2. Бата беру І. Қазақтың салт- дәстүрінде көп мән – мағына бар. « Мейірімділікті анадан үйрен, әдептілікті данадан үйрен» дегендей, көп әдепті де, тәртіпті де, тәрбиені де қазақтың салтынан үйренуге болады. Себебі, салт-дәстүр тұнып тұрған тәрбие. Бүгінгі ойынымыздың негізгі тақырыбы сол әдет-ғұрып, салт-дәстүрге байланысты болады. Ойын барысында ойыншыларымыз сол
Тұмар – молдаларға оқытып ,ұшбұрыштап матаға немесе теріге тігіп кішкентай баланың мойнына тағып қоятын нәрсе. Бұл пәле-жаладан, тіл, көзден, ауру-сырқаудан сақтайды деген ұғымнан туған.
Сол заттың атауын ырым етіп біз өзіміздің топтың атына қойдық.
v Топтың аты «Тұлым»
Тұлым – баланың кішкентай кезінде шашын өсірмей екі шекесіне екі шоқ шаш
қояды. Мұны «тұлым» деп атайды. Тұлым көбінесе қыз балаға қойылады және
ол сәбиге лайықты ғұрып. Біз өз тобымызды сол әдет-ғұрып атауымен атауды
жөн көрдік
ІІІ. Негізгі бөлім
Дыбыстар сөйлейді: Алдымен дыбыстарды таңдап алады. Оқушылар
өздеріне тиісті дыбыстан басталатын сөзбен жауап беру керек. Ол нақты және тапқырлықпен берілген жауап болу керек
Д: 1. Киіз үйдің көлемі қандай?
2. Қате кетсе не істейсің?
3. Досыңның мінезі қандай?
4. Тіл үйрену қиын ба?
5. Болашақта кім боласың?
Ә: 1. Алфавит неге ауысты?
2. Киіз басушы кімдер?
3. Өз бетінше қазақша үйрене
ала ма?
4. Әнді кімнен үйренесің?
5. Зергерлердің жасаған
бұйымдары?
С: 1. Қайда тұрасың?
2. Қалай күлесің?
3. Туған жеріңді қалай сүйесің?
4. Сен жақсы көретін
мамандық?
5. Досың қазақша біле ме?
Т: 1. Қазақша кітап оқисың ба?
2. Ән айтасың ба?
3. Қалай сөйлейсің?
Ұлттық киімдер білесің бе?
5. Адамға алдымен не керек?
Ү: 1. Жақсы оқисың ба?
2. Музыка тыңдайсың ба?
3. Білімді кім береді?
4. Қыз балаға не береді?
5. Жаңалықты қайдан
тыңдайсың?
Р: 1. Аспаздың жұмысы ұнай ма?
2. Сен қате жазасың ба?
3. Жаңа жылды қайда
тойлайсың?
4. Анаңа не тілейсің?
5. Кітаптарыңды қалай
ұстайсың?
2.Ойлан тап. «Шілдехана» сөзі екі топқа беріледі. Екі топ белгіленген
уақыт ішінде сөздер құрап шығару керек. Нәтижесінде мағынасына, сөз санына қарай ұпай беріледі.
3. Қолқа салу– екі топ салт-дәстүр бойынша көрніс көосетеді
қояды?
4.Сөзді жұмбақта» ойыны. Бұл кезеңде екі топ жүргізушіден сөздер
алып, атын атамай , тек түсіндіру керек.
Алынған сөздер: бесік, айран, қымыз, бауырсақ, нағашы, немере, киіз үй, ат жарысы,ән айту
ІҮ. Қорытынды
Сүйінші. Әділқазылар ұпай санын әр ойын бойынша айтып, жалпы нәтижесін хабарлайды. Жоғарғы ұпай саны – 10, ең кіші ұпай саны – 5. Марапаттау.
Сөз соңы: Дәстүрімізді дәріптеп, салтымызды сақтап жүре беріңіздер!
Рахмет! Сау болыңыздар!
Сабақтың тақырыбы: Имандылық жүрекке ұяласа
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды адамдық асыл қасиеттерді
қастерлеп, өмір заңдылықтарын білуге үйрету.
Адамгершілік қасиетттерге бағыттай отырып,
Оқушының рухани білімін байыту, логикалық ойын дамыту.
Адамгершілік қасиеттерді сезіне білуге және үлгі ете
Шатттық шеңбері. Музыка ойнап тұрады.Оқушылар шеңбер құрып, қолдарын дағы гүлдерін бір – біріне ұсынып, жақсы тілектерін айтады.
Білектей арқасында өрген бұрым
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін ?!
Атадан жақсы ұл туса
Елінің туы болады
Атадан жаман ұл туса
Елінің соры болады
Оқушылар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Имандылық жүрек
Ке ұяласа» деп аталады. Берілген екі түсті таңдап алып, екіге бөлініп отыра мыз.
Тренинг. Алдарыңыздағы параққа адам бойындағы жаман, жақсы қасиеттерді жазып, алдарыңызға бүктеп қойыңыз.
«Топтастыру» стратегиясы
Имандылық
Адалдық
Әділдік
Адамның асыл қасиеттері
Әдептілік
Ізеттілік
Қайырымдылық
Балалар, қазақта мынадай тілек тілейді екен.Қыздарға ибалы, инабатты болсын, ұлың иманды, жүректі болсын, адамгершілігі мол болсын, қайырымды болсын. Адам бойында жақсылық пен жамандық, имандылық пен имансыздық қатар жүреді.Осы қасиеттерден аулақ болу үшін манағы жаман қасиеттерді жазған парақтарды жыртып тастайық.
Имандылық пен инабаттылық туралы не білеміз?
Балалар пікірі тыңдалады.
Жаңа ақпарат.
Иман – араб тілінде «сенім» деген ұғымды білдіреді. Имандылық Алланың ақ екендігіне,ал Мұхаммед пайғамбарымыз ұсынған парыздарды мүлтіксіз орындауға ,яғни адамгершіліктің биік мақсаттарын сөзсіз атқаруға үндейді. Халық адамгершілігі жоғары кісіні «иманды» деп құрметтейді. Адамгершілік қалыпты бұзған адамды «имансыз» деп жек көреді. Адамгершілігі, ар – ұяты бар адамның бет – бейнесі, иман жүзділігі жарқын, биязы, парасатты болады. Инабаттылық – әдептіліктің әсем көрінісі. Инабаттылық рәсімдері: қарапайымдылық, сыпайылық, тіл алғыштық,адалдық,әділдік,жауапкершілік.
Проблемалық жағдаяттар
Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда алдыңнан бір үлкен кі
сі шықты. Сен не істер едің?
Автобуста,қоғамдық орында егде адамдарды көргенде не істейсің?
Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?
Қорытынды. Адамгершілік,имандылық пен инабаттылық туралы мағлұмат алдық.Егер сен бала күніңнен әдепті,иманды,жүрегі мейірімге толы бала болып өссең, есейе келе ата –анаңның, өз Отаныңның мақтанышы боласың.