Ұстаздық-ұстаздан басқа ешкімнің қолынан келмейді.
3-оқушы
Ұстазым-екінші анам аялаған,
Біздерден бар білімін аямаған.
Оқысын,білім алсын,үйренсін деп,
Күнде ертең құшақ жая шықты алдан.
4-оқушы
Түзетеміз шалалықты,
Есейттіңіз балалықты.
Сізден ізгі кішілікті,
Үйрендік біз кісілікті.
Анамыздай сыр шерткен,
Ақыл-білім үйреткен.
Алдында бас иеміз,
Ерекше бір құрметпен!
/бәрі бас иеді/
Аружан
Апайлар-ағайлар!Шынында да қисайғанды түзеп,солғанға нәр беріп,төзімділікпен еңбек етіп жүрген сіздердің еңбектеріңіз зор.Сіздерді мақтан тұтып,сенімдеріңізді ақтап,егеменді еліміздің азаматы болуға сенім білдіреміз.
Бекзатхан
Салтымы бар ұрпағын аялаған,
Қамқорлығын олардан аямаған.
Бала көркі өмірдің,көңілдің де,
Ұрпағымен өрісін жаяды адам.
Бекзатхан
Ұстаз мейірі-Ана мейірі парапар,
Тұла бойға қуат болып таралар.
Көп жасаңдар өмірге шуақ боп,
Айналайын білім берген ұстаздар.
Аружан
Бәріңізге арналады төр бүгін,
Ұстаз сыйлау,құрметтеу-елдігім.
Тағы міне,қуанышта бас қосып,
Ақ тілекті ақтаратын келді күн.
Бекзатхан
«Асыл ұстаз-мәңгі мектеп жүрегің,
Есіміңді әнге бөлеп жүремін.
Пейіліңе ұқсап тұрып бір сенің,
Әлемдегі әсем сұлу гүл едің.»
Аружан
Шеттерінен жігер оты лаулайтын,
Білімімен шәкірттерді баулайтын.
Биік қойған парасат пен тәлімді,
Мәртебелі ұстаздықты таңдайтын.
Жүрегіңе нәр берер салған әні,
Сол әнімен көрінген таза жаны.
Әнімен әлдилеген халқымызды,
Шақырымыз ортамызға.
Бекзатхан
Білім бердің,аяладың жасымнан,
Мен де сенің табылушы ем қасыңнан.
Қуаныш қып менің өскен ортамды,
Естен кетпес сипайтының басымнан.
Аружан
Ұлылықтың мықтылығы ағашынан,
Қымыздың күштілігі сабасынан.
Бишінің биші болып атануы,
Үйреткен тәлім берген ұстазынан.
5-оқушы
Биік сенің ұстаздық қасиетің,
Мінезің жоқ қиынға бас иетін.
Өмірге тәрбиелеп құлшындырған,
Жадымызға сақталар өсиетің.
Аружан
Жүресіз баршамызды сүйсіндіріп,
Даналықтан қазына жүрсіз жиып.
Ұстаздарды жетелеп ұлылыққа,
Тұғырында өмірдің тұрсыз биік.
Бекзатхан
Асыл қасиет жас жүрекке сепсеңіз,
Шәкірт бойына білім нәрін септіңіз.
Бөбектің абыройын биік ұстап,
Еліңізге адал қызмет еттіңіз.
Халқыңызға үстем болып мерейіңіз,
Құтты болсын,бүгінгі төл мерекеңіз.
Аружан -«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат,өйткені мұғалім-мектептің жүрегі» демекші,мектептің жүрегі боларлық ұстаз жолы-ұлы жол.Осы шыңға жеткенге дейін де сан түрлі кезеңдер бастан өтетіні сөзсіз.
Ұстаздарымыздың алғашқы келген сәттен бастап,қоштасар кезге дейінгі бізбен бірге өткізген уақыттары-естен кетпес ғажайып дүние.