?азіргі ?лемде болып жат?ан ?ар?ынды ?згерістер ?лемдік білім беру ж?йесін ?айта ?арау ?ажет екендігін ай?ындап берді. ?о?амны? дамуы жас ?рпа?ты? ме?герген білімі мен іскерлік де?гейіне байланысты десек, ?лтымызды ?лт етіп дамы?ан мемлекеттерді? де?гейіне к?теретін оны? саналы да дарынды ?рпа?ы. Ал сол ?рпа?ты білім н?рімен сусындатып, т?рбиелейтін – м??алім. Уа?ыт жа?а типтегі м??алімні? – о?у процесіне ?атысушыны дамытатын, т?рбиелеу мен о?ытуды?, дарындылы? пен шы?армашылы?ты дамытуды? технологияларын ме?герген, ?діскерлік м?дениетке ие маман ретінде жа?а формация м??аліміні? пайда болуын талап етеді.
?аза?стан Республикасыны? президенті Н. ?. Назарбаев білім беру ж?йесі ?ызметкерлеріні? съезінде «Жа?а заманны? жа?а адамын т?рбиелейтін сіздер, ендеше ?здері?із де к?п о?ы?ыздар. Ізденіс пен ілгерілеуден жалы?па?ыздар» - деп айт?ан болатын. Білім беруді т?рлендіруді? ма?ызды міндеті – жа?алы??а жатсынбай ?арайтын, ?зіндік ойы бар, ізденімпаз жа?а формация м??алімін т?рбиелеп, ?алыптастыру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Жа?а формация м??алімі (баяндама)»
Еңбекшіқазақ орта мектебі мемлекеттік мекемесі
Жаңа формация мұғалімі
Бастауыш сынып мұғалімі Оспанбаева Б. О.
Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін айқындап берді. Қоғамның дамуы жас ұрпақтың меңгерген білімі мен іскерлік деңгейіне байланысты десек, ұлтымызды ұлт етіп дамыған мемлекеттердің деңгейіне көтеретін оның саналы да дарынды ұрпағы. Ал сол ұрпақты білім нәрімен сусындатып, тәрбиелейтін – мұғалім. Уақыт жаңа типтегі мұғалімнің – оқу процесіне қатысушыны дамытатын, тәрбиелеу мен оқытудың, дарындылық пен шығармашылықты дамытудың технологияларын меңгерген, әдіскерлік мәдениетке ие маман ретінде жаңа формация мұғалімінің пайда болуын талап етеді.
Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев білім беру жүйесі қызметкерлерінің съезінде «Жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелейтін сіздер, ендеше өздеріңіз де көп оқыңыздар. Ізденіс пен ілгерілеуден жалықпаңыздар» - деп айтқан болатын. Білім беруді түрлендірудің маңызды міндеті – жаңалыққа жатсынбай қарайтын, өзіндік ойы бар, ізденімпаз жаңа формация мұғалімін тәрбиелеп, қалыптастыру.
Жаңа формация мұғалімі кім? Қандай болмақ? Нені білу керек? Қандай қасиеттерді меңгеруге тиіс? деген сұрақтарға жауап іздеп көрелік.
Білім беру процесін реформалауда, білім беру жүйесін түрлендіруде зерттеуші мұғалім мен көшбасшы мұғалім ЖАҢА ФОРМАЦИЯ МҰҒАЛІМІ ретінде орталық тұлға болып табылады екен.
2005 жылдың 1- қазанында «Казахстанская правда» газетінде шыққан мақалада Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев «Жаңа формация мұғалімі – бұл рухани дамыған, әлеуметтік тұрғыдан көзі ашық, педагогикалық құралдардың барлығын шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол білімді, білікті, белсенді тұлғаны қалыптастыру жолында үлкен жауапкершілікпен жұмыс істейді» - деп тоқталады.
Жаңа формация мұғалімінің моделіне мұғалімнің кәсіби есеюі, жеке тұлға ретінде есеюі, рухани есеюі кіреді.
Кәсіби есею – мұғалімнің инновациялық кәсіби-педагогикалық қызметке дайындығы. Яғни, ақпараттық технологияны, білім беру технологияларын, ғылыми теорияны, әдістеме негіздерін, мамандық пәнін жақсы меңгеруі.
Жеке тұлға ретінде есеюі – өмірлік және кәсіби шешімдерді қабылдаудағы жауапкершілік.
Рухани есею – мұғалімнің өмірлік даналығы.
