kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?лтты? интеллектуалды де?гейін арттыру ж?не рухани м?расын са?тауда?ы кітапты? р?лі. Алматы полиграфия колледжі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Адам?а жары? с?уле сыйлап, білім к?кжиегін ке?ітетін рухани азы?  - кітап. Ежелден  ?о?амда?ы кітапты? ма?ызы мен ат?аратын р?лі аса жо?ары. Ал б?гінгі техника мен электрониканы? дамы?ан заманында кітапты?  ма?ыздылы?ы одан ?рі арта т?сті.

 

«Сапалы білім мен т?рбие беру – ?аза?стан мемлекеттік саясатыны? басымды?ы» екені ай?ын. Осы ба?ытты ?стан?ан республикамызда?ы кез келген м?дениет ж?не білім оша?тары жастар бойында?ы ?нер мен білімді ?штастырып дамытуды басты ма?сат етіп отыр. Абай атамыз: «Адамды?ты? басты ?асиеті – ?нер, білімге ?мтылу» деген ?сиетін ?алдыр?ан болатын. Жас буынны? кітап о?у, іздену, танып-білу ?асиеттеріне ие болуы  ма?ызды. Сонымен ?атар, ?азіргі жастарды? ?з тарихынан, тамырынан ?ол ?зіп ?алмауын да ойлау керек.

 

?зіндік биік, таза, рухани ?асиетімен кітап – м?дениет пен руханиятты ?ор?ауда те?десі жо? ?ару болып табылады. Кітап – адамзат баласына а?арту ??м білім сыйлайды. Кітап беттерінде адамзат тіршілігіні? сан ?илы ??пия сырлары са?тал?ан.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?лтты? интеллектуалды де?гейін арттыру ж?не рухани м?расын са?тауда?ы кітапты? р?лі. Алматы полиграфия колледжі »

«Кітап – ең сабырлы ұстаз. Тек кітап қана қайырымдылық пен айуандықтың, ақиқат пен жалғанның ара жігін айнытпай танып білуге үйретеді»

Н.Ә.Назарбаев



Адамға жарық сәуле сыйлап, білім көкжиегін кеңітетін рухани азық - кітап. Ежелден қоғамдағы кітаптың маңызы мен атқаратын рөлі аса жоғары. Ал бүгінгі техника мен электрониканың дамыған заманында кітаптың маңыздылығы одан әрі арта түсті.


«Сапалы білім мен тәрбие беру – Қазақстан мемлекеттік саясатының басымдығы» екені айқын. Осы бағытты ұстанған республикамыздағы кез келген мәдениет және білім ошақтары жастар бойындағы өнер мен білімді ұштастырып дамытуды басты мақсат етіп отыр. Абай атамыз: «Адамдықтың басты қасиеті – өнер, білімге ұмтылу» деген өсиетін қалдырған болатын. Жас буынның кітап оқу, іздену, танып-білу қасиеттеріне ие болуы маңызды. Сонымен қатар, қазіргі жастардың өз тарихынан, тамырынан қол үзіп қалмауын да ойлау керек.


Өзіндік биік, таза, рухани қасиетімен кітап – мәдениет пен руханиятты қорғауда теңдесі жоқ қару болып табылады. Кітап – адамзат баласына ағарту һәм білім сыйлайды. Кітап беттерінде адамзат тіршілігінің сан қилы құпия сырлары сақталған.


Адам кітапқа өзінің қасиетті сезімі мен жан жылуын сеніп тапсырған. Кітап арқылы ол халыққа жан-дүниесін ашып, оң-солын ажыратады, сана-сезімін жетілдіріп, түйсігін оятады, ақылын кеңейтеді. Өз жанынан шыққан еңбекте автордың бүкіл өмір тынысы, жүрегінің иірімдері, мақсат мүдделерінің бір көрінісі жатады. Кітап – барша ғылымдардың бастауы, онда еңбек те, бейнет те, қасиет те бар. Кітап біздің алға ұмтылуымызда, адамгершіліктің биік шыңына көтерілуде өлшеусіз ақыл қосады.


Елбасы жыл сайынғы өз жолдауында жастарға кітап оқудың маңызы мен қажеттілігіне тоқталып өтеді. Н.Ә. Назарбаев жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттыруды ешқашан да кейінге шегеруге болмайтынын баса айтты. Жастарды кітапты аялап, құрметтеп, кітапқа адал болуға шақырады.


Өзімнің құрастыруымдағы «Әтейбек би ұрпақтары» атты еңбегімде тек алға жылжуымыз ғана емес, артта қалып бара жатқан тарихымыз бен аталарымыздың ерлігі, еңбектері, билік және даму жолдары айтып өтілген. Ортақ тілі, діні, ділі, ортақ Отаны, жұрты бар екеніне, тірлікке, бірлікке шақырып, ұлттық сананы қалыптастыруға бағытталған еңбек екенін айта кеткім келіп отыр.


Классик жазушы Максим Горький өз бойымдағы барлық ең жақсы қасиеттерім үшін кітапқа қарыздармын деп өтті. Т. Хейердалдың «Ақылды кітап адамзаттың болашаққа қарап ілгері басқан жолында, қандай да болсын кедергіні жеңуіне көмектеседі» деген тамаша сөзі бар. Кітап біздің ең сенімді досымыз. Одан бар сырымыз бен сұрағымызға жауапты таба аламыз. Сондықтан, кітапты аялайық, қастерлейік, кітапқа адал болайық!

Ғылыми жаңалықтар әр он жыл сайын шамамен екі есе артады және әлбетте мағлұматтар да олармен қоса, бірнеше есе артады. Бұл көп мағлұматтардың әлемде миллиондаған тұтынушыға жеткізілуі үшін жоғары жылдамдықты арнайы байланыс жүйелері қажет. Жер серіктері, интернет, радио, теледидар, басылымдар және кітап секілді құралдар әлемнің түкпір-түкпіріне бұл мағлұматтарды жеткізудің міндетін атқарады. Бірақ қазіргі әлемнің ғылыми және технологиялық дамуының жылдамдығы сонша артқан, бір ғылыми жаңалық және оны қолдану уақыты күннен күнге азаюда. Өткен шақта, бір үлкен жаңалықтың қоғамдық қолданысқа айналуына 150 жыл уақыт керек еді, бірақ ХХ ғасырдың соңғы жылдары бұл уақыт өте азайды.

Интернет желісі арқылы мақалалар да, кітаптар да жазылып, оқылып жатыр. Бірақ, біздің байырғы заманнан келе жатқан әдеби мұра – кітаптарды оқитын азаматтар жоқтың қасы. Заманның дамығандығы соншалық, қарапайым, бірақ, ұлы нәрселерге қызығушылық жойылуда.

Досынның шексіз болғаны қандай бақыт! Жабыққанда жұбатар,  қуанғанда сол қуанышты өзіңмен бөлісер жанды қашанда іздейсің. Шын жанашырыңа бар сырыңды ақтарып, бірге жылап, бірге күліп, мәңгі ажырамасқа серт етесің. Бірақ біз қанша тырыссақ та, әйтеуір, күндердің күнінде сол достық жолының екіге бөлінетіні анық. Немесе бұрынғыдай жиі-жиі көрісетін сағым мезеттер артта қалып, тек қана сирек келетін сағыныш хаттарына жұбанатын сәттер де болады... Дегенмен, сені мәнгі қолдап, қол ұшын беретін, сені түзу жолға салып, жол сілтейтін, сені ешқашан ренжітпейтін, өзімен бірге қызықтырып, кейде, тіпті жылатып та алатын шын досыңның  барын ұмытпаған жөн. Ол кім дейсіз бе? Жоооқ. Оның жаны жоқ. Бірақ жаны жоқ болса да ол – бір күні одан теріс айналып, жалғызсыратып тастап кетсең де саған өкпелемейтін...сені еш алдамайтын дүние...сенің рухани байлығың – кітап. Кішкентай ғана данышпан...

Қазіргі кезде кітап басып шығаратын баспаханалар өте көп. Дегенмен, сол баспаханаларда маман болып жүрген баспагерлерді дайындайтын оқу орны біреу ғана. Қазақстан бойынша полиграфиялық өнімдерді басып шығаратын мамандарды даярлайтын жалғыз колледж – Алматы полиграфия колледжі. Бұл колледждің тарихы тереңде жатыр. Сонау, 35 жыл бұрын іргетасы қаланған кәсіптік лицей бүгінде республиканың білім ордаларының арасында орнығып, бекем оқу орнына айналған. Соңғы жылдары полиграфия саласына сұраныс жоғары, қызығушылық та артып, өндіріс орындары көбейген. Алматы полиграфия колледжінің өзінен жыл сайын бірнеше түлектер жұмысқа шақырылады. Полиграфия саласында мықты мамандар даярлайтын жалғыз оқу орны оқу-тәжірибеге қажетті барлық машиналармен, аппараттармен жабдықталған.



Колледждің оқу баспаханасы өндірістік тәжірибені жүргізуге мүмкіндік беретін заманауи полиграфиялық машиналармен жабдықталған:

  • Лазерлі-ойғыш станок

  • Кескіш плоттер

  • Кең форматты принтер

  • Вакуумды-престеу машинасы

  • Плазмалық кесу құрылғысы

  • 3D сканер

  • Бүктемелеу машинасы

  • Кесу машинасы

  • Термобиндер

  • Сыммен тігу машинасы

  • Жіппен тігу машинасы

  • Пресс

  • Алтынмен престеуге арналған тигельді машина

  • Желім жағу аппараты

  • Түптеу қабын даярлау машинасы

  • Жинақтау машина

  • Штрихтау аппараты

Оқу шеберханаларында оқу-өндірістік тәжірибе сабақтарының жоғары деңгейде өтуін жоғары дәрежелі, полиграфиялық өндірісте жұмыс жасаған өндірістік оқыту шеберлері мен педагогтар қамтамасыз етеді.

Колледжге тәжірибемен тығыз байланыста болатын дуальді оқыту жүйесі енгізілуде. Оның артықшылығы – түлектердің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету. Себебі бұл жүйемен оқыту жұмыс берушінің барлық талаптарына жауап береді.



Колледж ғимаратында электронды теру және беттеу операторларына арналған компьютерлерлен жабдықталған 8 оқу кабинеті, сандық подиуммен жабдықталған 4 кабинет, мультимедиялық тақталары бар 2 кабинет орналасқан. Мобильдік кабинеттер ноутбуктармен жабдықталған. Сонымен қатар, проекторлармен жасақталған 15 кабинет бар. Оқу орнының семинарлар, ашық сабақтар, түрлі конференциялар өткізуге, диплом қорғауға арналған үйлестіру орталығы мультимедиялық тақтамен, проектор және сандық подиуммен жабдықталған.






Microsoft Word, Page Maker, Photoshop, CorelDraw, InDesign, Power Point бағдарламаларында жұмыс жасау үстінде


Алматы полиграфия колледжінің басу процестері зертханалары полиграфия саласындағы ең жақсы өндірушілердің машиналарымен жабдықталған. Басу процестерінің зертханасында Heidelberg фирмасының GTO-52 тигельді басу машинасы бар. Бұл басу машинасының басқарылуы қарапайым әрі ыңғайлы. Орталық пульттағы басқару пернелері басу машинасының барлық маңызды функцияларын ыңғайлы басқару үшін логикалық ретпен орналасқан. Бұл технологияны меңгеру көп уақытты қажет етпейді. Дизайн, эргономика және басқарудың жеңілдігі жұмыс процестерін одан әрі қарапайым етеді.

Машинаның жұмысты жеңілдететін бөлшектері:

  • басу формасын тез ауыстыруға арналған «алға және артқа» итеру режимі;

  • ультрадыбысты және электромеханикалық қос парақты беру датчигі;

  • қысыммен басуды өшіру кезінде ылғалдау аппаратының жағу валиктерін автоматты түрде алып тастау

  • жағуды автоматты орталықтандырылған жүйесі;

  • ылғалдау ерітіндісін циркуляциялау және суыту қондырғысы

Артықшылықтары - мөлдір емес және жартылай мөлдір материалдарда басу кезіндегі ыңғайлы транспортировка.








Өндірістік тәжірибе. Баспагерлер жазық басу машинасында жұмыс жасау үстінде



Сонымен қатар, оқу орнында алтынмен престеуге арналған тигельді машина, штрихтау аппараты, лазерлі-ойғыш станок, вакуумды-престеу машинасы, плазмалық кесу құрылғысы, бүктемелеу машинасы, кесу машинасы, термобиндер, сыммен тігу машинасы, жіппен тігу машинасы, пресс, алтынмен престеуге арналған тигельді машина, желім жағу аппараты, түптеу қабын даярлау машинасы, жинақтау машинасы.

Оқу процесі арнайы зертханаларда жүргізіледі.

Түптеушілердің өндірістік тәжірибе сабағындағы жұмыс барысы

































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Т?рсынжан Бауыржан Т?рсынжан?лы

Дата: 12.01.2015

Номер свидетельства: 153502


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства