілдер ж?йесі» »
Көшім жалпы орта білім беретін мектеп-балабақшасының
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Кадешева Майра Тулегеновна
Баяндама «Орыс сыныптарындағы қазақ тілі сабақтарында ауызша сөйлеу мен жазбаша тілін дамытуға арналған әдіс-тәсілдер жүйесі»
Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қалыптастыру – заман талабы.
Осыған байланысты қазақ тілін нәтижелі үйрену үшін, оның оқыту әдістемесін жете түсіну – үлкен мәселе. Қазақ тілінің грамматикасын оқытуда, менің ойымша, оқушының сөйлеу тілін дамыту тек ауызша, ауызекі сөйлеу, жаңа сөздерді немесе сөз тіркестерін жаттап айту, мәтінмен жұмыс, оқу, сұраққа жауап беру, суретпен әңгіме құрастыру, тапсырмаларды ауызша орындаумен ғана шектеліп қоймайды. Қазақ тілінде сауатты, жақсы, жетік сөйлеу үшін сөздерді бір-бірімен байланыстырып қана қоймай, сауатты жаза білу де міндет. Сауатты жаза білуді қалыптастыруда мұғалім оқушыға жазу, жазбаша тіл мәдениетін қалыптастырумен қатар, жазылым арқылы ауызекі сөйлеу тілін де дамытады. Қазіргі жаңа бағдарлама бойынша оқушыны лексикалық тақырыптар бойынша сөйлеу қабілетін дамыту керек деп санаймын. Ол үшін әр пән мүғалімінің өзіндік оқыту әдістемесі болу керек.
Оқу материалын жандандыру мақсатында және меңгерудің сапасы мен дәрежесін бақылау мақсатында жаттығулар кешенді түрде берілген. Бұл жаттығулардың міндеті – жаттығу және бақылау, аспектілік және кешендік, рецептивтік және продуктивтік; сипаты: диалогтық, монологтық; орындалу тәсілі жағынан: ауызша, жазбаша, біртілді немесе екітілді, вербалды (оқу құралында көрнекі суреттер өте көп берілген), дәрісханада, үйде жасалатын жаттығулар, жеке және бірге жасалатын жаттығулар болып келеді. Өзге ұлт аудиторияда қазақ тілін меңгерту үшін оқушыға сөздерді бір-бірімен байланыстыратын қосымшаларды, сөздердің сөйлемдегі орын тәртібі мен сөйлемдердің жасалу жолдарын меңгеру негізгі мақсаттың бірі болып табылады. Өйткені сөйлемсіз ойды жеткізу мүмкін емес. Сөйлемнің бәрі сөзден құрылады.
Қазіргі мұғалімдерге ұсынылып отырған қазақ тілі пәні бойынша тірек – сызбалары теориялық материалды игеруге практикалық тұрғыдан үлкен көмек береді. Көптеген психологтардың пікірі бойынша, оқыған материалды есте сақтаудың тиімді әдістерінің бірі – оны шартты белгілер бойынша танып – білу арқылы есте сақталатының мойындайды
Орыс тілді аудиторияда қазақ тілінен сабақ жүргізудің негізгі мақсаты – бұл сөздік қорды және ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру, коммуникативтік аспект – қарым – қатынасты қалыптастыру, негізгі теориялық материалдарды жаттығу түрінде меңгерту арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін арттыру. Мүғалімнің міндеті - жаңа әдіс-тәсілдерді, дайын тірек – сызба, кестелерді өзінің жеке іс–тәжірибесінде қолдана отырып, әр тақырыпты іріктеп, талдап, сызбаларды барынша түсінікті етіп оқушыға жеткізе білу.
Оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын дамытуға арналған жүйе:
І. Сөздікпен жұмыс түрлері
ІІ. Мәтінмен жұмыс түрлері
ІІІ. Жаттығу жұмыс түрлері
І.Сөздікпен жұмыс жүргізу әдісі-тәсілдері:
Сөздікпен жұмыс жүргізу мақсаты – сабақ үстінде жаңа сөздерді меңгертіп, қолдана білуге үйрету. Ол үшін келесі жұмыс түрлерін өткізу болады:
Тақтаға жаңа сөздерді немесе сөз тіркестердің тек қана қазақша баламасын жазып, аудармасымен таныстырып, бірнеше рет қайталату.
Сөздікті оқып,орысша аудармасын сұрау және керісінше, орысшасын айтып қазақша баламасын тапқызу.
