Просмотр содержимого документа
«Өзін өзі тану пәнімен басқа пәндерді ықпалдастыру»
"Өзін - өзі тану пәнін басқа пәнмен ықпалдастыру" тақырыбы қазіргі кездегі өзекті мәселенің бірі болып оыр. Әдебиеттік оқу пәні мен өзін - өзі тану пәнін ықпалдастыруда "Жақсы ай мен күндей, Әлемге бірдей" деген бөлімді өткен кезде оқушылар мақалдың мазмұнын былайша жеткізіп, ойларын ортаға салды: Ай мен Күн барлық адамзатқа, тірі ағзаға ортақ. Олар ешкімді, еш нәрсені алаламайды. Жақсы адамның да шапағаты барлық әлемге бірдей. Міне, осындай тақырып, мақалдар арқылы адам бойындағы құндылықтарды біртіндеп сіңіре отырып, қалыптастыруға болады. Барлығын бір мезгілде қалыптастыруды көздемей, там - тұмдап осылай өздері ойлап жеткізе білсе, нұр үстіне нұр болар еді деп ойлаймын.
Химия пәні мен өзін-өзі тану пәнін ықпалдастыруда металдардың қасиеттерін атай отырып, оның адамның мінез-құлқымен байланысы жайлы, мысалы, "сабыр түбі сары алтын - сабырлының бәрі алтын" дей отырып жақсы мінезді адам болуға оқушыларды баулу, судың қасиетін, адам өміріндегі маңызын, ғалымдардың судың ақпаратты тасымалдағыш қасиеті, яғни, жағымды ойдың, сөздің судың құрамына қалай әсер ететіні, оның адамға әсері туралы ғылыми деректерді ұсынуға болады. Жаһандық мәселелерді шешеудің жолын қарастыру, жүзеге асыруда оқушыларға қажетті білім, тұлғалық даярлық, оның ішінде алған білімді өмірде пайдалану туралы ой бөлісуге болады.
Жаһандық дағдарыстарды жоюға біздің қосатын үлесіміз мол бол үшін адамда жақсы мінез-құлық пен пәндік білім үйлесімді болу керек. Мысалы, химия пәні мұғалімдері оқушыларға мына мәселелер туралы және ондағы адамның рөлі жайында шығармашылық жұмыстар көбірек беруі керек: Адамзаттың шаруашылық іс-әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін әсері. Химиялық ластанудың көздері және себептері. Қоршаған ортаны ластанудан қорғаудағы химияның рөлі.
1.Қазақ тілі пәні мен өзін-өзі тану пәнін ықпалдастыру: Мысалы Синоним сөздер
Мағыналары бір-біріне жуық, бірақ дыбысталуы басқа – басқа сөздерді синоним дейміз.
Мысалы: әдепті, тәртіпті, ақылды, білімді, сыпайы.....
Түйін: «Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала», деген мақалдың мәнін ашатын болсақ, егерде бала өз ісінде дұрыс әрекет жасайтын болса, атқаратын істеріне сүйіспеншілікпен қарап, әрдайым өзін тек қана тыныштықта ұстайтын болса, ешкімге ешқашан да қиянат жасамайтын болса онда сол баладан дұрыс әдепті, тәртіпті адам шығатынымен түйіндеу.
2.Дүниетану пәні мен өзін-өзі тану пәнін ықпалдастыру.Адам мен табиғаттың бірлігі, табиғаттың адам дамуына жағымды әсері туралы түсініктері болуы, қоршаған ортаға саналы түрде ұқыптылықпен қарым – қатынас жасай алуы;
Мысалы: “Табиғатсыз адамзаттың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ” деген мақалдың мәнін ашу.
Түйін: егер біз табиғатты дұрыс аялап, сақтай білсек қана табиғаттан алатын нәрселерімізді ала аламыз деп балаларды дұрыс әрекет жасауға, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарауға, табиғатқа қиянат жасамауға, ішкі тыныштықтарын сақтай білуге үйрету арқылы түйіндеу.
3.Дене тәрбиесі пәні мен өзін-өзі тану пәнін ықпалдастыруДенені дамыту қажеттігін түсініп, денсаулықты сақтауды қамтамасыз ететін сауықтыру әдістемесі мен қауіпсіздік шараларын іс жүзінде қолдана алуы;Өз ойы мен алған әсерлерін шығармашылық әрекеттер арқылы жеткізе алуы;
Мысалы:«Шынықсаң, шымыр боласың»
Түйін: Осы мақалдың мәнін ашатын болсақ, баланың салауатты өмір салтына деген сүйіспеншілігі мен дұрыс әрекеті арқылы жақсы жетістіктерге жете алатынынакөзін жеткізу арқылы түйіндеу.
4.Қарапайым математикалық ұғымдардықалыптастыру
Мысалы: “Тауық пен балапандар”
Тауық шықты көшеге,
Ерді барлық шөже де.
Алға кетті 2-еуі,
Артта қалды 2-еуі.
Санай алмай барлығын
Есі шықты тауықтың.
Сен есепте, балақан,
Қанша еді балапан?
“Торғай екеш торғай да- өз балапанын қорғайды”. Тауық-ол ана, өзінің балапандарын қорғап, үнемі көз алдында болғанын қалайды. Бізді анамыз қалай өсіріп, біз қуансақ қуанып, біз мұңайсақ мұңайып жанымызда болса, тауықта өз балапандарының көз алдында болмағанына мазасызданды.
Түйін: Адам бойындағы мейірімділік, қамқорлық, қайырымдылық болса және ол қасиеттерге дұрыс әрекет жасай білсек әрқашанда бір –біріне деген сүйіспеншілік туындайды
5.Қарым –қатынас туралы.Мысалы: “Нан-ардақты асыл ас”
Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп,алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар
“Нанда анамның иісі бар»
Нан біздің алдымызға келу үшін, қаншама адам еңбектенеді. Қаншама қиын жолмен келген асты, тастауға, басуға, ойнауға болмайды. Ендеше ауыр жолмен келген нанды құрметтеп, қастерлеп, үлкендердің еңбегін
бағалап жүрейік.
Түйін: Нанның қадірін білу және адамның еңбегін бағалау.
6.Валеология және өзін-өзі тану пәнін ықпалдастыру. Мысалы:“Денсаулық –байлықнегізі” 1.Байлық- дегеніміз, тек дененің сыртқы бүтіндігі ғана емес, барлық дене мүшелерінің сау болуы, жалпы алғанда организмнің жан-жақты дамуы мен бүкіл дене қызметтерінің жүзеге дұрыс асырылуы. Байлыққа жету үшін мынадай ережелерді ұстанған дұрыс: Ерте тұру, орта тазалығын ұстау, денені шынықтыру, жеке бас тазалығын ұстау, сергек жүру, артық тамақ ішпеу, жалқау болмау. 2. « Байлық –сән ырысы»демекші, рухани байлық, білімнен асар байлық жоқ. Біртұтас алғанда байлық деген –ойды арамдық пен зұлымдықтан қорғаса, көзді көрсеқызарлықтан қорғаса, құлақты өсектен, өтіріктен, лақап сөзден қорғаса, қолды адал, таза ұстаса, бойды ластан қорғаса пейілі мен ниеті ақ болса, жаны да, тәні де таза, рухы биік жоғары болады.
7.География және өзін-өзі тану пәнін ықпалдастыру.Мысалы: Мұхит, өзен, жер асты сулары, мұздықтар мен атмосферадағы су булары - жердің гидросфера қабатын құрайды. Судың негізгі қорын мұхит пен теңіз сулары алып жатыр. Құрлықтағы сулар тұщы болып келеді. Су – түссіз, мөлдір, иісі – дәмі жоқ, ұдайы ағыпжатады.
Су жүргізер тіршіліктің тамырын,
Су жоқ болса тіршілік тәмәм, бауырым
Судың біз біле тұра маңызын,
Көп болған соң ұмытамыз қадірін.
Су деген тіршіліктің қаны емес пе?
Су деген табиғаттың жаны емес пе? Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат, Күміс су қара жердің сәні емес пе?
Судың тірі организмдер үшін маңызы зор. Ол болмаса тіршілікте жоқ. «Су-өмір көзі» , су-жанға сұлулық береді, көңіліңді көтереді , тазалық көзі, шынығу көзі, су- тағам, табиғатқа сән, өмірге мән береді. Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын, адамға қорек нәр беретін байлық көзінің бірі- су. Бүгінгі таңда, өзен, көл, теңіз жағалауларының, арық жағасының таза болмауы адамдардан суға тиіп отырған зияндық. Одан су ластанады ,таза су ішпеген ,таза суда шомылмаған халық науқастанады. «Судың да сұрауы бар» дегендей, суды үнемдеу, су жағалауларын таза ұстау, қамқорлық жасап, денсаулығымызды сақтау өз қолымызда екендігін естен шығармау қажет. Судың қасиеттері қаншалықты көп болса, адам бойында соншалықты құндылықтар көп болады.
8. «Өз өмірің өз қолыңда» -демекші әркім өз тағдырын өз қолымен жасайды.
Адам – бұл дүниеге қонақ, оның өмірі өткінші, сондықтан ол артынан ылғи да жақсы сөз бен жақсы ісін қалдырып отыруы қажет. Бұл үшін ол әр кез жаман қылықтан сақтанып, адалдықпен жүріп-тұруы тиіс. Екі жүзді болмай, сөз бен істі бір жерден шығару керек.