Заман талабына сай мұғалім – шығармашыл тұлға, мұғалім – рухани бай, ізгілікті тұлға, мұғалім – азаматтық белсенді тұлға, мұғалім – бәсекелестік тұлға, мұғалім – мәдениет адамы. Жаңа формация мұғалімінің шығармашылық актісі әрдайым әдістеме болады. Алайда әдістеме мәңгілік бола алмайды. Өйткені ол әрдайым шығармашылық әрекет күйінде қалады. Ол мұғалімнің шеберлігімен қосылғанда ғана тиімді болып табылады. Бұл өнердің жоғары деңгейі. Мұнда мұғалім өзара қарым-қатынас шеберінің міндетін атқарады. Мұғалімнің көрегендігі – бұл оның өзге адамдармен іштей байланыс орнатуға қабілеттілігі деген сөз. Жанды байланыс –жасампаздық, құр оқыту – жансыз әрекет. Оқушылардан мұғалімдерінің бойынан кездестірген, жүректеріне ұялаған ең жақсы қасиеттерін сұрағанда, олар: балаларды риясыз жақсы көру, әділдік, талап қоюшылық, жанашырлық, сергектік, өз ісіне шығармашылықпен қарауы сияқты қасиеттерді бірінші орынға қойған. Олай болса, жаңа формация мұғалімінің бойынан қандай қасиеттерді көре аламыз.
Балаларды сүйе білу – гуманизм принципінің маңызды бөлігі және мұғалімнің маңызды сапасы.
Баланы, адамды құрметтеу – әр адамның бойынан тұлғаны көре білу мұғалімге қажетті қасиет.
Балаға, адамға сену – оқу процесіндегі жетістік кепілі, гуманизмнің оптимистік бағытын көрсетеді.
Баланы, адамды білу – тұлғаның жан дүниесін білмейінше тәрбие соқыр болады; гуманды болу – адамды тани білу деген сөз.
Баланы, адамды түсіну – оның орнына өзіңді қоя біліп, қоршаған дүниені соның көзімен көре білуің қажет.
Жеке тұлғаның рухани дүниесі мен табиғатына қамқорлықпен қарау – әрбір тұлғаның қайталанбайтын өзіндік рухани әлемі, өмір тәжірибесі, әдеттері мен көзқарастары болады.
Баланың досына айналу – оқу процесіне қатысушы ретінде сырлас досына айналып, қолдау көрсетіп, көмектесу керек.
Психолог болу – жаңа формация мұғалімі кері проблемалар мен көңіл-күйді оңды дүниеге айналдыра білуі керек.
Тұлғаның денсаулығына, психикасына, шығармашылыққа деген ұмтылысына зиян келтірмеу.
Тұлғаның дүниені тұтастай қабылдауына көмектесу.
Екі ұдай жағдайға тап болған оқушының дұрыс таңдау жасауына көмектесу.
Жаңа формация мұғалімі білім берудің жаңа парадигмаларын көрсететін жаңа кәсіби ойлау жүйесі мен сананы берік меңгеруі керек. Мұндай типтегі мұғалімнің ғылыми-педагогикалық біліктілігі кәсіби жаңа түрлерін (әдістемелік, пәндік-дамушылық, психологиялық, валеологиялық) де қамтиды. Оның міндеті – балаларды оқу оқып, табиғаттың, шығармашылық пен мәдениеттің заңдары бойынша өмір сүруге үйрету. Өзінің мәніне қарай білім мен мәдениет біртұтас, өмірдегі болмыстарына қарай ұқсас келеді. Мұғалім өз пәніне деген сүйіспеншілікті ояту арқылы ғана оқушы тұлғасын жан-жақты қалыптастыра алады. Әрбір шебер ұстаз педагогиканың, психлогияның, пән әдістемесінің соңғы жаңалықтарын жинақтай отырып «Мен тұжырымдамасын» жасауы қажет. Мұғалім өз пәнін жақсы меңгеріп қана қоймай басқаларға өз тәжірибесін бере алатын кезде ғана жаңа формация мұғалімі болып саналады.
Жаңа формация мұғалімі шешуге тиісті міндеттерді мойныма алып, жаңа формация мұғалімінің бойында болуға тиісті қасиеттерді бойыма сіңіре отырып, сұранысқа сай мұғалім болу үшін кәсіби білімімді де жетілдіріп отырамын. Педагогика саласындағы озық тәжірибелерге сүйеніп, өмірде дұрыс жол табу үшін өз іс-әрекетімнің негізінде ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білетін жеке тұлғаны қалыптастыруды мақсат етіп отырмын.
Өз іс-тәжірибемде әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі болып табылатын сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасын басшылыққа аламын.
Сын тұрғысынан ойлау стратегиясын ұсынушылардың анықтамасы бойынша: сын тұрғысынан ойлау – даму (дамыту). Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамыған сайын: жекеден-жалпыға, дифференциалдыдан – сенімділікке, интуициядан-логикалылыққа, бір перспективадан-көптеген перспективаға көшеді.
«Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының мазмұнын түсінгеннен бастап, бұл бағдарламаның стратегияларын баланың өз бетінше білім алуын, тұжырым, қорытындыға келу қабілетін, ұқсас құбылыстар арасынан тиімділерін таңдай білуін, проблеманы шеше білуін, пікірталасты жүргізе білу қабілеттерін қалыптастыруда қолданып келемін. Оқушы ойын дамыту үшін сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдістерін шеберлікпен қолдануға болады.Ұтымды әдістерді пайдалана отырып оқушының білімге деген ынтасын арттырып, таным-білім көкжиегін кеңейтуге ықпал етемін. Шәкірт жүрегіне жол табу үшін сабақтың әрбір сәтін қызықты, ұтымды өткізу қажет. Оқушы тек берілген мәліметті қабылдаушы ғана емес, сондай-ақ терең ой иесі, тұлға екендігін естен шығармаған жөн. Ол әрбір іске сыни тұрғыдан қарап, өз ойын дәлелдей білуге, еркін ойлауға, өз ойын дәлелдеуге мүмкіндік беремін. Осының дәлелі ретінде іс-тәжірибеммен бөліскім келеді.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі. Қызығушылықты ояту - үйрену процесі - бұрынғы білетіні мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа мағлұматтармен толықтыра түседі, білімін кеңейтеді. Сондықтан да сабақ қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Бұл кезеңде «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау» т. б. стратегиялар жинақталған. Бұл кезеңнің екінші мақсаты - оқушының белсенділігін арттыру. Өйткені үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап етеді. Оқушы өз білгенін еске түсіріп қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Ой бөлісу, ортаға салу арқылы оқушының белсенділігі артады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайында ақпарат жинап, оны байырғы білімімен ұштастырады.
Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны тану(түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Тапсырмамен танысу барысында оқушы өзіне таныс, таныс емес, жаңа мағлұматты, өзін таңқалдырған ақпараттарды шартты белгілермен белгілеп отырады.
«Білемін» - V «Білмеймін» - – «Мен үшін жаңа ақпарат» - +
Мені таңқалдырады - ?
Бұл оқушының оқығанын жете түсінуіне, өзіне керекті мағлұматты іріктеп алуына, өзінің сезіміне басшылық етуіне ықпал ететін әдіс. Дәстүрлі сабақ беру барысында мұғалім сабақ түсіндіргенде оқушы тек тыңдап отыратын болса, сын тұрғысынан ойлау технологиясында мұғалім негізгі материалды, жаңа ақпаратты беруде жетекші, бағыт беруші, ұйымдастырушы қызмет атқарады да, оқушы бұл процеске толық қатысады. Сондықтан да оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау, жаңа материалды түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау секілді кемшіліктер жойылады. Тақырып туралы «Ой толғаныс» - бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының ой толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру назардан тыс қалып жатады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының тағы бір ерекшелігі сонда бұл кезеңде үйренуші бүгінгі сабақтан не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде алған білімін толықтырып, өзгерістер енгізеді. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді, өзіне деген сенімділік пайда болады. Ой толғау кезеңінде «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу» әдістері сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне, мазмұнына қарай қолданылады.
«Миға шабуыл» стратегиясында «Ой сабақтастығын» жүргізуге болады. Оқушы тақтаға шығып жапсырылған қима қағаздардың біреуін алып берілген тапсырманы оқиды да, өз ойын қосып, тапсырманы келесі оқушыға ұстатады. Келесі оқушы өз ойын қосып келесісіне ұсынады. Осылайша ой сабақтастығы жүзеге асады. Мысалы:
Жер – біздің анамыз, асыраушымыз. Онсыз тіршілік жоқ. Өйткені ...
Күн болмаса жер бетінде тіршілік болмайды. Өйткені... .
Су болмаса жер бетінде тіршілік болмайды. Өйткені:
Ауа болмаса тіршілік иелері болмас еді. Өйткені...
Әдебиеттік оқу сабақтарында мамандық таңдауға берілген мәтіндерді оқыту барысында «еркін жазу» стратегиясын қолдануға болады.
«Еркін жазу» стратегиясын қолданғанда «Кім болам?» тақырыбына эссе жазу немесе «Егер де мен ...» тақырыбында өз ойын жазу секілді тапсырмалар беруге болады. Бұл тапсырма оқушыны өз ойын дәлелді, дәйекті түрде жеткізе білуге үйретеді. «Егер де мен президент болсам ...» елім үшін не істер едім? «Егер де мен ауыл әкімі болсам ...» ауыл адамдары үшін не істер едім? «Егер де мен мұғалім болсам ...» қандай мұғалім болар едім? деген тақырыпта жазған оқушылардың ой пікірлерін назарда ұстай отырып, болашағына бағыт беріп, қолдау жасап отыруға болады. ДЖИК СО – ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады. Әдісті қолдану төмендегідей ұйымдастырылады. Алдымен ұжым 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл «жанұя» топтар деп аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4 – ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4 –тер өз алдына «жұмыс» тобын құрайды.
Оқуға ұсынылатын материалдардың тақырыбы талқыланған соң, осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1-бөлігін 1-лер, 2-бөлігін 2 санын алғандар, 3, 4-нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға» жұмыс тобында» мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті «жанұя топ» оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағаттылығына байланысты екендігін оқушыларға түсіндіру қажет. Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтарымен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді. Өтілген материалдың мазмұнын толық меңгеру, оқығанды есте сақтау, белсенділікті арттыру үшін бұл стратегия өте тиімді болып табылады. Оқушының сабаққа деген қызығушылығы артып, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды. Сондай-ақ мұғалімді түсінуге, оның қызметіне деген дұрыс көзқарас қалыптасады. Сабақта ДЖИК СО стратегиясын қолдана отырып біріншіден: сабаққа барлық оқушының қатысуына ықпал етесің. Екіншіден: Берілген материалды мұғалім емес, оқушылар өздері бір-біріне түсіндіреді. Үшіншіден: оқушылардың топпен ынтымақтастықта жұмыс істеуіне ықпал етеміз.
Екі түрлі түсініктеме күнделігі. Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берілген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:
Бөліктің оң жағына Бөліктің сол жағына
Мәтіндегі өзіне қатты әсер еткен Сол әсер еткен үзінділер тұстарды, үзінділерді жазады. жайлы пікірін жазады. Нені
еске түсіреді, себеп-салдары
қандай, қандай сұрақ бар, т.б.
Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң, жұпта, топта талқылау ұйымдастырылады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауап алады. Ол сұрақтар оқығанға баға беру, пікірін, көзқарасын білдіруге лайықталып қойылғаны дұрыс.
Мысалы: - Сіздің ойыңызда не сақталып қалды?
- Автор оқырманды қалай қызықтырады?
- Кейіпкерлердің іс-әрекетін Сіз қалай бағалайсыз? т. б. түрінде.
Бұл әдіс те оқушыларды ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйретеді. Ақпаратты өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, құдыретін түсінуге бағыттайды. Сондай-ақ әдістің тиімділігі сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды, оқыған мәтінді түсіну, оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды. Осылайша ұйымдастырылған оқу сабақтары арқылы сауатты оқырман қалыптастыру мүмкіндігі туады. Бұл әдіс-тәсілдер оқушының шығармашылығын арттырып, өз ойын ашық айтуын қамтамасыз етеді.
Балаға ойлауды үйрету үшін мынадай шарттар орындалуы тиіс:
- Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек.
- Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.
- Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
- Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау.
- Кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау.
- Оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынның дәлелді, дәйекті болуын талап ету.
Ал оқушылардан :
- сенімділікпен жұмыс жасауды;
- бар ынтасымен оқуға берілуді;
- пікірлерді тыңдап, құрметтеуді;
- өз пікірін ашық айтуды талап ету керек.
Сонда ғана оқушы:
- Мен осы мәселе туралы не ойлаймын;
- Осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы осы мәселе туралы білгеніме сәйкес пе?
- Осы ақпаратты үйрене отырып, мен бірдеңе жасай аламын ба?
- Маған бұл жаңа ойлар, идеялар қаншалықты әсер етті? деген сауалдар төңірегінде ойлануға үйренеді.
Ең маңызды саналарды – адамгершілікті, төзімділікті, әдептілікті, шыншылдықты және басқа асыл қасиеттерді бала бойына сіңдіре отырып, білімді, қоғамға қажетті, белсенді тұлғаны тәрбиелеп шығару біздің, яғни жаңа формация мұғалімінің міндеті. Сондықтан да жастарға қиындықтарды көре білетін, әлеуметтік ақыл-ойға сәтті кіруге көмектесетін жолбасшы бола білейік.
Әдебиеттер тізімі:
1. Б. А. Тұрғанбаева «Дамыта оқыту технологиялары» Алматы, 2000
2. АОМКДИ «Білім технологияларын оқу үрдісінде пайдалану жолдары»
Алматы -2010
3. Жарқынбеков С. Д. Сманқұлова Ж. Е. «ХХІ ғасыр мұғалімі»
Алматы 2006
4. АОМКДИ «Оқушылардың шыңармашылық қабілетін дамыту жолдары» Алматы -2010