Студенттердің ұйымдастырушылық қабілеттерін қалыптастыру
Студенттердің ұйымдастырушылық қабілеттерін қалыптастыру
еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті, құзыретті, өз жұмысын жақсы білетін, жан-жақты бағыт-бағдармен қарайтын, әлемдік стандарт деңгейінде нәтижелі жұмысқа, кәсіби өсуге, әлеуметтік-саяси оңтайлы тез әрекет жасауға, болып жатқан өзгерістерге тез бейімделуге қабілетті білікті маман, индустриалды-инновациялық жағдайды шешуге лайық, өз қалауы мен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім, өз ойын еркін айта алатын, жоғары білімді, ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, отандық және әлемдік мәдениетті бойына қалыптастырған, шығармашыл, оңтайлы кәсіби маман дайындау.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Студенттердің ұйымдастырушылық қабілеттерін қалыптастыру»
Студенттердің ұйымдастырушылық қабілеттерін қалыптастыру
Қазіргі замандағы білім берудің негізгі мақсаты: еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті, құзыретті, өз жұмысын жақсы білетін, жан-жақты бағыт-бағдармен қарайтын, әлемдік стандарт деңгейінде нәтижелі жұмысқа, кәсіби өсуге, әлеуметтік-саяси оңтайлы тез әрекет жасауға, болып жатқан өзгерістерге тез бейімделуге қабілетті білікті маман, индустриалды-инновациялық жағдайды шешуге лайық, өз қалауы мен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім, өз ойын еркін айта алатын, жоғары білімді, ұлттық тілді, тарихты жетік меңгерген, отандық және әлемдік мәдениетті бойына қалыптастырған, шығармашыл, оңтайлы кәсіби маман дайындау.
Болашақ ұстаздарды педагогикалық-психологиялық біліммен қаруландыру,олардың ең алдымен ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту педагог мамандарын даярлау ісінің маңызды тетігі.
Н.Ф.Кузьмина педагогтардың кәсіби әрекетке практикалық даярлық құрылымына маңызды компоненттері ретінде:конструктивтік,гностикалық, коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілеттерді атайды [2].
Болашақ педагогтарға ұйымдастырушылық іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру технологиясын меңгертудің маңыздылығы айқын.
Ұйымдастыру дегеніміз орналастыру, құрастыру, тәртіп бойынша реттеу деген ұғымды білдіреді. Жеке тұлға бастамашылдық танытқан қандай да болсын әрекетте,ұйымдастырушылық аспект орын алады.
Ұйымдастырушы бастамашылық жасаған ісіне байланысты толықтай жауапкершілік алатындығы белгілі.Жауапкершілік - мәселелерді анықтау, шешу жолдарын қарастыру, нәтижесін болжау, өздігінен шешім қабылдай алу сияқты әрекетерді жүзеге асыра алуды талап етеді. Шешім қабылдау бірнеше альтернативтік мүмкіншіліктерден біреуін таңдау, жоспар құру, бақылау жасау, ынталандырудан құралады.
Ұйымдастырушылық жұмыстың мәні көздеген мақсатқа жету жолында әрекеттік жүйе құру, орындаушы адамдарды таңдай білу[2]. Ұйымдастырушы -үнемі жаңа тартымды идеяларды ұсыныушы, басқаларды ынталандырушы, бір іске жұмылдырушы, біріктіруші. Ұйымдастырушы белгілі бір әрекетке бастамашылық жасауда, маңындағы адамдарға идеясының ұтымдығын дәлелдей білуі керек,бұл жерде ұйымдатырушының коммуникативтік құзыреттіліктің маңызы зор. Тілдесуде бастамашылықты жеңіп алу, идеяға сендіру,ұтымдылығына иландыра білу - шешендік өнердің болуын талап ететіні анық.Егер ұйымдастырушы идеясын басқаларға ұтымды етіп көрсете алмаса, оның жүзеге асуына ешкім де ат салыса қоймайды.Идеяға қызығушылық туғызу ұйымдастыру жұмысының негізгі бастапқы шарты.
Студенттердің ұйымдастырушылық қабілеттерін қалыптастыру үшін ұйымдастырушылық қызметтің құрылымын білу қажет.А.Щербаков ұйымдастырушылық қабілеттерін құрамына мобильдік, ақпараттық дамытушылық және ориентациялық дағдыларды кіргізеді[3]. И.Ф. Исаевтың ойынша ұйымдастырушылық қабілеттерді құрайтын педагогикалық іскерліктер:
- педагогикалық процестің қатысушыларымен іскерлік қарым-қатынас орната білу;
-Білім алушылармен диалогтық әрекеттестік құра білу, оларға түрлі тапсырмалар беру , жұмыстың топтық, жеке түрін, өздік жұмыстарды тиімді ұйымдастыру білу;
-Білім алушыларға педагогикалық-психологиялық көмек беру, қолдау көрету;
- Білім алушыларға өзара ынтымақтастықпен орындалатын әрекет ұйымдастыра білу;
-Өз жұмысында жаңа ұтымды тәжірибені қолдана білу;
Осы аталған іскерліктер әр бір студенттің бойында толығымен қалыптасуы керек.
Әрине аталған іскерлік пен дағдыларды меңгеру, бірден ұйымдастырушылық қабілеттердің қалыптасуын қамтамасыз ете алмайды, өйткені тек үнемі тәжірибеде қолдану арқылы ғана адам қабілеттері ұшталып, дамиды. Ендеше студентердің ұйымдастырушылық қабілеттерін мектептегі практика жұмысында үнемі бағыттап,ынталандырып отыру маңызды.
Осы тұрғыда ерекше атап кететініміз, кейбір мамандықтар бойынша студенттер бірінші семестрден практикаға барады.Студент өзінің қандай мамандық таңдағанын бірден түсінеді.Сабақтарда игерген теориялық білімін практикамен ұдайы байланыстырып отыруға мүмкіншілік алады. Студенттерді ұйымдастырушылық қызметке дағдыландыру бірден бір жолы,оларға ұйымдастырушылық қызметтің алгоритмін үйрету.
Бастапқы кезеңде студенттерді ұжымдық шығармашылық істердің қатысушылары, ұйымдастырушылық жұмыстың көрермені рөлін орындаушы ретінде қызықтырамыз.Бұл жерде олар ұжымдық шығармашылық істерді жоспарлау, дайындау, өткізу,талдау, жуық арадағы нәтижесін байқауды жүзеге асырады.
Екінші кезеңде студенттерді ұжымдық шығармашылық істердің белгілі бір бөліміне жауапты қыламыз.
Үшінші кезеңде студенттер ұжымдық шығармашылық істерді толықтай ұйымдастырып өткізіп,оның нәтижесін бағалай білуге үйренуі қажет.Өзіндік рефлексия жұмыстары да өте маңызды, студенттер өз мүмкіншіліктерін ескере отырып, болашақтағы ұйымдастырылатын келесі істің ұйымдастырылуы мен нәтижесін болжауды үйренеді.
Сонымен , ұйымдастырушылық қызметтің алгоритмін анықтайтын болсақ:
1.Мақсат қою. 2.Студенттің өз идеясын ұсынуы,бастамашылығын көрсетуі.Бастамашылдық (инициатива,лат.бастау) адамның өздігінен шешім қабылдауы. Әлеуметтік ортада өзіне берілген міндеттерді орындауда белсенділік көрсетуі, көбіне қоғамға жақсылық жасау еңбегіне деген шығармашылық көзқарастардан көрініп отыратын адамның әлеуметтік- саяси белсенділігі деп берілген[2] .
