Просмотр содержимого документа
«Сайыс " ХХІ ғасыр көшбасшысы"»
"Ұлттық валюта күні"
Мақсаты: Қазақстанның ұлттық ақшасына айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Басқа ел валюталарымен таныстыру.Оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту. Көрнекілігі: теңгелер бейнеленген плакаттар, кітап көрмесі, көрмеге басқа елдер ақшалары мен монеталары қойылады, слайд шоу қазақ ақшалар, кестелер,ұпай беру үшін ақшалар қолданылады
Эпиграфы: «Қазақстан теңгесі әрдайым халық игілігіне қызмет етіп, еліміздің байюына және гүлденуіне ықпал етсін» (Н. Ә. Назарбаев)
Қайырлы күн, оқушылар!
«Ұлттық валюта-теңге»атты сағатымызды бастаймыз.
Кіріспе сөз:
Тәуелсіздік алған елдің ең бір айрықша белгісі-ұлттық валюта. Ол Қазақстан Республикасының төңірегінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ұлттық валютамыз ҚР Президенті 1993жылы 12 қарашадағы жарлығымен 1993 жылдың 15 қараша күні таңертең сағат 8:00 ден бастап енгізілді. Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4,75 теңге болып бекітілді.
І бөлім: Тарихи толғау
1-жүргізуші: Қазақстан 1991 жылдың желтоқсанында тәуелсіздігін жариялағаннан кейін өзінің нағыз дербес мемлекет екендігін паш еткен оқиғалардың бірі — төл валюта — теңгені айналымға енгізуі болды. Осы кезден бастап мемлекеттің экономикалық құрылымы түбегейлі өзгеріп, жаңадан жасақтала бастады. 1992 жылы елде төрт адамнан құралған дизайнерлер тобы жасақталды. Теңгенің авторы болу бақыты дизайнерші Тимур Сүлейменов, қылқалам шеберлері Қайролла Ғабжалилов, Мендібай Әлин мен Ағымсалы Дүзелхановтың үлесіне тиді.
* Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Теңге атауы орта ғасырлардан бастау алады.VIII-IX ғасырларда әр билеушінің өз руының рәміздері бейнеленген теңгелері айналымда жүрді. XIV ғасырдың аяғында Қазақстан аумағында Әмір Темірдің мәнеті айналыста болды.
* XVI- XVIІІ ғасырларда мыс тиындар қолданыста жүріп, Қазақстанның Орта Азия мемлекеттерімен және Ресеймен сауда-саттық байланыста болғанын айғақтайды. Қазақтың «тәнге» деген ақша атауынын орыстың «деньги» деген сөзі шыққан. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған.
* 1992 жылы тамыздың 27-сі күні Ұлттық банк басқармасы теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абайдың бейнелері басылды. Екінші бетінде ою-өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Ғабжәлеловтер Англияға аттанды.
* 1993 жылдың күзінде Қазақстан ТМД елдерінің ең соңында рубль аймағынан шықты. Теңге Ұлыбританияның әлемге әйгілі әрі ең көне «Харрисон және оның ұлдары» деп аталатын банкноттық фабрикасында басылып шықты. Теңгенің 16-ға жуық құпия қорғанысы белгісі бар. Қазақстан теңгесі қазіргі ақша жасау технологиясының соңғы жетістіктеріне сүйеніп жасалған. Құпия белгіні үкінің көзімен қарасаңыз да, байқай алмайсыз.
* Банкнот — Ұлттық Банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында, ал монета — облысымыздың орталығы Өскемендегі Монета сарайында шығарылады.
Түні нұрлы, ақ таңы, Жері гүлдей бақтағы. Ел ырысы – тайқазан, Төл теңгеміз қақпағы. Қазынамыз толығып, Болсын дәйім жолы құт! «Төл теңге – ел тірегі!» Деп құрметтер оны жұрт.
