Просмотр содержимого документа
«Та?ырыбы: "«?аза?стан маржандары» танымды? са?ат »
«Қазақстан маржандары» танымдық сағат Мақсаты: 1.Оқушылардың білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға баулу.
2.Алған білімдерін толықтыру, олардың ақыл, жігерінің толысып дамуына әсер ету, сөйлеу тілін дамыту.
3.Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу.
1-жүргізуші: Қазақ жері-ата-бабам бесігі,
Орман, дала, аса байлық несібең
Жыр –маржанның, сөз асылын арнаймын
Туған жердің Тәуелсіздік күніне!
2- жүргізуші: Күн шаңырақты күміс отау далам бар,
Сүйсініңдер, суретіне қараңдар!
Азат өлкем күндей күлген Шығыстан,
Айналайын Қазақстан-Гүлстан!
1-жүргізуші: Қазақстан-біздің Отанымыз, еліміз, туған жеріміз!
2- жүргізуші: 1991 жылы 16-желтоқсан күні Қазақстан Тәуелсіз Республика болып жарияланды. Бұл күні біздің ел жылдық жұмысын, өмірін қорытындай десек те артық болмас.
1-жүргізуші: Бүгін, мерекемізге келіп отырған қонақтарды Тәуелсіздік күніменқұттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, бақыт, еліміздің гүлдене беруіне, оқуда жақсы ат салысуларыңызға шын жүректен тілектеспіз!
(Хор: «Отаным-Қазақстаным» )
2- жүргізуші: «Елім менің –Қазақстан»атты сайыстық бағдарламаны ұсынамыз.Бұл туған еліміз туралы білім сайысы.
1-жүргізуші: Ойын шарттары:
Ø Ойын екі бөлімнен тұрады.
www.jospar.kz күнделікті сабақ жоспарын сатып алуға ең сенімді сайт.
Ø Ойынды әділ қазылар алқасы бағалайды.
Ø Ойынның бірінші бөлімінде жүргізуші залға сұрақ қояды, жауабын білнтіндер қол көтеріп жауап береді.
Ø Бірінші бөлімінде жауаптарды дұрыс бергендер ойынның екінші бөліміне қатысады.
Бірінші бөлім
1-тур. Викторина
1.Қазақтар ертеде қалай атанған?
2.Қазақтарда жыл мезгіліне байланысты көшіп-қонулары қалай аталады?
3. Рессейге Кіші Жүз қай жылы қосылды?
4. Қазақстан Республикасы қашан тәуелсіздік алды?
5. Қазақ тілі қашан мемлекеттік мәртебе алды?
6.Қазақстан елбасын сайлау қашан өтті?
7. Қазақстанның рәміздерін қашан бекітті?
8. Қазақстан жаңа Конституциясы қашан қабылданды?
9. Қазақстан дүние жүзілік, халықаралық, ұйымдарға мүше бола алады ма?
10. Қазақстан қай елдермен шектеседі?
11. Қазақстанның жер көлемі қандай?
12. Д.И. Менделеевтің периодтық жүйесіндегі элементтердің қаншасы қазақ жерінде бар?
13. Қазақстан қандай экономикаға көшті?
2-тур. «Тарихи очерк»
Суреттер бойынша шағын очерк дайындап, әңгімелеп беру.
Қазақстан туы
Ұлттық киім
Киіз үй
3-тур. «Білім аукционы»
Аталған тақырыпқа байланыты сөздер атау. Соңғы сөз атаған оқушы жеңеді.
1.Ұлттық дәстүрлер, мерекелер.
2. Қазақстанның тарихи адамдары.
4-тур. Жұмбақтар.(10 жұмбақ)
1-жүргізуші: Осымен, бірінші кезеңі аяқталды.
Әділ қазылар алқасы екінші турға қатысатын балаларды айтады. Осы балалар енді жеке сайысқа шығады.
Музыкалық сәлем
Екінші бөлім
1-тур. «Тарихшы»
Бұл қала Қазақстан территориясындағы ірі қалалардың бірі болған.Ең жоғары деңгейіне қала 10-12 ғасырларда жетті.(Отрар қаласы)
Оның әкесі қолбасшы болды. Ол Отрар қаласында түрік отбасында туды.Бағдадта грек философиясына, математикаға, медицинаға, бірнеше тілдерге үйренді.( Әл-Фараби)