Үйшікте мына бір сәулетті Тұратын қай мықты әулеті?
Мен– тышқан-шиқылдақ, Мен– қоян-желаяқ, Мен– түлкі-керіммін, Мен– қасқыр-серімін. Бәріміз тұратын көңілді, Қажетті сәулетті көр үйді!
Үйге кірді Алдияр, Оған қоса Мадияр, Кейін келді Айдана, Қанша болды бар бала?
Тиін отыр арбада, Жаңғақ сатып базарда. Түлкі бикеш пысыққа, Торғай менен шымшыққа Мақтап қойып жаңғағын, Салып берді алғанын: Жаулығына бірінің, Жемсауына бірінің, Табанына бірінің.
Тауық шықты көшеге, Ерді барлық шөже де. Алға кетті7-еуі, Артта қалды3-еуі. Санай алмай барлығын Есі шықты тауықтың.
Сен есепте, балақан, Қанша еді балапан?
Әр қолына Нүриден Төрт өріктен бердім мен. Бала санай білмеді, Неше өрік ол жеді?
Ұлпа жүнін қыздырып, Күн шуақта бір күшік, Отыр еді маңына, Келді тағы бір күшік. Қанша күшік барлығы?ъ Алты қонжық орманға Бара жатты қорбаңдап. Бірі олардың шаршады, Әрі қарай бармады. Жауабын тез айт, Қанша қонжық кетті алда?
5-тен4-ті алайық, Қанша қалды санайық. Қарайық та санайық, Санайық та табайық.
Оқуға дос барғанда, Риза мені алғанға, Қуанады мамасы, Төрт алғанда баласы.
Жараспайды бір сарын, Өзің тап төрт мысалын, Ол үшін түрлі аңдарды, Еске түсір малдарды.
Әр қолда саусақ бес-бестен, Шықпас тегін ол естен, Біліп соның шамасын, Мысал ойлап табасың.
Гүлде бес күлте жапырақ,
Өседі-ау шіркін жарқырап. Бесбұрыш алтын жұлдыздар, Тағады батыр ұл-қыздар.
Бір мен екі алмаңдар! Үшке алданып қалмаңдар! Кілең төрттік алғандар, Мені ғана армандар. (С. Сауытбеков)
Үш бала. Бір ауылда үш бала, Олар– құрдас: үш жаста. Бірақ, бірақ олардың, Қылықтары үш басқа. Біріншісі шыңқ етпе, Тиіп кетсе, жылайды. Екіншісі бір қоңыр, Ақыл айтсаң, тулайды. Үшіншісі– елгезек, Бәрімізге ұнайды. (Нұрхан Жанаев)
Бір дегенім - бүрге, Екі дегенім- есеқара. Үш дегенім - үйез (шыбын), Төрт дегенім - түлкішек (түкті құрт). Бес дегенім - бөгелек, Алты дегенім - аламан. Жеті дегенім - жегі (құрт),
Сегіз дегенім - сүлік. Тоғыз дегенім - тоқалтіс (тышқан), Он дегенім - оқ жылан. Жетім қалар жәндіксіз, Мына орта қоршаған.
Алма жинап бөлісті. - -
Алмас, Асан келісті, Алма жинап бөлісті. Арасында бір алма, Айтыс болды бұларға. Асан берсе, алмасы Үштен бірі кем болар. Алмас берсе, алмасы Асанның да тең болар. Алма санап көріңдер, Екіге тең бөліңдер.
Ал, санаңдар, санаңдар, - -
Ал, санаңдар, санаңдар, Бізде қанша адам бар? Алдымда: Атам, өжем бар, Алдымда: Әкем, анам бар. Білмесеңдер біліңдер, Тағы саусаң бүгіңдер. Алдымда: Әпкем, көкем бар, «Аман жүрсін інім» бар. Өзім бармын,
Інім бар, Кіп-кішкентай күнім бар. Қанша болдық бәріміз, Қанша болдық?... Біліп ал! Бізде қанша мысық бар? Бізде қанша күшік бар?...
Бір дегенім - білік, - -
Бір дегенім - білік, Қолың жүр іліп, Білік - шалғы тұтқасы, Алғаның жөн біліп.
Екі деген есті, Ел жайлауға көшті. Салқын екен жайлау, Салқын самал есті.
Үш дегенің - үскі, Ұшып жерге түсті. Тындыратын істі, Үскі неткен күшті.
Төрт дегенім - төсек, От жағамын көсеп. Төсек жақсы, өйткені Жайлы орынға есеп.
Бес дегенім - бесік, Бөбек жатар өсіп.
Уағында анасы Шомылдырар шешіп.
Алты деген - арша, Арша отын жанса. Мыңтап қазан қайнатар, Жіктеп отқа салса.
Жеті деген - жебе, Жебе бұзар кебе. Жебе-кебе сөзі - Ертегі сөз көне.
Сегіз деген - сенім, Болашағың сенің. Сені азамат болар деп, Сеніп отыр елің.
Тоғыз деген - торпақ, Болма өзің қорқақ. Еңбек етсең жарайды, Көп ісіне ортақ.
Он дегенде ойлап, Тапқан сөзім - оймақ. Жалғастырып тағы да, Айтыңдаршы жайлап.
Бір дегенің - білеу, - -
Бір дегенің - білеу, Екі дегенің - егеу, Үш дегенің - үскі, Төрт дегенің - төсек, Бес дегенің- бесік,
Алты дегенің — асық,
Жеті дегенің — желке,
Сегіз дегенің - серке,
Тоғыз дегенің - торқа,
Он дегенің - оймақ,
Он бір - қара жүмбақ.
Жұмбағым жұтылды,
Өрге қарай қүтылды,
Оны таппаған Айнабек тұтылды.
Кел санайық санамақ, - -
Кел санайық санамақ, Саусақтарды даралап. Бас бармағым алғашқы - Балаң үйрек жалғасы. Ортан терек - кезекші, Шылдыр шүмек - көмекші.
Шынашағым - балапан, Бәріне ортақ алақан. Шылдыр шүмек -мен, Титтей бөбек - сен. Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз бесеуміз
Қуыр, қуыр, қуырмаш - -
Қуыр, қуыр, қуырмаш Қуыр, қуыр, қуырмаш, Мен айтайын қолыңды аш! Мынау тұрған бас бармақ,
Іскер тиін - -
Қалмау үшін ашығып Қысқы азығын кеш қамдап, Қамбасына тасыды БІР, ЕКІ, ҮШ, ТӨРТ, БЕС жаңғақ.
Ұйқыдан ол асылы Көрген емес кеш өріп. Бүгін тағы тасыды БІР, ЕКІ, ҮШ, ТӨРТ, БЕС өрік. Ал, ал ...Біздің Қанат па? Қайта-қайта есінеп,
Алды ескерту сабқта
БІР, ЕКІ, ҮШ, ТӨРТ, БЕС рет.
Бір - білім алдым, - -
Бір - білім алдым, Екі - егін салдым.
Үш -үй көшірдім, Төрт -төл өсірдім.
Бес- белге шықтым, Алты- асық ұттым.
Жеті - желім жақтым, Сегіз - серке бақтым.
Тоғыз — тойға бардым, Он - отын жардым.
Қызыл-жасыл даланы Кезгін келсе шамалы, Татқың келсе басқа дәм, Қошақаным, бас қадам
Оңға қарай БІР атта – Бас қоясың бұлаққа. Солға қарай БІР атта – Тойындасың құрыққа.
БІР,ЕКІ,ҮШ,ТӨРТ атта, Жүгір, Секір, жортақта. Тамақ өзі келмейді үйден шықпас қорқаққа.
Белестерден желдей ес. Алты, Антты бұзбау - ата салты.
Жеті, Қойдың семіз еті. Сегіз, Қоздасын қой егіз. Тоғыз, Арам айуан - доңыз. Он, Торқадан артық тон.
Бір дегенім - белін, - -
Бір дегенім - белін, Екі дегенім- егін, Үш дегенім - үкі, Төрт дегенім - төл, Бес дегенім - бекіре, Алты дегенім - адам, Жеті дегенім - жеміс, Сегіз дегенім - сең, Тоғыз дегенім - тоң, Он дегенім - оң, Он бір болады одан соң.
1. Б-дан басталады - бие де, - -
1. Б-дан басталады - бие де, 2. Е-ден басталады - егін де, 3. Ү-ден басталады - үлек те, 4. Т-дан басталады - төбе де, 5. Б-дан басталады - бесік те, 6. А-дан басталады - атан да, 7. Ж- дан басталады - жент де, 8. С-дан басталады - сең де, 9. Т-дан басталады - тон да, 10. О-дан басталады - оқу да, Он бір ойға тоқу да керек.