3.Қандай бір істе бастамашылық көрсетудің алғашқы қадамы- идея ұсыну.Бастамашылдық тақырыбы кейінгі кезде көп зерттеліп жүрген тақырыптың бірі. Болашақ мұғалімдердің бастамашылдық қабілетін дамыту ұйымдастыру жұмысына даярлаудағы ең қиын мәселенің бірі. Решетников П.Е. «Нетрадиционная технологическая система подготовки учителей» -деген кітабында осы тақырыпты жақсы зерттеп ұсынған[3]. Осы тұрғыда ең алдымен болашақ маманға ұйымдастыратын іс-шараларды таңдауға еркіндік беру керектігі көрсетіледі. Болашақ мамандарға үнемі дайын бүйрық-нұсқаулар беріліп, не істеу керектігі толықтай көрсетілетін болса, олардың бастамашылдығы төмендейді.
Бастамашылдық көрсету, қызықты идеялар ұсыну көбіне мектепте өткізілетін рухани-адамгершілік бағытындағы іс-шараларды ұйымдастыруда айқын көрінеді. Бұл жерде біз И.П.Ивановтың «Ұжымдық шығармашылық іс-әрекеттерді ұйымдастыру» идеясына сүйенеміз[2]. Болашақ мамандарды және оқушыларды қоршаған ортаны жақсарту, қоғамдағы адамдардың бақыты үшін еңбек ету идеялары бастамашылдықты оятудың құралдары деуге болады.
Педагогтардың бастамашылдығы көбіне оқыту процесі барысындағы балалардың нақты қажеттілігімен бетпе-бет келгенде, белгілі бір оқыту және тәрбие мәселелерін шешу барысында көрінетіндігін байқаймыз.
Шығармашылық инициатива, сонымен қатар кәсіби қалыптасу әрекеті барысында өзін-өзі жетілдіру,даралық қабілеттерін жүзеге асыру мақсатында ашылып отырады. Ұйымдастырушы –маман кәсіби әрекетінде қаншалықты жетістікке жетіп отырса, соншалықты оның бастамашылық қабілеті шыңдалып дамып отырады. Сондықтан педагог-психологтар балалармен орындалатын әрбір іс-әрекетке шығармашылықпен қарауға үлкен мән беру керектігін ескертеді.
Инициатива -ұйымдастырушының педагогикалық шеберлігін жетілдіру мақсатына байланысты келеді. Осы тұрғыда нағыз педагог болғысы келетін, өзінің авторлық тәрбие жүйесін құрастыруды көздеген ұйымдастырушының инициатива көрсетуі басым болып келеді. Болашақ ұйымдастырушының бойында кәсіби арманның қалыптасуын –өз педагогикалық еңбегінің нағыз шебері болып шығуына деген ұмтылысын қолдау қажет[1].
2. Педагог-ұйымдастырушының бастамашылдық идеяларын қолдау, жүзеге асыруына көмектесу;
3.Педагог-ұйымдастырушының бастамашылдықпен орындаған ерекше шығармашыл істерін марапаттау, насихаттау және тарату.
4.Бастамашылдық- шығармашылықпен тығыз байланысты, сондықтан педагог-ұйымдастырушының шығармашылық қабілеттерінің, креативтік ойлауының дамуына жан-жақты жағдай жасау.
Бастамашылдықты жеңіп алу үшін педагог-ұйымдастырушының оқушылардың алдында беделі жоғары болуы қажет, ол үшін педагог-ұйымдастырушының ұйымдастырушылық жұмыстың қыр-сырын, орындау алгоритімін жетік меңгеруі шарт:
1. Алдыға қойған мақсатқа жетудегі мүмкіншіліктерді алдын-ала болжай алу, бағалау;
2. Оқушылардың қызығушылығын ояту, белсенділікті оқушының ішкі қажеттілігіне айналдыру;
3. Жоспарлауда ұжымның әрбір мүшесінің пікірімен санасу (барлық балалардың жоспарлауға қатысуын қамтамасыз ету);
4. Міндеттер мен тапсырмаларды бөліп беруде педагогикалық шеберліктің болуы;
5. Әрбір оқушының бастамашылдығын қолдап отыру;
6. Өткізу барысында оқушының өз-өзін көрсете алуына мүмкіндік беру;
7. Міндетті түрде өткізілген іс-шараның нәтижесін шығарып талдап отыру, ұжымдағы әрбір оқушының пікірімен санасу,ерекше ұтымды ойларын бағалау;
8. Оқушылармен ынтымақтаса отырып, жаңа идеялардың ұсынылуына жағдай жасау.
