Оқушылардың Тәуелсіз еліміздің тарихын білуге қызығушылықтарын арттыру ,ой өрісін іс жүзінде шыңдау ,есте, сақтау, сөйлеу мәнерін шығармашылық қабілеттерін дамыту
Тәуелсіз еліміздің шынайы патриоты болуға ,өз Отандарын сүюге, құрмет тұтуға тәрбиелеу
Бір бірімен достық, ынтымастықта болуға баулу
Көрнекілігі:Плакаттар,гүл, жасырын ұяшықтар.
Сабақтың барысы:
Қадірлі ұстаздар, әділқазылар және оқушылар!
2сынып оқушылары арасында өткелі отырған «Тапқырлар сайысы» атты интеллектуалдық сайысқа қош келдіңздер!
Мұғалім:
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар-деп Жүсіп Баласағұн атамыз айтқандай.
-Қазір біз, балалар, осы уақытқа дейін алған білімізді көрсетіп, өнерімізді,
Мұны естіген ұрылар- «Қой мұнымыз болмас. Бұл үй толы кісі болды, әрі бізден екі есе артық екен,кетейік» -деп кетіп қалыпты.Үй иесі тапқырлығымен ұрылардан осылай аман қалыпты.
Сонда нешеу, ұры қанша?(10 адам, 5 ұры)
3 кезең. Тіл-өнер.
Келді кезек жұмбақтарды шешуге,
Жауаптарын беру керек үш тілде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
Жақсы баға, шәкірт саған несібе.
Мұғалім:
Ана тілің- арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
Келесі сайысымыз –«Тіл – өнер» деп аталады.
Бұл кезеңде берілген тапсырмадағы көп нүктенің орнына дұрыс сөзді тауып айту: Жауабын дұрыс тапса 10 ұпай,
1.Жұт... ағайынды / жеті /
2.Өзі сөйлей біледі, салған ізі сөйлейді / қадам /
3.Екі қолға.... бір күрек / бір /
4.Кімнің баласы болма,
Адамның баласы бол /атаның /
5.Өнер алды қандай тіл? /қызыл /
6.Мысыққа ойын керек,
.... өлім керек / тышқан /
7.Тілі бар, үні жоқ,
Өзін адам түсінген
Жүрегі бар да, қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен / кітап /
8.Жылт –жылт етеді
Жылғадан өтеді / су /
9.Батыр туса – ел ырысы,
..... жауса жер ырысы. / жаңбыр /
10...... оттан да ыстық. / Отан /
11.Отансыз ...., - ормансыз бұлбұл. / Адам /
12.Туған жердің .... де ыстық, түні де ыстық. / күн /
4 кезең.Кім тапқыр?
Мұғалім:
«Көңілді,тапқырлар,білгіштер Бар өнеріналдарына салады. Кім біледі,көп оқығанболса,егер Бүгінгі күн жеңімпазы болады.» деп келесі кезеңді бастаймыз.
Бұл кезеңде топ жетекшілері сайысқа түседі.
-Тәуелсіздік сөзінен жаңа сөздер жасау керек
-2 топтың жетекшілері кезекпен оқиды. -Кім көп сөз құраса, сол оқушының тобына ұпай қосылады.
Топ жетекшілері тапсырмаларын орындағанша әр топқа ертегі беріледі.
Соның мазмұнына сәйкес мақал-мәтел тауып айту керек.
1 топ. Алты түлкі.
Ертеде алты түлкі дос болыпты. Біреуінің құйрығы шолақ екен. Құйрығы ұзын бес түлкі: Сенің құйрығың жоқ- деп келеке қылып, куле беріпті. Сол уақытта шолақ түлкі «Осы бес түлкінің де құйрығын шолақ қылып қояйын» деп ойлап, бес түлкіге айтыпты.
-«Біз бір жақсы ойын ойнайық» деп түлкілерді алып келіп, қарағайға байлап қойып, өзі бір талдың басына шығып түлкілерге:
-«Мына жақта бүркіттер келе жатыр» дейді де өзі қаша жөнеледі. Сонда бес түлкі қашамыз деп құйрықтарын үзіп, бәріде шолақ болып қалады. Бесеуі бірдей шолақ болғаннан кейін мазақ етіп, күлмейтін болыпты.
Күлме досқа, келер басқа.
2 топ. Атасы мен немересі.
Ата қартайып, күші кеміді, нашар көретін, нашар еститін болды, ішкен тамағын алдына төгетін болды. Не үшін десең, оның аяқ-қолы кәріліктен қалтыраушы еді. Шалдың бұл ісі баласы мен келінге ұнамады. Олар шалға, алдына жаман дастархан жайып, тамақты жаман ыдысқа құйып, бөлек беретін болды. Немересі өзінің әкесіне атамды бөлек отырғызба деуге бара алмайды. Бір күні ол ағаш жонып отырды. Әкесі көріп: «Шырағым не істеп жатырсың?»-дейді.