Просмотр содержимого документа
«"Сандық" шығармашылық жоба»
Қалалық техникалық шығармашылық орталығы
Шығармашылық жоба
Тақырыбы: «Сандық»
Орындыған: Сайемова А.С
қосымша білім беру педагогі
.
Жоспар
1. Абстракт
2. Кіріспе
3. Шығармашылық еңбектің мазмұны
4. Шығармашылық жаңашылдығы
5. Сандықтың жасалу технологиясы
6. қорытынды
7. қолданылған материал
Абстракт
Техникалық жәдігер бойынша шығармашылық жоба «Сандықтың жасалу технологиясы» - декоративті қолданбалы мәдениеттің негізгі мақсаты: эстетикалық әсемпаздыққа, дизайндыққа, кәсіпкерлікті дамытуға және оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастырады.
«Сандықтың жасалу технологиясы» атты шығармашылық жоба оқушыны іздемпаздыққа, өз ерекшелігімен жұмыс жасай білуге, жаңашылдыққа, білімпаздыққа, өмірге деген көз қарасын арттырады.
Жұмыстың қажеттілігі ұмыт бола бастаған түрінің өміршеңдігін сақтап қалу, болашақ ұрпаққа жеткізу, заман талабына сай дамыту. Құймалы эмаль әсемділікке әртүрлі қалыпқа, мәдениеттілікке өте бай, тұрмыста көп қолданылады.
Жұмыстың жасалу жолдары:
Тақырып таңдау және негіздеу, іздену және ойды дамыту, қажетті құралдармен материалдарды таңдау, құралдармен жұмыс істей білу.
Сарамандық жұмыстың негізі: қажетті және пайдалы бұйым жасау, ерекше әрлендіру, шығармашылық шыңдалу.
Сандықты үйде бұйым ретінде, қыздың жасауы ретінде пайдалануға болады,
Әдемілеп, әсемдеп жасап сатылымға шығаруға да болады.
Кіріспе
Ұлттық қолөнеріміз бүгінгі тіршілікке бірден келмеген. Ою өрнек қолөнер адам баласының ақыл -ойларының толып, толқуымен, жүрегінің лүпілімен, өзін айнала қоршаған ортадан туған образдар. Гүлдің, жапырақтың, жан-жануардың бейнелері нақты сол шын қалпында көшірілмей образдар арқылы ою-өрнекке айналып келген. Қазақ елінің топырағынан таралып, суын ішіп жоғары дәрежелі білім алып, сол білімдерін басқа ел мамандарына таныта білген және қазақ қолөнерін жоғары бағалап талдау жасаған, оның ішінде бір жүйеге келтірген этнограф, тарихшы, әдебиетші, өнертанушы ғалымдарымыз да бар. Олар: Ш. Уәлиханов, Ә. Марғұлан, X. Арғынбаев, М. Мұқанов, Ө. Жәнібеков және тағы басқалар. Сонымен қатар, жас ұрпаққа берілген гуманитарлық білім мен тәрбие мәселесі ерекше. Ұлттық қолөнерде білім беру жүйесін әлемдік өлшемдерге жақындата түсу, ұлттық тәрбие мен жалпы білімдік деңгейде ұштастыру керек. Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында кеңінен қолданылатын өру, тігу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты өнер жиынтығын айтады. Бұдан біз халық шаруашылығының қандай түрі болса да халық өмірі мен қоғамдық тарихымен, күнкөріс кәсібімен тығыз байланысты екендігін көреміз. Жер бетіндегі өмір сүруші әрбір ұлт өз ұрпағының жан – жақты тәрбиелі және мәдениетті тұлға болуын армандайды. Бала бойына рухани мұраларды сіңіре тәрбиелеудің бірі – ұлттық тәрбие. Ұлттық тәрбие – рухани уыз. Халық көптеген тәрбиелік дүниелер туғыза отырып, олар арқылы баланың жеті қырлы, бір сырлы болып қалыптасуын қамтамасыз еткен. Әр халықтың болашағы жастарына тәуелді. Егер әр халық жас ұрпағын өзінің ұлттық рухымен тәрбиелемесе,онда ол елдің болашағы бұлыңғыр болмақтығын бүгінде ғалымдарымыз баспа беттерінде жиі жариялап келеді. Өйткені ұлттың барша мұрасы жастарға аманат етіледі. Ал жастар оны кейінгі буынға сол бай мұраны тапсырмаса, онда ұлттық атау біртіндеп жоғалары сөзсіз. Сондықтан еліміздегі үздіксіз білім беру жүйесінде ұлттық мәдениет, өнер және қолөнер негізінде біліктілік пен іскерлік қалыптастыру, мәдениеттілікке баулу, адамзат қоғамында бұрын соңды жасалған мәдени мұраны жүйелі меңгеруге, жалпы әлемдік рухани игіліктерді бағалай білуге тәрбиелеу қажеттілігіне баса көңіл бөлу керектігіне мән берілген. Осыған байланысты болашақ маман бойында кәсіби мәнді сапалардың қалыптасып, ол тұлға дамуымен ұштасып, нәтижесінде жас ұрпақтың біліктілігі мен іскерлігін қалыптастыру мәселесінің өзектілігі артады. Аталмыш мәселенің әсіресе ел болашағының кілтін ұстап отқан жас буын – мектеп оқушылары үшін маңызы айрықша.