Болашақ мамандарға оқушылардың жеке басына құрметпен қарап олады жеке тұлға ретінде қабылдауға үйрету керек. Оқушылардмен кеңесе отырып, олардың пікірімен санасу ұйымдастырушылық қызметте шешуші фактор болып есептеледі.
Әдебиеттер:
1.ЕвладоваЕ.Б.,МихайловаН.Н.,ЛогиноваЛ.Г.Дополнительное образование детей, М.:ВЛАДОС,2004
3.Решетников П.Е.Нетрадиционная технологическая система подготовки учителей: Рождение мастера-М.:ВЛАДОС, 2000
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық коллежджі» КҚМЖ
Баяндама
/Педагогикалық кеңесте оқытушыларға ұсынылған/
ТАҚЫРЫБЫ: Білім алушылардыөзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту мақсатында педагогикалық – психологиялық қолдау
Оқытушы: Жунусова Л.Б.
СЕМЕЙ-2016
Білім алушыларды өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту мақсатында педагогикалық – психологиялық қолдау
Қоғамның болашақ азаматтарының жаңа өмірге көзқарасын қалыптастыру жолдарын нақтылау зиялы қауымның, мұғалімдердің үлесіне тиіп, оның берік негізгі өскелең ұрпаққа тәрбиені дұрыс жолға қоя білуіне байланысты болмақ.
Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде педагогтың жеке тұлғасына, педагогикалық әрекеттің стиліне, оқушыға, балаға, «педагогикалық қолдау» көрсету жасау ұғымдарына педагогтың кәсіби құзыреті ретінде үлкен мән беріліп отыр.
Осы тұрғыда «педагогикалық қолдаудың» мәнін ашу педагогтың кәсіби – мамандық құзыреттілігін көтеру арқылы жас ұрпақтың рухани – адамгершілік қалыптасуы мен оның жеке тұлғасының жан-жақты дамуын, баланың оқуы мен қарым – қатынас жасауына және денсаулығын сақтауға байланысты мәселелерді шешуі жүзеге асырылуда. Педагогикалық колледж білім алушы тұлғасына құндылық көзқарастың қалыптастыру мен дамыту ғана емес, білім алушының бойына өзін – өзі дамыту, жетілдіру механизмін анықтау және оны қолдай білу бүгінгі заман талабы
Білім алушыға педагогикалық – психологиялық қолдау көрсету арқылы оның болашақта құзыретті маман болуына дара тұлғалық бейнесінің қалыптасуына қажетті оқу – тәрбие үрдісінде жағдай жасап, мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет.
Осы мақсатқа жету үшін келесі принциптерді ұстану маңызды:
Тәрбиеніңтабиғатқа сәйкестігі принципі
Адамды табиғаттың бөлігі ретінде қарастыру, тәрбиелеуде оның даму табиғатын ескеру, экологиялық таза ортада қалыптасуын қамтамасыз ету ;
Тәрбиенің мәдениетке сәйкестігі принципі
Мәдениетке тәрбиелеу мен білім беруді тұлғаның үйлесімді өсіп жетілу ортасы ретінде құру;
Тәрбиенің оқушының жеке тұлғасына бағытталу принципі
Әрбір білім алушыны дара және қайталанбас ерекше тұлға ретінде қабылдау.Білім беру, тәрбие үрдісінде білім алушыны белсенді субъект ретінде қарастыру маңыздылығы.
