Просмотр содержимого документа
«Патриоттық сезімге тәрбиелеу»
А.Ж. Арықова
МКҚК «Петушок» бөбекжай-бақшасының
тәрбиешісі
Петропавл қаласы
Патриоттық сезімге тәрбиелеу
Бала барлық ата-ананың болашағы үміті.Адамзаттың келешек ұрпағы. Оның бүгінгі өмірі- ертеңгі күннің өлшемі.Кейінгі жылдары біздің елімізде тарих жаңалықтарға және адамның жеке мәселесіне рухани құндылықтардың әсер етуіне байланысты,елімізде үлкен өзгерістер болып жатыр. Адамдардың өз Отанына, еліне деген көзқарастары өзгерді. Қиын кезендерде де рухани-патриоттық сезімге тәрбиелеу жолдарын тоқтату сылтау емес. Қоғам қанша- лықты өзгерсе де, өскелең ұрпақты әр уақытта өз Отаның мақтан тұтуға, оны сүйе білуге тәрбиелеу керек. Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы сәби кезінен басталады. Егер де біз балаларымыздың өз елін, туған қаласын сүйіп өскендігін қаласақ, ең алдымен біз жақсы жақтарын көрсетуіміз қажет. К.Д. Ушинский былай деп жазған: «Бала ештеңені жасыра алмайды,жақсы тамақ-танғанды қалайды, бірақ оны жек көруге, кек сақтауға үйрететін адамның өзі балалық шақтың қажеттілігінен бей хабар екендігін көрсетеді».
Жас ұрпақ тәрбиесі-адамзаттың мәңгілік тақырыбы.Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс,оқшалау тұрған құбылыс емес. Қазіргі таңда өскелең ұрпақты елінің патриоты болуға тәрбиелеу өзекті мәселесі болып отыр. Мектепке дейінгі кезендегі балаға рухани-патриоттық тәрбие беру күрделі педагогика- лық кезең болып табылады. Негізгі кезеңнің бірі- өз Отанына деген сүйіспен- шілік. Баланың отбасындағы, жақын адамдарына- анасына, әкесіне, атасына және әжесіне деген сүйіспеншілік қарым-қатынасынан басталады. Баланы туған үйімен және қоршаған орта негізгі қарым-қатынасы байланыстырады. Балалардың назарын өздеріне аударту арқылы барлық отбасы, туыстық ұғымдарын қалыптастыру, өз ата-бабаларының салт-дәстүрлерін жалғастыруды мақтан тұтуға тәрбиелеу. Ол үшін тәрбиешілер «Менің үйім,менің отбасым»атты тақырыптарды әңгімелесу, «Отбасымен бірге дем аламыз» атты мерекелік кештер ұйымдастыру және отбасындағы қызықты сәттер туралы шағын әңгімелер айту. Біртіндеп бала балабақшамен,өзінің көшесімен, қаласымен, кейін өз отанымен таныса бастайды. Әр өлке,әр аймақ тіпті әр ауылдың өзі бір ерекше. Әр жердің өзіне ғана тән табиғаты, тұрмыс- жағдайы және салт-дәстүрі бар. Құрлыс материалдарды іріктей отырып бала- лардың туған жер, туған қала және олардың тарихы, мәдениеті туралы танымдарын кеңейтуді қалыптастыру. Сонымен қатар төрт жастағы бала өзі тұратын көше атын және өзі баратын балабақша атауын білуі қажет. Осы қажеттілікті қанағаттандыру үшін, ел ертеңгі бүгінгі жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруге мемлекеттік деңгейде мән беру кезек күттірмейтін мәселе. Оның қозғаушы күші орта білім,ал орта білімнің негізгі деңгейі балабақша екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Балабақша тәрбиеленушілердің білімді, қолынан іс келетін еңбеккер де батыл, жоғары мәдениетті, сыпайы да сүйкімді, өнегелі етіп өсіруге балабақшаның толық мүмкіндіктері бар. Ең бастысы бала санасына біздің жеңісімізді жеткізу, өйткені біз өз Отанымызды жақсы көреміз, Отан үшін жанын пида қылған жандарды мақтан тұтамыз. Бір адамның жасаған іс-әрекетінің өзі барлық адамдардың өміріне әсер етіп, рухани-патриоттық сезімге тәрбиелеу болып саналатындығын көрсету. Ең бастысы, мектепке дейінгі жастағы балаларды рухани-патриоттық сезімге тәрбиедеу жұмысын тиімдірек пайдалануда міндетті түрде мынадай педагогикалық мәселелерді ескеру керек: балабақшада және отбасында қолайлы жағдайлар ұйымдастыру; балабақша тәрбиешілері отбасы мүшелерімен тығыз қарым- қатынаста болу; балаларды патриоттық сезімге тәрбиелеу мәселесіне педагогтар мен ата-аналар дайындығы. Олай болса, балалардың бойына халқымыздың ең асыл да пәк қасиеттерін сәби кезінен дарытып, ұлттық сана сезімін қалыптастыра отырып, ұлттық құндылықтарды танып бағалайтын,елін жерін сүйетін азамат тәрбиелеу басты парызымыз.
Қорыта келе айтарым, ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан, имандылық әдебі бар, патриоттық сезімге тәрбиелеу, өсіру білім беру бүгінгі таңда отбасының, балабақшаның , бүкіл елдің міндеті.