Шығармашылық еңбектің мазмұны
Қазақ халқының тұрмыста қолданылатын сандық бейнелі үй жиһаздары негізінен абажа, әбдіре, сандық, қобдиша деп бөлінеді. Бұл бұйымдардың жасалу тәсілдері бірдей. Олар екі жағы өңделген жұқа тақтайдан жасалады. Сондықтан олар – жеңіл әрі тұрмысқы ыңғайлы. Сандыққа киім – кешек, заттарды салады. Сандықтың қақпағы тұтас ашылады.
Әр халық сандықты өзінің ұлттық ою – өрнектерімен әшекейлейді. Ондай әшекйлер майлы бояумен өрнектеп салынады, қаңылтырмен безендіріледі, ойып өрнек салынады.
Алтын, күміс сияқты металдардан зерленіп, асыл тастармен безендірілген, әр түрлі ойма сүйектермен әрленген қазақ сандықтарын қазір мұражайлардан көруге болады.
Әр халықтың ою – өрнек нышаны әр түрлі.
Алайда қолөнер бұйымдарын жасап үйрену, сол арқылы оқушылардың қоғамдағы жаңа өзгерістер мен өз халқының тарихы, дәстүрі мен тіршілік ету, ойлау жүйесі туралы рухани негізін дамыта отырып, білім меңгеруге, еңбек етуге үйретуге қажет. Осы орайда қазақ халқының қолөнерін дәріптеу, оған мектеп оқушыларын баулу, шеберлігін дамытудың маңызы ерекше. Қазақ халық қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық жиынтығын айтады. Шын мәнінде қолөнер түрлерінің әрқайсысының талай ғасырлық тарихы бар. Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жәй салуды, киім - кешек тігуді, азық - түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күнбе - күн тіршілік барысында орынды пайланса, әсем бұйымдар жасап өмір де, сән - салтанатта құра біледі. Бұдан біз халық шығармашылығының қандай түрі болса да, халық өмірімен, сол халықтың қоғамдық өмірімен, қоғамдық тарихымен, күнкөрісімен, кәсібімен тығыз байланысты екендігін көреміз. Қазақ халық қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық жиынтығын айтады. Шын мәнінде қолөнер түрлерінің әрқайсысының талай ғасырлық тарихы бар. Қазақ халқы өзінің күнкөріс тіршілігіне қажетті үй-жәй салуды, киім - кешек тігуді, азық - түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күнбе - күн тіршілік барысында орынды пайланса, әсем бұйымдар жасап өмір де, сән - салтанатта құра біледі. Ою-өрнек (латын тілінен аударғанда әсемдеу, сәндеу) – әр түрлі заттарды, архитектуралық ғимараттарды әшекейлеуге арналған жүйелі ырғақ пен қайталанып отыратын әр үйлесімділікке құрылған өрнек-нақыштар. Ұлттық ою-өрнек өзіне тән белгілерінің жүйелерін қазақ халқының қалыптасуымен әрі республиканың қазіргі аумағын мекендеген Азияның басқа да халықтары мәдениетімен тығыз байланыста дамыды. Бұл ортағасырлық архитектуралық ғимараттардағы көгеріс және геометриялық ою-орнектерден (Айша-бибі, Ахмет Яссауи кесенесі) айқын көрінеді. Қоңыр ою-өрнектің дәстүрлі тоқыма өнері үлгісінде, кестеде, ағаш, мүйіз, сүйек, металл мен теріге өрнек салу мейлінше жетілдіре түсті. Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қазақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді. Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Қазақ көбінесе бір өрнекке салып қиып алған үлгіні, үлгіге салып кескен сырмақтың қиығын, сондай-ақ барлық қошқар мүйіз өрнектерін де ою дейді. Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортақ атауы іспеттес. Сондықтан, ою-өрнек деп қосарланып айтылады.
