Мен Булекбаева Анар Зейнолда?ызы ІІ санатты химия -биология п?ніні? м??алімімін. ?р о?ушы ?шін мектеп ?абыр?асында білім мен ?атар т?рбиені? орны зор екенін білемін. Сол себепті тарихи, ?деби та?ырыпта?ы адамгершілік пен кішпейілділікке ба?ыттайтын сынып са?аттарын ?ткізіп отырамын. Та?дыр т?лкегі, Азамат жолы ар жолы та?ырыптарында сыныптан тыс т?рбие са?аттарын ?ткіздім. Б?гінгі та?да негізгі мектепте ?ызмет еткендіктен болаша?та орта мектепте ?ызмет жасауды жоспарлап ж?рмін.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
1946 жылы К.Е.Ворошилов атындағы әскери академиясының бірінші дәрежелі Суворов Жоғарғы Орденімен марапатталды.1948 жылы Генералдық штабтың әскери академиясын аяқтады.
1950 жылдан бастап
”Тыл және Кеңес Армиясын қамтамасыз ету” әскери академиясында аға оқытушы.1955 жылдың желтоқсанынан бастап запастағы полковник.1982 жылы 10-маусымда Алматыда дүниеден өтті
Ердің туы – намыс
Сен жаудан қашсаң, өмір сенен қашады
Ердің Еділ тобығынан келмейді
Жаныңнан күдер үзе соғыспасаң,
жауды күйрете алмайсың
Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті
Жауды өлтірсең - өлімнен құтылдың,
өлтірмесең - өлімге тұтылдың
Атақ – ерге сауға, олжа – елге сауға,
олжа – елдікі, оған тимегін
Қырағының өзі де, көзі де батыр
Ерлік елеусіз қалмасын
Именіп жүріп көрген игіліктен
қарсыласып жүріп көрген бейнет артық
Арпалысып жүріп алған абырой –
өмірдің ең шырын рақаты
Ерді ел үшін, жігітті жұрт үшін мақта
Ежелден ел тілегі – ер тілегі,
Адал ұл ер боп туса – ел тірегі
Екі сырттан қанға батып таласса,
қарақұсқа жем болады
Қой бастаған арыстан тобынан
арыстан бастаған қой тобы артық
Командир – аға, солдат – іні
Айқаймен ала алмайсың, ақылмен, айламен алғын
Жан аямай тиіскеннен жау жалт бере жөнеледі
Айбындана шапқаннан ажал да сескенеді
Екі сөзді – ер емес, серт – ер серігі
Ту сыртынан тиген дұшпанды торға түсір,
өршеленген жаудың үнін өшір
Сабырлылық алдында дұшпан сасады,
сабырсыздан береке қашады
Ер бақыты ел қолында, ел бақыты ерлер қолында
Өз қадірін білмеген – ер қадірін білмейді
Ер қадірін білмеген – ел қадірін білмейді.
Қорқақ қаққа шөгіп өледі
Белдескеннің белін сындыр,
Тірескеннің тізесін бүктір.
Қайратыңа әдісіңді жолдас ет,
Әдісіңе ақылыңды жолдас ет.
Әдіссіздік - әлсіздік,
Ептілік те – ерлік.
Қара бет болып қашқанша,
Қайрат көрсетіп өлген артық!
Таяқтан тайсалмасаң,
Семсерден сескенбесең,
Жеңдім дей бер...
Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше,
Шындықтың уын ішіп өлген артық.
Соғыстан кейін әдебиетке араласуы
Бауыржан Момышұлы жастарды
Адамгершілікке
Адалдыққа
Батылдыққа
Борыштылыққа
Арлылыққа
Жауапкершілікке
Қайраттылыққа
Ерлікке
Жариялыққа
Елжандылыққа
Ұлттық мақтанышқа
Табандылыққа
Намысқойлыққа
Әділдікке
Әдептілікке
Жирендірген:
үндеген
Арсыздықтан
Қорқақтықтан
Жағымпаздықтан
Жалғандықтан
Қырсықтықтан
Жауапсыздықтан
Құлықсыздықтан
Жігерсіздіктен
Тұрақсыздықтан
Көре алмастықтан
Мәңгүрттіктен
Қанағатсыздықтан
Сатқындықтан
Малшашпақтықтан
Батыр атамыз Б.Момышұлының жеке басы ойшылдығымен,
отаншылдығымен, ұлтжандылығымен, қаһармандығымен,
дарындылығымен, жоғары адамгершілік қасиеттерімен елеулі.
Бауыржан Момышұлы - әлем халқының ортақ перзенті
дәрежесіне дейін көтерілген азамат.
Б.Момышұлы соғыстың соңғы жылдарында аса көрнекті
жазушы ретінде танылды. Қаншама үлгі-өнеге беретін
«Төлеген Тоқтаров», «Куба әсерлері», «Ел басына күн туса»,
«Наш генерал», «Жонарқа», «Наша семья»,
«Адам қайраты» атты шығармалардың авторы.
КСРО-дағы ірі әскербасы-маршалдармен бірге, өз қол
астындағы мыңдаған қарапайым жауынгерлермен бірге жүріп,
1941 жылдың жазында басталған Ұлы Отан соғысына
1945 жылдың көктеміне дейін үзбей қатысып,
Елімізді фашист басқыншыларынан қорғап қалу жолындағы
қан майданды қаһармандықпен қақ жарып өтті.
Жігіт Бауыржан –
қайратты, сұсты,
жауынгер, айлалы,
майдангер, үздік атқыш,
спортшы, гимнаст,
жазушы, патриот,
адал дос, саяси ұстаз.
Бала Бауыржан –
көпшіл, зерек,
зерделі, қайсар,
ұқыпты, әділ,
сүйікті де сүйкімді ұл.
Қаһарман Бауыржан – майдангер-жазушы, халқының қамқоршысы, өнегелі ұстаз, тәлімгер, Кеңес Одағының Батыры, Қызыл ту орденінің иегері.
1942 жылдың қазанында подполковник шенін алады. Ал сегіз айдан соң полковник шеніне көтеріледі.
Бірінші дәрежелі «Қызыл Ту Ордені»
(2 рет)
«Ленин Ордені» мен «Отан Соғысының Ордені», «Әскери шайқастағы еңбегі үшін», «Мәскеуді қорғағаны үшін», «Қызыл жұлдыз», «Еңбек Қызыл Туы», «Халықтар достығы» және «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.
Ескерткіш Астана төрінен,
Бауыржан Момышұлы
даңғылының бойынан
орын алды.
Ескерткіштің биіктігі - 11 метр.
2000 жылы 12 қазанда
Ұлы Жеңістің
55 жылдығына және батырдың
90 жылдығына арнап салынды.
Авторлар ұжымы:
Мүсіншілер:
М. Рүстемов, Д. Әлдеков.
Сәулетшілер:
С. Дамбай, Н. Баекеев.
Ұлтжандылықтан жаралған Батыр Бауыржан мен ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан Алматыдағы Кеңсай зиратында қатар жатыр.