О?ытушы студенттерді саба? барысында ж?не саба?тан тыс уа?ытта т?рбиелеп дамытуы ?ажет. Б?ндай іс шаралар м?галімдерді ?р т?рлі т?рбиелік ж?мыстарды ?рдайым к?сіби т?рде дайындап, ?з білімін жетілдіруге к?мектеседі. Б?ндай ?дістемелік ??деулер студенттермен сыныптан тыс ж?мыстарды ж?ргізуге арнал?ан. Б?ндай саба?тан тыс шаралар формасы ретінде сайыстарды с?ра? жауап та?ы бас?аларын жат?ызу?а болады. Сыныптан тыс шаралар?а сайысты жат?ызу себебі, сайыс б?л тек ?ана о?ыту ?ана емес, т?рбиелеуді? жа?сы т?сілдері.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Сыныптан тыс іс – шара тақырыбы: «Туризм әлемінде»
Мамандығы: 0511000 «Туристік агент»
Топ: ТАқ-2
«Туризм» пәндерінің циклдік комиссиясы
отырысында қарастырылды
Хаттама № __ «____»_________2014 ж.
ПЦК төрайымы________Жумабаева Г.Т.
Келісілді: Әдіскер ____Абдураимова Р.А.
Дайындаған: Арнайы пәндер оқытушысы Жумабаева Г.Т.
Астана
2014
Жоспар:
Түсініктеме хат 3
1. Мақсаты 4
2. Жалпы ұсыныстар: 4
3. Іс шараның құрылымы 4
3.1 Таныстыру 4
3.2 2 тур. « Кім жылдам» 4
3.3 3 тур. « Бәйге» 6
3.4 4 тур. « Туризм» Крассворд шешу 9
3.5 5 тур. « Туристік агентті жарнамалау» 12
4. Қолданылған әдебиеттер……………………………………………………13
Түсініктеме хат
Оқытушы студенттерді сабақ барысында және сабақтан тыс уақытта тәрбиелеп дамытуы қажет. Бұндай іс шаралар мұгалімдерді әр түрлі тәрбиелік жұмыстарды әрдайым кәсіби түрде дайындап, өз білімін жетілдіруге көмектеседі. Бұндай әдістемелік өңдеулер студенттермен сыныптан тыс жұмыстарды жүргізуге арналған. Бұндай сабақтан тыс шаралар формасы ретінде сайыстарды сұрақ жауап тағы басқаларын жатқызуға болады. Сыныптан тыс шараларға сайысты жатқызу себебі, сайыс бұл тек қана оқыту ғана емес, тәрбиелеудің жақсы тәсілдері.
1. Мақсаты:
Әдістемелік мақсаты: Сыныптан тыс шараның бір формасын көрсету.
Тәрбиелік мақсаты: туризмге деген студенттердің қызығушылығын, білімін арттыру.
Дамытушылық мақсаты: студенттің ой өрісін дамыту, жан жақты қалыптастыру.
2. Жалпы ұсыныстар
Сайысқа 6 студент қатысады. Әр қатысушыда есімі жазылған бейдж болады. Әр турда өз ұпайлары қойылады.
3. Іс шараның құрылымы 3.1. Кіріспе
Жүргізуші: Сайысты бастамай тұрып «Халықаралық туризм күніне» қысқаша анықтама беріп өтейін: Бүкіл әлемдік туризм күні— 1979 жылы Испания елінің Торремолинос қаласында Бүкіл әлемдік туристік Генералды ассамблеясы бекіткен халықаралық мейрам. Мейрамның мақсаты — туризмді насихаттау.Бұл күні көптеген елдерде туристік слет, мерекелік шара, көрмелер, семинарлар өтеді. Халықаралық туризм күнің барлық ел 30 жыл астам тойлап келуде.
3.2. 1 тур.Таныстыру.
Жүргізуші: 1. топ «оқжетпес» ұрандатып таныстыру
2. топ «Самұрық» ұрандатып таныстыру
3.2. 2 тур. «Кім жылдам»
Жүргізуші: әр топ басшысына 1 минут ішінде 10 сұрақтан қойылады.
