Просмотр содержимого документа
«Тәрбие сағаты "Қош келдің, әз Наурыз"»
«Қош келдің, әз Наурыз!» Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.: Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру. Көрнекілігі: плакаттар, нақыл сөздер. Тілектер: «Ұлық бақты болсын, төрт түлік ақты болсын», «Дастарқан берекелі болсын!», «Жыл басы Наурыз, Мол болсын дәм тұз!» Әуен ойналып тұрады. Барысы: 1 - жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата - аналар, қонақтар. Бәріміздің көптен күткен Наурыз мерекесі келіп қалды. Мерекелеріңіз құтты болсын! Наурыз «жаңа күн» деген сөз. Яғни бұл күн біздің ата - бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойы құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын! 2 - жүргізуші: Наурызым қайта оралды аты аңыз, Сұраймыз алғыс та біз, ақы да біз. Үй - дастархан, даламыз сахнамыз, Ұлы мейрам Наурызға шақырамыз! 1 - жүргізуші: Көктем жетті көл - көсір шуақ құрып, Қыс та ұзап барады жылап тұрып. Шатырында үйлердің Наурыз да жүр, Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.
2 -жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Бәріміздің көптен күткен Наурызымыз да келді! Наурыз тойларыңыз құтты болсын! Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді боп, тілектеріңіз қабыл боп, аман-есен тойдан тойға жетіп, ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп, жаңа жылда, жаңа үміт, жаңа тіршілікпен, осы ұлыстың ұлы күнінде елімізге, жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын. Барлық жақсы ниет-тілектеріңіз қабыл болсын! Бибақан негізгі орта мектеп оқушылар ұйымы мен әкімшілігі дайындаған «Армысың, Әз Наурыз» атты мерекеге қош келдіңіздер! І жүргізуші: Қашанда Құт - береке орнасын деп, Тойларда шашу шашу – салты елімнің. Уа, халайық, теріп ал мәмпәсиді, Қабыл қылсын халқымның ақ тілеуін. ІІ жүргізуші: Шашу, шашу көп шашайық шашуды Жауғандай көк аспаннан нөсер жаңбыр. Уа, жамағат жинап ал несібеңді, Ризығың бола берсін көл - көсір! ШАШУ ШАШЫЛАДЫ.
1 - жүргізуші: Шашу! Шашу! Көп шашайық шашуды, Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр. Уа, жамағат, теріп ал несібіңді, Ризығың болсын көл – көсір!
2 - жүргізуші: Қашанда құт – береке орнасын деп, Тойларда шашу шашу - салты елімнің. Уа, халайық! Теріп ал несібіңді, Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің
1- жүргізуші: Алқа - жұртым, той - думан, Ортамызда ашайық. Ән мен күйді төгіп біз, Інжу маржан шашайық! Ән орындалады. 2 - жүргізуші: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен, Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем. Жарығыңмен, шуағыңмен Күн - Ана, Алып келдің жер бетіне гүл көктем. 1 - жүргізуші:
Жыр сыйлайық, нұр сыйлайық тірлікке, Қастерледік қадіріңді білдік де. Құтты болсын ұлыс күн жұмылдырған, Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке. 2-жүргізуші: Алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Мухамедиева А.Т беріледі. 1-жүргізуші:
Уа, жараңдар, жараңдар!
Бәрің бері қараңдар,
Наурыз думан басталды,
Бір сәт зейін салайық.
Ұштасқан оймен мәңгілік
Біздерде бар сан ғұрып,
Ғасырлардан ғасырға
Келе жатқан жаңғырып.
2-жүргізуші:
Күттіріп келген жыл басы,
Бізбен бірге жырлашы.
Елімнің дастарханына
Береке, ырыс сыйлашы.
Ата-бабам тойлаған
Наурызымыз армысың!