Әрбір білім алушының оқуы мен өмірінің мәнін, мазмұнын ұғынуын қамтамасыз ету.
Осы принциптердің жүзеге асыруда келесі жұмыс формаларын ұсынуға болады
Топтың тартымды, ерекше орта ретінде имиджін қалыптастыру.
Топта танымдық жағымды психологиялық ахуал орнату.
Ой еңбегіне, оқуға деген құрмет сезімін, танымдық іс – әрекет барысында жетістікке жету сезімін қалыптастыру.
Білім берудің тұтастығы
1.Білім беру пәні – дүниетанымның қалыптасу мен ақыл – ой тәсілдерін игеру
2.Тәрбие пәні – әлеуметтік – мәдени құндылықтар, мінез-құлық пен қарым-қатынастық адамгершілік нормаларын игеру.
3.Педагогикалық қолдау пәні – тұлғаның жеке таңдауы. Өзін – өзі тануы мен өз өмірінің мәнін түсінуі
Бүгінгі педагог, жай педагог емес, ол фасилитатор («facilitate» ағылшын тілінен «ынталандырушы», «белсендіруші») оқушының әрекетінің әсерін оқтайландырушы, жеделдетуші, ынталандырушы. Педагог – психотерапевт білім алушыға басқа адамдармен қарым – қатынасын жақсартуға көмек жасай алатын маман.
Білім алушыны педагогикалық- психологиялық қолдаудың ұстанымдары:
Жеке тұлғаға қойылатын талап пен көрсетілетін құрметтің бірлігі;
Педагогикалық үрдісте білім алушының
“табысқа жету сенімін” қалыптастыру;
Білім алушының бойындағы жағымды қасиеттерін анықтай білу, оларға үнемі сүйеніп отыру;
Білім алушыға ескерту жасау, “сөгіс” беру әдістерінің орнына санаға, сезімге оңтайлы әсер ететін әдістерді көбірек пайдалану;
Педагог тұлғасының үлгі-өнегесі тәрбие әдістерінің ең әсерлісі екенін үнемі есте сақтау;
Педагогтың тәрбиелік іс-әрекетінің түпкі мақсаты- баланың өзін-өзі тәрбиелеуін қалыптастыру екенін ұмытпау ;
Білім алушыны педагогикалық-психологиялық қолдау нәтижесінде:
Білім алушының танымдық қызығушылығы мен белсенділігінің артуы.
Білім алуды үнемі қажетсінуі, білім деңгейін өздігінен тереңдетуге, кеңейтуге тырысуы;
Өзі оқып жүрген оқу орнын, тобын, ұстаздарын мақтан тұтуы.
Саналы түрде оқу орнының қаулысы мен ережелерін сақтауы, өз құқығы мен міндеттерін білуі;
3.Оқу орнында, өз тобында психологиялық жағымды сезімде болуы. Педагогтардың қорғауы мен қолдауын сезінуі;
Оқу орнына, тобына деген құрмет пен жауапкершілік , жанашырлық сезімінің қалыптасуы;
Үлкендердің, ұстаздардың білім мен тәжірибесіне құрметпен қарауы, қажетті жағдайда көмектеріне жүгінуі;
Әдебиеттер :
Набуова Р. Тәрбие жұмысының әдістемесі. Алматы: «Nurpress», 2014 ж – 272 б.
Губашева С. Г. Отарбай А. Ж. Тәрбие жұмысының әдістемесі. Астана : Фалиант. 2007 ж – 244 б.
Игры. Обучение тренинг досуг / под. ред. В. В. Петрусинского. Москва, 1990 г
Настольная книга заместителя директора школы по воспитательной работе под.ред. Г. Н. Сибирцовой. Ростов – на – Дону: Феникс, 2003 г – 352 с.
Реметников П.Е. Нетрадиционная технологическая система подготовки учителей: Рождение мастера – Москва, Владос, 2000 г. – 304 с.