« оқжетпес» тобына:
1.Туған туыстарға немесе туған жерге бару мақсатындағы саяхат ( этикалық туризм)
2. Уақытша болатын елде ақы алынбайтын тек қана жұмыс бабымен шығатын саяхат ( Іскерлік туризм)
3. Экзотикалық жерлерге бару мақсатындағы демалыс (ғажайып туризм)
4.Бұл саяхат түрі денсаулықты қалпына келтіру, емделу мақсатында жасалынады ( емдік-сауықтару мақсатында)
6.Табиғи құндылықтармен танысу. Экологиялық білімге, тәрбиеге бағытталған саяхат. (экологиялық туризм)
7. Туристерге өз бетінше ұйымдастырып, жүріп өтетін саяхат. (өз бетінше саяхат)
8. Лицензиясы бар жеке заңды тұлғалардың туристік өнімді ұсыну және саты жөніндегі қызметі. (туристік агент)
9.Лицензиясы бар жеке жіне заңды тұлғалардың туристік өнімдерін қалыптастыру, туристік агенттер мен туристерге өткізу жөніндегі қызметі. (туроператорлық қызмет)
10.Туристік қызмет көрсету құқықты алуды растайтын құжат (туристік жолдама)
«Самұрық» тобына:
1.Қызметінің негізгі түрі туристік қызметтер болып табылатын заңды мекемелер. ( туристікұйымдар)
2.Туристерге рухани қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын, олардың дене күшін, денсаулығын қалпына келтіретін дамуына жәрдемдесетін табиғи климаттық, тарихи, әлеуметтік мәдени, сауықтыру обьектілері болып табылады.( туристік ресурстар)
3.Турдың құрамына кіретін қызметтерге туристін құқығын және оларға ақы төленгенің растайтын құжат. ( туристік ваучер)
4.Белгілі бір уақытта, белгілі маршрут бойынша жасалынатын саяхаттағы туристерге көрсетілетін қызметтер жиынтығы. ( тур)
5.ҚР азаматы және ҚР тұрақты тұратын тұлғаның ел ішіндегі саяхаты. ( ішкі туризм)
6. Шет ел азаматының ҚР саяхаты (кіру туризмі)
7. ҚР тұрақты тұратын, азаматтығы бар тұлғаның шет елге сапары ( шығу туризмі)
8. Шығу және кіру туризмі ( халықаралық туризм)
9. Әр түрлі мақсаттағы, белгілі бір мерзім ішінде бір жерден екінші жерге немесе елді мекенге орын ауыстыру. ( саяхат)
10.Ұйымдастырылған саяхаттың үш күннени асуы ( жалғастырылмалы туризм)
Түсініктеме:
Халықаралық туризм – туристің тұрақты тұратын жерінен туристік мақсаттаға саяхаты.
Халықаралық туризм – бұл өте күрделі және сирек кездесетін құбылыс.
Халықаралық туризм халықаралық қатынастардың бір түрі ретінде шетел туристеріне кең көлемде мәдени және рухани қажеттіліктерін өтеуге бағытталған туристтік қызметтер көрсетеді.
Халықаралық туризм сыртқы экономикалық байланыстың бір түрі болғанымен, бірқатар өзіндік ерекшеліктері де болады.
Халықаралық туризмде турист өзінің елінен шығып, басқа бір шетелдік елге барады. Кеденнен өту үшін туристік құжаттарды толтырады (паспорт, виза жасау), валюта және медициналық бақылаудан өтеді. Бұл халықаралық туризмнің ерекшелігі болып саналады және ішкі туризмнен ең басты айырмашылығы.
Шет елге саяхаттау барысында қажетті туристтік формалдылықтар:
- паспорт формальдылықтары
- виза формальдылықтары
- валюта формальдылықтары
- кедендік формальдылықтар
- медициналық формальдылықтар мен туристерге медициналық жәрдем көрсету
Туристтік формалдылықтар мемлекеттік шекараны өтуде қажетті халықаралық туризмнің ең басты ерекшеліктері болып саналынады.
