Сүйіп істеген іс шаршатпайды
Баянауыл ауданындағы жалпы орта білім беру мектептерінің жанындағы аумақтарда бау-бақшалар мен жылыжайлардан мектеп оқушылары өздерінің маңдай терлерімен салынған алғашқы өнімдерінің дәмін татып жатыр. Бау-бақша салудың мақсаты оқушыларды еңбекке баулу және бау-бақша өсірудің барлық аспектілерінің қыр-сырымен танысу.
Бірлік жалпы орта білім беру мектебінің жанындағы жылыжайдан оқушылар өздерінің күнделікті тамақтарына қажетті дәрумендерді, өнімдерді пайдаланып жатыр. Жылыжайда қияр, қызылша, қызанақ, сәбіз, шалғам, аскөк, ақжелкен өседі.Әр мектеп өздеріне қажетті қолайлы ауыл шаруашылық өнімдері мен көкөністерін өсіруді қарастырды. Мектеп жанындағы аумақтарда барлық жұмыстар жоспар бойынша сәйкес жүргізіледі.
«Бұл ұйымдастырылған жұмыстар балаларды еңбекке деген қызығушылықтарын арттырып, міндеттелген жұмыстарына жауапкершілікпен қарайтындары байқалды»,-дейді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлмира Санғожина.