kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Ынтыма?, бірлік, келісім – е? басты байлы? ел ?шін»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ассамблея жылы ?атарда?ы к?п мерейтойларды? бірі емес.  Ассамблеяны? тарихы -со??ы жиырма жылда?ы ?аза?стан тарихы. 

Ассамблеяны? басты ма?саты: ?аза?станда?ы  барлы? этностарды? жа??ыруы мен дамуын ?амтамасыз ету; ?ркениеттік ж?не демократиялы?  ?станымдар?а, мемлекеттік  ?лтты? саясатта барлы? этностарды? м?ддесіне деген ??рметке негізделген ?лтаралы? ?атынас м?дениетін ?алыптастыру болатынды?ы ай?ындалды. Сессия 1995 жылы 24 наурызда  Алматы ?аласында ?тті.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Ынтыма?, бірлік, келісім – е? басты байлы? ел ?шін» »

Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы – объективті қажеттілік. Этномәдени бірлестіктер

 

Қазақстан – тарихи тағдыры ортақ этностардан құралған унитаралы мемлекет. Оларды ортақ құрылымның аясына біріктірудің сара жолы – Қазақстан халқы Ассамблеясын құру болды.

Асамблеяны құру идеясына Қазақстан қоғамының тарихи бастаулары алғышарт болды.

Жаңа әрі теңдесі жоқ құрылымды іске асыру жұмыстары аймақтарда кіші ассамблеялар құрудан басталды. Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамды топтастырушы тетіктердің біріне айналды. Шын мәнінде, ол ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделін жүзеге асырудың маңызды тетігі болатын.

1995 жылы 16 ақпанда Президент Н.А. Назарбаев еліміздегі ұлттық мәдени орталықтардың жетекшілерімен кездесу өткізді.

Сонда, Ел басы республикадағы ұлтаралық келісімді сақтау және оны одан әрі нығайту үшін республикада жаңа қоғамдық институт – Президент жанындағы консультативті-кеңесші орган ретінде Қазақстан халқын ортақ мүддеге біріктіретін Ассамблея құру қажеттілігі туындап отырғандығына назар аударды.

Асамблеяның басты мақсаты: Қазақстандағы барлық этностардың рухани тұрғыда қайта жанғыруы мен дамуын қамтамасыз ету; өркениеттік және демократиялық ұстанымдарға, мемлекеттік ұлттық саясатта барлық этностардың мүддесіне деген құрметке негізделген ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру болатындығы айқындалды. Барлық облыстарда кіші Ассамблеялар құрылып, олардан сессияға 260 делегат сайланды. Сессия 1995 жылы 24 наурызда Алматы қаласында өтті және оның құрамына 40 ұлттық-мәдени орталықтың өкілдері енді. Сессияда Қазақстан Президенті Н.назарбаев баяндама жасап, Ассамблеяның ұыймдастырушылық құрылымдары белгіленді.

Ассамблея құру идеясы қоғамды топтастырушы күш ретіндегі тұжырымдама негізінде ұсынылған болатын. Ассамблея мемлекеттік басқару деңгейіндегі ұлттық саясатты жетілдіруге белсенді түрде атсалысады. Ассамблея Президент жанындағы ұжымдық орган ретіндегі, ал облыстық бөлімдері әкімшілік басшысы жанындағы орган ретіндегі мәртебеге ие. Ассамблея құрылған кезден бастап ұлттық саясаттың барлық бағыттары бойынша мемлекеттік шешімдер қабылдауға қатысып келеді.

Ассамблея этномәдени бірлестіктерді құрамына біріктіреді және олардың жетекшілері Қазақстан халқы Ассамблеясы мен кіші ассамблея мүшесі болып табылады. Ал 2008 жылы «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заң қабылданды.

