Просмотр содержимого документа
«Внеурочная работ "К?з ханшайымы"»
«Жармұхамбет орта мектебі» КММ
«Бекітемін»
Тәрбие ісі меңгерушісі: Г.С.Дауталиева______
Тәрбие сағаты
«Күз ханшайымы»
Жетекшісі: К.У.Азамбаева
Жармұхамбет 2016жыл
Мақсаты:
Қыздарды қазіргі заман талаптарына сай адам етіп тәрбиелеу. Көпшілік алдында өздерін-өздері көрсете білуге, ұстай білуге дағдыландыру. Өзара сайыстарда бәсекеге тұрарлық жасөспірім тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Мерекеге сай әшекейленген акт залы.
Барысы:
1ж.
Армысыздар, бүгінгі кешімізге жиналған көпшілік қауым! Жармұхамбет орта мектебінің қыздары арасында өткелі тұрған « Күз ханшайымы» байқауына қош келдіңіздер!
2 жүргізуші.
-Бойға жиып күш-қуатты бүгін біз,
Мерекеде шат көңілді, жарқынбыз.
Берекесін, молшылығын әкелген
Мезгілдердің төресі ғой Алтын күз!
1. жүргізуші.
-Олай болса, 5-10 сыныптар арасында өтетін «Күз ханшайымы» байқауымызды ашық деп жариялаймыз. Бүгінгі кештін әділ қазыларымен таныстырып өтейік:
Мектеп директоры М.М.Бигельдиева
Тәрбие меңгерушісі Г.С.Дауталиева
Ұйымдастырушы: Құрманжанова К А
2 жүргізуші.
Ақын болып әділдікті жақтап өтем,
Ананың ақ үмітін ақтап өтем.
Әдеп-инабатты сақтап өтем,
Қазақтың аруларын мақтап өтем.
Аруларымызды қарсы алайық:
9а сынып оқушысы-Анарбай Гүлнұр
8а сынып оқушысы-Сейдулла Гүлмарал
7а сынып оқушысы- Тоғжанәліқызы Жансая
6а сынып оқушысы-Бағдатқызы Назма
5а сынып оқушысы-Халихан Анель
1 жүргізуші.
Сайыскерлеріміз келді, енді кешіміздің бағдарламасымен таныс болыңыздар:
Арулардың таныстыруы
«Он саусақтан бал тамған» қол өнер сайысы
«Ұшқыр ой» сұрақ-жауап сайысы
«Өнерлі жас өспірім» өз өнерін көрсету
Жанкүйерлер қолдауы
«Сұлулығы жарасқан» сән үлгілері
1 жүргізуші.
Нұр жаусын таудай болса талаптарың
Білем деп талай кітап парақтарын.
Сынайтын қиын сұрақ қойыылса да,
Дәл және айқын болссын жауаптарың.
2 жүргізуші.
Қандай жақсы жақсылықта кездескен
Күз аруы алдыңда тұр келіскен.
Қанша өнер білсеңде көптік етпейді
Дейтін елміз өнерліге өріс кең.
1 жүргізуші.
Білімнен нәр, сөзден маржан теремін,
Күзден алған адам барлық керегін.
Алтын күзде алтындайын жарқырап,
Аруларың көрсетсін бар өнерін.
Өз өнері сайысы.
1 жүргізуші.
Біздің қыздар жанкүйерлер қолдауына зәру, сол жанкүйерлердің бір өнерін тамашалайық.