?мір - ?зен а?ып жатыр, тынбайды,
?мір болмас ?асіретсіз, м?? ?ай?ы,
Сонды?тан да, ?з - ?зі?е абай бол,
?мір сені сонда ?ана шы?дайды. - деп а?ындар жырла?андай, ?мір - арнасы ке? ?зен, сол ?зеннен ?з арна?ды тауып а?у сені? басты ма?саты?. ?мірді? ма?саты ж?зу емес, ?з жа?а?ды табу. ?йткені ?мір ?зен т?різді то?таусыз, ешкімге білдірмей ?тіп жатады. Сол ?зен а?ынында кейбір жан ?з арнасын тауып жатса, енді кейбіреулері бастарын тас?а да, жар?а да ?рып, ?з жолын таба алмай жатады. Со??ысы, ?рине, ?кінішті - а?.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?тте? ?мір мен са?ан ?лгерем бе... , »
Әттең өмір мен саған үлгерем бе... ,
Өмір - өзен ағып жатыр, тынбайды, Өмір болмас қасіретсіз, мұң қайғы, Сондықтан да, өз - өзіңе абай бол, Өмір сені сонда ғана шыңдайды. - деп ақындар жырлағандай, Өмір - арнасы кең өзен, сол өзеннен өз арнаңды тауып ағу сенің басты мақсатың. өмірдің мақсаты жүзу емес, өз жағаңды табу. Өйткені өмір өзен тәрізді тоқтаусыз, ешкімге білдірмей өтіп жатады. Сол өзен ағынында кейбір жан өз арнасын тауып жатса, енді кейбіреулері бастарын тасқа да, жарға да ұрып, өз жолын таба алмай жатады. Соңғысы, әрине, өкінішті - ақ. Өмір – адамға бір - ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый. Осындай сыйды бізге сыйлаған кім? Әрине, саған осындай баға жетпес сый сыйлаған ең қымбат адамдарың - ата – анаң. Егер саған анаң осындай баға жетпес сый сыйласа, сен соған лайықты өмір сүруге тиіссің. Адамдар, негізінен, бұл өмірге қонақ. Соны түсініп, сезіне білген адам өмірдің шын рахатын сезінеді. Өмірдегі түрлі оқиғаларда саған сүйеу болатын, сүрінгенде демейтін досың болғаны дұрыс. Жақсы досы бар адам түзу жолдан таймайды.
Өмірге деген көзқарас әр адамда әр қилы. Бірақ менің ойымша оның мәні болу керек. Бір күндік өмірдің мәні болмайды. Мен әр кеш сайын өзімнің өткен бір күніме талдау жасаймын. Бүгін мен не жасадым? Жаксылык па, жамандык па саралаймын. Дұрыс емес жерлерімді келесі күні жібермеуге тырысамын. Бірақ адам қателіксіз өмір сүруі мүмкін емес. Тек сол қателікті уақытында біліп отыру керек деп ойлаймын. Адамның алға қойған мақсаты болу керек деп ойлаймын. Армансыз, мақсатсыз адам жарықсыз үңгірмен тең. Кей кездері біреулерді өсектеп, ия болмаса кей өсектерге сеніп жатамыз. Оның шын ия өтірігін саралап бас ауыртпаймыз. Оның мұндай күйге тускен себебін де біле бермейміз. Ал өзге емес өзімізге бір рет болса да сын көзбен қарап көрдік пе? "Көп адам өзінің өмірге не үшін келгенін, не үшін өмір сүріп жатқанын білмей өтіп жатыр." Бұл сөздің де жаны бар. Адам баласының қазірдің өзінде ұзақ, тіпті мәңгілік өмір сүруге мүмкіндігі бар екендігін, талайларды толғандырған жұмбақтың жауабын қисынын тауып шешуге болатындығын түсінбейді... Адам өзінің ұлы туындылары мен амал-әрекеттері арқылы мәңгілік өмір сүре алатынын түсінбейді... Сондықтан, өлімсіз өмірдің қайнар көзі әртүрлі дәрі-дәрмек пен сусындарда емес, шын көңілмен халыққа қызмет етуде, жасаған істеріңнің ізгі ниеттерінде, шығармаларда көрініс табатын талантта, берекелі өмірге жету жолында жасалған амалдарды жетілдіруде. Ең бастысы, өмір, сүрілген уақыттың ұзақтығымен емес, қажымас еңбегің мен шынымен мәңгілік өмір сүретін жаныңа жаратушының берген демеуінің нәтижесімен өлшенеді.Менің қателігім көп те шығар,бірақ менің жолымда кездескен кедергілер басқаларға сабақ болып Алланың берген нұры шапағы күн шуақ болып шашатын күнін де көргім келеді. «Жаман деген адамның да бір жақсы жері бар»,- дейді ғой.Кейбір жанымда жүрген адамдар аяғыннан шалып құлатып жатса, ал енді кейбірі қолтығыннан демеп көмектесіп жатады. Менің таң қалатын бір нәрсем бар,бүгін сен бір адамды жылатсаң, ертең сені де біреу жылатуы мүмкін ғой. Адам мен адамның арасында түсінбеушілік болмас үшін,адам қанша ренжіп тұрса да, аяғына дейін тыңдау керек емес па?!Тағдыр әртүрлі қиындықтарға салып, мүмкін ішіндегі бір қиындығымен бөліскісі келген шығар, әлде болмаса жанына жанашыр болады деп саған сенген шығар. Ал сен......
Менің өз өмірімде қанша қиындық көрсем де жанымнан табылатын жан – Арманға алғысым шексіз. Аз ғана уақыт болса да, қатемді кешіріп, жыласам жұбата білген жарыма Алланың нұры жаусы деймін. Тек Алладан сұрайтыным Ақеркем мен Аружанным биіктен көрінетін ақылды қыздар болса екен. Мен олар есейіп, жан-жағына қарап жаутаңдамай аяғынан тік тұрып құрмет ететін «әке мен шеше» атына лайық болғым келеді. Ия, менің дәуірімдегі тәрбиеленген бала мен қазіргі таңның балалары әртүрлі. Мен уақыт өлшемінен кеш қалып өкінгім келмейді. Достарыма да айтарым:
Өмір кейде гүл береді қолыңа!
Өмір кейде нұр төгеді жолыңа.
Өмір кейде орға итеріп опасыз!!!
Сонда айтарсың өмірдеген осы ма?!
Өмірде баріміз арайлы Қазақстанның жарқын болашағының бақытты мен ақылды балаларын аманат етіп қалдырайық.