Тур дегеніміз – тұтынушыларға (туристерге) таратылатын және тураператор өндейтін, белгілі бір маршрутта, белгілі бір мерзімге арналған туристік өнім жиынтығы. Қысқаша айтқанда тур – туроператор қалыптастырған туристік қызметтің түрлері.
Турдың құрамы келесідей болады:
1) туристік пакет - негізгі қызметтер, бұл қызметтер тур құңына кіреді және саяхат барысында ауыстырылмайды.
2) Туристік пакетті туроператор ұсынады. Туристік пакет құрамына кіретін қызметер:
3) Туристі шет елге дейін тасмалдау қызметі;
4) Трансфер (әуежайдан туристін орналасу жеріне дейін тасмалдау)
5) Орналастыру, тамақтандыру, экскурсиялық қызметтер
3.4.3 тур. Бәйге.
Жүргізуші: бұл турда экологиялық туризмнан, экскурсия жүргізуден, туризм негіздерінен, мақал мәтелдерден сұрақтар беріледі және әр ұяшықта өз ұпайына байланысты сұрақтар жасырылған.
Слайд түрінде.
Экологиялық туризм сұрақтары:
1.Алғаш рет экологиялық туризм терминің ұсынған кім ?
(Гектор Цибалос-Ласкурей)100ұпай
2.Экологиялық туризмнің басты объектілері?
(Табиғи аумақтар) 200 ұпай
3. Отандық және шетел әдебиеттерінде экологиялық туризмнің тағы бір анықтамасы?
(Жасыл туризм) 300 ұпай
4.Экологиялық туризмнің зерттеу формасы ?
(Экспедиция)400 ұпай
5.Экологиялық туризмнің пайда болу ғасыры?
(ХІХ ғасырдың аяғы)500 ұпай
Экскурсия жүргізу сұрақтары 1. “Экскурсия” термині қай тілден шыққан және сол тілден аударғанда қандай мағына береді?
(Латын тілінен, серуендеу) 100 ұпай
2. Экскурсия жүргізу пәні оқу үдерісіне алғаш рет қай елде еңгізілді?
(Ресей елі) 200ұпай
3. Экскурсия барысындағы қызмет түрлері?
( Экскурсоводтың және экскурсанттың қызметі)300ұпай
4. «Серуен» экскурсия жүргізу форманың мақсаты?
(Демалу)400ұпай
5. Экскурсиялық процесстің басты міндеттері?
( Көру, тындау)500 ұпай
Туризм негіздерінен сұрақтар:
15-24 жас аралығындағы туристік топтан тұратын жас адамдардың саяхатын қандай туризм түріне жатқызамыз?
(Жасөспірім туризм)100ұпай
Туған туыстарға және туған жерге бару мақсатындағы туризм түрі?
(Этикалық)200ұпай
Авто, мото, велотуризмге арналған қала сыртындағы лагерлер?
(Кемпинг )300ұпай
Шет елдердің мәдениетің, тарихын, салт-дәстүрін, табиғатынтану мақсатындағы саяхат?
(Танымдық )400 ұпай
Туристік қызмет көрсету құқығын алуды растайтын құжат түрі?
(Туристік жолдама)500 ұпай
Мақал мәтелдер:
Ата аналар сөзі,
(Ақыл кеңес көзі)100 ұпай
Жақсы сөз жанға рахат
(Жаман сөз жанға жарақат) 200 ұпай
Ата бәйтерек
(Бала жапырақ) 300 ұпай
Көпшіліктен береке кетпес,
(Берекелі жерден мерек кетпес) 400 ұпай
Білімдіге дүние жарық,
(Білімсіздің күні кәріп) 500 ұпай
Түсініктеме:
Экологиялық туризмнің объектілері: табиғи аймақтар, тарихи ескерткіштер, ғылыми және білім беруде қолданылатын мәдени және архитектуралық ескерткіштер болып табылады. Бұл экологиялық туризмнің жан-жақты болуын қамтамасыз етеді.
