?стірт орта мектебі Ма??ыстау облысы Бейнеу ауданы
?стаз. ?стазды? киелі ?рі ?те к?не маманды?. Адамзатты ежелден ойландырып,тол?андырып келе жат?ан,?о?амды? ??рылыс ?згеріп жатса да, ?ажеттігін жоймайтын ма?ызды м?селе-жас ?рпа?ты ?мір с?руге дайындау. Б?л ?иынны?-?иыны.Себебі ?р адам-?айталанбас жеке т?л?а. ?р адамны? жан д?ниесі ?зінше бір ?лем.Уа?ыт оз?ан сайын ?о?амда?ы саяси-?леуметтік ?арым-?атынас дамы?ан сайын б?кіл д?ние ж?зінде ?стазды? ?ызметі ?иындай т?суде. Т?уелсіздік ал?ан осы жылдар ішінде егемен елімізді?,?о?амымызды? ?леуметтік-саяси ж?не бас?а да салаларында т?бегейлі ?згерістер болып жатыр. Соны? бірі-білім беру саласы.?ай кезе?де болмасын жас ?рпа??а білім мен т?рбие беру ?о?ам алдында?ы е? жауапты, ма?ызды іс болып ?ала береді. Сонды?тан мемлекетімізді? даму, жа?ару жолында?ы жа?алы?тар мен т?рлі ?згерістер елімізді? білім беру саласына да ?з ?серін тигізуде. Б?кіл ?лемдік білім беру ке?істігіне ?мтылыстар, ?о?ам дамуында?ы ?алыптасып отыр?ан жа?а жа?дайлар, ты?нан туында?ан м?селелер, ?згеріп жат?ан ?мірге бейімделу ?ажеттігі туындап отыр. Осы?ан мемлекетімізде білім беру мен жас ?рпа?ты т?рбиелеуге ерекше к??іл б?лінуде. Соны? бір д?лелі – “?аза?стан Республикасыны? 2015 жыл?а дейінгі білім беруді дамыту т?жырымдамасыны? жобасы” жариялануы болса, Президентіміз Н.?.Назарбаевты? “?аза?стан экономикалы?, ?леуметтік ж?не саяси жа?ару жолында” атты ?аза?стан хал?ына Жолдауында да білім беруге ?лкен м?н беріліп отыр. ?аза?стан Республикасыны? «?рлеу» ІІІ де?гей м??алімдерді? біліктілігін арттыру курсыны? ма?саты саба?ты ж?ргізуде т?мендегі жеті модульге ба?ыттал?анды?ын корсетеді.
1.О?ыту мен о?уда?ы жа?а т?сілдер.
2.Сыни т?р?ыдан ойлау?а ?йрету.
3.О?ыту ?шін ба?алау ж?не о?уды ба?алау.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Үстірт орта мектебі Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы
Ұстаз. Ұстаздық киелі әрі өте көне мамандық. Адамзатты ежелден ойландырып,толғандырып келе жатқан,қоғамдық құрылыс өзгеріп жатса да, қажеттігін жоймайтын маңызды мәселе-жас ұрпақты өмір сүруге дайындау. Бұл қиынның-қиыны.Себебі әр адам-қайталанбас жеке тұлға. Әр адамның жан дүниесі өзінше бір әлем.Уақыт озған сайын қоғамдағы саяси-әлеуметтік қарым-қатынас дамыған сайын бүкіл дүние жүзінде ұстаздың қызметі қиындай түсуде. Тәуелсіздік алған осы жылдар ішінде егемен еліміздің,қоғамымыздың әлеуметтік-саяси және басқа да салаларында түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Соның бірі-білім беру саласы.Қай кезеңде болмасын жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру қоғам алдындағы ең жауапты, маңызды іс болып қала береді. Сондықтан мемлекетіміздің даму, жаңару жолындағы жаңалықтар мен түрлі өзгерістер еліміздің білім беру саласына да өз әсерін тигізуде. Бүкіл әлемдік білім беру кеңістігіне ұмтылыстар, қоғам дамуындағы қалыптасып отырған жаңа жағдайлар, тыңнан туындаған мәселелер, өзгеріп жатқан өмірге бейімделу қажеттігі туындап отыр. Осыған мемлекетімізде білім беру мен жас ұрпақты тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінуде. Соның бір дәлелі – “Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы” жариялануы болса, Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жолында” атты Қазақстан халқына Жолдауында да білім беруге үлкен мән беріліп отыр. Қазақстан Республикасының «Өрлеу» ІІІ деңгей мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсының мақсаты сабақты жүргізуде төмендегі жеті модульге бағытталғандығын корсетеді.
1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
2.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
4.Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.