Еліміздің Тәуелсіздігі мен ұлттық валюта – ажырамас ұғымдар. Ал теңгеміздің орнықты болуы, сонымен қатар, қаржы саласының тұрақты болуы тәуелсіздігімізді арттыра түсетіні хақ.Біз әлі жас мемлекетпіз.Солай бола тұрса да 25 жылда біраз жақсылыққа куә болып үлгердік. Әлі де асар асуымыз, алар белесіміз алда. Бірлігі мен ынтымағы жарасқан республикамызға «Көк байрағың биіктеп, арманыңа жет, Алашым» деп тілек айтпақпыз.Тәуелсіздік таңы арайлап атып, егемендігіміз еңселі бола берсін дей келе « ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Сайысқа 10 сыныптан 3 оқушы,11 сыныптан 2 оқушы қатыса алады.
Оқушылар өз білімдерін жоғары дәрежеде көрсетеді деген үмітпен, сайысқа қош келіпсіздер! Соған орай еліміздің тарихынан , география, Қазақстанның мәдениеті, спорты, музыка және кино саласында және ұлттық валюта , әр елдің валютасы тақырыбында сұрақтар қойылады.
Сайысымыз 3 кезеңнен тұрады.
І кезең – БӘЙГЕ
ІІ кезең – КӨКПАР
ІІІ кезең – ДОДА
- «Бәйге» турын бастаймыз.
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз, Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар, Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз.
« Көкпар » турын бастаймыз
Ойын толық жатқандай асып, тасып, Біреу мығым, біреулер шалыс басып. Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар, Жеңсең де жеңілсең де қал ма жасып.
Қатысушылар экрандағы 5 тақырыптың бірін таңдау керек.
Тәуелсіз Қазақстан
«Қазақстан – 2050» Стратегиялық бағдарламасы нешінші жылы жолданды? 2012
Ұлттық валюта
ҚҰБ банкінен басқа теңге сарайы қай қалада орналасқан ? Өскемен
Астана
"Қазақ елi" монументiнiң биiктiгi қанша метр? Онда орналасқан құс мүсiнiнiң салмағы қанша тонна? 91 метр 6,5 тонна
Н.Ә.Назарбаев
Елбасы кітаптарын атаңыз?
«Ғасырлар тоғысында» ,«Тарих толқынында» , «Бейбітшілік кіндігі» ,«Сындарлы он жыл»
Бүгінгі көріп тамашалаған интеллекуалды шоу «ХХІ- ғасыр көшбасшысы» ойыны мәресіне жетті.
Зейін қойып тыңдағандарыңыз рахмет.
Нығманов атындағы орта мектеп
А.Т.Адуова
2016-2017 оқу жылы
1. Казақстан Республикасының валютасы- Теңге 2. Ақшаның тұрақсыздануы, құнсыздануы- Инфляция 3. ҚҰБ банкінен басқа тенге сарайы қай қалада орналасқан — Өскемен. 4.Бір мемлекетте қабылданған ақша өлшемі- Валюта 5. Көрсетілген, белгіленген баға — Номинал 6. Әзербайжан валютасы - Манат 7. Қоғамда үстемдік етуші өндіріс тәсілі - Экономика 8. Армения валютасы - Бран. 9. Айырбас деген ұғым нені білдіреді - Бартер 10.Мемлекеттік банк шығаратын , айналыстағы ақша қызметін атқаратын билеттер -Банкнот 11. Бір елден екінші елге үшінші бір елдің жерін басып өту арқылы жүк тасу - Транзит 12. Монғолия валютасы - Тугрик 13. ҚР ең алғаш астанасы - Қызылорда (Қамыс қала, Ақмешіт) 14. Үндістан валютасы - Рупии 15. Алғаш монеталар қай ғасырда пайда болды - V ғасырда ежелгі Грецияда 16. Кез-келген тауар құнын білдіретін ерекше тауар - Ақша 17. Грузия валютасын ата - Лари 18. Пайда, табыс табу мақсаты мен күрделі қаржының ұзақ мерзімге жұмсалуы -Инвестиция
19. Англияның ақшасы - евро
20. Теңгенің авторлары - Т. Сулейменов, Қ.Ғабжалилов, М.Әлін, А.Дүзелханов
21. Теңгенің алғашқы банкнотында бейнеленген Ұлы тұлғаларды ата - Әл-Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Абай, Әбілхайыр, Абылайхан