Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Жетібай кенті № 3 орта мектеп
Тақырыбы: « Күмбірлеген күміс күй»
Дайындаған: Қойшыбаева Ақерке
Сыныбы: Мектеп алды даярлық «Г»
2013жыл
Сабақтың тақырыбы: Күмбірлеген күміс күй
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының атақты күйшілері туралы толығырақ мағлұмат беру, күйшінің шығу тарихын айтып беру. Оқушыларды музыка өнерін сүюге баулу
Мұғалім сөзі:Сәламатты барсыздарма ата-аналар және ұстаздар. Бүгінгі 0г сыныбының «Күмбірлеген күміс күй» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер.
Күйші елі домбырасын аңыратқан
Халықты әсем әнмен жадыратқан
Құркең, Дина, Қали, Шамғандарда
Өсіпті осы елдегі маңырақтан
Балалар күй атасы кім? Құрманғазы Сағырбайұлы
Күй анасы кім? Дина Нұрпейісова Күйшілердің суреттерін слайдтан көрсету олардың өмірі туралы айтып өту. Адай күйін тыңдату.
Ендіше балалардың күй туралы тақпағын тыңдасақ
1 Динара
Домбырада ойнаймыз
Шетімізден шеберміз
Тақпақ айтып ән шырқап
Би де билеп береміз
2 Айбек
Қағылды кейде бір күй дабылдай боп
Бұрқырап кетті тұтап дауылдай боп
Әлде күш әлде дауыл, әлдеот шапқан
Әйтеуір,қыран көшкен сарындай боп
3Ақниет
Әлі күнге «Серпер»күй дабыл қаққан
Төремұрат тектілік шамын жаққан
Тек сендердің, бабалар,арқаларың
«Қазақпын» деп табады жаным мақтан.
4 Нұрдәулет
Сол күйлермен күштілер бағынады
Сол күйлермен әлсіздер шағынады
Ұлы өнерден ұрпағың, Құрман – Ата,
Табар әлі сіздіде,бағын әлі
Қазақ халқында Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей, Қазанқап, Тәттімбет сияқты атақты күйшілер болған.Бұл күй шығарған адамдарды халық композиторлары дейміз.
Би Нұршашу қыздар күйге билейді
Кезің аз халық мұңын сезінбеген
Күй талғап түндер қанша көз ілмеген
Жалпақ жұрт, қалың елді қақсатқанда,
Домбыраң «Көкіл» күйін безілдеген.
Тағы да күй туралы тақпақтарға кезек берсек
5 Нұргүл
Күй тілі көп заманның алуан ісі,
Күйлердің әлемге аян бар мәнісі.
Өмірді күймен бірге қоса алмайтын,
Керқұлақ, көрсоқыр алданысы.
6 Әділбек
Күйін-ай күмбірлеген домбыраның
Көңіліме аққуәуен қондырамын
Санамда сандуғаш сөз саялатып
Сабамды толтырады сол бір ағын
7 Гүлназ
Құрманғазы, Тәттімбет
Домбырамен сайраған
Жүрекке от жақсын деп
Елге күйін арнаған
8 Нұржан
Қазақтың күйшілер-ай өнегелі
Қоздырған ықтиярсыз делебені
Қан тамыр қуаттырақ соғатындай
Құдірет-күй сиқырына бөлегелі
Күйлер негізінен үш аспапта-домбырада, қобыз, сыбызғыда орындалған. Қазақтың домбыра күйлері орындаушылық ерекшелігіне, күйдің құрлымына байланысты шертпе және төкпе деп жүктеледі.
Балалардың орындауында ән «Қасиетті домбыра» хор
Арқа күйшілік дәстүрі, Қазақтың шығыс, солтүстік, орталық аймақтарын алып жатқан байтақ өңірдің арқа күйшілік ең көрнекті мектебі болып саналды.