Ән:
1—жүргізуші
Ақыл адам көрігі, ақылдың сабыр серігі. Ал басқаға демеу болу – жомарттық. Жақсылық жасау қолыңнан келіп тұрса, қуаныш сыйлауға мүмкіншілігің жетіп тұрса, неге қол ұшын созбасқа?! 2- жүргізуші:
Ендеше наурыз мерекесімен құттықтау сөзін осы келіп отырға ауыл әкіміне береміз
1-Жүргізуші:
Ұлыс тойы басталды. Наурыз туын көтеріп, Жар салайық әлемге. Көрмегендер көріңдер, Естімегендер естіңдер, Дабылын оның қағайық, Шақырамыз бәріңді Ұлыстың ұлы күніне
2-Жүргізуші:
Ендігі мерекеге құттықтау тілегін ылғи мектеп өмірімен тығыз байланыста жүретін, мектепішілік іс- шаралардан тыс қалмайтын, әрқашанда қандай істе де мектеп ұжымын қолдап, ұстаздарға, оқушыларға қолдау көрсетіп отыратын ата аналарымыз өз тілектерін білдірсін.
1 жүргізуші:
— Бүгін жер бетіне жақсылық ұялаған күн.
— Бүгін – көк құт көзін ашқан күн: — Бүгін – Жаңа жылдың жерге түскен күні — Бүгін – Жер-Ананың тоң кеудесі жібіп, тас емшегі иіген күн. — Бүгін – Самарқанның көк тасы еріген күн. — Бүгін – Береке мен Бірліктің, Игілік пен Теңдіктің туын көтерген Наурыздың туған күні.
Ән: (Наурыз той)
2-жүргізуші: Қадірлі ағайын, біз бүгінгі мерекелік кешімізді сайыс түрінде өткізуді жөн көріп отырмыз. Алдарыңызда 3 киіз үй тігіліп, яғни, үш ауыл салтанат құрып отыр. Бүгін осы үш ауыл мынадай сайыстар бойынша сынға түседі:
І. Ұлттық киім
ІІ. Салт-дәстүрді сахнада көрсету
ІІІ. Ұлттық өнер
ІV. Наурызға байланысты сұрақтарға жауап беру.
V.. Ұлттық дастархан
1-жүргізуші: Ауылдарымызға «Бәйшешек», «Наурызша», «Қызғалдақ», деген аттар бердік.
Ауылдарымыз өз өнерлілерін бәйгеге қосады! Бірге тамашалайық! ( үш ауыл би, ән, күй өнерін ауылдар белгілі бір салт-дәстүрді көрініс етіп қояды: «Бесікке салу», «Тұсау кесер», «Келін түсіру», «Бата беру» «ат қою» т.б. көрсету керек)
1-жүргізуші:
Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,
Қастерледік, қадіріңді білдік те.
Құтты болсын, ұлыс күні жұмылдыр
Бәрімізді Ынтымақ пен Бірлікке!
2-жүргізуші: Енді ортаға әрбір ауылдың басшыларын шақырайық. Олар Наурыз мерекесіне қатысты сұрақтарға жауап береді.
Жыл басында алғаш жауған қар қалай аталады? (Ақша қар)
Жыл басының алғашқы күні? (Ұлыс күні)
Жыл басының алғашқы желі? (Алтын күрек)
Жыл басының алғашқы төлі? (Дүбір аяқ)
Жыл басының алғашқы сүті?(Уыз)
Жыл басының алғашқы көгі? (Бәйшешек)
Жыл басының алғашқы асы (Наурыз көже)
Жыл басының алғашқы белгісі (Көрісу)
Жыл басының алғашқы сый тамағы (Ұйқыашар)
Жігіттердің қыздарға беретін сыйы (Селтеткізер)
Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы (Наурызек)
Наурыз айында өсетін жапырақты, қауашақты түрлі гүл (Наурыз шешек)
1-жүргізуші: Барлық кезеңнің тапсырмаларын сәйкесінше орындадық деп ойлаймыз, ендеше әділ-қазылардың бағасын білейік.
2-жүргізуші: Шыға келді сыланып сылаң келер,
Қияңдағы қиылды қыранға ерлер.
Қызғалдақты кешіп жүр қыр астында
Мың бұрала жүгірген бұраң белдер.
1-жүргізуші: Арда өсіп, адал емген ақ уызың,
Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін.
Көк бөрілі байрағын желбіретіп,
Көк түріктер тойлаған Наурызым!
2-жүргізуші: Наурыз мерекесі құтты болсын! Келесі жылы амандықта жүздескенше!