kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Статья «Инклюзивтік білім – барлы?ына ?олжетімді білім»

Нажмите, чтобы узнать подробности

2014 жылды? 12-14 мамыр аралы?ында «Балд?урен» Республикалы? о?у-сауы?тыру орталы?ында ?аза?стан Республикасы білім ж?не ?ылым министрлігі мектепке дейін ж?не орта білім беру Департаментіні? ?олдауымен «Инклюзивтік білім – барлы?ына ?олжетімді білім» Республикалы? ?ылыми-практикалы? семинар ?ткізілді. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Статья «Инклюзивтік білім – барлы?ына ?олжетімді білім» »

«Инклюзивтік білім – барлығына қолжетімді білім»

Сейсен Беймхан

«Балдәурен» РОСО

Білім кешені директорының

оқу ісі жөніндегі орынбасары


2014 жылдың 12-14 мамыр аралығында «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі мектепке дейін және орта білім беру Департаментінің қолдауымен «Инклюзивтік білім – барлығына қолжетімді білім» Республикалық ғылыми-практикалық семинар өткізілді.

Семинарға ғалымдар, мұғалімдер, әлеуметтік қызметкерлер, психологтар, медицина қызметкерлері, ата-аналар, мектепке дейінгі және мамандандырылған мекемелердің тәрбиешілері, қоғамдық қорлардың өкілдері олардың ішінде педагогикалық және саясаттану ғылымдарының докторлары, филология және медицина ғылымдарының кандидаттары, магистрлер, магистранттар шақырылды. Семинарға 150- ден аса адам қатысты. Жалпы алғанда пленарлық отырыс жұмысының барысында Жахин Қалкен Елеукенұлы, ҚР Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің бас сарпашысы және Арғынов Арман Хасенұлы, Көкшетау қ., ҚР Азаматтық білім берудің ғылыми-ақпараттық орталығының директоры, Ибраев Марат Умирбайұлы, Көкшетау қ., Ақмола облысының ұйымдарындағы инклюзивті білім беруді дамыту бойынша үйлестіру кеңесінің төрағасы, Шаяхметова Айсулу Алькешовна, Көкшетау қ., Ш.Уәлиханов ат. КМУ ғылыми бөлім жетекшісінің орынбасары, ф.ғ.к., психология кафедрасы доцентінің м.а..өз баяндамаларын оқыды. Сонымен қатар Тимоти Рейган мырза өзінің баяндамасында Америка Құрама Штаттарында инклюзивті білім беру және оны білім беру жүйесіне енгізу мәселесін қарастырды. Пленарлық отырыс кезінде Қазақстан – Болгария елдері арасында өткен Халықаралық телекөпір Семинар жұмысының жаңаша сипатта өтуіне ықпал етті. Әулие Климент Охридский атындағы София университетінің доценті, педагогика ғылымдарынң докторы Хинкова Эмилия Евгеньевна «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен мектеп оқушыларын оқытуды және әлеуметтендіруді алып жүретін орта құру» деген тақырыпта баяндама жасады. Болгарияның саясаттану ғылымдарының докторы Дронзина Татьяна Александровна «Денсаулық сақтау саласындағы медициналық медиация» тақырыбында өз пікірімен бөлісті. Бұл семинар біздің орталықтың жұмысының халықаралық деңгейде өткізілуіне тікелей себепкер болды.

Демек,.сонымен бірге «Балдәурен» РОСО мен Ш.Уәлиханов ат. КМУ арасында өзара ғылыми-әдістемелік жұмыс жүргізуге келісім туралы Меморандумға қол қойылды.

Әрі қарай семинарға қатысушылар практикалық мәселелерді талқылау үшін, педагогтар мен қоғам алдында тұрған маңызды тақырыптарды қозғаған секциялық жұмыстарда жалғастырды.

Семинар барысында Қазақстан Республикасында инклюзивтік білім беру жұмысының теоретика-әдіснамалық және тәжірибелік үлгілік аспектілерін жүйелеу мәселері жайында талқылаулар болып, баяндамалар оқылды. Семинарға қатысушылар қосымша мәліметтермен бөлісіп , өздерінің ілтипаттарын білдірді. Әрине , мүмкіндігі шектеулі кез келген балалардың қайсысымен тілдессең де, жүздерінде күлкі тұрғанымен, жалтақтаған жанарларынан мұңы басым екенін көресің. Себебі баладан асқан бақыт жоқ, ал сәби күлкісі бәрінен де қымбат.

Бүгінгі таңда «Балдәурен» - жасөспірімдердің физиологиялық және психикалық денсаулықтарын жетілдіруге және шығармашылық мүмкіндіктерін ашуға бағыттайтын бірден-бір өзіндік ерекшелігі бар оқу-сауықтыру ортасы. Соның бір айқын дәлелі- 2007 жылдан бастап ҚР Білім жәле ғылым министрлігінің қолдауымен жыл сайын «Балдәурен» РОСО да мүмкіндігі шектеулі балалар үшін «Әлемді мейірімділікпен ашайық!» тақырыбында дәстүрлі ауысымның өткізілуі, осы уақытқа дейін 2000 -нан артық мүмкіндігі шектеулі балалар демалды.

Десек те, даму мүмкіндігі шектеулі, жарымжан жандар үшін ел тарапынан бөлінетін көмек пен қамқорлық шектелмесе екен деген ойдамын. Бұл жандар ондай өмірді таңдап алмаса керек.

Мүмкіндігі шектеулі жанды көргеніңде аяушылықпен қарап, бүгініңе шүкіршілік етесің. Ал олардың хал-ахуалын, жүрек түкпіріндегі күйзелісін біз қанша ойланып, тебіренсек те жеткізе алмасымыз хақ.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
Статья «Инклюзивтік білім – барлы?ына ?олжетімді білім»

Автор: Сейсен Беймхан

Дата: 06.11.2014

Номер свидетельства: 127012


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства