Ма?саты: салауатты ?мір салтын ?алыптастыру, ата-ана мен бала арасында спорт м?дениетін ке? тарату. Балаларды ж?не ата аналарды с?лу да, сымбатты, денсаулы?ы зор, к?шті болу ?шін денені шыны?тыру, олар?а спортпен айналысуды? ?ажеттілігін т?сіндіру.
??ралдар: ?лкен кіші доптар, секіртпелер, 4себет, кеглилер, кубиктер, баскетбол, ар?ан;
Просмотр содержимого документа
«Тола?ай отбасылы? сайыс»
«Толағай» отбасылықсайысы:
Мақсаты: салауатты өмір салтын қалыптастыру, ата-ана мен бала арасында спорт мәдениетін кең тарату. Балаларды және ата аналарды сұлу да, сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру , оларға спортпен айналысудың қажеттілігін түсіндіру.
Құралдар: үлкен кіші доптар, секіртпелер, 4себет, кеглилер, кубиктер, баскетбол, арқан;
Көрнекілігі: музыка, ұрандар, грамоталар;
Өтілетін орны: спорт залы;
Сайыстың жүру барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Құрметті ұстаздар, ата аналар, балалар! Бүгінгі «Толағай» отбасылық сайысына қош келдіңіздер!
Жеңімпаз болу оңай ма?
Арман болған талайға.
Болмасаң да, ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалай да.
«Толағай» әуені жүреді:
Сайысымызға төрт отбасы қатысады:
Жарысқа қатысатындарды шақырамыз,
Әр таңды бақытпенен атырамыз.
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
Үлгілі де өнегелі , жылдам да шапшаң
Топтарымызды шақырамыз.
(сайысқа қатысушылар ортаға келіп тұрады)
ІІ Негізгі бөлім:
Сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін:
1.
2.
3.
Сайыстың әр кезеңі «5» балдық жүйемен (5,4,3 ұпай) бағаланады:
Сайыс бағдарламасы:
1 тур «Таныстыру»
2 тур «Кім жылдам»
3 тур «Қосаяқ»
4 тур «Мерген»
5 тур «Тасымал»
6 тур «Допты сақинаға түсіру»
7 тур «Тәтті жұп»
8 тур «Арқан тарту»
І тур: «Таныстыру»
Топтар кезекпен ортаға шығады,
Өздерін таныстырады. (аты, ұраны)
ІІ тур: «Кім жылдам?»
Ойын шарты: шашылып жатқан ұсақ доптарды себетке жинау.
Нәтижесі: уақыт және доптың саны. Себетке жиналған
(әділқазы алқасы сіздердің бағаларыңыз)
ІІІ тур: «Қосаяқ» ойыны
Шарты: әр команда мүшесі скакалкамен кедергілерден өтіп секіру.
(Үлкендер скакалкамен , балалар үлкен доппен секіреді)
Нәтижесі: ойын шартын бұзбау және уақыт.
ІҮ тур: «Мергендер» сайысы
Шарты: Кеглилерді шармен құлату. Команда мүшесіне екі мүмкіндік береді.
Үтур: «Тасымал» ойыны
Шарты: команданың барлық мүшесі бірге қатысады. Анасы мен әкесі қолдарын бала отыратындай ыңғайлы етіп, баланы көтеріп кедергілерден өту арқылы жүгіру.
Нәтижесі: мәреге бірінші жету;
ҮІ тур: «Допты сақинаға түсіру» ойыны
Шарты: Ойыншылар 4 топ бойынша бірінің соңынан бірі тізіліп, сапқа тұрады.Әр топ екі екіден доп алып, оны көздеп баскетбол сақинасына лақтырады да , саптың соңына келіп тұрады.
Нәтижесі: допты баскетбол сақинасына ең көп түсірген топ жеңіске жетеді.
ҮІІ тур: «Тәтті жұп» ойыны
Шарты: әр команда да анасы мен баласы, әкесі мен анасы бір біріне арқаларын беріп, қолдарын жанына созып, жұптасып жүгіру.
Нәтижесі: жұптасып жүгіру және жылдамдық;
ҮІІІ тур: «Арқан тарту»
Шарты: әр отбасы бір бірімен күштерін сынасады;
Қорытынды:
Жарыс заңы ежелден
Жеңімпазды анықтау,
Жеңімпаз болу шарты сол.
Еңбектену, жалықпау.
Біреу озса сайыста,
Біреу артта қалады,
Жеңілгендер ренжімей
Тараса бізге жарады демекші.
Сайыстың шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.