Экологиялық туризмнің ең өзекті бағыттары:
- танушылық;
- ғылыми;
- спорттық;
Қазақстанның табиғи климаттық зоналары (жеке шөлді аймақтар, таулы аймақтар) спорттық және ғылыми бағытта экологиялық туризмнің ерекше формасы «экстремалды туризмді» дамытуға мүмкіндік береді. Бұл адам аяғы баспаған және адам өмір сүруге бейімделмеген аймақтарға экстремалды жағдайларда тіршілік ету және өзін-өзі ұстау стратегиясын қалыптастыру мақсатында саяхат жүргізу. Айта кетерлік жағдай, экологиялық туризмді дамыту үшін әр түрлі табиғи ресурстар қажет. Дәл осы жағдай туризмдік жұмыстардың территориялық аймағын және олардың қай бағытта жүруін анықтайды.
Экскурсия - бiз өмiр сүретiн әлемнiң заттар және құбылыстарының таныстыруы процесі болады. «Экскурсия» (excursio) латын тілінен аударғанда «серуендеу» деген мағынаны білдіреді. Экскурсия - жеке тұлғаның уақытша болатын елдегі (жердегі) туристік ресурстарды танымдық мақсатта жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа барып көруі. «Экскурсия түсінігін» қарастырғанда экскурсиялық үдерістің объективті талаптармен шарттанғанын ескеру керек. Әр экскурсия маңызы нақты заңдылықтармен (тақырыптық, мақсатқа ұмтылушылық, көрнекілік, эмоцияналдық, белсенділік т.б) шартталған қызметтің ерекше үдерісі болады.
Экскурсия – ерекше орындардың, құндылықтардың, тарихи және мәдени ескерткіштердің әдістемелік ұйымдастырылған көрсетілімі. Оның негізінде экскурсанттар қарайтын нысандардың талдауы, сондай-ақ олармен байланысты оқиғалар туралы сенімді баяндау, әңгімелеу жатыр. Алайда, «экскурсия» ұғымының мәнін тек осымен ғана түсіндіру дұрыс емес. Соңғы ХХ ғасырдың 70 жылдары әр түрлі баспаларда жарияланған «экскурсия» терминінің бірнеше анықтамаларын қарастырайық. Олардың алғашқысы былай беріледі: «Экскурсия - өз алдына белгілі бір тақырыпты нақты материалдарда, нақты көріністе зерттеу міндеті қойылған серуен».
Экскурсионист Л.Бархаш мынадай анықтама берді «Экскурсия – бұл белгілі бір білім алудың көрнекілік әдісі, сонымен қатар, белгілі бір нысандарды (мұражай, зауыт, т.б.) алдын ала дайындалған тақырып бойынша арнайы жетекшімен (экскурсия жүргізушімен) барып көру деп есептеді».
Кемпинг – бұл авто, мото туристерге, вело туристерге арналған қаланың сыртында орналасатын лагерь.Туристер жазғы айларда палаткаларда түнеп шығу үшін ғана орналасады
3.4. 4 тур. « Туризм» крассворд шешу.
Жүргізуші: Туризм саласында жиі қолданылып жүрген туристік терминдер.
Слайд түрінде
1) Белгілі бір уақытта, белгілі маршрут бойынша жасалынатын саяхаттағы туристерге көрсетілетін қызметтер жиынтығы (Тур)
2) 6 адам және одан да көп ададмнан тұратын ұйымдастырылған саяхат қандай туризм түріне жатады (Топтық)
3) Спорттық, танымдық, демалу мақсатында топтық немесе жеке бір адамның белгілі бір маршрут бойымен жүріп өтуі (Жорық)
4) Турдың құрамына кіретін қызметтерге ақы төленгенің растайтын туристік құжат (Ваучер)
5) Шет ел азаматтарының Қ.Р. саяхаты туризмнің қандай түріне жатады (Кіру)
6) Ең алғашқы экскурсия ұғымына анықтама берген ғалым (Даль)
7) Жетінші және сегізінші ғасырда дамыған туризм түрі (Діни)
8) Жол бойында орналасқан жолаушыларға арналған қонақ үй (Мотель)
9) Демалыс, бос уақыт ұғымдардың синонимі (Рекрация)
10) Экскурсоводтың жақсы сөйлеу мәдениетіне жатады (Дикция)
11) Таза туризм түріне қандай туристік саяхат жатады (Емдік)
12) VІІІ ғасырда ертеде ең алғашқы саяхат жасаушы ел (Греция)
13) Туристерді әуежайдан орналасатын жеріне дейін және керісінше орналасқан жерінен әуежайға дейін тасмалдау қызметтері (Трансфер)
Түсініктеме:
Жорық — спорттық, танымдық, демалу мақсатында топтық немесе жеке бір адамның белгілі бір маршрут бойымен жүріп өтуі. Зерттеу мақсатындағы жорық туристік экпедиция деп аталады.