Ассамблея мен этномәдени орталықтар тарапынан көтерілетін бастамалар мемлекеттік деңгейдегі қолдауға ие болады. 1995 жылы сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясы республика тарихында алғаш рет Қазақстан республикасы Президентінің өкілеттілігін 2000 жылы 1 желтоқсанына дейін ұзарту жөніндегі жалпыхалықтық референдум өткізу туралы бастама көтерді. Мұндай маңызды қоғамдық бастамадан кейін іс жүзінде Ассамблея көпұлтты Қазақстан халқын топтастыратын белсенді қоғамдық институтқа айналды. Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылғы Конституцияның қабылдануына да үлкен қолдау білдірді. Бұл тарихи оқиғалар еліміздегі қоғамдық саяси және құқықтық ахуалға оң өзгерістер әкелгені баршамызға аян.

Қазақстан халқы Асамблеясы ан алуан этностарды азаматтық тұрғыда топтастырудың қуатты құралдарының біріне айналды. Жалпы алғанда, өз қызметінің алғашқы күндерінен бастап Ассамблея еліміздегі этностардың мәдениетінің қайта жаңғыруы мен дамуына елеулі ұлес қосып келеді. Наурыз мейрамы, корей, неміс мәдениетінің фестивальдері, татарлар мен башқұрттардың сабантойы жалпы халықтық сипатқа ие болды. Дүнгендер, курдтар сияқты, т.б. халықтардың мейрамдары мен түрлі форумдары республикалық деңгейде дәстүрлі түрде өткізіліп отырады.

Ассамблеяның белсенді қызметінің нәтижесінде Қазақстандағы этностардың мәдени өмірі жандана бастады. Өйткені Ассамблея этникалық топтар арасындағы ұйымдастыру жұмыстарының орталығына айналды. Ассамблея органдарына мемлекеттік мәртебе берілуіне байланысты этномәдени орталықтардың мәселелері жедел шешімін тауып, кейбір өзекті мәселелер бойынша үкімет деңгейіндегі шешімдер қабылданады. Ассамблея Кеңесінің шешімімен этномәдени орталықтарға қаржылай және ұйымдастыру жұмыстары бойынша көмек көрсету мақсатында республикалық қор құрылған. Бұл қордың бөлімшелері әрбір облыстарда ашылды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық «Ақиқат» және «Мысль» журналдарының құрылтайшысы және де ассамблея жанынан шығатын «Достық - Дружба» журналы бүкіл елімізге таралады. Ассамблея ЕҚЫҰ-мен де тығыз байланыста жұмыс жүргізіп келеді.

Қазақстан халқы Ассамблеясында 1996 жылдан бері 1 мамырда Қазақстан халқы бірлігі мерекесі ретінде атап өту идеясын туған еді.

Бүгінгі күні Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі әрбір этностың мүддесін қорғайтын қоғамдық бірлестік. Ассамблея көпұлтты Қазақстан халқын топтастырушы институт ретінде қалыптасып болды деп есептеуге толық негіз бар. Ассамблея Қазақстан азаматтарын отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге, халықтар арасындағы достық пен бірлікті нығайту ісіне өлшеусіз үлесін қосып келеді.

Ассамблеяның ең жоғарғы органы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы болып табылады. Ал Ассамблея Кеңесі заң жобаларын сараптамадан өткізу, мемлекеттік тіл мен еліміздегі барлық халықтардың тілін және мәдениетін дамыту, жастардың бойында қазақстандық отансүйгіштікті қалыптастыру, БАҚ-пен тығыз байланыс орнату, халықаралық байланыстар жүргізу, әрбір этностың мәдени дамуына ықпал ету сияқты, өзге де жұмыстарды жүзеге асырады.

Қазақстан халқы Асамблеясы үнемі даму үстінде болатын тірі ағза іспетті. Оған дәлел бола алатын құжаттар 2002 жылы 26 сәуірдегі Президент Жарлығымен қабылданған Қазақстан халқы Ассамблеясының 2011 жылға дейінгі даму стратегиясы және «қазақстан халқы Ассамблеясы туралы ереже». Қазақстан халқы Ассамблеясын одан әрі жетілдіру туралы Президент Жарлығына сәйкес Президент әкімшілігі мен облыс әкімдері аппаратының құрылымында Ассамблеяның жұмыс органы – хатшылықтар құру туралы нұсқау берілген. Ал бұл органдар өз кезегінде ассамблеяның барлық жұмыыстарының тиімділігін арттыруға үлкен септігін тигізді.

Ассамблеяның өткізген барлық сессияларда Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстанда ұлтаралық татулық пен келісімді нығайта беру бағытында ізденістерді жалғастырудың қажеттілігіне баса назар аударып отырды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы үлгісінде Ресей Федерациясында, Қырғыстанда халық Ассамблеялары құрылды. Бұл жерде тағы бір ерекше атап көрсететін жайт, ол Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің деңгейі жағынан да, қызметінің ауқымы жағынан да дараланып тұрады.

Ассамблея өзінің құрылымы жағынан республикалық, облыстық және қалалық этномәдени орталықтарды біріктіретін ұйым болып табылады.

Қазіргі заман тарихының жылнамасы Президент Н.Ә. Назарбаев өзінің күнделікті қызметінде Қазақстан халқы Ассамблеясына ерекше көңіл бөліп отыратындығын дәлелдейді. Күллі Қазақстан халқы мен еліміздегі әрбір этностың болашағы – Қазақстан халқы Ассамблеясы үшін зор жауапкершілік.





«Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер. «Бір ел» – бұл барлығымыз үшін ортақ Отан. «Бір тағдыр» – бұл біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер! Бұл біздің ортақ келешегіміз – игілікті және өсіп-өркендеген Қазақстан!» Бұл - Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқы ассамблеясының ХХ сессиясында сөйлеген сөзі. 

Қазақстан Республикасында сан түрлі ұлттың бір ұлттық мүдде, ортақ Отан, бір мақсат жолында өмір кешіп жатқанына 22 жыл. Қазақстан – жүз отыздан астам ұлтты бір шаңырақ астында біріктіріп, татулықта өмір сүріп отырған мемлекеттердің бірі. Елімізде тұрып жатқан ұлттардың ана тілін, мәдениетін, дәстүрін сақтауға, ары қарай өркендетуге толықтай мүмкіндік берілген. Барлық этностар Ата Заң негізінде білім алып, еңбек етіп, әр түрлі салаларда табыстарға қол жеткізу үшін жағдай жасалғаны тағы бар. Қазақстанның азаматтығын алғандарға заң алдында тең құқық қарастырылды. Қазіргі күні көк байрағымыздың астында 130-дан астам ұлыс пен ұлт өкілдерінің тыныштықта өмір сүруі – жалпы халыққа ортақ, тең дәрежелі көзқарастың дұрыстығы. 

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ ұлтымен қоса, өзге ұлт өкілдеріне билік тарапынан көңіл бөліне бастады. Енді ассамблеяның құрылу тарихынан аз-кем. 1995 жылы 16 ақпанда Елбасы Н.А. Назарбаев еліміздегі ұлттық мәдени орталықтардың жетекшілерімен кездесуінде, ұлтаралық келісімді нығайту үшін өзге мемлекеттерде жоқ қоғамдық институт Ассамблея құруды ұсынған болатын. Алдымен, барлық облыстарда кіші Ассамблеялар құрылып, олардың атынан сессияға 260 делегат сайланған. Алғашқы сессия 1995 жылы 24 наурызда Алматы қаласында өткен болатын. Оның құрамына 40 ұлттық-мәдени орталықтың өкілдері кірді. Сессияда Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаев баяндама жасап, Ассамблеяның ұйымдастырушылық құрылымдарды белгілеген болатын. Бүгінде осы Ассамблея Қазақстан Республикасы халықтарының мызғымас тыныштығын сақтау үшін бірден-бір септігін тигізіп отырған қоғамдық институт болып саналады. Қазақстан халқы ассамблеясының бастамасымен Қазақстан халқының фестивальдерін, тілдер фестивальдерін, басқа этностардың мемлекеттік тіл мен ана тілін білу дәрежесін анықтайтын байқауларын, халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялар өткізуге ұйытқы болып келеді. Диаспоралар мен бірлестіктерінің жексенбілік мектептері бар. Ассамблея Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының құрылымдарымен іскерлік байланыста. Осы Ұйымның қолдауымен Ассамблея этносаралық қатынастар мәселелерін зерттейтін талдау орталығын құрды. Ал 2007 жылы Парламент мінберінен басқа да этнос өкілдеріне орын беріліп, Мәжіліске Қазақстан Халқы Ассамблеясынан 9 депутат сайланды. “Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы” жаңа Заң қабылданды.

Қазақстан Халқы Ассамблеясы атты бірегей институт жайлы: «Қазақстанның Ассамблея құрудағы тәжірибесін көптеген мемлекеттер қолданып отыр. Мәселен, 2003 жылы Ассамблеяның делегациясымен Мәскеуге барған кезімде сол тұстағы Ресей халықтары ассамблеясы атқарушы комитетінің төрағасы ұлты тува Ч.Ондармен сөйлесе кеткенімде ол: “Біз өз ассамблеямызды Қазақстанның тәжірибесіне сүйеніп құрдық”, деді. Сол шақта төбем көкке жеткендей болып, қуанғаным бар. Ресей Федерациясы халықтары ассамблеясының төрағасы Рамазан Қажымұратұлы Әбдуләтіпов мырза да: “Біз Ресей халықтары ассамблеясын Қазақстан халқы Ассамблеясының құжаттары мен мол тәжірибесі негізінде құрған болатынбыз. Себебі, Қазақстан халқы Ассамблеясы бізден үш жыл бұрын құрылған еді. Біз одан көп нәрсе үйрендік, бірақ әлі күнге дейін Қазақстанның деңгейіне жете алмай келеміз. Мен сіздерге қызығамын. Өйткені, сіздердің Ассамблеяларыңызды Президенттің өзі басқарады. Сондықтан сіздерде барлық жағынан мүмкіндік жоғары”, дегенді айтып еді. Шынында да, сөзінің жаны бар» - деп өз ойын мақаласы арқау еткен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, республикалық қоғамдық-саяси “Ұйғур авази” газетінің бас редакторы Юлдаш Азаматов. 

Содан бері дәстүрлі түрде Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы өткізіліп келеді. Биылғы жылғы Ассамблеяның ХХ сессиясында да өткір мәселелер мен ортақ шешімдер қарастырылған болатын. Елбасы Н. Назарбаев сессияда сөйлеген сөзінде «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асырудағы басым бағыттардың әрқайсысына тоқталды. Әсіресе, тіл, дін мәселесін шегелеп айтты. Сонымен қатар, сессияда қаралған мәселелердің бірі Қазақстан Халқы Ассамблеясының аймақтық өкілдерін дамыту тұжырымдамасы, қоғамдық келісім мен әлеуметтік бастамаларды көтеретін жер-жердегі достық үйлерін кеңейту шаралары. Халықаралық келісім және бейбітшілік академиясын ашу мәселесі қаралды және академияны ашудағы мақсат - этносаралық модельді паш ету және тәжірибелермен бөлісу.

Кезекті Қазақстан Халқы Ассамблеясының ХХ сессиясында көтерілген мәселелер жайында шараға келген қонақтардың пікірлерінен мысал келтірсек. «Біздің ассамблеямыз – уникалды институт. Әр елде бұндай халықтардың бәрін біріктірген институт бола бермейді. Бұл жолғы Ассамблея сессиясында тіл, тілді қолдау мәселесі айтылды. Бірігіп қазақ тілін оқуымыз керек. Қазақ тілін оқытуымыз керек. Балаларға да, басқа ұлттарға да» - деп сабақтайды өз ойын Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты Асхат Күзеков. Сессия қонақтарының бірі бірнеше тілді меңгерген Дмитрий Петров: «Қазақстанның ұзақ мерзімді даму стратегиясындағы жоспарларын тыңдадым. Әңгіме 2050 жылғы бағдарламада. Қазақстан Президентінің жергілікті ұлттар мен этностар барлығын бір халық ретінде тануы - аталмыш стратегияда саяси экономикалық әлеуметтік жетістіктерге жетуге кепіл болатын бірегей жол» - деген ой айтты. 