Шығармашылық жаңашылдығы
Шеберлер жаңа ою-өрнектерді тұрмыс тіршілігіне өз дәуіріндегі заман ағымына қарай лайықтап пайдаланып келеді.
Бүгінгі уақыт талабына сай мемлекетіміздегі 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасына байланысты болып жатқан жаңа өзгерістер қоғам мен мемлекетіміздің алдына жаңадан туындап жатқан құндылықтарды ескере отырып, білім беру жүйесін түбегейлі өзгерту мәселесін қояды. Нақтылы аса маңызды тұжырымдар мен құндылықтар ған білім беру сапасын жаңа деңгейге алып шығатын қадамдар жасауға ықпал етеді. Оқушыларды қоғамдағы жаңа өзгерістер мен өз халқының тарихы, дәстүрі мен тіршілік ету, ойлау жүйесі туралы рухани негізін дамыта отырып, білім меңгеруге, еңбек етуге үйретуге қажет. Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық жиынтығын айтады. Шын мәнінде қолөнер түрлерінің әрқайсысының талай ғасырлық тарихы бар. Қазақ халқы өзінің күнкөріс тіршілігіне қажетті үй-жәй салуды, киім - кешек тігуді, азық - түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күнбе - күн тіршілік барысында орынды пайланса, әсем бұйымдар жасап өмір де, сән - салтанатта құра біледі. Бұдан біз халық шығармашылығының қандай түрі болса да, халық өмірімен, сол халықтың қоғамдық өмірімен, қоғамдық тарихымен, күнкөрісімен, кәсібімен тығыз байланысты екендігін көреміз. Халықтың ұлттық қолөнеріне әдеп-ғұрып жабдықтары мен қатар аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал-жабдықтар кіреді. Киіз үйдің сүйегі, ағаш кереует, кебеже, сандық жасап, сырмақ, кілем, аяқ қап, алаша, ши, түрлі бояу басқұрлар тоқып, арқан жіп есіп, тері илеп, қайыс, таспа тіліп, өріп әр алуан ыдыс- аяқ, адалбақан, бесік және тағы басқа көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасап әшекейлейтін болды. Саз балшықты күйдіріп, ағашты майлап кептіру, шақпаққа көз жасап, оны тұтанғыш ету, балшыққа шөп -шалан орналастырып илеу тәсілдері де өте ертеден-ақ халықтың іздену талабына, қоғам даму процессінен туған айла - тәсілдер.
Халықтың қолөнерінде мүліктердің бір тобы үй іші жабдықтары болса, екінші тобы қайыс өру, қару - жарақ жабдықтары болатын. Қазақтың ұлттық қолданбалы қолөнеріндегі мәдени мұралардың тәрбиелік көзі, көркемдік дамуы мен дәстүр сабақтастығының негіздері, оқушыларды шығармашылыққа тәрбиелеудің қажеттілігін қалыптастырады. Білім беруді қоғамның әлеуметтік - экономикалық құрылымынан, мәдени құндылықтарынан, ұлттық дәстүр, рухани негізден бөле жара қарауға болмайды. Сонымен қатар, онда ғылым мен техниканың, педагогиканың соңғы жаңалықтары да барынша ескерілуі қажет. Жас ұрпақты халқымыздың рухани байлығымен және қазіргі замандық біліммен қаруландырып қоймай, олардың бойына жаңа сапалы дағдылар мен икемділіктерді дамытуда да жаңа буын оқулықтарымыз үлкен рөл атқаратын болады. Ою-өрнектің шығып, тарауы қолөнер тұрмыстық заттардың өсіп өркендеуімен тығыз байланысты және солардың ішінен орын ала біледі. Сонымен қатар ою -өрнектің, ұлттық қолөнердің танымдылық, тәрбиелік маңызы ата - бабамыздың сезімдік талғампаздық дүниесі қоршаған табиғат аясы, өскен ұясы, туған жерінің қасиетті топырағы мен тоғай тауларының құлпырған рең түрлері де қатты ықпал етті. Әр халыққа, ұлтқа тән өзіндік ою-өрнек негіздері қалыптасып дәстүр алды. Пішу, үлгі алу және басқа материалдарға көшіріп әсемдеу жолдары дамыды. Кілемге, киімге, сырмаққа, ыдыс аяққа, қару, жараққа, үй жиһаздарына арналған ою түрлері қалыптасты.