Жорықтың жіктелуі әр түрлі белгілерге байланысты бөлінеді:
-Қозғалу тәсілі (жаяу, шаңғы, тау, велосипед, ат, су)
-Ұзақтығы (көп күндік н.е. демалыс күндегі жорықтар: бір, екі, үш күндік)
- Қиындығы бойынша (жорықтың категориялары (1-6 категорияға дейін)
Құрал-жабдықтар 3 бөлінеді:
Жеке құрал-жабдықтар — туристік жеке қолданатын заттары.
Топтық құрал-жабдықтар - топпен бірлесе қолданады.
Арнайы құрал-жабдықтар - жорықта арнайы қолданылатын заттар, ол жеке және топтық та болып келеді (арқан, карабин, репшнур, накомар¬никтер және т.б.)
Туристің жорық барысындағы жеке құрал-жабдықтар тізімі:
1) рюкзак;
2) жатын қапшық (спальник);
3) коврик немесе пенка;
4) жеке заттарды су болмауы үшін жинайтын пакет;
5) жылы спорттық костюм;
6) жылы курстка;
7) альпеншток;
8) сидушка;
9) ішкі киім;
11) жылы шұлық — 2 дана;
12) хлопок шұлық— 2 — 3 дана;
13) бас киім немесе панамка;
14) күннен қорғайтын көзілдірік;
15) туристік аяқ киім;
16) кроссовки немесе кеды;
17) гигиеналық құралдар: орамал, тіс паста және щетка, сабын
18) кружка, қасық, миска, пышақ (КҚМП);
19) жамбырдан қорғайтын киім;
20) компас;
21) қалам, блокнот
Топтық құрал-жабдықтар
- палатка
- колышки для палатки
- спальники 2-3 орынды
- коврики, немесе «пена»
- ара
- балта - 8 адамға 1
- арқан - 30...50 м.
- репнабор
- дәріқорап
- қазан (котел)
- отқа тростик ілгішпен
- тамақ жасайтын кезекшілер үшін қолқап
- гитара
- компас
- карты, маршрут сызбасы
- сковорода
- оттық
Жорыққа қажетті арнайы құрал-жабдықтар тізімі:
-Арқан
-Карабин
-Обвязка
-Репшнур
-Накамордник
-Каска
Рекреация дегеніміз -бос уақыт, демалыс, рекреация және туризм болып саналады.
«Бос уақыт» - күш-қуатты қалпына келтіретін уақыт. Бос уақытты жұмыстан тыс уақытпен шатастырмау керек. Жұмыстан тыс уақыт бір- бірінен өзінің мәні жағынан ерекшеленетін төрт топтан тұрады: 1) үйден жұмыс орнына дейін бару; 2) күнделікті қажеттілікті өтеуге арналған уақыт (ұйқы, тамақтану, жеке тазалық); 3) үй шаруашылығына және тұрмыстық қажеттілікті өтеуге арналған уақыт; 4) бос уақыт – демалуға, физикалық және ақыл – ойды дамытуға арналған уақыт.
Сонымен, жұмыстан тыс уақыт екіге бөлінеді: міндетті түрде және басқа іс- әрекеттер. Бос уақыт адамның физикалық және рухани күш- қуатын қалпына келтіріп, дамытуға жұмсалады. Бос уақыт, басқаша айтқанда, белсенді іс- әрекетке кетебі. «Белсенді іс- әрекет» пен «демалыс» ұғымдары, бір- біріне сәйкес келмейтін секілді көрінуі мүмкін.
