1.Ұйымдастыру. Сайысқа қатысушы топтар ортаға шығады. Әр топта 3 оқушыдан, 4 топ.
Өтілу барысы:
Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар!
Бүгін біздің 5 сыныптар арасындағы «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» ойыны өткелі тұр.
Бұл сайысқа 4 топ қатысады: 1. «Болашақ» тобы. 2. «Жалын» тобы.3. « Барыс» 4. «Сұңқар»
Құрметті ұстаздар сіздердің іштеріңізден әділ қазыларды сайлап алсақ.
1.
2.
3.
Жүргізуші:Алдымен мақал-мәтел дегеніміз не? Қысқаша тоқталып өтсек:
Мақал-мәтел – ата бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанмен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал-мәтел – тәрбиелік мәні зор, рухани байлық. Осы тұста мен осы мақал мен мәтел айырмашылығын түсіндіріп өткім келіп отыр.
Мысалы: Мақалда қорытынды, тұжырымды түйін айтылады. Айтылар ой нақты толық жеткізіледі. Мысалы: «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі» деген мақалда елді қорғау, жерді қорғау нағыз жігіттің ісі екендігі айтылып тұр.
Ал, мәтелде ой тікелей білдірілмей тұспалдап, жанамалап айтылады.
Мысалы: «Көппен көрген ұлы той». Мұнда не көрсең де халықпен бірге көр, өз басыңның ғана қамын ойлама деген сөз тұспалдап айтылып тұр.
Біздің мақсатымыз, оқушының білімге деген құштарлығын, ізденімпаздығын, оқу деңгейін және ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге салмақты ой айтуға үйрету болып табылады. Ендеше біз бүгінгі сайысымызды бастайық.
Сайысымыздың шарты:
1. Өздерін таныстыру, топтың аты, ұраны.
2. Мақал – сөздің мәйегі. (тақтада мақал-мәтелдің басы беріледі, қатысушы топтар мақалды жалғастырады 3. Кім тапқыр?
-Ал балалар, мен Сіздерге жұмбақ айтамын, сол жұмбақ шешуін 3 тілде айтуымыз керек. Жұмбақ деген алақанды жұмудан, яғни қолдың ішінде бір нәрсені жасырып, жұмып тұрып, соны тап дегеннен шыққан. Жұмбақ жасырғанда айтылар нәрсені ойда бүгіп қалып, соған ұқсас нәрселерге теңеп, тұспалдап сипаттап айтады 4.Тұлғаны таны. ( Тақтадағы ақын-жазушылардың суреттеріне қарай отыра , өмірдеректерімен танысып кім екенін айтады)
5. Даналық ойдан дән ізде. (Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын ашу , мысалы: Тайға таңба басқандай – анық,нық).
Жүргізуші: Әріқатты,әрітәттіөмірге,
Келгенжоқпызкешкебекереруге
Тиістімізболашақтыңалдында,
Тік түрегеп, тура жауап беруге, - дей келе бүгінгі сайысымызды бастаймыз.
1 бөлім. Таныстыру
1 топ « Болашақ»
2 топ «Жалын»
3 топ «Барыс»
4 топ « Сұңқар»
Ән: 2 бөлім.Мақал – сөздің мәйегі Білікті бірді жығар, білімді мыңды жығар, - дегендей оқушылардың тапқырлығы меной – өрісін тексеру мақсатында 2 бөлімді бастаймыз.
Өнер - ағып жатқан бұлақ, ...(Білім – жанып тұрған шырақ)
Еңбекетсең ерінбей, ...(тояды қарның тіленбей)
Кітап – білім бұлағы,.... (білім – өмір шырағы).
Досы көпті жау алмас,.... (ақылы көпті дау алмас).
Мектеп-кеме......( білім теңіз).
Ырыс алды,....... (ынтымақ).
Ердің атын....... (еңбек шығарады).
Көп сөз-күміс......(аз сөз алтын)
Отан үшін......(отқа түс-күймейсің).
Өз тілің - бірлік үшін........(Өзге тілің - тірлік үшін.)
Ішімдегінің бәрі тілімде,........(тілімдегінің бәрі түрімде).
-Ал балалар, мен Сіздерге жұмбақ айтамын, сол жұмбақ шешуін 3 тілде айтуымыз керек.Әр топқа 2 жұмбақтан қойылады, ал егер жауап бере алмаса қарсылас топтар жауа беруге болады.
4- бөлім. Тұлғаны таны. ( Тақтадағы ақын-жазушылардың суреттеріне қарай отыра , өмірдеректерімен танысып кім екенін айтады)
10 тамыз1845ж. қазіргіСемей облысыныңШыңғыс тауларында дүниге келген. Оның көптеген шығармалары, қара сөздері, жыр-шумақтары жарық көрген. Ол кім?
Абай Құанбаев.
(28 тамыз(9 қыркүйек)1828 жыл,Ресей империясы,Тула губерниясыЯсная Поляна— дүниеге келген, 7 қараша(20 қараша)1910, Астапово,Рязань губерниясы, Ресей империясы)өмірден оған - орыс әдебиетінің әлемге аты шыққан жазушысы, ағартушы, публицисті кім?
Лев Толстой
1564 жылы 23 сәуірде Эйвон өзенінің бойындағыСтратфорддеген кішкентай қалада дүниеге келген. Оның әкесі айтарлықтай ауқатты қала тұрғыны еді. Өзінің «Гамлет», «Отелло», «Король Лир», «Ромео мен Джульетта»және басқа трагедияларында қайырымдылық пен әділеттілік туралы ізгі, батыл адамдар армандарының жүзеге аспайтындығын көрсеткен ақын – жызушы. Ол өз шығармаларын ағылшын тілінде жазып шыққан. Ол кім?
Уильям Шекспир
1841 жылы қазан айының 20-сында қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келеді. Үш-төрт жасында әкесі қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді. Атасы Балғожа би өз аймағының атақты кісілерінің бірі болған.Ең алғаш мектептің ашылуларына да үлесін қосқан. Көптегн шығармалар,өлеңдері бар. Мысалы, "Кел, балалар, оқылық!" атты өлеңі жастарды оқуға, білім алуға шақырады.
Ыбырай Алтынсарин
Уолт Дисней
1901 жылы желтоқсанда дүниге келген — 15 желтоқсан 1966 өмірден озған.) — америкалық суретші-мультипликатор, кинорежиссёр, актёр, сценарист және продюсер, «Walt Disney Productions» компаниясының негізін қалаушы, сол компания қазір «The Walt Disney Company» медиа империясына айналды. Тарихтағы ең бірінші дыбысталған мультфильмді жасаушы адам болып табылады.
(6 маусым 1799 жылы Мәскеуде дүниге келді, 10 ақпан 1837жылы , Санкт-Петербург, Ресей мемелектінде өмірден озған) — Ресей ақыны, классикалық орыс әдебиетінің негізін салушы. «Руслан и Людмила» атты тұңғыш поэмасын жазды.
А.С. Пушкин
Ән: 5 сынып оқушылары:
5-бөлім. Даналық ойдан дән ізде. (Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын ашу , мысалы: Тайға таңба басқандай – анық,нық).
Ақсақ қой түстен кейін маңырайды. (кеш, жәй)
Тілдің ұшында тұр. (ұмыту, жеткізе алмау)
Ит өлген жерде. (алыс, қашық)
Қас пен көздің арасында. (лезде, тез, жылдам).
Төбе шашы тік тұру (қорқу, үрейлену)
Тайға таңба басқандай. (анық, нақ)
Үріп ауызға салғандай. (әдемі, сұлу)
Көз шырымын алу —(ұйықтау)
Біреудің ала жібін аттама- (жамандық жасама)
Қамшының астына алу- (соғу, ұру)
Шашасына шаң жұқпайды-(жүйрік)
Тіс жармау,- (Айтпау)
Ән: 5 сынып оқушысы
Қорытынды. Іс- шараны қорытындылау.
Сайыскерлердің білімдерін, тапқырлықтарын саралау үшін сөз кезегі әділқазылар алқасынаберіледі.Жеңімпаздардыанықтау. Әділ қазы мүшелеріне сөз кезегін ұсынсақ.Рахмет. Келесі кездескенше сау болыңыздар!