«Татулық пен тұрақтылық ел иесі ретінде ең алдымен қазаққа керек. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес» - деді ХХ сессияда елбасы Н. Назарбаев. 

Мемлекет дамуының басты негізі - халық арасындағы бірлік пен келісім толеранттылық өзара сенім. Ассамблеяны құрудың арқасында біздің ел дүниежүзінде ешкімге ұқсамайтын, саяси, әлеуметтік, экономикалық және ұлттық дамудың қазақстандық моделін қалыптастырды. 

 

























Тәуелсіздік тұғыры

Қазақ халқында бағзы замандардан бері ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан, толағай мәнді «Жерұйық» ұғымы қалыптасқан. Ұлт дүниетанымында қанық бояумен жазылған аталған ұғымның мән-мағынасына бойлау үшін ұлы даланың тарих қойнауына көз жүгіртіп, кең-байтақ аймақты батырлық пен даналықты ұштастыра отырып қорғаған ата-баба өткеніне үңілу қажет. Ықылым заманда «Желмаясына мініп жерұйығын» іздеген Асан Қайғының идеясы халқымыздың ғасырлар бойғы аңсаған арманына, мұрат-мақсатына ұласты. Бабаларымыз «Жерұйық» жерді, құтты мекенді аңсап төрт құбыласы тең, қазығы берік, мамыражай тіршілігі бар мемлекет құруды, іші мен сырты бүтін мәңгілік ел болуды мұрат етті. Қайнар бастауын адамдық ізгіліктен, бейбітшіл көзқарастан, кіндік қаны тамған жерге адалдықтан алып жатқан ұлы мұрат, қазақ халқы басынан қаншама қилы заман кешсе де атадан - балаға, ұрпақтан - ұрпаққа бұлжымас аманат болып келеді. Бүгінгі Қазақстан осы сан ғасырлық мемлекеттілік қағидаттары мен елдік ұстанымдардың заңды мұрагері.

Ғасырлар тоғысында еркіндікті аңсаған ата-баба арманы жүзеге асып - егемендікке ие болдық. Қазақ жерінде арайлап атқан елдіктің ақ таңы ең алдымен, осынау дархан даланы ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен, алғыр ақылмен, берік тақыммен қорғап, сақтап қалған ата-бабаларымыздың ұлы күрестерінің заңды да нақты нәтижесі.

Қазақ елі қазіргі таңда қабырғасы қатайған, пікіріне халықаралық қауымдастық өкілдері құлақ асатын беделді елге айналды. Еркіндікті аңсаған ата-баба мұрасы жүзеге асып, Алаштың ең асыл мұраты - тәуелсіздікке қол жетті. Қазақ жерінде атқан егемендік таңы ең алдымен, алып та дархан даланың төсін қанымен суарған, терісі сөгіле қызмет еткен ата-бабаларымыздың қасиетті күресінің заңды да нақты нәтижесі.

Қазіргі таңда, еңселі ел болудың даңғыл жолына түстік, әлеуетіміз артты, дәулетіміз еселеніп отыр. Қазақстан егемендікке қатар ие болған ТМД елдерінің арасында көптеген көрсеткіштер бойынша көш бастады.

Бүгінгі жетістіктер бізге өздігінен келе қалған жоқ. Өйткені, өткен ғасырдың соңғы онжылдығында тәуелсіздікке қол жеткізген туған еліміздің жағдайы өте күрделі еді. Ел экономикасы дағдарысқа ұшыраған, ауыл шаруашылығы тұралаған, барлық өндіріс пен өнеркәсіп технологиялары тозған жағдайда біз егемен мемлекет тарих сахнасына ендік. Республика аумағында жұмыс істейтін барлық мекемелер мен кәсіпорындарда жалақы мен мемлекеттік әлеуметтік төлемдерді өтеуге қаржы тапшы. Мемлекеттік басқару жүйесі жан-жақтан қаумалаған проблемаларды жедел шешуге қауқарсыз. Дүкен сөрелерінде халыққа күнделікті қажетті тауарлар мен азық-түлік жеткіліксіз. Өңірлерде жеке мүдде мен популистік ұпай жинауға тырысқан кейбір топтар ахуалды ушықтыруға тырысты. Әлеуметтік толқулар мен митингтер орын алып жатты.