Бос уақыттың негізгі екі функциясы бар: 1) адамның күшін қалпына келтіру; 2) физикалық және рухани даму функциясы. Қалпына келтіру функциясына тамақтану, ұйқы, қозғалыс жатады. Даму функциясына жататындар: сауықтыру, танымдық, қатынасу.
Пайдалану сипатына қарай бос уақыт күнделікті, апталық және жыл сайынғы болып бөлінеді. Күнделікті бос уақытты пайдалану күнделікті үй жұмысы және қала тұрмысымен байланысты. Апталық рекреация демалыс күндерінде, қала сыртындағы жүзеге асады. Жыл сайынғы рекреация демалыс немесе каникул кездерінде болады.
Демалыс адамның жұмыс істеу қабілетін толықтырады, жүйке жүйесіне және психологиясына тиетін қысымды бәсеңдетеді, ал ауыр жұмыспен айналысатындар үшін физикалық қысым азаяды. Н.С. Миронеко мен И.Т. Твердохлебовтың айтуынша (1981), демалыс – бұл күнделікті қажеттіліктердің қанағаттандыруға бағытталмаған қандай да бір болмасын адамның іс - әрекеті. Демалыс кезіндегі адамның іс - әрекетін мынандай классификацияға бөлуге болады:
1. Белгілі бір физикалық ауырлықпен байланысты іс -әрекет (серуендеу, спортпен шұғылдану);
2. Әуесқой шұғылдану – аңшылық, балық аулау, саңырауқұлақ пен жеміс – жидек жинау жіне т.б.;
3. Өнер әлеміне бейімделу (театрға, концертке, мұражайға сапар шегу), өнер саласындеғы шығармашылық (көркем өнер, ағашты зерттеу, және т.б.);
6. Белсенді немесе пассивті түрде көңіл көтеріп, сергу;
7. Көңіл көтеру үшін саяхат жасау.
Рекреация ұғымын бірнеше тілден аударсақ: латынша - қалпына келтіру, французша – демалыс, көңіл көтеру, іс- әрекеттің өзгеруі.
Ұзақтылығы жағынан рекреация қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Қысқа мерзімді рекреацияда демалушы өзінің тұрақты жерінде түнеуге келеді, ал ұзақ мерзімдісі кезінде адамдар өзінің тұрақты жерінен тыс жерде түнейді. Ұзақ мерзімді рекреация өзінің мәні жағынан туризм сияқты терең ұғыммен сәйкес келеді.
3.5 5 тур. « туристік агентті жарнамалау»
Жүргізуші: бұл турда екі топ туристік агентке жарнама жасайды. «оқжетпес» тобы танымдық мақсатында саяхат жасайтын туристерге, «самұрық» тобы ойын сауық құру мақсатында саяхат жасайтын туристерге жарнама жасайды. Оған 3минут уақыт беріледі.
Жүргізуші: осымен халықаралық туризм күніне арналған «Туризм әлемінде» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Соңында айтарым Халықаралық туризм әлем бойынша жақсы дамып келе жатқан саланың бір түрі. Туризм Қазақстанда өте қарқынды дамуда, өткені еліміздің табиғаты, керемет жерлері, тарихи ескертіштері, әсем қалалары туризмнің жақсы дамуына ықпал жасауда. Еліміз туризм саласында жаңа кадрларды даярлау үстінде. Ішкі туризмнің дамуы үшін еліміздің инфрақұрылы мен индустриясы жаңартылуда, құрылуда.
4.Қолданылған әдебиеттер:
1. Б.В. Емельянов « Экскурсия тану» Мәскеу 2002 ж.,
2. Г.Ф. Ягофаров З.В. Тынчерова «Экскурсия тану» Алматы, 2001 ж.
3. В.В.Храбовченко «Экологиялық туризм» М., 2003 ж.
4. А.Ю. Александрова «Международный туризм» М., 2002ж.