Жаңа педтехнологияларды пайдалана отырып, оқушыларды шығармашылыққа баулу.
Жаңа педтехнологияларды пайдалана отырып, оқушыларды шығармашылыққа баулу.
Бұл баяндама бастауыш сынп мұғалалімдеріне таптырмайтын құрал.Бұл баяндамада ұстардарға бастауыш сынып оқушыларын шығармашылыққа қалай баулу керектігі баяндалған.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Жаңа педтехнологияларды пайдалана отырып, оқушыларды шығармашылыққа баулу.»
Баяндама
Тақырыбы:
«Жаңа педтехнологияларды пайдалана отырып, оқушыларды шығармашылыққа баулу»
Мақсатым:
Түрлі жаңа технология элементтерін оқу үрдісіне енгізу.
Оқушылардың сөздік қорын молайту, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Жаңа үрдістер сабақты қызықты және ұтымды өткізетінін есте сақтау.
Міндетім:
Білімді, білікті ұрпақ қалыптастыру
Оқушыларға жан-жақты білім беру.
Оқушылардың сөздік қорын арттырып, өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Болашақта өркениетті дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Өйткені, тәуелсіз Қазақстанның дамыған бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарында терезесін тең ететін – білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр.Оқытудың әртүрлі технологиялары зерттеліп, жаңашыл педагогтардың іс–тәжірбиесі зерттеліп мектеп өміріне енуде. Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан–жақтылығы, білімі қажет. Елбасы Н.Ә. Назарбаев Білім және Ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде: «Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әлдеқайда жоғары болуы керек» деген.
Мектеп өміріне еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшілігі – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан–жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек қана тыңдаушы, орындаушы болып келсе, ал қазіргі өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән береміз. Өйткені:
Дүниетаным қабілеті жоғары
Дарынды, өнертапқыш
ҚАЗІРГІ ОҚУШЫ
Ізденімпаз, талапты
Өз алдына мақсат қоя білетін болуы тиіс
Осындай жеке тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңа технологиясы қажет. Оқу үрдісінде осындай әдіспен оқыту үшін мұғалім алдымен өзі оқып біліп, зерттеп, өзінің шеберлігіне қарай таңдауы керек. Мұғалімнің ерекшілігі соны таңдай білуінде. Өйткені бір технологияның өзі мұғалімнің қолдану әдіс–тәсіліне, шеберлігіне қарай жүзеге асады. Мен өзімнің сабағымда мына педагогикалық технологияларды басшылыққа аламын.
Д.В. Эльконин,
В.В. Давыдов
«Дамыта оқыту технологиясы»
В. Занков
«Дамыта оқыту жүйесі»
И.В. Первин
«Топтық оқыту»
Сын тұрғысынан ойлау
Қазіргі оқушы
Ж. Караев
«Деңгейлеп оқыту»
Осы технологиялардың тиімділігіне тоқталар болсақ:
Дамыта оқыту – жеке тұлғаны жетілдіреді, оның дамуына бағыт беріп, олардың белсенділік, адамгершілік, батылдық сияқты қасиеттерін қалыптастырады.
Деңгейлеп саралау – мұғалімнің де, оқушының да белсенді шығармашылық қызметін дамытады.
Сабаққа қызығушылығы артады
Жеке қабілеті айқындалады
Деңгейлеп саралау
Өз бетімен жұмыс істеуге үйренеді
Нақты өз деңгейінде бағаланады
Даму мониторингі айқын көрінеді
Бұл жөнінде «әр баланың өз деңгейі болатындай, әр балаға берілетін тапсырманың көлемі оның деңгейіне лайықтап беріледі. Әр баланы өзінің даму зонасында жетілдіру керек» деген А.С. Выготский зерттеулері өте құнды. Деңгейлеп оқытудың тиімділгі өте көп. 3.Топтық оқыту бірлесіп жұмыс істеуге, өз ойын дәлелдеуге, өз пікірін қосуға үйретеді.Ұжымдық іс әрекетке тәрбиелейді.
4.Сын тұрғысынан ойлау – бұл кез–келген мазмұнды сынау емес, оны зерттеу, бақылау, талдау, әртүрлі стратегиялар арқылы өзінің ойлау негіздерін сыни тұрғыдан дамыту.
Еркін ойлауға мүмкіндік береді
Ақыл – ойын дамытады
СТО
Оқу мен жазу сауаттылығын арттырады
Шығармашылық белсенділігін арттырады
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Оқу арқылы өзінің ой–өрісін, шығармашылық қабілетін дамыта алатын жеке тұлға қалыптастыруымыз керек.
Тіл сабақтарында оқушы шығармашылығын дамыту үшін мұғалім өзінің шеберлігіне, өтілетін тақырыбының мазмұнына байланысты кітаппен жұмыс істеудің әртүрлі жолдарын тапсырмалар беру арқылы іске асырады.
Бастауыш сынып оқушылары жалпы алғыр, шапшаң, сезімтал, ештеңені жасырмай, нені болса да ашық, еркін айтады. Мақтау сүйгіш, мұғалімнің жетегіне тез ілескіш, үлкендердің ой–пікіріне қатты сүйенеді. Сондықтан баланың шығармашылығын дамытуда ұстаз көп еңбек сіңіру керек. Баланың қиялын дамытып, ойын ілгері жетектеуде, түрлі лингвистикалық жаттығулардың да рөлі зор. Сабақ үрдісінде материалды салыстырып қарама–қарсы қою әдісі арқылы да ұғындыру өз нәтижесін береді.
Қазақ тілі сабағында шығармашылық жұмыстардың сан алуан түрі жүріп отырады. Шығарма, мазмұндаманы айтпағанның өзінде сурет салу, сөйлем талдау, теориялық ереже шығару, елек құрастыру жүріп отырады.
Оқушыға шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын нұсқап отырса, онда балалардың өздері де ізденіске түседі. Күнделікті сабақтың сапалы өтуіне ыңғайлы тәсіл іздеймін. Тіл сабақтарында тақырыпқа байланысты ұйқас ұсынамын, соны пайдаланып өлең шығарады т.с.с.
Сабақтың еркін, қызықты өтуіне диалог–ертегінің де пайдасы бар деп білемін. Мұнда мұғалім ертегіні бастайды, оқушы аяқтайды. Әрине, бұл ауызша тіл ұстарту сабақтарында өткізіледі. Бұл оқушының қиялына ерік береді. Бұл жерде оқушының тілін дамыту, танымдық белсенділігін көтеру, ой–қиялын ұшқырлау сияқты іс–әрекеттер жүреді.
Психологтардың айтуынша, қабілеттілік туа біткен қасиет емес, ол тікелей пәндік әрекет арқылы дамиды. Оның дамуы баланың жаңа білім алуымен, оның біліктілігі мен дағдыларының қалыптасуымен тікелей байланысты. Оқушы шығармашылығын дамытуда СТО бағдарламасының пайдасы өте зор. Оны тиімді пайдалана білген адам үлкен жетістікке қол жеткізеді.
Қазақ тілі сабақтарында әртүрлі тапсырмаларды түрлендіре беріп отырудың пайдасы көп.
Мысалы, хабарлы сөйлемді сұраулы сөйлемге, жалпы есімді жалқы есімге айналдыру деген сияқты тапсырмаларды үнемі беріп отырса, ой қиялының дамуына әсері тиеді.
Шығармашылық қасиетті адам баласының бойында қалыптастыруда сөз өнерінің берері мол. Баланы жастайынан шығармашылық өнеріне қалай баулу керек. Қазіргі өзекті мәселелердің бірі – осы. Шығармашылыққа үйрету үшін мынадай жағдайларды ескеруі тиіс:
мұғалім ең алдымен, сыныпта шығармашылық көңіл–күй тудыру үшін баланың назарын бір нәрсеге бағыттауы керек;
әрбір шығармашылық тапсырманы оқушыға ұсынудың мазмұны жеткіншектердің жас ерекшелігіне, қызығушылығына үйлесуі керек;
оқушының шығармашылықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай туғызу;
шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, сапалы түрде қалыптастырып отыру қажет.
Бастауыш сынып оқушыларымен шығармашылық жұмысты төмендегідей жүргізуге болады.
Әңгіменің, ертегінің сюжетін бастап беру, аяқтауды оқушыға тапсыру.
Ұйқас арқылы өлең шығару.
Белгілі тақырып негізінде әңгіме жазу.
Әртүрлі тақырыпта жұмбақтар құрастыру.
Тірек сөздер арқылы қызықты мәтін құрастыру.
Ақын, жазушыға арнап хат жаздыру.
Сюжетті сурет бойынша әңгіме жазғызу болады.
Бастауыш сыныпта шығармашылыққа үйрету жұмысының бірі – өлең жазу. Бұл жұмысты яғни баланың сауаты ашылып болған соң – ақ жүргізуге болады. Ол үшін алдымен оқушыларға ұйқас сөзінің мәнін түсіндіріп, өлеңдегі ұйқастарды табуға тапсырма бердім. Содан кейін ғана алдымен жеке дыбыстар, буындар, одан кейін берілген жол арқылы ұйқас жасау үйретіледі. Мысалы:
а) у – у – у,
жақсы оқу
ә) ға, –ға, –ға,
Бардым ауылға.
б) Ауылға барамын,
Төлдерді бағамын.
Бұл жұмыс кейіннен күрделене түседі. Мұғалім өлеңнің бірінші жолын тақтаға жазып қояды. Мысалы, жаз келді алақай, қалған екінші, үшінші, төртінші жолдары ұйқастарды ескере отырып, балалар айтқан ұсыныстардан ең лайықтысын таңдау арқылы құралады. Сонда:
Жаз келді алақай,
Қуанды балақай.