Жаңа сөздерді аудармасымен таныстырып өту және бірнеше рет қайталату. Орысша баламасы болмағандықтан, оқушылар сөздерді мұқият тыңдап еске сақтауға тырысады.
Сөздікті оқып,орысша аудармасын сұратқызу және керісінше, орысшасын айтып қазақша баламасын тапқызу.
Сөзжасам жұмысы
Жылынды Толды
Жылынады Толады
Жылынып жатыр Толып жатыр
Сызба бойынша сөз тіркес құрату. Сызба бойынша сөз құрастырғанда, грамматикамен байлайланыстырып өткізу. Мысалы сызбаға қарап, сөз тіркесті құрату алдында сызықтардың орналасу орнына назар аударту. Сызықтардың не себептен
сөздердің алдында немесе кейің тұрғанын анықтату. Бұл жерде сөздердің орын тәртібі меңгеріледі. «Айналасы» сөзі қай грамматикалық формада тұрғанын сұрау. Бұл сөз тәуелдік жалғаудың ІІІ жағында тұрғаны анықталғасын, бұл формадағы сөздің ілік септікті формадағы сөзбен байланысатыны туралы еске түсіру т.б. . Дайын сөз тіркестермен сөйлем құрату.
жылынды еріді
сай-салалар
Мектептің
айналасы
Үйдің
Дайын сөз тіркестермен келесі жүйемен сызба бойынша сөйлем құратқызу.
. .( Күн жылынды).
. . (Қар тез еріді).
. (Көктемде ағаштар бүршік атады).
.. (Наурыз мейрамын шығыс халықтары тойлайды).
Осындай сызба арқылы сөйлем құратудың мақсаты – барлық оқушыларды қатыстыру. Бұл сызба арқылы нашар оқитын оқушы да, жақсы оқитын оқушы да, үздік оқушы да өз білім деңгейін көрсете алады.
Оқушыларға сөздікті жеке қайталату жұмысында, кім қанша жаңа сөзді есіне сақтады деген сұрақ қою.
Оқушылар сөздікті жазып болған соң, тақтада берілген аудармасымен салыстырып, тексереді.
Жылынды-потеплели
Еріді - растаял
Сай-салалар-овраги
Толды-наполнились
Бүршік атты-распускают почки
Ұшып келді-прилетели
Көп ұзамай-еще немного
Айнала-все вокруг
Жасыл түске айналады-обретет зеленый цвет
Тойланады-празднуется
Ұлттық киімдер-национальная одежда
Ұйымдастырады-организовывают
Мәтінмен жұмыс жүргізі әдіс-тәсілдері
Мәтінмен жұмыс жүргізу жүйесі:
Мәтінді оқып, тыңдату.
Мәтіннен жаңа сөздерді тапқызып, астын сыздыру.
Мәтінді оқытып, аударту.
Мәтін бойынша сұрақтар қою.
Сызба бойынша мазмұнын айтқызу.
Көктем
Көктем келді. Күн жылынды. Қар еріп сай-салалар суға толды. Ағаштар бүршік атты. Құстар жылы жақтан ұшып келді. Көп ұзамай айнала жасыл түске айналады. Бұл мезгілде наурыз мерекесі тойланады. Адамдар ұлттық киімдер киеді. Ән айтып, би билейді, қазақша күрес ұйымдастырады. Тағы басқа ұлттық ойындар ойналады.
Көктем
Сай - салалар
жылынды
бүршік ұшып келді
тойланады
Осындай мәтінмен жұмыс түрлері жаңа сөздерді меңгертуге және қолдануға дағдыландырады.
ІІІ. Жаттығу жұмыс жүргізу түрлері
Жаттығу жұмыстарын орындату мақсаты - сабақта алған білімдерін бекітіп, меңгерту. Жаттығу жұмыстардың оқушылардың ауызша және жазбаша тілдерін дамытуда ықпалы зор. Мұғалім жаттығу жұмыстарын құрастырғанда келесі шарттарды ұстануы керек:
Жаттығулар оқушылардың жас ерекшелігіне сай болу керек.
Сабақтың тақырыбына сай болу керек.
Жаңа сөздер қатыстырылу керек.
І. Ауызша сөйлеу тілдерін дамытуға арналған жаттығу түрлері.
1-жаттығу. Жолдасыңыздың айтқанын қостамаңыз.
Үлгі: Көктемде күн сақындайды. – Жоқ, көктемде күн салқындамайды, жылынады.
