. 1. «Менен сұрақ, сенен жауап». Әңгімелесу 1. Өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдадыңыздар ма? 2. Сен ол мамандық туралы не білесің? 3. Мамандық таңдамауыңның себебі неде? 4. Сенің мамандық таңдауына кім әсер етті? 5. Қай жақта оқығанды ұнатасың? 6. Сен оқуға түскеннен кейін оқудың қиындығына төзе аласын ба? 7. Адамның мамандық таңдауы оның әлеуметтік жағдайына әсер ете ме? Қалаймын», «Қолымнан келеді» және «Қажет» - осы үшеуін бір - бірімен үйлестіре алсаң, сенің кәсіби таңдауың өте сәтті болмақ. Сенің міндетің – келесі талаптарды орындайтын мамандықты таңдау: • Сен үшін мамандығың қызықты және тартымды болуы қажет; • Сенің қабілеттеріңе сәйкес келуі қажет; • Еңбек нарығында сұранысқа ие болуы қажет. Тапсырмаларды орындайды. Адам-табиғат 100 «Адам – табиғат» бағытының еңбек объектілері (жануарлар, өсімдіктер, жер бедері, ауа, су, т.б.) Адам-табиғат 300 Тірі организмдерді және олардың қоршаған ортамен өзараәрекеттестігін зерттейді. Бұл бағыттың кейбір мамандары тірі организмдер туралы білімді толықтыру мақсатында ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Басқалары бұл білімді қолданабалы мақсатта қолданады: жаңа дәрі-дәрмектер жасау, егінді көтеру, қоршаған орта жағдайын жақсарту үшін. (агроном) Адам-табиғат 500 Үй, спорттық және лабораториялық жануарларға қомқор болады, сонымен қатар адамдарды жануарлардың жұқпалы ауруларынан қорғайды. Ол медициналық мәселелерді, сыртқы жарақаттарды анықтайды, операция жасайды, рецептілер жасайды, жанауарларға түрлі аурулардан егу жасайды. Жануарлардың иесіне оларды күту бойынша кеңестер береді. (ветеринар) Адам-техника 100 Ол ұзақ және күрделі полиграфиялық үрдісті аяқтайды. Ол басылған беттерді соңғы өнімге, яғни кітапқа, журналға, каталогқа айналдырады. Мұндай мамандық мамандары кітап фабрикаларында, типографияларда және көбейту аппараттары бар мекемелерде жұмыс істейді.(редактор) Адам-техника 300 бұл мамандық адамы механикалық шеберханаларда, жөндеу цехтарында, техникалық қызмет көрсету және жедел жөндеу станцияларында еңбек етеді. Олар автокөліктердің техникалық жағдайын бақылайды, ақауларды жойып, жөндеу жұмыстарын жүргізеді.(автомеханик) Адам-техника 500 Нан өндіру кәсіпорындарында жұмыс істейді. Ол арнайы құралдарды қолдану арқылы нан, нан өнімдерін пісіреді. Сонымен бірге қамыр жасау және қамыр бөлу машиналармен жұмыс жүргізеді, қамыр илейді, қамырдың, өнімнің дайын болуын анықтайды. (технолог) Адам-адам 100 Оның негізгі міндеті – азаматтардың және ұйымдардың заңды қызығушылықтары мен еркіндіктерін, құқықтарын қорғауды жүзеге асырады. Ең алдымен ол – құқық білгірі. Адамға кез келген жағдайда заңгердің кәсіби кеңесі қажет болғанда ол осы маманға жүгінеді.(заңгер) Адам-адам 300 Негізгі міндеті – жасөспірімдердің бақылаусыз қалуын және құқық бұзушылығын алдын алу, оларға қосымша әсер ету. Жұмысының мағынасы – жасөспірімдерді өз уақытында жаман қылықтардан алдын алу, қоғам алдында өз жүріс-тұрысына жаупкершілігін арттыру. (инспектор) Адам-адам 500 Жаттықтырушылар іс-әрекеті түрлерінің ерекшелігі бойынша оларды балалар, жасөспірімдер және ересектер спорты деп бөледі.Бірінші деңгей адамдары спорт мектептері мен секцияларда жұмыс істейді.Екінші деңгей –республикалы, қалалық құрама командалары үшін спортсмендерді дайындаумен айналысады.Үшінші деңгей – чемпиондар мен рекордсмендер, яғни жоғары санаттағы спортсмендермен жұмыс.(жаттықтырушы) Ең қиын мамандықтар …....... ( өрт сөндірушілер, ұшқыштар, теле- және радиожүргізушілер, мұғалімдер, медицина және әлеуметтік қызмет саласының мамандары, шахтерлар, жедел жәрдем қызметінің диспетчерлері, мереке ұйымдастырушылар мен әуе диспетчерлері) Ең қажет етілетін мамандар (инженерлер, IT саласының мамандары, нанотехнология саласының мамандары, маркетологтар, қызмет көрсету бойынша мамандар, логистер, экологтар, дәрігерлер, химиктер) Ең қызықты мамандар …... ( гольф алаңыда доптарды жинап, ойынға қайта қосушы, жиһаз сынаушы шебер, пингвин бұрушы мамандығы, ми алушы, қолтық иіскеуші) |