Орманда, тоғайда,
Өсіпті қалақай.
түріндегі өлең шумағы дүниеге келді.
Оқушыларды шығармашылыққа үйретудің тағы бір жолы – әңгіме, ертегілер жазғызу. Мынадай тақырыптар ұсынуға болады. «Бұл өте қызықты», «Ең қымбат нәрсе», «Сұлулық деген не?» т.с.с.
Өлең
Әңгіме
Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытуда жұмбақтар және мақал–мәтелдермен жұмысты жаңаша ұйымдастырудың көп көмегі тиеді. Жұмбақтарды шешу кезінде баланың логикалық ойы дамиды..
Мақал–мәтелдерді бала шығармашылығының дамытатындай етіп пайдаланудың мәні зор. Жұмысты төмендегідей ұйымдастыруға болады:
Оқиғаға байланысты мақал–мәтелдер айтқызу.
Мақал–мәтелдің мағынасына қарай оқиға ойлау.
Суретке қарап тұрып, бірнеше мақал айту.
Мақалдың мәнін ашатын суреттер жинау.
«Еңбек етпеген ішіп жемейді» деген мақалға өмірден мысалдар келтіруді тапсырғанда, оқушылардың берген жауаптары төмендегідей болды:
жұмыс істемеген адамда ақша болмайды;
оларда тамақ та болмайды;
біздің көршіміз жұмыс істемейді, олар нашар тұрады т.б.
Мына бір жұмыс та өте тартымды өтті. Сюжетті сурет. Қалың орман. Айнала жап–жасыл. өзен ағып жатыр. Жағасында балық аулап отырған кісі бейнеленген. өзенде үйрек, қаздар жүзіп жүр.
Осы суретке қарап, мақалдар айту тапсырылды. Сонда:
Сулы жер – нулы жер.
Еңбек етсең, емерсің.
Сағынған елін аңсайды, сары ала қаз көлін аңсайды.
Сөз, оның мағынасы жайлы түсініктер беретін сабақтарда оқушыларға берілетін мағлұматтарды тереңдете түсу үшін, төмендегідей кестелерді толықтыруды тапсырмын:
1.Мағыналас сөздерді тауып, сызықтармен байланыстыр:
әдемі
тәтті
ренішті
ашулы
ызалы
мұңды
сұлу
дәмді
2.Қарама–қарсы мағынадағы сөздерді тауып, сызықтармен байланыстыр:
түзу
ыстық
қатты
алыс
қорқынышты
жұмсақ
қисық
суық
қызық
жақын
Оқушыларды образды сөйлеуге үйретуде мына түрде тапсырылған жұмыстардың мәні зор болады.
Сөйлемді аяқта:
Даланы ... сияқты қар жапты.
Жаңбыр ... қатты жауып тұр.
Жасыл шөптің жайлауы ... көзге елестетті.
Осы педагогикалық технологияның ерекшелігіне сүйене отырып, оның тиімді әдіс тәсілдерін жетілдіруге болады.
оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіріп, білім сапасын көтереді.
пәнге деген бейімділігі, қызығушылығы артады.
Күтілетін нәтиже
Сауатты
Сөздік қоры мол
Білімді
Тәртіпті
Осындай жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күн талабына сай сауатты, білімді оқушылар тәрбиелеуге болады.
Ансардың арманы
(Ертегі)
Бір бала болыпты. Оның есімі Ансар. Жеті жасар Ансар ата-анасымен және ьес жасар қарындасы Фатимамен тұрады. Ансар екінші сыныпқа көшеді. Ал Фатима балабақшада оқиды. Ансар иттерді өте қатты жақсы көреді. әсіресе кішкентай күштіктерді ұнатады. Бірақ Ансарда күшік жоқ. Оның арманы өзіне бір күшік алу. Ансар оның арманы орындалар деп ойлайды. Әркімнің арманы орындала бермейді, бірақ ол бұған сенімді. Міне күз де жақындалап қалды. Бір аптадан соң мектепке бару керек. Ансар танертен ерте тұрып алып анасынан сұрайды. Анашы біз бүгін әкем үшеуміз мектепке форма алуға барамыз ба? Әрине барамыз. Ала қай! Қазір біз маған киім тандап жүрміз. Ансар бір жас әйелдің күшіктерді сатып тұрғанын көреді. Әке, әке анау күшікті сатып әперші. Балам мектепті үздік бітірсен міндетті түрде әперемін деді әкесі. Міне бір ай өтті. Ертен Ансардың туған күні. Ансар танертен тұрып бөлмесінен шықса бөлмесінің қасында жақындары тұр екен. Бірақ әкесі жоқ. Сол кезде әкесі келді. Ал қолында күшігі бар. Ансар қатты қуанды. Осылай Ансардын арманы орындалды.