Көктемде күн салқындайды. Көктемде қар жауды. Көктемде жапырақ түседі. Көктемде құстар ұшып кетеді.
2-жаттығу
Көктем (пришла), күн( стали теплее), қар (растаял), сай-салалар (нополнились водой),ағаштар( распустили почки), жылы жақтан (прилетели, айнала обретет зеленый цвет,наурыз мерекесі (празднуется), (национальную одежду) киеді, би (танцуют), қазақша күрес (организуют), (национальные игры) ойналады.
3- жаттығу: қазақшаға аударыңдар.
Пришла весна.Дни стали теплее.Снег растаял и овраги наполнились водой. Деревья распустили почки.Птицы прилетели с теплых краев. Еще немного и все вокруг обретет зеленый цвет. В это время празднуется праздник наурыз. Люди надевают национальную одежду. Поют песни, танцуют танцы, организуют борьбу. Еще играют различные национальные игры.
4-жаттығу
Мына сұрақтарға болымды және болымсыз түрде жауап беріңіз.
Үлгі: Сен көктемде далаға шығасың ба? – Иә, көктемде далаға шығамын. Жоқ, мен көктемде далаға шықпаймын.
Сен көктемде далаға шығасың ба? Саған көктем мезгілі ұнай ма? Сен қараторғайды көрдің бе? Сен көктемде өзен
жағасына бардың ба? Сен наурыз мерекесінде ұлттық киім кидің бе?
5-жаттығу
Істелген істі сен де қайталағандығыңды білдір.
Үлгі: Мен құстардың ұшып келгенін көрдім. – Мен де (я тоже) құстардың ұшып келгенін көрдім.
Мен құстардың ұшып келгенін көрдім. Асқар Наурыз мерекесін тойлады. Гүлнұр ұлттық киім киіп, би биледі. Самат Наурыз мерекесінде ән салды. Балалар айналаны тазалайды.
6-жаттығу
Көктем тақырыбы бойынша диалог құрастырып, екеуара әңгімелесіңдер.
7-жаттығу
Жолдасыңызбен сөйлесіңіз.
А.
Жолдасыңыздан қазақша
сұраңыз.
Жолдасыңыздың жауабын
Тексеріңіз.
1. Ты любишь время года весна?
1.Мен көктем мезгілін ұнатамын
2.Какие явления бывает весной?
2.Көктемде күн жылынады, қар ериді, сай-салалар суға толады, құстар жылы жақтан ұшып келеді, ағаштар бүршік атады.
3.Какой праздник празднуется весной?
3.Көктемде Наурыз мерекесі тойланады
4. Как люди празднуют праздник Наурыз?
4. Наурыз мерекесінде адамдар ән айтады, би билейді, ұлттық ойындар ұйымдастырады.
5. Ты любишь праздновать праздник Наурыз?
5. Мен Наурыз мерекесін тойлауды өте жақсы көремін
Ә.
Жолдасыңыздың сұрағын тексеріңіз
Қазақша жауап берініз
1. Сен көктем мезгілін ұнатасын ба?
1. Я люблю время года весна.
2. Көктемде қандай құбылыстар болады?
2. Весной дни теплеют, снег тает и овраги наполняются водой, птицы прилетают с теплых краев, деревья распускают почки.
3. Көктемде қандай мереке тойланады?
3. Весной празднуется паздник Наурыз
4. Адамдар Наурыз мерекесін қалай тойлайды?
4.Люди поют песни, танцуют , организовывают национальные игры.
5.Сен Наурыз мерекені тойлауды ұнатасын ба?
5. Я очень люблю праздновать праздник Наурыз
Бұндай жаттығу түрлерін өткізгенде өткен грамматикалық тақырыптар қайталанып, грамматикалық формалардың, сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылуы қадағаланады.
ІІ. Жазбаша сөйлеу тілдерін дамыту үшін қолданатын жаттығу түрлері.
1-жаттығу. Сурет бойынша сөйлем, мәтін құрастырып жазу.
2-жаттығу. Тірек сөздер арқылы мәтін құрастырып жазу.
Тақырып бойынша мазмұндама, шағын эссе, шығарма жаздыру.
Қорыта айтқанда тиісті затты көзбен көру, сөздікті сабақ бойы назарда ұстау арқылы жүргізілетін сабақ ұзақ есте қалады. Осындай жаңа әдіс-тәсілдерді мол пайдалану арқылы күштеусіз оқытуға, жеке тұлғаның мүмкіндігін ашуға септігін тигізеді. Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын дамытады.