Ұлттық қолөнеріміз бүгінгі тіршілікке бірден келмеген. Ою өрнек қолөнер адам баласының ақыл -ойларының толып, толқуымен, жүрегінің лүпілімен, өзін айнала қоршаған ортадан туған образдар. Гүлдің, жапырақтың, жан-жануардың бейнелері нақты сол шын қалпында көшірілмей образдар арқылы ою-өрнекке айналып келген. Халықтық қолданбалы қолөнер ұлттық тәрбие көзі. Дегенмен, оны халықтық педагогикадан туындайтын ұғымдарымен ғана шектеу дәстүрлі халық қолөнерінің негізінде ұлттық тәрбие беру мүмкіндіктерінің даму өрісін тарылтпақ. Ол қазіргі педагогика ғылымы айналысатын зерттеу объектісі болуы тиіс. Себебі, ұлттық қолданбалы қолөнер қазіргі заманғы этнография, философия, өнертану, әдебиет, мәдениеттану, гуманитарлық технология тағы сол сияқты пәндердің көкейтесті мәселелерін қамтып отыр. Ұлттық қолданбалы қолөнерді тәрбие құралы ретінде пайдалана білу барысында, халқымыздың үлгі - өнегесі, салт-дәстүрін ұрпақ санасына сіңіруде үлгі боларлықтай педагогикалық іскерлік, шеберлік шығармашылықпен еңбек ету керек.
Сандықтың жасалу технологиясы
Ең алдымен қажетті құралдарды дайындап, керек өлшемдерін материалға сызу.
Содан соң концеляр пышағын пайдалана отрып өлшемдерді кесіп алу.
Болашақ сандықтың кесіп алынған қабырғалары
Кесілген бөлшектерді супер желімімен бір біріне қосып, жабыстыру
Желім кепкенше 5-6 секунд бұйымды ұстап тұру
Дайын қорап
Қорап толық дайын болған кезде, сандықтың қақпаған жасау. Ол үшін ең алдымен қақпақтың жанындағы бөлшектерін сызып алып, сызба бойынша кесу.
Қақпақтың жаны дайын
Екі жаны дайын болған кезде, сандық қақпағының ұстіңгі жағын жасау.
Қақпақтың дайын түрі
Дайындаған қорабқа алдын ала таңдап алынған өю өрнекті көшіріп, сым темірмен өрнектің үстіне жүргізу.
Өю өрнектер дайын болған кезде бұйымды бояуға дайындау. Бұйымды қоқыстардан тазартып, қажетті түспен бояу.
Сандықтың дайын түрі.
Қорытынды
Тасқа, сүйекке, ағашқа қашап ойып, сол арқылы өзі көрген табиғи ортасыны ойын жеткізуге құштарлық атам заманнан қалыптаса бастаған. Олар тектен-теккке тумаған, өмір қажеттілігінен, тарихи қоғамдық болмыстан туып, халықтық тапқырлық ой-парасатын бейнелейтін өрнектер. Ал алаша, киіз, кілем, текемет, үй бұйымдары арқылы бізге жеткен ою өрнектердің өз орны, өз мазмұны бар.
Өнер толған он саусақ,
Таусылмайтын ырысың.
Өнері жоқ он саусақ,
Бар болмай-ақ құрысын – деп, өз жұмысымды қорыта келе жұмыстың жасалуы өнердің іскерлігін, талғамдылығын, шыдамдылығын болуын талап етеді. Сонымен қатар бала бойына рухани мұраларды сіңіре отырып ұлттық тәрбиені әсемділікпен шеберлікті шыңдайды.
Пайдалынған әдебиеттер
«Шаңырақ» энциклопедия, Алматы 1990ж Авторы: Р.Н.Нургалиев, Х.А.Аргынбаев, Н.А.Барлыбаева