Просмотр содержимого документа
«"Тапқыр болсаң, тауып көр" сайысы»
Сайыстың мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, қызығушылығын арттыру, өз бетімен және топ болып жұмыс атқаруға баулу.
Ұйымдастыру. Сәлеметсіздер ме, физикалық сайысқа қатысушы мектеп оқушылары мен аяулы ұстаздар !
Мінеки, мұнда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз,
Кешіккендерді тоспаймыз.
Көңілді тапқыш сайысын
Көпшілікті тостырмай
Міне қазір бастаймыз.
Ендеше, «Тапқыр болсаң, тауып көр» атты сайысымызды бастаймыз. Сайыскерлеріміздің білімі мен өнеріне баға беретін санамақ комиссиясын сайлап алайық. Ал қазір ойын шартымен таныстырып өтейін.
І. Таныстыру (топтың аты, ұраны, эмблемасы)
ІІ. Мені түсін (пантомима)
ІІІ. Викториналық сұрақтар
ІV. Ауыстырмақ
V. Басқатырғы
VI. Капитандар сайысы
VII. Тапқырлар
Біздің күнделікті іс- әрекетіміз білімге, оқуға,үйренуге бағытталған. Бірақ бұл қасиеттерге қоса адамға шапшаңдық пен алғырлық та қажет.
Сайыстың І кезеңі– «Таныстыру» 5 ұпай беріледі
Архимед тобы
Грек ойшылы Архимед Ұлы асқан ойымен
Ғылымға қосты зор міндет. Ваннадағы суымен.
Көтерді жерді рычагпен, Ашты ғалым жаңалық
Көрсетіп елге ол құрмет Білімді білгір ұғыммен.
Ұран: « Үйреніңіздер, оқыңыздар, ақылға салыңыздар, оның ішінен ең қажеттісін таңдап алыңыздар»
Ньютон тобы: Сәлем бердік, Архимедтің тобына,
Ізгі ниет ақ жол тілеп жолына.
Ғылым жолына тартылыс күшін енгізген,
Архимедтің Ньютон деген досына
Құрмет тұтады. Ньютон ата, ел сізді,
Ғылым жолына жол көрсеттің ең ізгі
Физикаға өз үлесін қосқан Ньютон
Үш механика заңдылығын енгізді.
Ұран: « Оқу – ой азығы, Жаттығу – тән азығы».
ІІ. « Мені түсін» ( пантомима).
Жарыс заңы ежелден
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену, жалықпау- дегендей келесі кезекте «Мені түсін» кезеңі.
Бұл сайыста әр дұрыс жауапқа -1 ұпайдан беріледі.
Әр топтан бір оқушы шығып, қағазға жазылған сөзді алып, сөйлемей, іс-қимылмен қандай физикалық құрал екенін өз тобына түсіндіру керек. Басқа топ мүшелері құралдың атын табу керек. (КАМЕРТОН, НАСОС, ТЕРМОМЕТР, ТАРАЗЫ)
ІІІ.«Викториналық сұрақтар»
Білмегенді білдірген,
Өлшеп киім кигізген
Барлық істі атқарып,
Пайдасын елге тигізген
Физика емей немене?- деп, «Викториналық сұрақтар» кезеңін бастайық. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
Архимед тобына 1.Адамның алғашқы көлігі не?
2.И.Ньютонның 1687 жылы бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуына себеп болған не?
3.Едендегі суды қандай шүберекпен сүртіп алу жеңіл: дымқылмен бе, әлде құрғақпен бе?
4.Кірпіштің салмағы 4 кг және тағы жарты кірпіш. Кірпіш салмағы қанша?
5. Екі адам тоғызқұмалақты 2 сағат ойнаса, әрқайсысы неше сағат ойнайды?
Ньютон тобы 1.А.Македонский заманындағы уақыттың көрсеткіші немесе өлшеуіші?
2.Бір жылда неше күн бар?
3.Қояндар бөренені кесіп отыр, 12 рет кескенде неше бөлік шығады?
4.Қос ат 40 км жол жүрді. Әрбір ат неше км жол жүреді?
5.Түнгі сағат 10-да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күн жарқырап шығуы мүмкін бе?
ІV. Ауыстырмақ . Дүниедегі құбылыстың мәнін де,
Табиғаттың, қозғалыстың бәрін де
Мүмкін емес физикасыз түсіну,
Физика- дүние кілті бүгінде, -деп, келесі «Ауыстырмақ» кезеңін бастаймыз. Бұл кезеңнің шарты бойынша, әр топқа әріптерінің орны ауыстырылған 5 сөзден берілген. Дұрыс атауын табу керек. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
Архимед тобы Ньютон тобы ЖОДУЛЬ КОТ
ЛУНОК ЕНЕРКУ
РАПЕМ ГЕКДЕРІ
МО ЕМЛКӨ
ОТЛЬВА АСМАС
V. «Басқатырғы» сіріңке шиімен ойын және есеп шығару. Әр тапсырмаға 1 ұпайдан.
Айдан хабар алғызған,
Зәулім үйді салғызған.
Теңіз суын каналмен
Шөл далаға барғызған, -деп келесі кезеңге кезек берейік.
Архимед тобы:
Екеуден – бесеу. 9 шиден құралған 2 үшбұрыштан, 5 дұрыс үшбұрыш құрастыр. Шидің санын өзгертпеу керек. 3 шиді қозғауға рұқсат беріледі.
Теңдік .VI-VI=XI мына өрнекті 2 шиді қозғау арқылы теңдікке айналдырыңдар .
Ньютон тобы:
Төртеуден – алтау. 12 шиден құралған 4 дұрыс үшбұрыштан, шилерді қозғалтпай дәл осындай 6 құрастыру керек.
2. 3 шиді қозғау арқылы мына өрнекті VI- VI=XI теңдікке айналдырыңдар
VI. Капитандар сайысы. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан.
Жетсек – ау жарыста біз жеңістерге,
Қарсылас болғанменен құрбысындар,
Тілейміз ізгі тілек сендерге де
Құрметтер алғырларды ой – саналы,
«Жас физиктер» сәлем беріп ән салады.
Бүгінгі сайыстағы достарына
Қашанда тапқыр бол деп ой саламыз, - деп, VІ кезеңді бастайық.