Кульжанова Қымбат Темирхановна -1946 жылдың 7 мамырында Қостанай облысы ,Таран ауданы , Қызылжар поселкесінде дүниеге келді.1964 жылы онбір жылдықты «Мектепке дейінгі мекеме тәрбиешісі » біліктілігімен қоса аяқтады.1964 – 1965 жылдар аралығында « Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша білім алып,сол мамандық бойынша куәлік берілді.1965 жылдан бастап бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша еңбек жолын бастады. 1967 жылдан бастап Қызылорда облысы, Жанақорған ауданы,Ленин поселкесінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді. 1969 жылы Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институттың филология факультетіне түсіп,1974 жылы аяқтады.
1973 жылы Мангыстау облысы ашылғанда жолдасының жұмыс барысымен Жаңаөзен қаласына келген. 1977 жылдан бастап Жаңаөзен қаласындағы № 6 орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінен , мектеп директоры қызметіне дейін көтерілген.
Осы еңбек жолындағы марапаттары:
Награждена Грамоты Минпроса (1992)
Отличник образования ( 1995 )
Металь материнство ( 1979 )
Медаль «Ветеран труда » (1990 )
Медаль « 40 лет городу » (2008 )
2009 жылдан бастап « Каспий » педагогика және салалық технологиялар колледжінде психолог және «Бастауыш сынып мұғалімі » мамандығы бойынша оқитын студенттерге психология пәнінен сабақ береді.
Білім беру ұйымы мен отбасының өзара байланысын және ұлттық тәрбие беру маңыздылығын арттыру мақсатында жұмыстанды.
2009 – 2010 оқу жылында жасаған еңбектерін жас мамандар басшылыққа алып, қолданады.
Психология пәнінен лекциялар жинағы;
Психология пәні бойынша тестер жинағы;
Психология және өзін – өзі тану пәнінен жұмыстық бағдарлама;
Психология пәнінен жұмыстық бағдарлама;
Үнемі шәкірттерімен қарым – қатынаста болып, «білсем», «үйренсем» деген арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойынына алады.Ұлағатты ұстазымызды ұстаздар мерекесі қарсаңында шын жүректен құттықтаймыз.