Просмотр содержимого документа
«Семинар - сынақтың жоспары»
Кабимолдина Айгуль Кайрбековна
М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі
Педагогика пәнінің оқытушысы
Семинар - сынақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі. Лездеме.
сапқа тұру, топтармен таныстыру, топтың аты, ұраны, белгісі, әні.
семинар – сынаққа әзірлігі туралы рапорт беру.
Негізгі бөлім.
№1 аялдама «Тәлімгердің қозғалыс ережелері»
Мақсаты: Теориялық білімдерін тексеру
Сұрақтар мазмұны:
Жаздық лагердің ұйымдастырылу мақсаты мен құрылымы.
Уақытша балалар ұжымы қалай құрылады? Оның ерекшеліктері.
Жаздық лагердің күн тәртібі.
Лагерде өткізілетін мерекелер мен оның ұйымдастырылу жұмыстары.
№2 аялдама «Ойнайық та ойланайық?»
Әзіл сұрақтар:
Шарты: Жылдам және дұрыс жауап беру керек. Дұрыс жауапқа ұпай беріледі.
Қараңғы бөлмеде май шырақдан мен керосин шамы тұрса, бірінші сен қайсысын тұтатар едің? (сіріңкенің шырпысын)
Жыл он екі айдың ішінде 30 және 31 сандары бар күндер ауысып отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі? (барлық айда 28 саны бар)
1 кг тас ауыр ма? Әлде 1 кг мақта ауыр ма?
Бос қалтада не бар? (ештеңе)
№3 аялдама «Ән шырқайық»
Шарты: Әр топтың басшысы келіп жеребе алады, сол жеребеде берілген тақырыптар бойынша ән айту керек.
Тапсырма: (Лагер, жаз, достық, дос-жолдас, орман, гүл, қуаныш, т.б.)
№4 аялдама «Биле-биле»
Тапсырма: Әр ұлттың би ырғағын келтіру. Дұрыс биге ұпай беріледі.
Шарты: Ұлттық биді нақышына келтіріп орындау
№5 аялдама «Ертегілер елінде»
Шарты: Әр топқа жеребе берілген тапсырма бойынша сурет салу. Сурет аяқталғаннан кейін қарсы топтар тақырыбын табу. Дәл тапқан топқа ұпай беріледі. Тақырыпқа сай тазалық және жылдамдық талап етіледі.
Тапсырма: (бауырсақ ертегісі, мақта қыз бен мысық ертегісі, шалқан ертегісі)
№6 аялдама «Тапсырманы іздеу»
Шарты. Ертістің сол жағалауының маңына белгіленген жерлерге тапсырылма жазылған қағазды топпен іздеу. Сол жағдаятқа жауап беру.
Тапсырмалар мазмұны: Егер де мен....
Лагерде жүргенде бала жоғалып кетсе, сіз не істер едіңіз?
Ренжісіп қалған балаларды қалай татуластырар едіңіз?
Асханадан балалар тамақ ішуден бас тартса, сіз не істер едіңіз?
Лагерде жүргенде электр жарығы сөндіріліп қалса сіз не істер едіңіз?
Кикілжің жағдайды қалай шешуге болады?
Лагердегі балалардың ата-аналарымен кездескенде қалай сөйлесер едіңіз?
Лагерде баланың жылап отырғанын көрдіңіз. Қасына барып себебін сұрадыңыз, бала жауап бермеді. Сіз не істер едіңіз?
№7 аялдама «Спорттық сайыстар»
Кубиктарды жинау.
Теннис шаригін жерге түсірмей мәреге апару, қайтарда жүгіріп қайту.
Допты екі аяқ ортасына қысып мәреге бару, қайтарда допты жерге соғып қайту.
Допты толқындап беру әдісі.
Скалкамен секіріп бару, қайтарда таяқша алып қайту.
№8 аялдама «Айболит»
Тапсырма:
Әр түрлі жағдайда болған кезде бірінші медициналық жардәмді көрсету.
1. Баланың басынан күн өткенде қандай көмек көрсетесің?
2. Баланың танауынан қан кеткенде қандай көмек көрсетесің?
3. Белгісіз жәндіктер шаққан кезде қандай көмек көрсетесің?
Көңілді старт.
Тапсырма:
«Кім жылдам?»
Шарты: Әр топқа 2 ақ қағаз беріледі.2 ақ бетті кезек қойып мәреге жету. Қайтарда қағазды қолына алып, топтың басқа мүшесіне беру. Қай топтың мүшелері бұрын келсе сол топқа ұпайберіледі.
«Кім шыдамды?»
Шарты: Жалпақ тарелкаға су құйылады. Сол тарелка бос қалғанша кезектесіп келіп, су біткенше үрлейді.
«Кім етпі?»
Шарты: Стақанға су құйылады. Қарсы жерге бос стақан қойылады. Бос стақанға кім бірінші су толтырады, сол топ жеңімпаз болады.
«Танцор Диско»
Шарты: Газет бетінде әр топ басшысы би билейді. Газеттен шығып қалған топ басшысы ойыннан шығады. Қай топ басшысы қалса, сол топ жеңімпаз болады.
«Шапатах»
Шарты: Билеп жүріп шар жару. Қай топта шар көп қалса, сол топ жеңімпаз болады.