                                                            









Ассамблея белестері

1993 жылғы қабылданған Конституция мемлекеттік билік тармақтарының өзара тепе-теңдігі мен қарым-қатынасын реттеуге қауқарсыздық танытты. 1994 жылы он үшінші шақырылған Жоғары Кеңес саяси дағдарыс нәтижесінде өзін-өзі тарату жөнінде шешім қабылдады. Осы саяси күрделі кезеңде ел халқының басын біріктіретін, этностық, нәсілдік ерекшеліктеріне қарамастан қоғамның барлық өкілін ортақ мақсатқа жұмылдыратын беделді ұйым құру тарихи қажеттілік еді. 

1995 жылғы 1 наурызда Мемлекет Басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлыққа қолды. Жарлыққа қол қойылған сәттен бастап, Ассамблея қоғамдық маңызды саяси іс-шаралардың бел ортасынан көрініп, қоғамдық маңызды істердің қозғаушы күшіне айнала білді.

1995 жылғы 24 наурызда Қазақстан халқы Ассамблеясының бірінші сессиясы шақырылды. Сессия жұмысына мемлекеттік құрылымдардың басшыларынан бөлек шығармашылық интелегенция, қоғам мен мемлекет қайраткерлері және еліміздегі саналуан ұлыс өкілдері қатысты. Аталған сессияда Ассамблея мүшелері Мемлекет Басшысының өкілеттілігін кеңейту туралы ұсыныс жасады. Сессияда баяндама жасаған Президент Н.Ә. Назарбаев «Мен, еліміздің Президенті ретінде қоғамдық тұрақтылықты және ұлтаралық келісімді қамтамасыз етуді өзімнің басты міндетім деп санаймын», - деп нақты атады. Осы жиында Елбасы ұлттық саясат мәселелерін қорытындылай отырып, оның алдағы уақытта да айқын және әділетті принциптер негізінде жұмыс істейтінін айтты. Аталған принциптерді берік ұстанудың арқасында Қазақстан тек этностық, діни негіздегі қақтығыстардың алдын алып қана қоймай, мемлекеттік ұлттық саясат саласындағы реформаларды жүзеге асыра отырып, қарқынды даму жолына түсті.

1995 жылы 29 маусымда өткізілген Қазақстан халқы Ассамблеясының екінші сессиясында Елбасы Н.Ә. Назарбаев тұңғыш рет Негізгі заңның басты басымдықтарын айқындап, Ата заңның жобасын алғаш рет қоғамдық талқылауға ұсынды. 30 тамыз күні жалпыхалықтық референдумда республика халқы елдің жаңа Конституциясын қолдап дауыс беріп, құқықтық және демократиялық мемлекет құру бағытында тарихи таңдау жасады. Бұл елде өтпелі ауыр кезеңнен кейінгі күрделі саяси-экономикалық, конституциялық реформаларды бел шеше іске асыруға бетбұрыс жасалған сәт еді.

1996 жылы өткен Ассамблеяның үшінші сессиясында мемлекетаралық ықпалдасуды жетілдіру, егемендікті нығайту және қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мәселелері талқыға салынды. Қазақстан азаматтарының ұлттық идея айналасында ұйысуы маңызды екендігі айтылды.

Ассамблеяның төртінші сессиясы ерекше жағдайда өтті. Өйткені, сессия бірінші рет жаңа астанамызда өткізілген болатын. Келелі басқосу Астанада өткен тұңғыш жалпыұлттық шара болатын. Сессияда сөз алған Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев еліміздің өткен тарихына баға беріп, қоғамдық келісім біздің тарихи таңдауымыз екендігіне ерекше тоқталды.

Алғашқы баламалы Президент сайлауында жеңіске жеткен Елбасыны ресми ұлықтау салтанаты өткен күннің ертесі 1999 жылғы 21 қаңтарда - Ассамблеяның бесінші сессиясы шақырылып, ол «Ұлттық келісім - Қазақстанның тұрақтылығы мен дамуының негізі» тақырыбына арналды. Сессияда Елбасы Қазақстан дамудың даңғыл жолына түскенін айтып, қиын-қыстау кезеңде елден қоныс аударған азаматтарды ата қонысқа оралуға шақырды.

Ассамблеяның алтыншы сессиясы жаңа мыңжылдықтағы елдің мемлекеттік ұлттық саясатындағы басым бағыттарды айқындауға арналды. Еліміздің сындарлы дамуы үшін әрбір азаматтың ұстанымы мен отансүйгіштігінің маңызды екендігі сөз болды.

Ассамблеяның кезекті жетінші сессиясы Мәдениетті қолдау жылы ретінде белгіленген 2000 жылғы 15 желтоқсанда өтті. Сессия барысында ұлт саясатында жаңа кезең - азаматтық біртұтастықтан мәдени ортақтастыққа қадам басу туралы бастама көтерілді. Президент Н.Ә. Назарбаев өз сөзінде «қазақ мәдениеті объективті тұрғыдан күллі Қазақстан халқының мәдени ортақтастығын бойына сіңіріп әкетпейтін, қайта төңірегіне топтастыратын ұйытқы болуға тиіс» деп көрсетті. Аталған сессия жұмысы этносаралық қарым-қатынастың қазақстандық үлгісін жетілдіруге елеулі үлес қосты. Ассамблея алдына оның мәртебесін көтеру, орта мерзімдік жоспар әзірлеу жөнінде міндеттер қойылды.

Тәуелсіздіктің он жылдығы қарсаңында өткен Ассамблеяның сегізінші сессиясында қазақстандық қоғамды терроризм мен экстремизмге қарсы топтастыру, экономика және әлеуметтік мазмұндағы этностық саясат ауқымын кеңейту, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуді күшейту, жалпы қазақстандық мәдениеттің одан әрі дамуына ықпал ету, мемлекеттің ұлт саясатын іске асыруда Ассамблея жұмысының тиімділігін арттыру мақсаттары айқындалды.

2002 жылғы 15 қарашада өткен Ассамблеяның тоғызыншы сессиясында Қазақстанның ерекшелігін ескере отырып, ұлттық қауіпсіздік және ұлттық саясатты жүргізу мәселелері көтерілді. Өз сөзінде Президент Н.Ә. Назарбаев «Елімізде орнаған этносаралық келісім үлгісі әлем мемлекеттеріне көпұлтты қоғамдағы азаматтық бейбітшілік тәжірибесі ретінде ұсынылды» деп атап өтті.

Ал, Ассамблеяның оныншы сессиясы еліміздің экономикалық жүйелі даму жолына түскен 2003 жылғы 20 тамызда шақырылды. Сессия барысында мемлекеттік ұлттық саясат тетіктеріне оң баға берілді. Сессияда Президент Н.Ә. Назарбаев «Біздегі ұлттық келісім - бүкіл осынау жылдар бойында азаматтық қоғам институттарының қолдауы жағдайындағы мемлекеттің тынымсыз жүргізілген жұмысының нәтижесі» деп көрсетті. Сондай-ақ Елбасы діни мерекелер Құрбан-айт пен Рождествоны мерекелік демалыс күндері деп белгілеуді ұсынды.

2005 жылғы 22 қарашада өткен Ассамблеяның кезекті он екінші сессиясында Президент Н.Ә. Назарбаев бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру мәселесін алға қойып, сауатты ұлттық саясаттың, қазақстандық патриотизм мен тіл саясатының маңызды екендігін атады. Мемлекеттік тілді дамыту бірінші кезектегі басымдық ретінде айқындалды.

Ассамблеяның он үшінші сессиясында: «Біз қоғамды басты ұлттық басымдықтар төңірегінде топтастыруға тиіспіз: олар - тыныштық, тұрақтылық және келісім» тақырыбы күн тәртібіне көтерілді. Сессия барысында Парламент Мәжілісіне Ассамблея атынан 9 депутат сайлау туралы шешім қабылданды. Ассамблея консультативті-кеңесші орган деңгейінен конституциялық орган мәртебесіне ие болды. Демократиялық үрдістерді одан әрі ырықтандыруға бағытталған конституциялық реформалар нәтижесінде Ассамблеяның саяси мәртебесі жаңа деңгейге көтерілді. Алдымен Ассамблея атауындағы бұрынғы «халықтары» сөзі «халқы» сөзімен алмастырылды. Бұл өзгеріс елдегі ұлттық бірлік сипатын конституциялық деңгейде сәйкестендіру бағытындағы бетбұрыс кезең еді.

2008 жылғы 23 қазанда өткен он төртінші сессия Ассамблеяның жаңа кезеңге қадам басқанын айқындап берді. Бұл тұрғысында Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Бүгінде біздің алдымызда келесі стратегиялық мақсат тұр, Ассамблея қызметінің жаңа сапалық кезеңі басталды. Қазақстан халқы Ассамблеясы кез-келген дағдарысты, кез-келген қатерлер мен қауіптерді жеңе алатын біртұтас және ұйымдасқан Қазақстан халқын қалыптастыру процесін жалғастыруы тиіс» деп көрсетті.

2009 жылғы 26 қазанда өткен Ассамблея сессиясында Қазақстанның Ел бірлігі доктринасы талқыланды. Елбасы Н.Ә. Назарбаев Ел бірлігі доктринасының басты бағыттарын және маңызын айқындады. Елбасы «Доктрина әрбір қазақстандық саясаткердің «үстел кітабы», әрбір депутат, басқарушы, ғалым және журналистің іс әрекетінде жетекші құрал болы тиіс» деп көрсетті.

Осы жылдар ішінде Ассамблея қабырғасында елдің даму жолын айқындайтын Ассамблея стратегиясы, Қазақстан Республикасының тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, «Қоғамның идеялық ұйысуы - Қазақстанның дамуының басты шарты» тұжырымдамасы, Қазақстанның Ел бірлігі доктринасы сынды іргелі құжаттар қабылданды.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: Внеурочная работа

Категория: Прочее

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
«Ынтыма?, бірлік, келісім – е? басты байлы? ел ?шін»

Автор: Бірманова ?ымбат Исланбек?ызы

Дата: 08.05.2015

Номер свидетельства: 209215

Похожие файлы

object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(195) "«1- мамыр Қазақстан халқының бірлігі күніне» арналған «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін»."
    ["seo_title"] => string(80) "1_mamyr_kazakstan_khalkynyn_birligi_kunine_arnalgan_yntymak_birlik_kelisim_en_ba"
    ["file_id"] => string(6) "652283"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1717745424"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(180) "?аза?стан хал?ы Ассамблеясы – бірт?тасты?, этникааралы? толеранттылы? ж?не ?о?амды? келісімні? ?лгісі "
    ["seo_title"] => string(112) "k-azak-stan-khalk-y-assamblieiasy-birtu-tastyk-etnikaaralyk-tolieranttylyk-zh-nie-k-og-amdyk-kielisimnin-ulghisi"
    ["file_id"] => string(6) "242871"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1445561806"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(45) "Біздің күшіміз бірлікте!"
    ["seo_title"] => string(24) "bizdin_kushimiz_birlikte"
    ["file_id"] => string(6) "629156"
    ["category_seo"] => string(7) "prochee"
    ["subcategory_seo"] => string(7) "prochee"
    ["date"] => string(10) "1680862748"
  }
}
object(ArrayObject)#884 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(58) ""Бізді? та?дауымыз-?лтты? бірлік" "
    ["seo_title"] => string(33) "bizdin-tan-dauymyz-u-lttyk-birlik"
    ["file_id"] => string(6) "169842"
    ["category_seo"] => string(10) "vneurochka"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1423478197"
  }
}
object(ArrayObject)#862 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(24) "Ашы? есік к?ні"
    ["seo_title"] => string(14) "ashykiesikkuni"
    ["file_id"] => string(6) "317076"
    ["category_seo"] => string(16) "nachalniyeKlassi"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "meropriyatia"
    ["date"] => string(10) "1460271539"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства