«Өзін – өзі тану» пәнін жаратылыстану бағытындағы пәндермен интеграциялау
«Өзін – өзі тану» пәнін жаратылыстану бағытындағы пәндермен интеграциялау
Жаңа заман талабына сай, білімде болып жатқан жаңалықтарға сәйкес қазіргі заманда адамның тұлғалық дамуына баса назар аударылып, жас жеткіншектерге берілетін білім негіздері олардың жеке даралық қабілеттерін жетілдіруге қызмет етеді. Әр баланың ішкі мүмкіндігі мен өзіндік қарымын дамытуға әсер ететін рухани адамгершілік қағидалары жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуының аса қ, өзін-өзі жүзеге асыруының ажетті шарты болып табылады.Осы тұрғыдан келгенде еліміздің бірқатар мектептерінaде тәжірибеден өтіп жатқан өзін-өзі тану пәнінің оқыту мен тәрбие үрдісіндегі орны өзгеше.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Интеграция (лат. integratio – қалпына келтіру, толықтыру, integеr – тұтас, бүтін) – экон. субъектілерді біріктіру, олардың арасындағы байланыстарды дамытып, өзара ынтымақты іс-қимылды тереңдету.Өзін-өзі тану пәнінің басқа пәндермен интеграциясы - ықпалдастық, кіріктіру, біріктіру, шоғырландыру деген мағынаны білдіреді.[9]
Жаңа заман талабына сай, білімде болып жатқан жаңалықтарға сәйкес қазіргі заманда адамның тұлғалық дамуына баса назар аударылып, жас жеткіншектерге берілетін білім негіздері олардың жеке даралық қабілеттерін жетілдіруге қызмет етеді. Әр баланың ішкі мүмкіндігі мен өзіндік қарымын дамытуға әсер ететін рухани адамгершілік қағидалары жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуының, өзін-өзі жүзеге асыруының аса қажетті шарты болып табылады.Осы тұрғыдан келгенде еліміздің бірқатар мектептерінaде тәжірибеден өтіп жатқан өзін-өзі тану пәнінің оқыту мен тәрбие үрдісіндегі орны өзгеше.[5]
Жалпыадамзаттық құндылықтар -тұлғаға рухани-адамгершілік білім берудің негізгі өзегі болып табылады. Жалпы адамзаттық құндылықтар –бұл «Өзін-өзі тану» пәні мазмұнының көпұлтты мемлекет жағдайындағы бірден бір мүмкін негізі.«Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаева: «« Өзін-өзі тану» пәні адамның өзін-өзі тануына, өзінің ең жақсы қасиеттерін анықтауға, өз ар-ұжданын сақтап, әрқашанда АДАМ деген атқа лайық болуына ықпал етеді»,- деп атап айтқан.Ақиқат, дұрыс әрекет, тыныштық, сүйіспеншілік, қиянат жасамау сияқты адамгершілік құндылықтарды жете түсінгісі келетін кез келген адам, осы құндылықтарды іс жүзінде қолданып, оларды адал ниетпен және ақ пейілмен таратса, сол адамды нағыз білімді адам деп атауға болады. Адам кемелденуге деген талпынысы оның ізгілікке деген өсуін білдіреді. Ішкі рухани үйлесімділікке жету үшін әрбір адам өзінің ой, сөз, іс-әрекеттерінде жалпыадамзаттық құндылықтарға сай болуына тырысып, бірлікті тануы керек. Мәңгілік құндылықтар білімнің негізгі өзегі болып табылады. Жалпыадамзаттық құндылықтарды адамның бойынан жарыққа шығару ізгілікке апарады, яғни, мінезін өзгертуге болады. Адамның жақсылыққа ұмтылуы, ақиқатқа жүгінуі оның болмысынан ішкі жан дүниесінде бес құндылықтың бар екенінің дәлелі емес пе? [2]
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беруде жарасымды қарым-қатынас жасау, қасындағыларға көмек беру, туыстары мен жақындарына қамқорлық көрсету, өзімен және қоршаған ортамен үндестікте өмір сүру, әр істе белсенділік, азаматтық таныту және өз ойы, сөзі мен ісіне жауапты болу тәрізді түйінді құзіреттерді дамыту арқылы жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуын қарастырады. [4]
Бұл ретте жаратылыстану бағытындағы өзін-өзі танудың өзара ықпалдасуында мәдени танымдық, тәрбиелік ұстанымдар тірек болады. Біртектес жаратылыстану білім аяларын құруға негіз болатын дидактикалық құрылым ретінде бұл пәндердің адамгершілік қағидалары негізге алынады. Рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының мазмұндық құрылымы дүниетану, математика,биология, химия, экология , философия, психология, педагогика, мәдениеттану, валеология, әлеуметтану, әдеп, эстетика ғылымдарының іштей кірігуімен ерекшеленіп, тақырыптық жүйе оқушылардың өзін-өзі жетілдіруіне ықпал ететін жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға бағытталады[8]
Атап айтқанда:
Дүниетану пәнінен «Табиғат» туралы түсінік бергенде :Табиғат туралы түсінік , табиғатты қоршаған орта деп танып, тұлғаның қоршаған ортадағы адамзаттық мүддені қорғайтын, өмірге бейімдейтін, адам мен табиғаттың бірлігін, қоршаған ортаға саналы түрде ұқыптылықпен қарауға.Табиғатпен үйлесімді өмір сүруге, табиғатты аялауға тәрбиелейді. [Өзін – өзі тану оқулығы, 4,5,6 сыныптар]
Биология пәнінен «Денсаулық» «Салауаттылық » туралы айтқанда денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығы туралы мәлімдейді. , Денсаулықты күту іскерліктері. Денсаулық құндылығы туралытүсінік қалыптастырады. [Өзін – өзі тану оқулығы, 4,5,9 сыныптар]
Химия пәнінен Атом , ядро туралы айтқанда:Атом дегеніміз химиялық жолмен бөлінбейтін бөлшек деп түсіндірсе. Адамгершілік тұрғыда: атомды рухпен салыстыру; Рух “рухани бастаудың” қайнар көзі ретінде түсінік қалыптастырады.
Астрономия пәнінен «Жер шары», «Кеңістік», «Ғаламшар» туралы : Адам Жер шары ұрпағы, Адам мен Әлем тұтастығы, Жаратылыс құпиялары туралы түсінік айтылады.Адамның қолынан келмейтін іс жоқтығын үйретеді. [Өзін – өзі тану оқулығы, 7 сынып]
Математика сабағында «Уақыт, кеңістік» туралы айтқанда әр нәрсенің мезгілдің, уақыттың адам өміріндегі мәні туралы айтылады.өзін – өзі тану сабағында уақытты қадірлеуге үйретеді. [Өзін – өзі тану оқулығы, 10 сынып]