Білімділігі: оқушыларды осы уақытқы дейінгі алған білімдерін бақылау, ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары интеллектуалдық оқушылардың дарынын ашу;
Дамытушылығы: жас ұрпақтың танымдық көз қарасын, ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту,есте сақтау қабілеттерін, зейін мен шығармашылық ойлау жылдамдықтарын, іскерлік қасиеттерін дамыту; Тәрбиелігі: оқушыларды білімді, жан - жақты болуға, жарысуға, жарыста жеңімпаз бола білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: интеллектуалдық – танымдық сайыс
Сабақтың көрнекілігі:
1) слайд,
2) сыныпты шармен, гулдермен безендіру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1 – жүргізуші:
Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі жастар - халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі. Оқушылардың ой - өрсін кеңейтіп, есте сақтау қабілетін шыңдайтын, білімді жастарды анықтайтын «Шың» атты интеллектуалдық – танымдық сайысымызды бастаймыз. 2 – жүргізуші:
Ақыл- тон, андағанға тозбайтұғын,
Білім – кен, қанша болса азбайтұғын.
Қатарың оза шауып бара жатса,
Арқаның ауруы не қозбайтұғын, - деп Тұрмағанбет Ізтілеуов айтқандай, білім сайысына құлшынып тұрған білімді оқушыларды таныстырып өтейін.
1 – топ: Білімділер;
2 – топ: Ақылдылар;
3 – топ: Жас қыран;
4 – топ: Болашақ.
1 – жүргізуші:
Асыл тастан, өнер жастан шығады, Ақылды адам бір айтқаннан ұғады. Халық айтса, қалт айтпайды дегендей, Баға берер әділқазы құрамы. Ендеше, әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!
1.
2.
3.
2 – жүргізуші:
Сайысымыздың шартымен таныс болайық:
Таныстыру
Бәйге
Ғасырлар жырлайды
Логика, логика тағы да логика
Зымыран сұрақтары
Биікке бір қадам
1 – жүргізуші:
Ендеше, үміткерлерімізге сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастайық.
1 – айналым «Таныстыру». Әр топ өз тобын, өз ұранын таныстырады.
2 – жүргізуші:
2 – айналым «Бәйге». Әр топқа 10 сұрақтан беріледі. Топ мүшелері «иә» немесе «жоқ» деп жауап берулері тиіс.
Мәтін өзара мағыналық байланыста болатын сөйлемдерден құрала ма? ИӘ
Зат есімнің септелуінің 8 түрі бар ма? ЖОҚ
Қалай? Сұрағына жауап беретін сын – қимыл үстеулері ме? ИӘ
Дара сан есім екі немесе одан да көп сөздерден құрала ма? ЖОҚ
Абылайдың денесі Қожа Ахмет Йасауи кесенесінде жерленді ме? ИӘ
84 пен 10 ның көбейтіндісі 840 – қа тең бе? ИӘ
Картада елді – мекендердің бірнеше есе кішірейтіліп берілуін масштаб дейміз бе? ИӘ
Асбест отқа жана ма, электр тогын өткізе ме? ЖОҚ
Ас тұзы кенге жата ма? ЖОҚ
Мәтінге ат қою ондағы негізгі ойды қысқаша атау деген сөз бе? ИӘ
Мәтіннің тек 2 түрі бар ма? ЖОҚ
–ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің барыс септігінің жалғаулары ма? ЖОҚ
Қызылқұм, оңтүстік, Түлкібас, сырдария сөздері қос сөздер ме? ЖОҚ
Қазақстан Республикасы өзінің жер аумағы жағынан дүние жүзіндегі ең үлкен мемлекеттердің бірі екендігі рас па? ИӘ
76 мен 10 – ның көбейтіндісі 800 бе? ЖОҚ
Мұхаммедқанафия мен Шоқан Уәлиханов бір адам ба? ИӘ
Шылау сөз таптарына жата ма? ИӘ
Жыра судың жер бетін жырып, тілімделуінен пайда бола ала ма? ИӘ
Еліктеу сөздер сөз таптарына жата ма? ИӘ
Тянь – Шань ең биік тауға жата ма? ИӘ
Көмектес септігіндегі зат есімдер кімнің? ненің? сұрақтарына жауап бере ме? ЖОҚ
Шылау сөздермен бірігіп жазыла ма? ЖОҚ
Шоқан Уәлихановтың Абылай ханның шөбересі екендігі рас па?
«Қазына көтерген бала» әңгімесінің авторы Қаныш Сатбаев па? ЖОҚ
91 мен 10 ның көбейтіндісі 970 пе? ЖОҚ
Жанғыш пайдалы қазбаларға мұнай мен тас көмір жата ма? ИӘ
Ауаның иісі және түсі бола ма? ЖОҚ
Дүние жүзіндегі ең терең көл Балқаш па? ЖОҚ
Әңгімелеу мәтіні белгілі бір затты сипаттап, суреттей ме? ЖОҚ
Сарыағаш, Сарыарқа сөздері қос сөздерге жата ма? ЖОҚ
Атау септігіндегі зат есімдер кіммен? немен? сұрақтарына жауап бере ме? ЖОҚ
Әлемдегі ең биік тау шыңы – Хан Тәңірі ме? ЖОҚ
Мыс электр тогын өткізе ала ма? ИӘ
87 мен 10 – ның көбейтіндісі 870 пе? Иә
«Көксерек» шығармасының авторы Мұхтар Әуезов пе? ИӘ
Көркем шығармадағы адам кескінің сипаттау портрет деп атала ма? ИӘ
Логикалық екпін дегеніміз – өзара жалғасқан оқиғалар тізбегі ме? ЖОҚ
Одағай сөз таптарына жата ма? ИӘ
1 – жүргізуші:
3 – айналым «Ғасырлар жырлайды». Бұл айналымда топ мүшелері түрлі – түсті конверттерді таңдау арқылы тапсырма алады. Топ мүшелері таңдаған батырлар жырынан үзінді айтулары тиіс.
2 – жүргізуші:
4 – айналым «Логика, логика тағы да логика». Оқушыларға бұл айналымда логикалық тапсырмалар беріледі.
1 – жүргізуші:
5 – айналым «Зымыран сұрақтары». Бұл айналымда оқушылар ұяшықтарды таңдау арқылы жұмбақтар шешеді. Және оны үш тілде айтулары тиіс.
Жылт – жылт еткен,
Жырадан өткен. (су, вода, water)
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады. (қар, снег, snow)
Ұшымен қазық
Тор көздi жазық.
Үстiне өттiм,
Асыл сөз жазып. (дәптер, тетрадь, copybook)
Тiл жоқ өзiнде,
Сөзi бар iзiнде. (қалам, ручка, pen)
Қабат-қабат қатталған,
Асыл сөзбен апталған.
Парағы бар сөйлейтiн,
Ол қазына өлмейтiн. (кiтап, книга, book)
Төбесінде қаланың
Аяғы жоқ – Жүреді, Езуі жоқ – Күледі. (күн, солнце, sunshine)
Көктен түседі,
Жер ішеді. (жаңбыр, дождь, rain)
Туа сала мұрт өсірген мырза,
Пеш түбінде жатқанына ырза. (мысық, кошка, cat)
2 – жүргізуші:
6 – айналым «Биікке бір қадам». Бұл айналымда әр топ мүшесіне бір – бірден тапсырма беріледі.
«Мәдениет» сөзіне фонетикалық талдау жаса;
«Сүрлеу жол жүрген сайын жоғарылай береді» сөйлеміне синтаксистік талдау жаса;
«Балаларымның» сөзіне морфологиялық талдау жаса;
«Қанжыға» сөзінің мағынасын түсіндір;
848 557 * 399 = ;
Су туралы не білесің?
«Ұғымтал» сөзіне фонетикалық талдау жаса;
«Өзеннің арғы жағынан үлкен қара бұлт көтерілді» сөйлеміне синтаксистік талдау жаса;
«Шыршылырдың» сөзіне морфологиялық талдау жаса;
«Жақұт» сөзінің мағынасын түсіндір;
260 599 * 702 = ;
Ауа туралы не білесің?
«Өнерпаз» сөзіне фонетикалық талдау жаса;
«Талқайраңдағы көк шалғынға киіз үй тіккенбіз» сөйлеміне синтаксистік талдау жаса;
«Кітаптарымыз» сөзіне морфологиялық талдау жаса;
«Ерулік» сөзінің мағынасын түсіндір;
608 502 * 889 = ;
«Ғарыш» туралы не білесің?
«Мөлдір» сөзіне фонетикалық талдау жаса;
«Таудың теріскей жағында шыршалы орман өседі» сөйлеміне синтаксистік талдау жаса;
«Көшелері» сөзіне морфологиялық талдау жаса;
«Төскей» сөзінің мағынасын түсіндір;
797 386 * 549 =
«Өсімдіктер» туралы не білесің?
1 – жүргізуші:
Жарайсыңдар, балалар, сайысымыздың соңғы айналымын да аяқтадық. Ендеше, әділ – қазылар алқасы өз шешімдерін шығарғанша, 4 «В» сынып оқушыларының «Біздің сынып осындай» атты әндерін тамашалайық.
2 – жүргізуші:
Сөз кезегін әділ – қазылар алқасына береміз. Ал, жеңіске бұл топ қалай жетті екен?
1 – жүргізуші:
Иә, дұрыс айтасыңдар, біз жеңіске бірліктің, татулықтың, достықтың арқасында жеттік.
2- жүргізуші:
Балалар, достық мерекесі қашан екенін білеміз бе? Иә, 1 – мамыр – Қазақстан Халықтарының бірлік,, достық мерекесі. Олай болса, сіздерге тағы да тапсырма: әр топ достық туралы мақал- мәтел, өлеңдер оқып берсін (әр түрлі тілдерде айтуларыңызға болады).
1 – жүргізуші:
Жарайсыңдар, әрқашан осындай білімдеріңмен биіктерден көріне беріңдер! Ешқашан да қанаттарың талмасын!