?азіргі заман?а сай жа?а форматта?ы саба?тар мен семинарлар ?ткізу, бір жа?ынан, заман талабы болса, екіншіден, ?о?амдасты?тар ар?ылы пікір алмасу, т?жірибе б?лісу сия?ты жа?ынан ?лкен ма?ына?а ие болды. Теміртау ?аласыны? № 9 мектеп-лицейінде осындай облысты?, ?алалы? семинарлар жиі ?ткізіліп т?рады. ?ш айлы? де?гейлік курстан ?ткен м??алімдер ашы? саба?тар мен коучингтер ?ткізіп, ?з т?жірибесін ?штап, таратып отырады. мектеп директоры ?.А.Нургалиева ?рдайым ?стаздарды жа?а ізденістерге ?мтылу?а, ты?нан жол салу?а бастап отырады. Сондай-а?, директорды? бейіндік о?ыту ж?ніндегі орынбасары Парида Болбаева ?стаздарды? заманауи талаптар?а сай болуына, уа?тылы біліктілігін к?теріп отыруына жіті к??іл б?леді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Т?лімі мол семинар»
Тәлімі мол семинар
Нурпеисова Еркеш Болатбековна
Теміртау қаласы №9 мектеп-лицейінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
І деңгей
Қарағанды облысы Теміртау қаласының №9 мектеп-лицейінде 30-31 қазан күндері арасында облыстық «Ұстаз ізденісінің қадамдары» атты ауқымды дамытушы семинары болып өтті.
Семинарды ұйымдастырушылар: Қарағанды облыстық СТО қоғамдастығының директоры Көпбаева Зейнегүл.
Екі күндік семинар аясында мектеп мұғалімдері 18 ашық сабақ көрсетті. «Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқыту мен жазуды дамыту» стратегиясының сан түрлі әдіс-тәсілдерін топтастырған бұл сабақтар жоғары деңгейде өтілді деп бағаланды.
Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Оған осы семинар барысында көз жеткіздік.
Жоғары санатқа ұсынылған орыс тілі пәні мұғалімдері З.Б. Оразова мен А.Т. Балабаева 7 «Ә»- сыныбында «Сын есімдер» тақырыбына ашық сабақ өткізсе, І санатқа ұсынылған бастауыш сынып мұғалімі М.Жарымбетова
4 «Ә»-сыныбында «Көбейту мен бөлуді қайталау», математика пәні мұғалімі А. Хавий 5 «Ә»-сыныбында «Натурал сандардан өткенді қайталау», Г.А. Урметова 8 «А»-сыныбында «Құрамында квадрат түбірлері бар өрнектерді тептең түрлендіруге есептер шығару», қазақ тілі пәні мұғалімі Ж. Алданыш әдебиеттен «Ж.Аймауытовтың «Әнші» әңгімесі» атты ашық сабақтары барлық қонақтардың көңілінен шықты.
Сол сияқты «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» курсынан өткен екінші санатты жас ұстаздар өз қалаулары бойынша ашық сабақтар өткізіп, Қарағанды облысы білім беруді дамыту орталығының мамандары мен Теміртау қалалық білім беру бөлімінің мамандарының құнды пікірлері мен ұсыныстарын тыңдады. Олар: тарих пәні мұғалімдері: Н.Кушенова мен С.Айкинбаева, химия пәні мұғалім К.Бавархан, география пәні мұғалімі С.Жуламанова.
Семинардың екінші күні Қарағанды қаласының №38 гимназиясының тәжірибелі ұстазы Ш.Өзбекбаеваның 8 «А»-сыныбында өткізген «Геометриялық фигуралар» атты шебер сыныбына ұласты. Нағыз сабақтың қандай екенін аша көрсеткен бұл ұстаз сабағынан кім-кімнің болсын алары мол екені даусыз.
Оқушы мен мұғалім әрекетінің тығыз сабақтастығы, жаңа технологияның ұтымды қолданылуы, сабақтағы функционалдық сауаттылықтың алдыңғы орынға қойылуы - барлығы осы сабақтарда көрініс тауып, келушілердің көңілінен шықты. Бұны сабақ соңындағы рефлексиядан көруге болады.
Сәтпаев қаласының № 25 мектебінен келген ұстаздар В.А.Ульянова мен Абай атындағы №4 мектеп-лицейінің мұғалімі Г.Ж.Баяхметова математика пәні мұғалімі Г.А.Урметованың сабағын аса жоғары бағалады:
« Математика сабағы аса жоғары деңгейде өтті. Мұғалімнің функционалдық сауаттылықты алдыңғы қатарға қоя отырып,оқушыларды күрделі есептердің өзін тиімді тәсілдерді пайдалана отырып шешуге дағдыландыратыны көрініп тұр. Мұғалімнің де, оқушылардың да жұмыстағы жоғары темпі, нақтылығы, шапшаңдықтары осындай әдістердің күнделікті сабақта қолданып отыратындығының дәлелі ».
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.Алданыштың да сабақ өткізудегі жаңашылдығы мен мұғалімге тән шеберлігі тәжірибелі ұстаз З.Ахметова тарапынан жоғары бағаланды және бұл басқа да ұстаздардың пікірінен байқалады.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде осы сабақтарда оқушылар арасында: - бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланды; - өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға; - бір-біріне құрметпен қарауға; - өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға; - өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға; - мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға; - достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесуге; - белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланды.
Семинар барысында озық тәжірибе тарату мақсатында Қарағанды қаласының №95 гимназиясының қазақ тілі мұғалімі, тәжірибелі ұстаз Ахметова Замзагүл мектеп мұғалімдерімен ҰБТ-ға дайындықты нәтижелі жүргізу тәжірибесімен бөлісті.
Көп жылғы ұстаздық еңбегінің жемісін көріп отырған ардагер ұстаз жастармен ағынан жарыла ой бөлісіп, бар білгенін ортаға салды.
Семинар соңында семинарды ұйымдастырушы Зейнегүл Көпбаева семинарға қатысушылармен тренинг өткізіп, осы семинар барысында мұғалімдерге тапсырмалар беріп, сол тапсырмалардың орындалуын тексере отырып, соңында «Сын тұрғысынан ойлау стратегиясының» тағы бір әдісімен таныстырды.
Нәтижесінде мектептің 28 мұғалімі семинарға қатысушы сертификатына ие болды және «Сынаулық ойды дамыту» қоғамдық бірлестігіне мүшелікке өтті.
18 мұғалім ашық сабақ көрсетіп, «Сын тұрғысынан ойлау» стратегиясының түрлі әдіс- тәсілдерін түрлендіре қолданып, өз шеберліктерін көрсете білді және оларға «RWCT мұғалімі» сертификаты табыс етілді. Қазақстан Оқу Ассоциациясы педагогикалық ұжымының «RWCT мектебі» категориясында квалификацияланудың барлық талаптарын орындағанын нәтижесінде №9 мектеп-лицейіне «RWCT мектебі» сертификаты берілді.
Мағыналы да сапалы семинар мұғалімдерге тың ойлар мен жаңа серпілістер сыйлап, жаңаша бастамаларға жол ашатын сөзсіз.