Тақпақтар
9 Жансая
Бір күйі бар дәл қазақ баласындай
Бір күйі мақтар ұлдарын шаласынбай
Бір күйі шалқыса «Көбік шашып»
«Сары Арқасы» қазақтың даласындай
10Эльнара
Көңілдің шалқытатын құмар көлін
Күйіңді күмбірлетпей тұрар медің
Аяулы ақ жеңгеңді сипаттаған
Айтулы Ақжелең күй «Бүрген белең»
11 Әсел
Сазға салып- шапқанды шабылғанды
Сазға салып тарыққанн шағынғанды
Құса болған жандардың анда- санда
Кісен ашып тек қана бағы жанды
Домбыра тартуда бір өнер болып табылады. Өнері бар адамның қолы алтын демекші кезекті өнер білім туралы мақал – мәтелдерге берсек
Өнерлі өрге жүзеді. Әлібек
Өнерлі жігіт өрге озар Айбек
Өнерсіз жігіт жер соғар
Өнерлінің қолы алтын Нұргүл
Өлеңшінің сөзі алтын
Өнерлі бала сүйкімді Шұғыла
Білім таппай мақтанба Айдана
Өнер таппай баптамба
Күш білімде Әлия
Оқу- білім азығы Элнара
Білім ырыс қазығы
Оқусыз білім жоқ Әсел
Білімсіз күнің жоқ
Ақыл азбайды
Білімтозбайды Ақниет
Оқыда біл ойнада күл Жансая
Құрманғазы атамыз түрмеде отырып,анасын ойлап, қайран шешем, аман бол анам, аман бол атты күйлер шығарған. Сондай – ақ біздің сыныбымыздан Есетова Әсел атты қызымыздың «ана» атты әнін тыңдасақ.
Негізінен халықтың сүйіп тыңдайтын балбырауын күйі. Бұл ырғақты, биге икемді келетін күй ауыл жастарының ойларына, билеріне арналған .Ендіше қыздарымыздың «Домбыра » биін тамашаласақ.
Домбыраның құрлымы туралы таныстыру.
12 Айбек
Домыраның үні кетпес құлақтан
Күй тыңдасам нәр аламын бұлақтан
Домбырасыз төрі мәнсіз қазақтың
Рухын ол өз қолымен құлатқан
13 Шұғыла
Домбыра қазағымның махабаты
Домбыра күйдің жүйрік қазанаты
Домбыра Абай,Сүгір, Қашағанның
Ұрпаққа мұра еткен аманаты
14 Жалғас
Домбырам, сен арқылы сыр ұғамын
Жаным еріп үніңе тынығамын
Қазағымның қастерлі мұрасысың
Қуат бердің қаныма, шынығамын
15Айдана
Домбыра шертпесемде асылымсың
Құрметтім, іште қалай жасырынсың
Домбыра қазағымның жүрегіндей
Даланың мінезі бар ғашық үнсің
Домбырада ойналатын серперкүйі қаншама еңсесін басса да сынбайтын мойымайтын, қайта серпіп, бұрынғы қалпына келе беретін, болаттай берік халықтың қайтпас еркіне, ерлігіне арналған шығарма.
Тақпақтарға кезек берсек
16 Нұржайна
Домбырам жүрегіммен үндес едің
Сенімен сырласымдай тілдесемін
Бабамнан қалған мұрам сен болмасаң
Өнерімнің не екенін білмес едім
17 Әлібек
Домбырам досым менің күй аңсаған
Өзімді өмірімді қиям саған
Шағымда шабыттанған, қиялданған
Шанағың бар шаттығын қияр маған.
18 Ұлдай
Өсірген өнерімді қызыр бабам
Үніңнен айналайын бұзылмаған
Киелі пернеңе бір қол соқпасам
Шектерің жетімсіреп ызыңдаған.
19 Әсет
Домбыра, сенде мін барма.
Мінсіз болсаң тіл барма?
Тілі жоқ деуге болама
Тілден артық үн барда
Домбыраның күші мол
Көмейінде күй барда
Жұмбақтар
Айбек
Ұзын мойын екі ішек
Қатар- қатар текпішек
Басып көрсең бір-бірлеп
Ол не? (домбыра)
Әсет
Даусы бар, жаны жоқ
Шертсең күйі әні көп
Әсем әуен шығарған
Көпшілікке ұнаған
Ол не? (аспап)
Тақпақтар
20 Әлия
Саусақты қос ішекте безілдеткен
Сарқады сабырымды төзімді еппен
Сиқырлы дыбыстарға еліктейді,
Сырыңа құштар еді сезім неткен?
21 Аяулым
Шанағында ойнаған
Үніңе еш тоймаған
Қасиетті домбыра
Күй өнері халықтың жүрегін жаулап алған. Күйді аңыздарға қосып, сән кіріткен. Ендіше «Ақсақ киік» аңызын тамашалаңыздар.
Ендіше балалар осы аталарымыздың күйлерін естіп, тыңдап жүрелік, есте сақтайық, еліміз тыныш, аспанымыз ашық, әрқашан ынтымағы жарасқан дос болайық.
Ән «Дос болайық бәріміз» хор.
Осының мен бүгінгі 0г сыныбының «күмбірлеген күміс күй» атты ашық тәрбие сағатын аяқтаймыз. Назар қойып тыңдағандарыңызға көп- көп рахмет. Сөз кезегі ата – аналарға және ұстаздарға.