Просмотр содержимого документа
«Статья: "Эффективность использования элементов проблемной технологии обучения"»
Проблемалық оқыту технологиясының элементтерін арнайы пәндерде қолдану тиімділігі
Егизбаева Женискуль Сейдахметовна
Манғыстау энергетикалық колледжі
Аңдатпа. Бұл мақалада проблемалық оқыту технологиясының элементтерін арнайы пәндерде қолдану тиімділігі қарастырыған.
Аннотация. В данной статье рассмотреныэффективность использования элементов проблемной технологии обучения.
Заманауи білімдендірудің мақсаты мамандарды шығармашылыққа дайындау екені даусыз. Шығармашылық дегеніміз жаңалықты (жаңа нысана, жаңа білім, жаңа проблема, жаңа әдіс) ашу. Осыған орай, проблемалық оқытудың өзі де шығармашыл процесс: бейқалыпты ғылыми-оқу мәселені бейқалыпты әдістермен шешу. Соңғы кезде кең тараған оқу түрінің мәні: оқытушы жаңа білімді дайын түрде баяндамай, студенттердің алдына проблемалық сұрақтарды қойып, оларды шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдейді.
Проблемалық оқытуды ойдағыдай іске асыру үшін студенттерге ұсынатын проблемалық сұрақтар жүйесін жасап шығу қажет. Кез келген ізденіс, зерттеу жұмысы кезінде проблема туындай бермейді. Мысалы, білім алушы оқытушының берген тапсырмасын өз бетімен орындауы, сол сияқты ғылыми зерттеу жұмыстарына белсене қатысып, оған материал сұрыптауы да мүмкін. Бірақ ол одан ешқандай мәселелер түйінін шешпейді. Бұл да оқытудың белсенді түрі болады, өйткені оқытушы берген білімді оқушылар қабылдап және оны өмірде іске асырады. Ол проблемалық оқыту белсенділігі бола алмайды. Проблемалық оқыту белсенділігі оқушылардың өз бетінше шығармашылық жолмен ой-өрістерін дамыту, білімдерін жетілдіру болып табылады.
Проблемалық сұрақ, бір жағынан, қиын болуы, екінші жағынан, оқушының шамасына лайық болуы керек. Осындай проблемалық жағдаят туғызу, проблемалық сұрақ қою – проблемалық оқытудың алғашқы кезеңі.
Келесі кезеңінде бала іштей өз білімін талдап, таңдап, олардың жауап алуға жеткіліксіз екенін анықтайды да ізденіс жолына белсенділікпен түседі. Үшінші кезеңде ол сұрақтың жауабын дұрыс шеше білу амалдарын, жаңа білімді меңгереді. "Мен білдім!” деген қуанышты жағдайға жетеді. Кейінгі кезеңдерде дұрыс жауапты тексереді, алғашқы гипотезамен салыстырады, алынған білім мен білікті қорытындылайды, жинақтайды.
Проблемалық оқытудың негізгі ерекшелігі – оқушының білетіні мен білмейтінінің арасында қайшылықтар пайда болады және проблемаларды міндетті шешуге дайын тәсіл.
Проблемалық ситуацияны шешу арқылы оқушылардың шығармашылық ойлауы дамиды, интеллектуалдық таным үрдісі жетіледі.
Тәжірибемде проблемалық оқыту технологияларының элементтерін көп пайдаламын.
Зерттеу жұмысының мақсаты: арнайы пәндерді жүргізу барысында проблемалық оқыту технологиясының элементтерін қолдана отырып студенттердің өзіндік ойлауына, топтық жұмыс жасауға, ізденіске бағыттау, білімді өз беттерімен алу, пәнге қызығушылығын арттыру болып табылады.
Зерттеу пәні: Электротехника
Зерттеу объектісі: ЭҚ-11 тобы
Осы орайда туындаған міндеттер: проблемалық жағдай туындату, проблема қою,ситуациялық сұрақтар жүйесін жасақтау; студенттерді бағалау жүйесін жасақтау.
Қойылған мақсатқа жету үшін ЭҚ-11 тобына «Электротехника» пәнін оқытуда, үй тапсырмасын сұрау барысында, жаңа сабақты жүргізу барысында тақырыпқа қатысты проблемалық сұрақтар қойылды. Студенттер қойылған мәселені шешу үшін, талдау жүргізіп және оның шешу жолын іздеуге кірісті. Оған қажетті мәліметтер жинақтады. Проблеманың шешу жоспары құрылды. Студенттер проблеманы шешу үшін болжам жасайды, дәлелдеу, салыстыру, қорытынды шығару тәсілдерін, амалдарын іздестіреді. Өз беттерімен, өз ізденістерімен мақсатқа жету үшін еңбектенеді.
Мысалы: «Трансформатордың жұмыс жасау принципі» тақырыбын өту барысында оның құрысы, жұмыс жасау принципі толығымен зерттеледі. Трансформатордың бірінші орамы айнымалы кернеу көзіне жалғанған, ал екіншісі жүктемесіне. Ал оның бойымен ток жүреді. Неліктен? Олар бір-біріне жалғанбаған деген проблемалық сұрақ туындалады.
«Электр тоғының жұмысы, қуаты және энергиясы» тақырыбын оқу барысында эксперимент жүргізіледі. Мұнда мынадай проблемалық сұрақтар пайда болады.
Қандай жағдайда шамда көп энергия бөлінеді?
Қандай жағдайда электр тоғы көп жұмыс атқарады?
«Ом заңы» тақырыбын зерттеу барысында электр тізбегін қарастырамыз. Ол ток көзі, шамдар, амперметр, вольтметр, реостаттан тұрады. Реостат арқылы өткізгіштің ұштарындағы кернеуді өзгертеміз. Бұл жағдайда амперметрдің көрсеткіші өзгереді. Проблемалық сұрақ. Неліктен амперметрдің көрсеткіші өзгерді? Мүмкін ток күшімен кернеу арасында тәуелділік бар болар? (Гипотеза).
Пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында бағалау жүйесі жасақталады.
Бағалау жүйесі – балдық жүйе арқылы жүргізіледі. Мұнда қойылған ситуациялық сұрақтардың мазмұны, күрделігі, сапасы ескеріледі.
Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде мынадай қорытындыға келдім:
Студенттер теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана алу мүмкіндігіне ие болады;
Зерттеу тобының білім деңгейі жоғары болады;
Өз бетімен жұмыс жасауы, пәнге қызығушылығы артады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Оконь В. Основы проблемного обучения. –М.:Просвещение, 1968
2. Лернер И.Я. Вопросы проблемного обучения на Всесоюзных педагогических чтениях. Советская педагогика, 1968. №7