5.Талантты және дарынды балаларды оқыту
6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
7.Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Жалпы айтқанда осы кембридж әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, сабақты тиімді өткізу болатын. Оқыту әдістерін түбегейлі меңгеру және оны өз пәніңе енгізе отырып, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Осы аталған оқу бағдарламасы мен үшін өте маңызды. Мен бұрын дәстүрлі сабақ жүйесімен шектеліп келгенмін, енді осы оқудың арқасында өзіме көптеген әдіс-тәсілдерді үйреніп,оны өз тәжірибемде қолдансам деймін. Мен жұмыс барысында « Қалай оқытуым керек? , Нені оқытуым керек? » немесе « Қандай әдісті пайдаланам? » деген сұрақтар ойландыратын. Ал енді мен 7 модуль бойынша жұмыс жасап, одан күтілетін нәтижелер көп болатынына сенімім мол. Дәстүрлі сабақ аясында мұғалім өзі көп сөйлеп, оқушы аз жұмыс жасайтын еді, ал керісінше бұл оқудың оқушылар көп жұмыс жасайды, пікірін ортаға салады, өз ойын ашық , әрі нақты , дәлелді түрде жеткізе алады. Қорыта келгенде, білім беру саласында бұндай бағдарламаның алатын орны ерекше. Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің өсіп жетілуіне, көбеюіне үлкен мүмкіндік жасап отыр. Ел болашағы- білімді ұрпақта. Сондықтан білім беру саласында жасалып жатқан жаңа реформаларды жүзеге асыру- ұстаздар қауымына ортақ іс. Осының бәрі ұстаздар алдына жаңа міндеттер мен мақсаттар қойып отыр. Қандай істі де жаңадан бастау оңайға соқпайды. Сондықтан ұстаздарға жаңаша жұмыс істеуге, шығармашылық еңбегімен оқыту әдістерін жаңа арнаға бұруына, педагогикалық еңбегін қайта құруына тура келеді. Бұл бағытта жұмыстар атқарылып та жатыр. Көштен қалмаймыз деп жаңаның бәрін қабылдай беру дұрыс па, бұған дейін қол жеткізген табыстарымызбен іс-тәжірибемізді әрі қарай қалай ұштастырамыз деген ойлар да мазалауы мүмкін. Өткен күндердегі іс-тәжірибеге көз жіберсек, кешегі бүгінгіге, бүгінгі ертеңгіге ұқсамайды. Себебі ғылымның дамуы, білім мазмұнының өзгеруі, өмір талабы, оқушы талғамы үнемі өсуде. Иә, бүгінгі күн мұғалімнің көп ізденіп , тынымсыз еңбектенуін, сабақ берудің амал – тәсілдерін жетілдіріп отыруды қажет етеді. Өйткені, білім мазмұны, оқыту үрдісі өзгерісті талап етуде. Ал ұстаздар алдында шешімін таппай жатқан проблемаларда баршылық. Пәндерге байланысты көрнекі құралдарды жаңарту, көбейту, толықтыру, дидактикалық материалдардың, әдістемелік көмекші құралдардың аздығы оқулықтар мазмұны мен сапасы алаңдатады. Сонымен қатар білім сапасын арттыруда жаңа технологиямен тұрақты жүйелі, нәтижелі жұмыс істеу үшін мұғалім сабағына жан – жақты дайындалуы керек.Ол үшін мұғалімге еркіндік, шығармашылық ізденіс, көп еңбекке қажет, ал ол үшін жағдай керек. Қазіргі заман мұғалімі қоғамдық дамудың деңгейінен көрінетін, оның әлуметтік парызына жауап беруді көздейтін, жаңалыққа сирек, өз ісіне гуманистік сезіммен қарайтын, педагогикалық күрделі үрдістердің барысын идеялық – адамгершілік тұрғысынан шеше алатын, жаңаша ойлау дағдысын меңгерген, балалардың талапкерлілігі мен қабілетін өздігінен еркінен дамуын ұйымдастыра алатын, және ата – аналармен педагогикалық ынтымақтастықты орнатуға бейімі бар әр шығармашылықпен еңбек ете алатын маман болуға тиіс.Ол шәкірт жүрегіне жол табарлық пәнін қызықтырарлық жол іздейді, өз білімін жетілдіреді, жаңа технология пайдаланады.Өйткені шәкірттен терең білімділікті, ұстамдылықты, еңбекқорлықты , мәдениеттілікті талап ету үшін мұғалімнің өзі сол қасиеттердің үлгісі боларлық дәрежеде болуы тиіс.Сөйтіп, өмір талабының артта қалмаған, үнемі шығармашылық іздену үстіндегі ұстаз ғана шәкірттердің сеніміне ие болып, сый – құрметіне бөленбек. Ең бастысы ұстаз адами қасиеті мол, басқаға қайырын тигізуден шаршамайтын, шалдықпайтын өмірінің әр шақтарын қиып, ұрпағының ертеңіне жол ашатын, шуағы мол шапағат иесі. Ұстаз бойындағы білім мен мінез үйлесімділік тауып, шәкіртке деген ұлы махаббатпен тоғысып жатса, әрбір шәкіртіне жеке тұлға деп қарап, адал жүрегін ұсынса , өз ісін жан тәнімен сүйіп істесе, нағыз ұстаз болмақ. Жаңа ғасыр мұғалімнің бойында мынандай қасиеттер болуы керек: сергектік, байқағыштық, сезімталдық, сенім, әділдік, байсалдылық, ұстамдылық, сабыр сақтау, ілтипаттылық. Интеграция мен ғаламдастыру қатар жүріп келе жатқан бүгінгі таңда мектептегі жеткіншектердің білім берудің сапасы мен деңгейін жан – жақты көтеру жаңаша ойлайтын, оқыту мен тәрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білетін ұстаздардың ғана жұмысы жемісті болмақ. Жаңа ғасыр мұғалімдері талапқа сай болып, сапалы әрі сан алуан салиқалы тәрбиелік – білімділік қызметтерді ойдағыдай атқара білгенде ғана ұстаздық мақсатына жетеді. Білім ордасы - жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру, бірнеше ғасырлар бойы жиналып сақталған мұраларын келешек ұрпақ игілігіне жеткізе алатын мәдени ошақтар, ұлттық тәлім – тәрбие орталығына айналмақ. Ұлттық мектеп тағдыры қай қилы заман да да, қай ұлттың болсын көзі ашық, көкірегі ояу, ұлтжанды азаматтарын толғандырып келген ең өзекті мәселелердің біріне саналды. Қазіргі таңда Қазақстан бүкіл әлемдік білім кеңестігіне ену табалдырығында. Өмір ағымына қарай білім беру жүйесінің моделі күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Ондағы өзекті мәселе әлемдік білім кеңестігіне шығудағы Қазақстанның жаңа ұлттық білім моделін қалыптастырудың тиімді жолын анықтауында. Елбасы Н.Ә.Назарбаев білім мен ғылым қызметкерлерінің екінші съезінде «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан жүктелетін міндет өте ауыр» деген болатын. Осы ғылым мен білімнің негізін тереңдету нәтижесінде ғана еліміз өзінің елдігін басқа елдер алдында көрсете алады. Ал ел тағдыры оның келешекте кемелді ел болуы мектептің қандай негізде құрылуына байланысты болмақ. «Біздің стратегиялық міндетіміз – бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан лайықты орын алу» деп елбасшымыз әңгіменің басын ашып айтқаны бар. 12 жылдық білім берудің негізігі мақсаты еліміздегі білім беру жүйесінің құрылымы мен мазмұнын толықтай өзгерте отырып, заманына сай мектеп құру. Олардың білімді де, білікті, парасат пайымы мол, саналы да сарабдал азамат боп жетілуі тәлім мен тәрбие беретін мұғалімге тікелей байланысты. Мұғалімге артылатын сенім жүгі соншалық ауыр дей отыра, сонымен қатар оның ұлағатты ұлы жол екенін естен шығарып алмаған жөн. Демек, өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкіртінің жанына құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады. Өз ойымнан түйгеннің бір шеті мынада жатыр.Жаңа көзқарастағы мұғалім - рухани байлығы мол, өз ісінің шеберіне айналу және жаңашылдыққа талпынатын шығармашыл тұлға болуы керек. Әрине, өз мүмкіндіктеріне баға беретін әлемдегі білім беру кеңестігінің даму бағытын, болып жатқан әртүрлі интеграциялық процестерде бағдарлай алатын деңгейін естен шығармаған жөн. Қазақстан республикасында жалпы орта білімнің қазіргі жай-күймен әлемдік білім кеңестігінің дамуындағы бетбұрыстарға 12 жылдық жүйеге көшудің талаптарын түсініп игеру жолы тағы бар. Біздің ойымыздың түп төркіні бүгінгі күні 12 жылдық білім беру мазмұнында жатыр. Бүгінгі күнде жалпы орта білім беретін мектеп – жаңа қоғам мектебі, яғни болашақ мектебі. Халықтық мәдениетке интеграцияланған, баланың жеке басының дамуына педагогикалық жағдай жасайтын, рухани жағынан таза, дүниеге тік қарайтын, қоршаған ортамен жүйелі байланыс түзетін, білімнің жаңа мазмұнымен байланысқан, бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ өсіріп, дамытып жетілдіретін мектеп болуға тиіс. Менің ойымша білім беруді тәрбиеге негіздеудің екі қанаты бар. Олар білімді ұлттық құндылықтар мен өркениетке негіздеу. Шәкіртті өз күш-жігерін пайдалануға баулу. Бұл екеуі құстың қос қанатындай, бірінсіз бірі шәкіртті самғау биікке көтере алмайды. Қорыта келгенде, менің өз тәжірибемде өзгерістер болуда. Бұл жаңа жоба маған ұнады.
Пайдаланылған әдебиет
1. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері. Алматы-2013ж
2. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей